- •Ms access берілгендер қоры туралы мағлұмат.
- •Берілгендер қорын басқару жүйелері.
- •Кесте құру. Олармен жұмыс істеу.
- •Кесте құру әдістері (қолдан, шебер арқылы). Кестені сақтау.
- •2. Microsort Access деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу негіздері.
- •Мәліметтер қоры (Ms Access)
- •7. Кестені толтыру.
- •Ms Access деректер қорында кесте құру
- •Ms Access дқбж -де деректердің типтері
- •Тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Кестелер арасындағы байланысты орнату
- •Тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Деректерді іріктеу және фильтрлеу
7. Кестені толтыру.
Зертханалық жұмыс №4
Сұраныс.
Мақсаты: Сұраныс жасау түрлерімен жұмыс істеуді үйрету.
Сұраныс — жұмыс істеуші адамның керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден берілген шарттарвға байланысты таңдап алу тәсілі.
Таңдау бойынша сұраныс.
Сұраулар (запросы) қосымшасында құру батрымасын басамыз. Сонда жаңа сұрау сұхбат терезесі шығады.
Кестелерді қосу сұхбат терезесінен сұраныс жасалтын МҚ таңдап аламыз да Қою және Жабу батырмасын басамыз.
Кестенін өрістерінің атын екі рет шертеміз. Өріс сұрау бланкісіне қосылады…
Сұраныстың шарты деген жерге барып керекті өріс бағаны бойынша сұраныс жасаймыз.
Елі өрісіне «Россия» деп жазамыз да Сұранысты сақтаймыз.
Сұраныс терезесінде Елі атты кестені ашу арқылы тек қана Россия елінің спортсмендерін алып шыққанның көруге болады.
ПАРАМЕТРЛІК СҰРАНЫС
Таңдап алуға сұраныс беру арқылы есептелінетін өрістерден немесе басқа кестеден алынған өрістерден тұратын виртуальды кестелер құруға болады.
Өздік жұмыс.
1. Оқушы МҚ құр. Мынандай өрістерден тұрады: Фамилиясы, Аты, Бойы, Салмағы.
Бойы 180 кіші оқушыларына сұраныс құр.
Салмағы өрісі бойынша сұраныс құр.
2. Автосалон МҚ құр. Өз таңдауын бойынша сұраныс жаса.
Зертханалық жұмыс №5
Мәліметтерді електен өткізу. Сұрыптау. Іздеу.
Мақсаты: Мәліметтер қорын қандай да бір шартты қанағаттандыратын жазбаларды көруді үйрету.
Қандай да бір шартты қанағаттандыратын жазбаларды көру фильтрация немесе електен өткізу деп аталады.
1.Іске қосу→ Программалар→ MS Access командасын орындаймыз. Ашылған сұхбат терезесінен мәліметтер қорын ашу опциясын таңдаймыз да ОК батырмасын шертеміз.
2. Әр түрлі файлдар (Другие файлы) опциясын таңдап ОК батырмасын шерту, ашылған Мәліметтер қорынан өз файлынды ерекшелеп терезенің оң жағындағы Ашу батырмасын шерту.
3. Кестелер қосымшасынан Спорт кестесін ашу.
4. Жазбалар → Фильт → Кеңейтілген фильтр командасын таңдаймыз.
5. Тізімнен қажетті өріс атына екіі шертіп және таңдау шартын енгіземіз.
6. Фильт → Фильтрді қолдану командаларын орындаймыз.
7. Көрсетліген шартты қанағаттандыратын мәліметтерден тұратын кестені экраннан көреміз.
Шарт А деп жазылса мысалы: Фамилияға Шарт (условие отбора) А*, онда А әрпінен басталатын фамилияларды көруге болады.
Сұрыптау І-тәсіл.
Сұрыптау — кестедегі жазуларды алфавит, саныды өсу ретімен, кему ретімен реттеуді айтады.
1. Кез келегн форманы немесе кестені ашамыз да, Сұрыптау қажет бағанды таңдап белгілейміз.
2. Жазбалар (записи) мәзірін аламыз.
3. Сұрыптау таңдау ішкі мәзірде: өсу ретімен қажет болса (сортировка по возрастанию), кему ретімен қажет болса (сортировка по убыванию) командасын таңдаймыз.
4. Егер сұрыптауды кері қайтару үшін, Жазбалар →Фильтрді өшіру командасын таңдау керек.
Сұрыптау ІІ-тәсіл.
1. Кез келген форманы немесе кестені ашамыз.
2. Сұрыптау қажет болғанның кез келген өрісіне тышқанды шертіп.
3.АЯ пернесін басу сол уақытта өсу ретімен сұрыпталады.
4. ЯА Пернесін басу сол уақытта кему ретімен сұрыпталады.
Іздеу — мәліметтер қорындағы мәліметтерді тез табады.
Өздік жұмыс.
1. Талапкер МҚ кестесінен мектеп өрісі бойынша електен өткіз.
2. К және И әрпінен басталатын абитуриенттердің фамилиясын електен өткізіп көрсет.
3. Талапкер МҚ формасын құрып. Осы формадан биолгия факультетіне тапсырған студенттерді електен өткізіп тап.
4. Талапкер МҚ өсу ретімен және кему ретімен сұрыпта.
5. Оқушылардың А дан басталатын аттарын іздеп тап.
Зертханалық жұмыс №6
Кестеаралық байланыстарды құру.
1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз.
Отырар кітапханасының басқармасы екі кестеге негізделген мәліметтер базасын жасауға тапсырыс берді. Бірінші кесте оқырмандарға арналған, онда кітапханадан кітап алған оқырман жайлы мәліметтер көрсетіледі. Екінші кесте кітапханадағы оқулықтарды тіркеуге арналсын.
2. Менің құжаттарыма қаптамасын таңдап файлға Отырар кітапханасы деп ат береміз.
3. Конструктор режимінде кесте құру белгісін басамыз. Бірінші кесте үшін төмендегідей өрістерді енгіземіз: оқырманның аты-жөні, кітаптың аты, кітаптың авторы, кітаптың нөмірі, кітап алған уақыты, бағасы. Кестені толтыр.
4. Оқырмандар деп ат беріп сақтаймыз.
5. Екінші кесте үшін төмендегі өрістерді енгіземіз: кітаптың аты, кітаптың авторы, баспасы, шыққан жылы, кітаптың нөмірі, көлемі, бағасы. Кестені толтыр.
6. Оқулықтар деп ат беріп сақтаймыз.
7. Аспаптар панеліненМәліметтер схемасы (Схема данных) батырмасын іздестіріңіз. Меню жолындағы команданы табыңыз: Сервис →Мәліметтер схемасы. Осы терезенің ашылуымен қатар бір уақытта Кестелерді қосу (Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады, бұл қосымша кестеден аралық байланысты құратын кесте таңдауға болады.
8. Қосу (Добавить) батырмасын шерту арқылы Оқырмандар және Оқулықтаркестелерін таңдаңыз — Мәліметтер схемасы терезесінде осы кестелердің өріс тізімдері ашылады.
9. Shift пернесін басып тұрыпОқырмандар кестесін екі өрісті ерекшелеңіз: Кітаптың аты және Кітаптың авторы.
10. Осы өрістерді Оқулықтар кестесінің өріс тізіміне әкеліңіз. Тышқан батырмасын жіберген сәтте, Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесі шұғыл түрде ашылады.
11. Байланысты өзгерту ( Изменение связей) терезесінің оң жақ панелінен байланысқа қосылатын Оқырмандар кестесінен Кітаптың аты және Кітаптың авторыөрістерін таңданыз.
12. Байланысты өзгерту ( Изменение связей) терезесін жауып, Мәліметтер схемасытерезесінен пайда болған байланысты көресіз. Байланыс сызығын тышқанның сол жақ батырмасын шертіп ерекшелеп алуға болады, ал тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, байланысты үзуге және редакциялауға мүмкіндік беретін жанама меню ашылады. Мәліметтер схемасы терезесін жабыңыз.
