- •Бағдарламасы
- •1. Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері
- •2.Өндірісітік тәжірибенің орны мен оны ұйымдастыру.
- •3. Дипломалдындағы тәжірибенің ұйымдастырушылық- әдістемелік ұсынымын өткізу
- •4. Тәжірибе бағдарламасының мазмұны
- •4.Дипломалдындағы тәжірибе есебін қойылатын безендіру талаптары
- •5.Дипломалдындағы тәжірибенің қорытындысын шығару
- •Диплом жұмысына тапсырма
- •Диплом жұмысын әзірлеу кестесі
- •Дипломалды практикадан өту есебі
4. Тәжірибе бағдарламасының мазмұны
Диплом алдындағы тәжірибеден өту мазмұны «Халықаралық қатынастар» мамандығының Мемлекеттік білім беру стандарты, диплом жұмысының тақырыбы, студентке оқу аяқталғанан кейін ұсынылатын жұмыс мазмұнына сай, болашақ зерттеу бағыты мен кәсіби қызығушылығына байланысты мазмұны анықталады.
Тәжірибеден өту кезеңінде студент дипломдық жұмысты жазуға арнайы материалдар жинайды. Диплом жұмысының тақырыбы өзектілік пен диплом алдындағы тәжірибе базасының материалдарына байланысты болады. Диплом жұмысына қажетті ақпараттарды жинауда, дипломға арналған тапсырманы жазу студенттің жеке талабына және ғылыми жетекшісінің келісімімен мерзімге сай жүйелі орындалады.
Диплом алдындағы тәжірибеден өту барысында студент диплом жұмысының тақырыбына сай іске асырылудағы заңды-нормативтік құжаттар, алынған ақпараттарды өңдеу мен қорытыныдылау, жылдық есептер мен аналитикалық құжаттармен танысуы қажет.
Студент дипломдық жұмысына ақпарат жинауда жүйелі және тұрақты өңдеу жұмыстарын атқарады. Дипломның әр бөлімін жазуға арналған уақытты студент ғылыми жетекшімен ақылдаса отырып, талаппқа сай өз еркімен орындайды.
Студент тақырыптардың әр түрлігі мен мекеменің қызметінің спецификасы ескере отырып, төмендегідей міндеттерді орындауы тиіс:
- мекеменің жалпы сипаттамасы мен шет ел әріптестерімен сыртқы қатынасы;
- жасалу уақыты мен мақсаты, құқықтық база;
- мекеме жайлы құжаттың негізгі мазмұны мен жұмыс жасау үшін регламенттік басқа құжаттар;
- мекеме міндеттерінің негізгі қызметінің қалануы;
- ұйымдық құрылым, персоналдың квалификациялық деңгейі мен саны;
- қызметкерлер мен жауапты тұлғалардың қызметі мен жауапкершілігі;
- бөлімшілердің (бөлімдер, секторлар және т.б). жекелей қызмет құрылымы;
- жеке бөлімдер немесе департамент қызметін сипаттау, нормативтік құжаттардың орындалуын жүктеу менмідеттер мен жауапкершіліктер, нақты бөлімшелер мен департамент жұмыстары;
- мекеме департаменті мен бөлімнің компетенциясына кіретін кілт сөздер шеңбері;
- жеке бөлімдер мен департамент мекемелерінің алдына қойған мақсаты мен міндеттерін орындау;
- бақылаушылық және қадағалаушы қызметтердің ерекше орындалуы;
- процедураларды дәйектеу мен шешім қабылдау.
- ақпараттық және бағдарламалардың қамтамассыз етуді пайдалану;
- жұмыстың тиімділігінің нәтижесі, қорытындысы, дамудың мүмкіндік болжамы мен сараптамасы.
Қорытынды есепте студент тәжірибе алған тәжірибе негізгі қорытындылар мен өзінің қызметін қысқаша сипаттап баға береді. Сонымен қоса, қорытынды есепте студент өзі байқаған тәжірибенің осал жақтары мен ұйым немесе мекеменің оны шешу жолдарын идея түрінде көрсетуі керек.
4.Дипломалдындағы тәжірибе есебін қойылатын безендіру талаптары
Студент диплом жұмысын жазуға арналған тапсырманы орындауда тәжірибеден өту барысында өз бетімен жеке бағдарлама бойынша талапқа сай және ғылыми жетекшісімен жеке орындап, талаптарды ескеруі тиіс (қосымша 1).
Есептің мазмұнында болуы тиіс: тәжірибеге бару туралы растайтын хат, мұқаба беті (қосымша 2) және есеп мәтіні.
Есеп мәтіннде көрсетілуі тиіс:
- диплом алдындағы тәжірибе базасы көрсетілген зерттеу объектісі, дипломдық жұмыстың тақырыбы;
- объектіні зерттеудің сараптама нәтижесі.
Жалпы есеп көлемі қосымшаны есепке алмағанда компютерлік термеден өткен 15-20 бетті құрайды (шрифт 14, Times New Roman, интервал бірлік) қосымшаны қоспағанда.
