Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рефераты мирова.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156.21 Кб
Скачать

1. Ашық типті экономика: өзіне тән сипаты мен негізі.

Ашық экономика қалыпы елдің сыртқы не ішкі экономика еркіндігін болжайды. Ашық экономика деп – экономикалық қатынастар субъектілерінің халықаралық тауар мен қызмет көрсету нарығында, шектеусіз операциялар жүргізе алатын экономиканы айтады. Жабық экономикадан айырмашылығы, мұнда сыртқы сауда жүргізудің еркіндігі байқалады, еркін валюталық бағыт орнатылады, ал реттеу валюталық қор мен нормативтік көрсеткіштер арқылы іске асады. Ашық экономика елдердің шығарған товарларын экспорттап, импорттауын, өндіріс факторларын экспорттауды (еңбек, капитал, технология) білдіреді, және импортқа ашық, елдер әлемдік қаржы нарығынан несие ала және бере алады, және халықаралық қаржылық-экономикалық жүйеге кіргізілген. Әлемдік тәжірибе,экономикасы жабық елдердің түбінде кедейлікке ұшырайтынын көрсетеді, өйткені олар жаңа технологиялардан, шет ел инвестицияларынан, ақпараттан және т.б. оқшауландырылған. Ашық экономикадағы сыртқыэкономикалық саясаттың өзіндік белгілері болып, ұлттық экономиканың барынша тиімді болуына жұмсалған сыртқыэкономикалық қызметтің артықшылығын мүмкіндігінше пайдалану болып саналады. Ашық экономика сыртқы сауда өрісінде мемлекеттік дара иелікті болдырмайды, біріккен кәсіпкерліктің әр түрін пайдалануды талап етеді, еркін кәсіпкерлік аумағын ұйымдастырады, және де ішкі нарықтың шет ел капиталының, тауарының, технологиясының, ақпараттың, жұмыс күтерінің келуін болжап ойластырады.

Эконмиканың ашықтығы, негізінен, табиғи қормен қамтамасыздануынан, халық санынан, ішкі нарықтың сыйымдылығынан және халықтың төлем төлеу қабілеттілігінен тәуелді болады. Бұдан басқа, экономиканың ашықтық деңгейі ұлттық экономиканың салалық және жаңғыртылу құрылымымен анықталады. Тәжірибе көрсеткендей, өндіріс құрылымында базалық салалардың салыстырмалы салмағы неғұрлым көп болса, елдің халықаралық еңбек бөлісуіде қатынасы соғұрлым аз, экономикасының ашықтық деңгейі де соғұрлым аз болады. Елде экономикалық қарым-қатынастар неғұрлым биік болса, соғұрлым ашықтық деңгейі биіктей түседі деп айтуға болады, салалық құрылымында еңбектің технологиячлық бөлінуі неғұрлым терең болса, өзін табиғи қормен қамтамасыздандыруы соғұрлым төмен болады.

Экономикасының ашықтық деңгейіне қатысты, елдерді келесі топтарға бөлуге болады: экономикасы салыстырмалы түрде жабық елдер (экспорт үлесі ЖІӨ-нен 10% төмен); экономикасы салыстырмалы түрде ашық елдер (экспорт үлесі ЖІӨ-нен 35% жоғары); бірінші мен екіншінің арасында орын алған елдер. Осы критериге қарағанда, экономикасы барынша ашық елдерге Гонконг, Сингапур, Жаңа Зелландия, Швейцария, ал ең аз ашық елдерге – Солтүстік Корея, Куба жатады.

Бірақ ЖІӨ экспорт үлесі – бұл экономика жүйесінің ашықтығын білдіретін жалғыз индикатор емес. Экономиканың ашықтық деңгейін өлшеуде келесі көрсеткіштер жиі қолданылады:

  1. Әлемдік саудада елдің белеснділігін білдіретін көрсеткіштер:

  • Халықаралық арнайыландырудың ішкісалалық коэфиценті:

Көрсеткіш -100 ден +100 дейін ауытқиды (біріншісінде – ел тек белгілі бір товарды импорттаушы болса, екіншісінде – тек белгілі бір товарды экспорттаушы ел болады). Екі шеткі нүктелердің арасында орналасқан көрсеткіштер, елдің ішкісалалық халықаралық арнайыландыруға қатысуының деңгейін көрсетеді.

  • Экспорттық квота – жалпы экономикаға және әр түрлі өнім түрлеріндегі жекелеген салаларға, экспорттың маңыздылығын көрсетеді:

Экспорттық квотаның өсуі, елдің халықаралық еңбек бөлісуіге қатысуының ұлғайғанын және де өзінің шығарған өнімінің бәсекелеске жарамдылығының өсуін куәгерлейді.

  • Импорттық квота – халық шаруашылығына және әр түрлі өнім түрлеріндегі жекелеген салаларға, импорттың маңыздығын көрсетеді:

  • Сыртқысаудалық квота экспорт, импорт құндары жиынтығының өзара қатынасын ЖІӨ-нің құнына жартылай бөлу арқылы процентпен анықталады:

  • Экспорт құрылымы, яғни, экспортталушы товардың түрлері және қайта өңдеу деңгейі бойынша, қатынасы немесе меншікті салмағы. Елдің экспортында өңдеу өнеркәсібінің меншікті салмағының биік болуы, өнімін экспортқа шығаратын салалардың, ғылыми-техникалық және өндірістік деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді.

  • Импорт құрылымы, әсіресе елге әкелген шикізат пен дайын өнімнің салыстырмасы. Бұл көрсеткіш, ел экономикасының сыртқы нарыққа тәуелсіздігін және ұлттық салалық экономиканың даму деңгейін айқын көрсетеді.

  • Әлемдік ЖІӨ шығаруда елдің салыстырмалы түрдегі үлесі және әлемдік саудадағы үлесі: осы көрсеткіштердің маңызы неғұрлым биік болса, соғұрлым елдің, халықаралық экономикалық қатынастардағы маңызы зор болғаны.

  1. Капиталды шетке шығару көрсеткіштері (капиталдың халықаралық қозғалымы):

  • бір елдің шетелге инвестиция (активтері) көлемі және оның елдің ұлттық байлығымен қатынысы. Экономикасының ашықтығының деңгей жоғары елдердің, басқа елдердің экономикасына инвестиция салу мүмкіншіліктері мол болады.

  • елдің шетелге шығаратын инвестициясы көлемінің, шет елден келетін инвестиция көлемімен салыстырмалы қатынасы. Бұл қатынас, халықаралық бірлесу процесстерінің дамуын көрсетіп, ұлттық экономиканың – капитал шығаратын субъектердің, тиімділігімен және деңгейінің ашықтығымен тығыз байланысты.

  • елдің сыртқы борышының көлемі және оның осы елдің ВВП-мен арақатысы.

Әрі қарай, келтірілген көрсеткіштердің негізінде қазіргі заманғы ресей экономикасының ашықтығының деңгейіне баға беріледі, бірақ та алдымен біздің елдің ашық түрдегі экономика жүйесінің құрылуымен тығыз байланысты, заңдылықтар мен үрдістерді қарастырайық.