- •Бағдарламасы
- •1. Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері
- •2.Өндірісітік тәжірибенің орны мен оны ұйымдастыру.
- •3. Дипломалдындағы тәжірибенің ұйымдастырушылық- әдістемелік ұсынымын өткізу
- •4. Тәжірибе бағдарламасының мазмұны
- •4.Дипломалдындағы тәжірибе есебін қойылатын безендіру талаптары
- •5.Дипломалдындағы тәжірибенің қорытындысын шығару
- •Диплом жұмысына тапсырма
- •Диплом жұмысын әзірлеу кестесі
- •Дипломалды практикадан өту есебі
2.Өндірісітік тәжірибенің орны мен оны ұйымдастыру.
Диплом алдындағы тәжірибеден өту студенттің теориялық білімінінен кейін оқу үрдісінің аяқталағанын білдіреді. Диплом алдындағы тәжірибеге студентті жібереді егер ол, оқу жоспарында көрсетілген теориялық курс толық тыңдалып, аралық бақылау өтсе (емтихандар, курстық жұмыс), барлық тәжірибелер өтілсе, ғылыми жетекшімен квалификациялық тақырып түлек бекітсе, заңды түрде ғылыми жетекші диплом алдындағы тәжірибеге жетекшілік атқарады.
Диплом алдындағы тәжірибе алдында тыңдалатын конференция өтеді, онда студент диплом алдындағы тәжірибенің қорытыныдысы мен талаптарымен танысады.
Тыңдалатын конференцияда студенттерге тәжірибенің ұзақтығы, мақсаты мен қойған міндеттерін және күнделік-есепті толтыру талаптарын таныстыру керек.
3. Дипломалдындағы тәжірибенің ұйымдастырушылық- әдістемелік ұсынымын өткізу
Студент диплом алдындағы тәжірибеден өту оқу-әдістемелігін ұйымдастыруда әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар кафедрасымен іске асырады. Тәжірибеден өтуді ұйымдастыруға кафедра меңгерушісі мен тәжірибеге жауапты тұлға және кафедра оқытушылары жауапкершілікті мойнына алады.
Кафедрадан диплом алдындағы тәжірибеге жетекшілік жасаушы тәжірибе аралығында белсенді жұмыс атқаруы тиіс, оның ішінде:
- ұйымдастырушылық конференцияларға қатысу, студенттерді диплом алдындағы бағдарламамен таныстыру;
- тәжірибенің бағдарламасына және мерзіміне сай тәжірибеден өту;
- студенттердің жеке тапсырмалары мен тәжірибеден өту ағымдағы бақылауын тексеріп отыру;
- тәжітибеден өтуде студенттерге кеңес беру мен әдістемелік көмек көрсету;
- тәжірибеден өту есебі мен тәжірибе күнделіктерін қабылдап, тексеру;
- тәжірибе туралы есеп беруге қатысу.
Тәжірибенің мемлекеттік және жеке меншік мекемелер, ұйымдар жетекшілері (кәсіпорын):
- типтік келісі түрінде кафедра тәжірибеден өтетін ұйыммен келісімге келіп тәжірибемен қамтамасыз етеді, қосымшада ұсынылған;
- тәжірибе бағдарламасындағы талапты студенттер орындауы тиіс;
- ұйым қызметінінің негізгі бағыттары мен жұмыс әдістері, принціптерімен студенттер танысады (бөлімшелердің құрылымы);
- ұйымның ішкі тәртібін бақылау және оның студенттердің орындауы;
- тәжірибе тапсырмаларын орындауда қажетті құжаттармен студенттерді әдебиеттер мен есеп, техникалық және ағымдағы құжаттарды пайдалану мүмкіндігіне ие болады (ішкі тәртіпке сай ережелер бойынша);
- мамандық бойынша қосымша білімдер алуға, сонымен қоса кеңес өткізу қажеттілігін студенттерге ұсынады;
- тәжірибе соңында студент күнделікке қол қойғызып, тәжірибеден өту туралы есебіне сын пікір жазғызады.
Дипломалдындағы тәжірибеден өтуден студен білуі тиіс:
- тәжірибе туралы барлық ұйымдастырылатын кеңестер мен жиындарға қатысу;
- тәжірибе өтудің бағдарламасымен танысу;
-тәжірибеден өту кезеңіндегі календарлы жоспарды жетекшімен келісу;
- мамандық бойынша тәжірибедегі навыктар белсенді қабылдау;
- квалификациялық жұмысты орындауда түлектер таңдаған тақырыбы бойынша тапсырмаларды сапалы және жеке орындауы керек;
- ұйымнның ішкі тәртібін орындау;
- квалификациялық жұмысты орындауға, есеп жасауға қажетті материалдар жинау;
- тәжірибе өтетін жерден берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындау міндеті;
-тәжірибе күнделігін үнемі толтырып отыру;
- күнделікті бекітілген қалыппен толтыру, диплом алдындағы тәжірибенің бағдарламасына сай есебін талапқа сай орындап, тәжірибе аяқалғанан кейінгі 7 күннен кешіктірмей кафедраға тапсыру қажет;
- кафедраға көрсетілген уақытта тәжірибе есебін қорғау керек.
Диплом алдындағы тәжірибенің есебін қорғауға кафедра меңгерушісі коммисия құрады.
ТӘЖІРИБЕ ҰЗАҚТЫҒЫ
Күндізгі бөлімнің студенттеріне арналған диплом алдындағы тәжірибесінің мерзімі оқу бағдарламасымен келісілген– 6 апта. Тәжірибенің басталуы мен аяқталуын ректор университеті бекітеді.
