
Мазмұны
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
І бөлім..............................................................................................................................4
ІІ бөлім..............................................................................................................................7
ІІІ бөлім.............................................................................................................................8
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................10
КІРІСПЕ
Қоршаған ортаның антропогендік жолмен ластануына себеп болатын көздерге қара және түсті металлургия, транспорт, электр энергетикасы, ауыл-шаруашылығы, мұнай, газ, көмір, химия өндірістері, тұрғын-коммуналдық шаруашылық, құрылыс материалдарын өндіретін және басқа да халықшаруашылық салалары жатады. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өндейтін технологияға байланысты келеді.
Жобаның өзектілігі - Қарқаралы өңіріндегі өнеркәсіптің экогологияға жауапкершіліксіз қарауын ың салдарынан өнеркәсіптік елді мекенде біршама экологиялық проблемалрмен қақтығысып қалып жатыр. Бүгінде өнеркәсіптік экология – өзекті мәселелердің бірі.
Жобаның мақсаты – Қарқаралы өңіріндегі өнеркәсіптен пайда болатын, жергілікті тұрғындардың денсаулығына, топыраққа, суға, ауаға тиетін зиянының алдын алу.
Жобаның міндеті - өндірістік кәсіпкерлердің назарын экологиялық проблемалардың ахуалына бөлу, олардың міндеттемелерін түсіндіру.
Зерттеу нысаны – өнеркәсіптік нысандардың Қарқаралы өңірімен байланысы, әсері және зияны. Қалдықтарды орналастыру объектiсi - полигондар, күл-қоқыс сақтау орындары, қалдық сақтау орындары, кен жыныстарының үйiндiлерi мен қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған басқа да арнайы жабдықталған орындар; қалдықтардың қауiптiлiк сыныбы - адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсер ету дәрежесi бойынша анықталатын қалдықтардың зияндылық көрсеткiшi.
Жобаның практикалық мәні – Байыпты кен өндірісі мен қоршаған ортаның байланысын анықтау, қорытындылай келе қоршаған ортаны сақтау.
І бөлім
1.Өнеркәсіп орындары:
Аудан экономикасының нақты секторында тау-кен саласындағы 3 ірі кәсіпорыны бар, олар: «Өркен-Кентөбе» ЖШС және «Қазақмыс Корпорациясының» Қарағайлы байыту фабрикасы мен «Абыз» кен орны. «Көктасжал» тау-кен кешені салынуда.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2010 жылы ауданнан бір жоба облыстық үйлестіру кеңесінде мақұлданып, республикалық индустрияландыру картасына енгізілген: ол — «Көктасжал» мыс кен орнында «Көктасжал» тау-кен кешенін салу және пайдалану» жобасы. Жобаны іске асырушы – «Алтай полиметаллы» ЖШС.
KAZAKHMYS |
ARCELORMITTAL |
АЛТАЙ ПОЛЛИМЕТАЛЛЫ |
Қарағайлы, Абыз кен орындары Кен байыту фабрикасы |
Кентөбе кен орны Кен өңдеу фабрикасы |
Көктасжал кен орны |