Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рефераты мирова.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156.21 Кб
Скачать

Әлемдік экономика: ерекшелігі, қалыптасуы және даму кезеңдері.

Жоспар:

1. Әлемдік экономика (әлемдік шаруашылық): мәні және өзіңе тән сипаттары;

2. Әлемдік экономиканың эволюциясы;

3. Халықаралық еңбек бөлінісі: мәні, алғышарттары, үрдістері.

1. Әлемдік экономика (әлемдік шаруашылық): мәні және өзіңе тән сипаттары.

Әлемдік экономика – бұл халықаралық еңбек бөлінісіне қатысатын, өзара байланысқан ұлттық шаруашылықтың тұтас жиынтығы.

Әлемдік экономика – бұл ұлттық шаруашылықтар арасындағы байланысты жүзеге асыратын, халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі.

Халықаралық экономикалық жүйе сауда, қаржылық қатынастар, капитал қорлары және еңбек күшін таратып бөлуді сипаттайды.

Әлемдік экономикаға тән сипаттар:

Ұлттық шаруашылық - бұл әлеуметтік-экономикалық және тарихтық жүйе, оны сипаттайтын:

  • Тұрақтылық, бұл әлемдік экономикадағы барлық құрушылардың тұрақты қарым-қатынастарының болжамы.

  • Ортақ мақсаттың болуы - ақыр соңында, оның функцианалдануы адами қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған, бірақ басқа да ішкі жүйелерде бұл мақсат әр түрлі экономикалық-әлеуметтік шарттардың күшіне орай түрленеді.

  • Құрушы элементтердің көптігі. Әлемдік шаруашылқта жеке элементтер арасындағы өзара қарым-қатынастар деңгейлерден тұрады, ал мемлекеттер арасында – халықаралық деңгей, ол халықаралық нормалармен және шарттармен реттеледі.

  • Құрылымдылығы. Өндірістің және айналымның ең маңызды пропорциялары әлемдік экономиканың жаңғырту, сала, технологиялар және т.б құрылымдарынан тұрады, әрі маңызды кез болып бұл құрылымдық тұрақтандырушыларды мемлекетаралық орналастыру болып табылады. Салааралық құрылымнан басқа әлемдік экономикада әлеуметтік-экономикалық құрылымы бөлінеді.

  • Иерархиялық. Әлемдік экономика тағайынды тәртіпсіз дами алмайды, ол халықаралық көпшілік және жеке құқық шамаларында негізделген, мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастарды, экономикалық бірігу, заңды және жеке тұлға арасындағы қатынастарды реттейді. Оны бақылау халықаралық ұйымдар негізінде жүзеге асырылады.

  • Дамудың тұтас және жеке секторларда, мемлекеттік аспектіде бірқалыпты еместігі. Өндірістің шоғырлануы (және тұтыну) материалдық игіліктерді және ресурстарды иерархиялық бірқалыпты бөлмеумен әлемдік экономика тығыз байланысты – әсіресе капитал тарту орталықтарында, әрі бұл капиталдардың қозғалысы әрдайым жүріп отырады.

  • Әлемдік шаруашылықтың динамикалық тепе-теңдігі қоғамдық-экономикалық жүйе ретінде. Әлемдік шаруашылықтың тепе-теңдік жағдайы экономикалық әсер арқылы көрінеді. Абсолюттік мағынада экономикалық әсер ЖІӨ-нің мәні арқылы өлшенеді, ал абстрактылы мағынада – халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің мәні.

Ұлттық экономика әлемдік шаруашылықтың элементі болып табылады. Олардың арасындағы байланыс тауарлар мен қызметтердің трансшекаралық алмасуы, ақпараттар, зияткерлік қызметтің нәтижлері, капитал және жұмыс күші арқылы жүзеге асады.

Басқарушы бірліктер әлемдік шаруашылықтың субъектілері болып табылады, олар өндірістік іс-шараларды әлемдік шаруашылықта жүргізе алады. Әлемдік шаруашылықтың негізгі субъектілері:

  • Мемлекет;

  • Трансұлттық корпорациялар;

  • Халықаралық экономикалық ұйымдар.

Мемлекет – әлемдік шаруашылықтың басты субъектісі болып табылады. Мемлекет капитал салудың көлемі мен құрылымына тікелей және жанама әсер етеді.

Мемлекет ақша-несие саясатының құралдары арқылы инвестициялық процесс және жеке секторды тұтынуға әсер етеді. Бірқатар салалардың дамуы мемлекеттік инвестициялармен тікелей байланысты (ауыл шаруашылығы, ғылыми-зерттеулік жобалар). Мемлекет жұмыс беруші ретінде жұмыспен қамтамасыз етеді.

ТҰҚ әлемдік шаруашылықта ерекше орын алады. ТҰҚ әлемдік өндірістің 25% қамтамасық етеді. Ірі трансұлттық компаниялар айналым көлеміңен бірқатар дамушы елдердегі ЖІӨ-нен де асып кететіні сирек жағдай емес. ТҰҚ-ның келуші елдердің экономикасына әсер етуге үлкен мүмкіндігі бар.

Маңызды экономикалық ұйымдарға Халықаралық валюталық қор, Халықаралық қайта жаңарту және даму банкі жатады. Соңғысы еншілес ұйымдармен бірге (Халықаралық қаржылық корпорация, Халықаралық даму ассоциациясы) Әлемдік немесе Бүкіләлемдік банк тобын құрайды.

Әлемдік банк дамушы және өтпелі экономикасы бар елдерде үлкен жобаларға несиелеу жүргізеді.