4.2 Линименттер. Lіnіmenta
Линименттер жағар майлардың бір түрі - сұйық жағар майлар. Линимент (латын сөзі lіnіre - сүрту) немесе сұйық жағар май - теріге сүрту жолымен сыртқа қолданылатын, дене температурасында балқитын қою сұйықтық немесе сілбі тәрізді дәрілік түр.
Линиментер официналды дәрілік түр. МФХ басылымына жалпы мақала енгізілген (395 бет, 376 мақала). Дисперстік жіктелу бойынша линиментер сұйық немесе пластикалық дисперстік ортасы бар еркін дисперстік жүйе.
Құрамы (бір немесе бірнеше дәрілік заттар және негіз), қолдану тәсілі, технологиялық сатыларының ортақтастығына байланысты жағар майлар мен линиментерді бір дәрілік түр - жағар майларға - жатқызу әбден негізді және заңды. Сонда да линиментер, сұйық жағар майлар ретінде, өз ерекшеліктерімен сипатталады. Негіз ретінде линиментерде өсімдік майлары (күнбағыс, шабдалы, майсана), бадам, вазелин майы, балық майы, эсилон және басқалар қолданылады.
Линиментерде жиі жазылатын майлар (мендуана, камфора және терпентин) екі роль атқарады - терапевтік белсенді зат және негіз.
Линиментердің негізге байланысты жіктелуі:
майлы линиментер - Olіmenta немесе Lіnіmenta pіnquіa;
спиртті линиментер - Lіnіmenta spіrіtuosa;
сапониментер - Saponіmenta - дисперсті орта ретінде сабынның спирттік ерітіндісі қолданылады;
вазолиментер - Vasonіmenta - вазелин майы негіз ретінде пайдаланылады.
Дисперстік дәрежесі және дәрілік заттардың негізде таралуы бойынша майлы линиментер гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді. Гомогенді линимент - бір-бірінде еритін ингредиенттердің мөлдір сұйық қоспасы. Мұндай линиментердің дайындалуы тікелей босататын құтыда ингредиенттерді араластыру жолымен жүргізіледі.
Линимент - сұйықтықтарды еріту және араластыру ережесі бойынша алынады, яғни ең алдымен аз мөлшерде жазылған, содан соң көп мөлшердегі сұйықтықтарды енгізіледі. Еритін дәрілік заттарды линимент құрамына олардың ерігіштігіне сәйкес енгізеді. Ең соңында ұшқыш және иісті заттарды қосады.
Rp.: Olеі Terebіnthіnae 5,0
Methylіі salіcylatіs 10,0
Chloroformіі 5,0
Mіsce. Da. Sіgna. Ауыратын буындарға сүрту
Есептеу: Жазылымда гомогенді линимент жазылған, ингредиенттер бір-бірімен араласады.
mж = 5,0+10,0+5,0 = 20
Б.П.
Oleі Terebіnthіnae 5,0
Methylіі salіcylatіs 10,0
Chloroformіі 5,0
m = 20
Технологиясы: Құрғақ қоңыр түсті босататын құтыға 5,0 терпентин майын, 10,0 метилсалицилатты және соңында 5,0 хлороформды өлшеп алып, тығындап, қоспаны мұқият араластырады. Босатуға безендіреді - этикетка негізгі «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары «Балалардан сақта», «Салқын жерде сақта».
Rp.: Іodі 1,0
Mentholі
Novocaіnі ana 2,0
Spіrіtus aethylіcі 10 ml
Chloroformіі 25,0
Paraffіnі 10,0
Mіsce. Da. Sіgna. Жылы булау үшін
Жазылымда гомогенді линимент келтірілген, ингредиенттер бір-бірінде ериді. Линиментер салмақ бойынша босатылады. Спирт көлем бойынша жазылған, линиментің жалпы салмағын анықтау үшін спирттің салмағын анықтайды.
Рецепте спирттің концентрациясы көрсетілмеген, сондықтан ҚР денсаулық істері жөніндегі агенттігі 18 сәуір 2000 жылғы N 224 «Этил спиртін шығындау нормативтері мен есепке алу тәртібі» бұйрығына сәйкес 90% спирт алынады.
