Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рефераты мирова.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156.21 Кб
Скачать

3. Еңбектің халақаралық бөлінуі: мәні, алғышарттары, үрдістері.

Еңбектің халықаралық бөлінуі – әлемдік экономикадағы орны мен дамуына қарамастан, елдер арасындағы өндірістік, ғылыми-техникалық, сауда және басқа да ынтымастық, білім, технология, тауар мен қызмет көрсету салаларының халықаралық айырбас жасауларының шын материалдық негізі.

Еңбектің халықаралық бөлінуінің негізі екі процестің бірігуімен айқындалады – өндіріс процесінің ажырауы және одан әрі бірігуі. Еңбектің халықаралық бөлінуінің негізгі мазмұны – кейбір елдердің әрқилы еңбек түрлерінің мамандырылуы мен әрі қарай бірлесуі, бір-бірін толықтыруы. Еңбектің халықаралық бөлінуі қоғамдық еңбектің шығын азайту құралы, әлемдік және ұлттық өндірістік күштерді оңтайландырудың негізі болып есептеледі, салалық және аймақтық елдік деңгейдегі оңтайлы халықаралық өндіріс қатынастарды құруға ықпал жасайды.

Қандай да топтардың ішінде кәсіпорындар арасындағы айырбастың жүруіне байланысты еңбектің халықаралық бөлінуінің келесі пішіндері пайда болады – ішкісалалық, салааралық, түраралық.

МРТ-нің ішкісалалықпішіні – белгілі бір заттар шығаратын, соның ішінде деректемелер, агретаттар және түйіндер, осы заттардың бір-бірімен араласуын көрсететін, халық шаруашылығының қайбір саласына кіретін түрлі елдердің өнеркәсіптерінің күштерінің жұмылдыруын көрсетеді. Егер де мысал ретінде трактор шығаратын өндірісті алсақ, онда ішкіаралық түр былайша болады – бірулері дөңгелекті трактор шығарса, екіншісі шынжыртабанды, үшіншісі - оған қосалқы бөлшектер т.б., және бір-бірімен осы заттармен алмасады.

Әр заттың бірнеше түрі болатындықтан, ішкісала бір түрлі болмауы мүмкін. Ішкі салалықтың заттық бейімделуінің жартылық немесе біртүрлілік, көптүрлілік пен барлықтүрліліктерін бөлу керек. Жартылай заттық бейімделу дегеніміз – елдер тек қана бір тауарды өндірудегі еларалық еңбек бөлуін айтады, мысалы бақша тракторы. Керісінше, көптүрлілік елдің аталған заттың бірнеше түрін шығаратындығын көрсетеді, мысалы, бақша және жер жырту тракторлары. Ал барлықтүрлілік заттық бейімделу – бір ел тауардың барлық түрін шығаратынын көрсетеді. Мысалы тракторды алатын болсақ, тек қана бақша немесе жер жыртатын емес, трактордың басқа да түрін шығаруын айтады.

МРТ-нің салааралық пішіні дегеніміз – түрлі саладағы еңбек бөлу емес, бір өндірістегі түрлі салалардағы еңбек бөлу. Осы ретте салааралық түр бірнеше нұсқада болуы мүмкін. Ең қарапайымы – екі кәсіпорын қатысатын екі елдің арасындағы еңбек бөлісуі, әр елден бір-бір қатысушы. Бірақ та салааралық еңбек бөлісу түрінде әр жақтан екі-үш немесе сол саладағы барлық өнеркәсіптер қатысуы да мүмкін. Кейде бір елдің бір кәсіпорны екінші елдің бірнеше кәсіпорнымен еңбек бөлісуі мүмкін. Санына байланысты басқа да нұсқалар болуы ықтимал. Сонымен, салааралық еңбек бөлісу түрінде қатысушы елдер саны сан-алуан болуы мүмкін.

МРТ-нің түраралық пішіні дегеніміз – бұл әр түрлі өндірістердің арасындағы еңбек бөлісу, өндіріс пен ауыл шаруашылығының, өндіріс пен құрылыс арасында және т.б. Түраралық еңбек бөлісуде бір өндірістік барлық бөлімшелерінің қатысуы міндет емес. Бір елдің өндірісінің барлық салалары өзінің тауарларын басқа елдің ауыл шаруашылығына айырбастауға міндетті емес. Егер де айырбас өндірісінің бір бөлімшесінде болса да ол түраралық пішін болып есептеледі, өйткені айырбас болып жатқан сала бір емес, әр түрлі өндіріске жатады. Әрине, еңбек бөлісудің түраралық пішінін қолданудың басқа да жолдары бар болуы мүмкін. Аймақаралық пішінді айтатын болсақ, ол бір елдің түрлі аймақтарындағы кәсіпорындардың қосылымын айтады.

Халықаралық еңбек бөлісудің негізін анықтайтын екі пішін болады: арнайыландыру және кооперациялау.

Халықаралық арнайыландыру деп– өнімнің сапасын жоғарлату және өзіндік құнын түсіру, тек қана өз қажеттілігін ғана емес, басқа елдердің де қажеттілігін жарыту үшін, біркелкі өнім шығарудың бір елде немесе көп емес бірнеше елде шоғырлануын айтады.

Халықаралық арнайландыру екі жолмен дамиды – аймақтық және өндірістік. Аймақтық аспектісі жекелеген ел топтары мен аймақтардың әлемдік нарыққа белгілі бір өнімдер мен олардың бөліктерін шығаруды жорамалдайды. Өз кезегінде, өндірістік бағыт салааралық, жекелеген кәсіпорындардың ішкіаралық арнайландыруы және ішкіфирмалы болып бөлінеді. Қазіргі кезде өңдеу өндірісін қамтитын, бірінші кезек машинажасайтын ішкісалалық арнайландыруы тез дамуда.

Халықаралық арнайландырудың негізгі белгілері болып заттық (нақты дайын өнім шығару, үлке пішінді), детальдық (ұсақтар, бөлшектер шығару, өнім құрамалары) және технологиялық немесе стадиялық арнайландырулар (жекелген операциялар немесе жекелеген технологиялық процесстерді орындау) есептеледі. Салалық аспектісінде арнайландырудың барлық пішіндерінің толық дамуы машинажасау саласында іске асты.

Келесілер халықаралық арнайлындырудың айқындаушы кездері болып есептеледі:

  1. Табиғи қордың болуы;

  2. Климаттық шарттар;

  3. Өндірістік база;

  4. Ұлтаралық арнайландырудың орнаған деңгейі.

Халықаралық еңбек бөлісуінің басқа бір түрі болып Халықаралық кооперациялау болып есептеледі. Бұл екі немесе одан көп елдердің шығарған өнімді техникалық жетістіктерге жеткізу үшін, біріккен өндірістік бағдарламаны орындау мақсатында, өндірістік құралдарды бірлестіру. Халықаралық кооперациялаудың негізгі белгілері:

  • Тараптардың бірге жұмыс жасау шарттарын келісім-шарт тәртібімен алдын ала мәмілелеу;

  • Түрлі елдердің серіктес-кәсіпорындардың шаруашылықтарын орындауды үйлестіру;

  • Өндірістік кооперация субъектісі болып түрлі мемлекеттердің фирмалары болуы;

  • Дайын бұйымдардың сапасының технологияға лайық болуын шартты түрде бекіту;

  • Келісілген бағдарлама бойынша серіктестердің тапсырмаларды өзара тарату, кооперациялық келісімнің негізгі мақсатына байланысты, оларға өндірістік арнайыландырауды бекіту;

  • Бір жақты немесе екі жақты тауар жеткізудегі тығыз байланыс;

  • Серіктер арасындағы ұзақ мерзімді, тұрақты және үздіксіз экономикалық қатынас;

Халықаралық кооперациялауды топтастыру келесі бағыттарда жүргізіледі:

  1. Суъектілер саны бойынша - екіжақты, көпжақты;

  2. Объектілер саны бойынша – бірзаттылы, көпзаттылы;

  3. Салалық байланыс құрылымы бойынша – ішкісалалық, салааралық (өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және сауда құрылымдарында);

  4. Қызмет түрімен – өндіріс пен ауыл шаруашылығы арасында, өндіріс пен құрылыс арасында т.б., басқаша бұны салааралық ретінде қарастыруға болады.

  5. Пайдалану әдістері бойынша – өндірістік-экономикалық, ғылыми-техникалық бағдарламалар, біріккен кәсіпорындар, келісімдік арнайлындырулар.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Глобализация мирового хозяйства [Текст] : учеб.пособие / под ред.: М. Н. Осьмовой, А. В. Бойченко. - М. : ИНФРА - М, 2012. - 375 с.

2. Мировая экономика [Текст] : учебник / под ред. И. П. Николаевой. - 4-е изд., перераб. и доп. - М : ЮНИТИ-ДАНА, 2012. - 399 с.

3. Пашковская, М. В. Мировая экономика [Текст] : учеб.пособие / М. В. Пашковская, Ю. П. Господарик. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Маркет ДС , 2011. - 415 с

4. Ломакин, В. К. Мировая экономика [Текст]: учебник / В. К. Ломакин. - 4-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ, 2012. - 671 с.

5. Додонов, В. Ю. Мировой кризис и тенденции экономического развития Казахстана [Текст] : научное издание / В. Ю. Додонов. - Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2011. - 376 с.

6. Мировая экономика / Под ред. А.С. Булатова. - М.: Юрист, 2007.

7. Гурова И.П. Мировая экономика. – М., 2009.

Әлемдік экономика дамуының қазіргі бағыттары

Жоспар:

  1. Ашық типті экономика: өзіне тән сипаты мен негізі.

  2. Әлемдік экономиканы жахандандыру үрдісі. Елдердің бірігуінің пішіні мен негізі.

  3. Қазіргі заманда әлемдік экономиканың үздік-создық дамуының үрдісі.

  4. Халықаралық бәсекестілік: мақсаты мен әдісі.