Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТЧЕТ Лаура.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.76 Кб
Скачать

Т. Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университеті

«Қолданбалы ғылымдар» мектебі

«Саясаттану және құқық» кафедрасы

Алматы қаласы бойынша ЖШС "ShahTrans Logistics" брокерлік компаниясы

ЕСЕБІ

«5B030400 Кеден ісі»

мамандығы бойынша

4-курс студенті,441-топ,

қаз.бөлімі

Аязбекова Л.Д.

Т.Рысқұлов атындағы ЖЭУ-ң

Өндірістік тәжірибе жетекшісі

з.ғ.к.м.а доценті Тайғамитов Ғ.Д.

«__»________________2015 ж.

Кәсіпорынның өндірістік тәжірибе жетекшісі

ЖШС "ShahTrans Logistics" компания бастығы

Мусабаев Д.Ж

«__»________________2015 ж.

Алматы 2015ж

1.Студент: Аязбекова Лаура Дүйсенбекқызы, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,Ақсай 5, үй 1а, пәтер 1, тел. 87016057203 laura_11_92@mail.ru 4 курс, Кеден ісі - 441;

2. Алматы қаласы, Красногвардейский көшесі 2 ЖШС "ShahTrans Logistics" компаниясы, тел.+77272737238 www.shah-trans.kz

3. Мусабаев Д.Ж кеден брокері musabaev.d@mail.ru, +77777505777

4. Тәжірибе жетекшісі: з.ғ.к.м.а доценті Тайғамитов Ғ.Д. Taygamitov69@mail.ru «Саясаттану және құқық» кафедрасы

5.Тәжірибе кім арқылы ұйымдастырылды (1 немесе бірнеше нұсқаны таңдауға болады)

«Саясаттану және құқық » кафедрасы арқылы

6. ЖШС "ShahTrans Logistics" брокерлік компаниясы - Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша кедендік брокер қызметінің толық спектрін ұсынады. Бұл компания Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында көрсетілгендей, барлық біліктілік талаптарына жауап береді және де кедендік брокер ретінде қызмет атқаруға құқық беретін лицензиясы бар. Негізгі қызметтерді ұсынумен қатар компания рұқсат құжаттарын алу саласында кез-келген мәселелерді шешуге дайын, және де мемлекеттік органдарда тапсырыс берушінің мүддесіне тиімді өкілдік етуге, ілеспе құжаттарды дайындауға көмектеседі.

Компания кедендік жүктерді рәсімдеу сұрақтары бойынша жоспарланған жеткізілім ерекшеліктерін есепке ала отырып, кеңес беруге әрқашан да дайын. Компанияның мамандандырылған қызметкерлері қойылған мәселелерді шешу бойынша ең тиімді жолдарды іздеуге жәрдемдеседі.

Компанияның бірден-бір ерекшелігі баға белгілеудің оралымды тәсілі және жеңілдіктердің жазылмалы жүйесі болып табылады. ЖШС "ShahTrans Logistics" брокерлік компаниясы 2007 жылы құрылған. Кедендік ресімдеу және тауарларды декларациялау, халықаралық, ішкі теміржол, контейнерлі жеткізілімді ұйымдастыру саласында қызмет көрсетеді, логистика саласында көптеген қызмет түрлерін ұсынады. Қазіргі уақытта көлік өте маңызды орынды алатыны сөзсіз, әсіресе біріктірілген дүниежүзілік экономика саласында, сонымен қатар кез-келген мемлекеттегі дамыған динамикалы қызмет атқаратын кәсіпорын үшін ең маңызды жүйе болып саналады. Әсіресе бұрынғы кеңес мемлекеттерінің үлкендігін айтатын болсақ.

Қазіргі кезде мемлекетіміздің экономикасының дамуына байланысты тұтыну нарығының өсуі көптеген компаниялардың дамуына әкелді. Соның ішінде ЖШС "ShahTrans Logistics" брокерлік компаниясы қарқынды түрде дамып келеді.

Компания жүктерді сақтау, тасымалдау, кедендік ресімдеу және тіркеу бойынша мәселелерді жаңа технологияларды қолдану арқылы шешеді. Қоймалар логистикалық жүйенің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Қорларды сақтауға арналған арнайы орындармен қамтамасыз етілген.

Компания кедендік-брокерлік қызметтердің бірнеше түрлерін көрсетеді: толық кедендік ресімдеу, тауарға сәйкес сертификаттар беру, рұқсат беру қағаздарын ресімдеу, дәрі-дермектерді кедендік қоймаларда сақтау. Қоймалар кең ауқымды логистикалық операциялар бойынша қызметтерді атқарады. Тұтынушыларға қоймалау, жүкті өңдеу, орау, тасымалдау, ақпараттық қызмет және де т.б. логистикалық шешімдер бойынша көптеген мәліметтерді ұсынады. Қазіргі уақытта компания бірнеше бағыттардан тұрады:

- қойма қызметі;

- атвомобильді жүк тасымалдау;

- экспорттық және импорттық жеткізілімдер;

- заңдық қызметтер;

- тауарларды тарату саласында әр түрлі қызмет көрсету.

Компания ең алдымен қазіргі заманғы жаңа технологияларды қолданып, оның талаптарына сәйкес халықаралық стандартқа сай индустриалды-логисткалық орталықты сапалы етіп құруға және оны дамытуға маманданады. Компаниядағы қойма террияториясындағы негізгі қызметтерге жатады:

1. Қоймадағы жүктер бойынша есеп беру;

2. Ірі жүктерді сақтау;

3. Таңбалау, қаптау, орау;

4. Тиеу-түсіру жұмыстары;

5. Логистикалық оператордың есебінде сақтау;

6. Тауарларды өңдеу.

Компанияның транспорттық логистикадағы қызметтері:

- Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша жүктерді алушыға қызмет көрсету;

- жүктің орналасқан жері туралы ақпарат беру;

- жүк тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау;

- кеңес беру;

- экспорт, импорт тауарларын жеткізу.

Логистика көптеген бағыттарға ие болып, кәсіпорынның даму стратегиясы бойынша ұсыныстарды құру мақсатында жүргізіледі. Негізінен логистика стратегиялық менеджментке қажетті элемент болып есептеледі. Кәсіпорынның логистикалық қызметі, бұл ең алдымен кәсіпорынның дамуына әсер ететін факторлардың жиынтығы, даму стратегиясын жасап, оны іске асыру бойынша іс-шараларды қолдану болып табылады. Логистикалық жүйе біздің елімізде дамып келе жатыр. Соның бір дәлелі ретінде атап өтетін болсақ, шетел нарығында елдегі эскпортқа шығарылатын өнімдерге зерттеулер жүргізіліп жатыр, сыртқы нарыққа шығуға көмектесу бағдарламасы әзірленуде.

7.Тәжірибе барысындағы студентпен өткізілетін жұмыстың/тапсырманың/шаралардың негізгі тізбесі

Жұмыстың сипаттамасы

Тәжірибе барысында қандай білімдер мен қабілеттер алынды

Бұл кәсіби дағдылар мен білімдер қалай жүргізілді (мысалы, жақсы жүргізілді)

Компания қызметімен танысу

Компания қызметкерлерінің өкілеттілігі туралы ережемен танысып, компанияның лауазымды тұлғалардың тікелей міндеттері мен құқықтарын білдім.

Компания қызметкерлерінің ережелерін меңгеру туралы тәжірибе жетекшісінің ауызша сұрақтарына жауап берілді

ЖШС"ShahTrans Logistics" компаниясында практикант стажер қызметін атқардым

Көлік құралдарына байланысты құжаттары ұсынылды.

Жүктерді тасымалдаудың көлік құралдарына жасалатын операцияларды қарадым

Кедендік брокер қызметін атқаратын маманға көмектестім

Уақытша сақтау қоймасына барып, тауарларға тексеріс жүргізуге көмектестім.

Компанияның жүктерді тасымалдау аймағына бардым.

8. Алматы қаласы бойынша жшс "ShahTrans Logistics" компаниясындағы басты проблемаларына тоқталсақ.

Біріншіден, қоғамның барлық қабаттарындағы ауыр жалпыэкономикалық жағдай және әлеуметтік қиыншылық көптеген қазақстандық кәсіпкерлер, менеджерлер, инженерлі-техникалық жұмысшылар үшін таңсық логистикалық идеялардың отандық бизнесте өрлеуіне көмегін тигізбейді. Экономиканың стагфляциясы, монополизмің және мемлекеттік меншіктің маңызды салалардағы жоғары дәрежесі, қаржылық дағдарыс және төлемеушіліктері, өндіріс көлемдерінің және өмір сүру деңгейінің төмендеуі, созылмалы негативті экономика және инвестиция ашылуы – бұның барлығы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы логистиканы енгізу және дамытудағы толық теріс сипаттамасы емес.

Екіншіден, көп уақыт бойы отандық экономикада логистиканы қолдану саласы (қамтамасыздандыру және өнім өндіру) бағаланбаған, ал Батыста логистика негізгі (фундаменталды) орынды алады. Тарихқа қарасақ, елімізде қолдану саласы өндірістік саладан, соның ішінде, тауарды және қызметті өндіруді ұйымдастырудан біршама артта қалып қойған. Айналым сферасы тауардың өндірушіден тұтынушыға жай жетуімен, қанағаттандырылмаған сұраныс жоғары дәрежесімен, төмен сенімділігімен және тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейі сапасының төменділігімен сипатталады. Айналым сферасы қашанда қалдықтық принциппен қаржыландырылады; басқару персоналының жетекшілері экономикадағы айналым саласының рөлін дұрыс бағалай білмеген.

Үшіншіден, бүгінгі таңда Қазақстан экономика инфрақұрылымы даму деңгейінің әлемдік орташа деңгейінен әлдеқайда қалып бара жатыр (ең алдымен өнімді қолдау саласында). Осы жерде келесі негізгі негативті жағдайларды көрсетуге болады:

  • тауар өндіруші құрылымдардың бейрационалды дамуы (өнеркәсіпте және саудада ойластырылған тауар өткізу жүйесінің стратегиясының жоқтығы, ірі және орташа көтерме деңгейлерінде ұйымдастырылған тауарлы нарықтың жоқтығы);

  • заманауи электронды коммуникациялар жүйесінің, электронды желілердің, байланыс және телекоммуникация жүйелерінің даму деңгейінің төмендігі;

  • автомобильді жолдар саласында қалып қойған транспорттық инфрақұрылымы; жүк автомобильдерінің, мультимодальдық және кедендік терминалдардың техника-технологиялық деңгейінің төмендігі және санының аздығы;

  • транспорттың барлық түрлерінде әлемдік стандарттарға сай заманауи траспорттық құралдардың болмауы; транспорттың жылжымалы құрамының физикалық және моральдық жоғары дәрежелі тежелуі;

  • қоймалық қожалықтардың өндірістік-техникалық базасының даму деңгейінің төмендігі; өнімді өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық құрылғының жетіспеуі; қоймалық жұмыстың механизация мен автоматтандыру деңгейінің төмендігі;

  • қазіргі заманғы шөлмек пен қорапшаларды өндіруге арналған өнеркәсіптердің төмен деңгейде дамуы және т.б.

Жоғарыда көрсетілген факторлар мен негативті жағдайлардың Қазақстан экономикасына логистикалық концепцияларды енгізуді біршама дәрежеде тежейді, ал бұл жұмысты қысқа мерзім ішінде орындау мүмкін емес.