Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рефераты мирова.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156.21 Кб
Скачать

2. Әлемдік экономиканы жаһандандыру үрдісі. Елдер бірігуінің негізі мен пішіні.

Экономиканы жаһандандыру – бұл нәтижесінде бүкіл әлем тұтас бір жаһандық бір жүйеге айналу процессі. Жаһандану процессінің біршара басымдықтары:

  • Жаһандану халықаралық бәсекелестің өршуін тудырды. Бәсекелестік пен нарықтың кеңеуі халықаралық еңбек бөлісу мен мамандырудың тереңдеуіне әкелді, ол өз кезегінде өндірістің тек ұлттық қана емес, әлемдік деңгейде өсуін ынталандырды.

  • Жаһанданудың тағы бір басымшылығы – өндіріс ауқымындағы экономика, ол бағаның түсуіне және шығынның қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін, яғни, экономиканың тұрақты өсуіне.

  • Жаһанданудың тағы бір басымдылығы, барлық тараптарды қанағаттандыратын өзара тиімді сауда ұтымдылығымен тығыз байланысты. Тараптар ретінде жеке тұлғалар, фирмалар мен басқа ұйымдар, елдер, сауда одақтары, тіпті тұтас континенттер де болады.

  • Өндірісті оңтайландырудың және алдыңғы қатарлы технологияның пайда болуының арқасында, сонымен бірге жаңа инновацияның дамуына байланысты, жаһандану еңбек өнімділігін арттыруға себебін тигізуі мүмкін.

Негізінде жаһандану серіктестердің барлығына да өзінің жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Өндірісін үлкейтіп, еңбек ақысын және өмір сүру стандарттарын ұлғайтуға мүмкіншілік алады. Сонымен қатар жаһандану тек артықшылық емес, кейбір кемшіліктерге жол беруі мүмкін, және де оны кейбір сыншылар үлкен қатер деп жүр.

Бірінші қатердің туындауы – жаһанданудың пайдасы бәріне бірдей бөліндейді деген ой. Алғашқы кезеңде, өңдеу өндірісі мен қызмет көрсету салаларындағы өзгерістер, сыртқы сауда мен экспорттан пайда түсіретін салаларға, көптеген капитал және білікті жұмыс күшітерінің түсуіне әкеледі. Сонымен бірге кейбір салалар, нарық ашықтығының кеңейуіне байланысты өздерінің бәсекелестік қабілітін жоғалтып, жаһандану процесстерінен біршамалық кері әсер көреді. Бұндай салалар, өздеріне оңтайлы болмай қалған шаруашылық жағдайға ыңғайлану үшін, қосымша шаралар қолдануға мәжбүр болады. Бұл осы саладан капитал мен жұмыс күштерінінің кету мүмкіншілігін тудырып, өте үлкен шығын шығаратын, бейімделу шараларын қолдануға мәжбүрлейтін негіз болады. Бейімделу шаралары, адамдардың жұмысын жоғалтуға, басқа жұмыс іздеуіне, қайта мамандырылуына әкеліп, тек қана отбасылық мәселе емес, үлкен әлеуметтік шығындарды аз уақыттың ішінде шығаруды талап етеді.Ақырында жұмыс күші қайта бөлінеді, бірақ басында әлеуметтік шығындар өте көп болады. Бұл тек соңғы 30 жылдағы Европада өзгерген салаларға ғана қатысты емес. Шынына келгенде, бұндай өзгерістер тұрақталып қалған шаруашылық құрылымға едәуір қауіп туғызады, сондықтан да өкмет өтемақы, қайта даярлау, жұмыссыздық төлемақысы, аз қамсыздандырылған отбасыларға көмек көрсету сияқты шығындарды өз мойнына алуы қажет.

Екінші қатер деп көбісі экономиканың индустриясыздандырылуы дейді, өйткені Европада да, АҚШ-та да болсын, жаһандық ашықтануды өндірістегі жұмысбастылықтың төментеуімен байланыстырады. Шындығына келгенде, бұл процесс жаһандану процесімен бірге жүрсе де оның саларынан емес. Индустриясыздандыру – технологиялық және экономикалық дамудан туған қалыпты құбылыс. Өндірісі дамыған елдер экономикасының өңдеу салаларының үлесі күрт төментейтіні рас, бірақ та бұл төментеудің орны, қызмет көрсету мен қаржы секторларының жылдам өсуімен толтырылады.

Келесі қауіпті біліктілігі жоғары жұмыскерлер мен біліктігі төмен жұмыскерлер арасындағы жалақы көлемі айырмасының ұлғайуымен, және соңғылардың арасында жұмыссыздық көбейуімен байланыстырады. Бүгінгі кезде бұның халықаралық сауданың жиілеуінен болды деп айту міндетті емес. Одан да салалар мен кәсіпорындарда білікті кадрларға сұраныс артуы маңыздырақ болары сөзсіз. Біліктігі мен жалақысы төмен жұмыскерлері бар елдердің шығарған күрделі товарлар бәсекелестігі, европалық фирмалардың сондай товарларының бағасының түсінуіне, соыемн қатар пайдасының төмендеуіне әкеледі. Мұндай жағдайда, европалық компаниялар өзіне шығынды өнімді шығаруды тоқтатып, жоғарыбілікті мамндар істей алатын товарлар шығаруға көшеді.Нәтижесінде, біліктігі төмен жұмысшылар керексіз болып қалады да, кірістері төмендейді.

Төртінші қауіп деп, қымбат жұмыс күші бар елдердің фирмалары, өздерінің өндірістік қуаттарының жартысын, жұмыс күші арзан елдерге ауыстыруын атайды. Жұмыс орындарының экспорты кейбір елдердің экономикасына ыңғайсыз болуы мүмкін. Бірақ та, бұл өте қауіпті емес.

Бесінші қауіпті жұмыс күшінің жылдам орын алмастыра алуымен байланыстырады. Бүгінгі күнде товардың, қызмет көрсетудің, капиталдың еркін айналымын көп айтады да, ал жұмыс күшінің еркін орын алмастыруын аздап айтады. Осы орайда, жаһанданудың жұмыс орнымен қамтамасыздандыруға көрсететін әсері туралы сұрақтар көтерілуде. Қарама шаралар қолданбаған күнде, жұмыссыздық жаһандық тұрақсыздықты тудыратын мәселе (проблема) болуы мүмкін. Жұмыссыздық, жұмыспен жартылай қамту арқылы адам ресурстарын жоғалту – әлемдік қоғамның,әсіресе білім беруге көп шығын жұмсаған елдердің басты жоғалтуы. 1990 жылдар ортасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, әлемдік экономикадағы саяси қателіктердің және үлкен құрылымдық меселелердің орын жайғанын хабар етеді. Бұл факторлар, өзгерістерді барлық деңгейде дұрыс басқарудың керектігін көрсетеді, әсіресе адам тіршілігіне әсер ететін салаларда. Атап айтсақ, халықаралық миграцияның кедейшілік пен жұмыспен қамтамасыз ету проблемасына қолдау көрсетуі екіталай. Бүгінгі күні еңбек нарығы, товар мен капитал нарығына қарағанда едәуір аз мөлшерде халықаралықтандырылған.

Шиеленіс пен қобалжушылықтың маңызды көзі болып, жаһандық демографияның, технологиялық және құрылымдық өзгерістермен байланысты жаппай қалалану болуы мүмкін. Қалалар мен елдер, әлем масштабында қоғамның негізгі элементі, және келесі себептер арқылы жаһанданудың әсерін таратушы, негізгі канал бола бастады. Біріншіден, қалаларды қуатпен және тамақ-тағаммен қамтамасыз етуде, көп елдерде жергілікті емес, импорттық қорларға тәуелді болу. Әрі қарай, қалалар мәдениет пен тұтынудың жаһандық стандартизациялау орталығы болды. Трансұлттық компаниялар да осыларда барыншаширақ қимылдар көрсетеді. Шамасы, урбанизация жаһандану процесін күшейтпек, ал үлкен қалалар арасындағы кооперация саяси және институтшылдық жоспар аясында, халықаралық қатынастастың жаңа түріне айналмақ.

Жаһандану өзінің терең экономикалық, технологиялық, әлеуметтік өзгерістерімен әлемдік экожүйеге міндетті түрде өз әсерін тигізеді.Бұл адамзат қауіпсіздігін сақтаудағы белгілі мәселе. Өздеріне өздері зиян келтірсе де, осы күнге дейін қоршаған ортаға тиген зиянға, дамыған елдер кінәлі деп саналады.

Экожүйені пайдаланудан болған, бірнеше, болашақ шиеленістің себебін атауға болады. Су қоры үшін күрес, аумақтық өткір шиеленіске айналуы мүмкін. Ағаштарын шабу себебінен азайған тропикалық ормандардың болашағы, саяси қызығушылықтарының бөлінуіне байланысты, мемлекеттердің шиеленісуінің негізіне, кәзір ақ ие болуда. Жалпы, енді әлем, қоршаған ортаға қайтпас зиян көрсетіп, табиғи қорларды ойламай пайдалана алмайды.

Жаһандану бүгінгі қоғамбық өмірдің барлық салаларында, бүкіләлемдік қарым-қатынастарды тездетеді және де кеңейтеді. Сонымен, көріп тұрғанымыздай, әлемдік масштабтағы ғаламтанудың оң мен теріс жақтары бар, бірақ та бұл халықаралық субъектердің икемделуіне тұратын субъективті процесс.

Интеграция(бірігу) – жекелеген дифференциялдық бөліктердің бір тұтас байланыста болуы, және сол байланысқа әкелетін процесс туралы жүйе теориясының түсінігі. Экономикадағы интеграция дегеніміз, фирма, кәсіпорын, компания, корпорация, елдің ұлттық шаруашылығы және елдер тобы деңгейінде болатын шаруашылық өмірдің интернационалдау пішіні.

Интеграцияның үш түрлі пішіні болады: тік, жатық және қосынды вертикальная, горизонтальная и конгломератная).

Тік интеграция дегеніміз – өнімнің бір түрін шығаруға керек компоненттер шығаратын екі немесе одан көп компаниялардың қосылуы. Барлық өндірістік процесстер бір компанияда жиналып, бірінің соңынан бірі келеді. Компаниялардың тік құрылымға қосылғандағы мақсаты, керекті қор алумен байланысты, трансакциялық шығындарын азайту.

Жатық интеграция деп – бір типті өнім шығаратын компаниялардың бірігуін айтады. Негізінде өндіріс пен мөлшерінің масштабы жатқан құндық пайда иелену, және де нарық үлесін ұлғайту компанияларды жатық бірігуге итермелейтін негізгі себеп. Кейбір кездерде жатық интеграция масштаб пен көлем әсерін біріктіруге және соның есесінде өндіріс шығындарын қысқартуға мүмкіндік жасайды. Жатық бірігудің мұндай типтері әлеуметтік жағынан да пайдалы. Бірақ жатық бірігу, белгілі бір өнім нарығында жұмыс істейтін компаниялардың қысқаруына әкеледі.

Қосынды интеграция дегеніміз – әр түрлі өндірістік желілердің бірігуі, мысалы, бір компанияға сүт және шырын өндірушілердің қосылуы. Қосынды бірігулер жатық бірігумен ұқсас, өйткені екуінде де дайын өнім өндірістері қосылады, бірақ мұнда шығаралатын өнімдер бір – бірімен байланыспаған.