- •Бағдарламасы
- •1. Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері
- •2.Өндірісітік тәжірибенің орны мен оны ұйымдастыру.
- •3. Дипломалдындағы тәжірибенің ұйымдастырушылық- әдістемелік ұсынымын өткізу
- •4. Тәжірибе бағдарламасының мазмұны
- •4.Дипломалдындағы тәжірибе есебін қойылатын безендіру талаптары
- •5.Дипломалдындағы тәжірибенің қорытындысын шығару
- •Диплом жұмысына тапсырма
- •Диплом жұмысын әзірлеу кестесі
- •Дипломалды практикадан өту есебі
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар кафедрасы
«Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттеріне арналған диплом алдындағы тәжірибе
Бағдарламасы
Қарағанды -2015
«Халықаралық
қатынастар» мамандығының студенттеріне
арналған диплом алдындағы тәжірибе
бағдарламасын магистр, аға оқытушы
Э.А.Мусаева әзірледі.
Кафедрасының оқу-әдістемелік отырысында қарастырылды.
Хаттама № 7 12. 02. 2015 ж.
ӘЭ ж ХҚ кафедрасының атқарушы
э.ғ.к., доцент С.Т. Абеуова
ДИПЛОМАЛДЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ
1. Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері
Қазіргі кездегі «Халықаралық қатынас» бакалавры мамандығын әзірлеуде екі компаненттің синтезіне баса көңіл аудару қажет-теориялық дайындық ол, халықаралық қатынас тарихының барлық іргетасындағы ілімнің аспектісіне көңіл бөліп, біліктілік пен дағды, тәжірибелік дайындықта студенттің мемлекеттік және мекеме, жеке меншік ұйымдар мен кәсіпорындарында кәсіби біліктілігін көрсете білу арқылы, нәтижеге қол жеткізу, әр түрлі салада қызметін көрсете білуі тиіс.
Диплом алдындағы тәжірибеден өтуде қашықтықтан оқу бөлімінің студенттерінің уақыт аралығы өндірістік тәжірибемен сай келмейді. дипломалдындағы тәжірибе уақыты несие санынмен анықталады. Диплом алдындағы тәжірибе ұзақтығы несие санымен анықталады, ол «Халықаралық қатынастар» мамандығының диплом жұмысын жазу Типтік оқу бағдарламасында талабына сай 5 аптаны құрайды. Диплом алдындағы тәжірибеден өту оқу үрдісінің жыл сайынғы кестесімен анықталады.
Дипломдық жұмыстың жетекшісі диплом алдындағы тәжірибе жетекшісімен іске асырылады.
Диплом алдындағы тәжірибенің мақсаты болып теориялық және тәжірибелік білімді жүйелі түрде жүйелеу мен нақты ұйым немесе мекеменің іс-әрекетін зерттеу барысында алған ақпараттардан көрінеді. Диплом алдындағы тәжірибе кезінде ерекше көңілді диплом жұмысына қажетті ақпарат жинайтын ұйымның зерттеу оъектісіне, мекемені талдау мен қалыптасуына бөлу керек.
Осыған сай диплом алдындағы тәжірибенің негізгі міндеттеріне:
- студенттердің оқу үрдісіндегі алған білімдерінде, жүйелік, теориялық және тәжірибелік білімін бекіту;
- кәсіби білімі мен біліктілігін қажетті қолдануда, міндеттерді тәжірибеде пайдалану мен шешу;
- шығармашылық ойлау қабілеті мен өз беттерімен мәселе қызметіне сараптама жасауды қалыптастыру, таңдалған мамандық бойынша тәжірибелік жұмыстарын еркін дамыту;
- квалификацияланған түлектің жұмысын жазуда тәжірибе есебін дайындау, нәтижелерін пайдалану мен жинау.
Студенттер тәжірибеден өту кезінде білуі керек:
- халықаралық-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық, ұйымдастырушылық- басқару, жоспарлы және жобалауда ақпаратты өңдеу;
- тәжірибелік міндеттері шешуде алған білімдерді қолданысқа енгізу;
- формальды әдістерді тиімді қолдану мен тәжірибе міндеттері, түрлерін қалыптастыру;
- мемлекеттік (коммерциялық) ұйымдардың заңды құқықтық құжаттары мен құқықтық-нормативтік базасын бағалау;
- бөлімшелердің (ұйымдардың) өз бетімен ұжымдық сұрақтарды шешуде компетенттілігін арттыру мен өзектендіру мен түзету әзірлеу;
- тапсырманы орындау мен жұмыстың сараптамасын құжаттық рәсімдеу.
