Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД РЕКОМЕН по вып дипломных работ 2014-15 ка...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
307.71 Кб
Скачать

3.8 Графиктерді рәсімдеу

График – жазықтыққа сызықтың көмегімен геометриялық бейнелеу. Графиктер – бұл белгілі бір материалдың мазмұнын көрсету тәсілі, мысалы, тұтас бөлікті салыстыру, үрдістің өзгеріс сипатын көрсету, құбылыстар және т.б. График координаттың кез келген жүйесінде құрастырылады: тікбұрышты, қарама-қайшы және т.б. Неғұрлым кеңінен тарағаны тікбұрышты.

3.9 Сілтемелерді (сноска) рәсімдеу

Мәтінде келтірілген және түсініктеме талап етілетін бірқатар мәліметтер, сілтеменің жолүсті белгісімен белгіленеді.

Мәтіндегі сілтемелер беттің соңында белгіленіп абзацты қызыл жолдан орын алады, және де қысқа көлденең сызықпен, қалыңдығы 1,5 пунктті сол жақта мәтіннен оқшау орналасады.

Егер сілтеме кестедегі мәліметтерге қатысты болса, онда оларды кестенің соңында кестенің аяқталғанын білдіретін сызық үстінен орналастырады (сурет 3.6).

Сілтеме белгісін, мәтін алдында берілетін түсініктеме, және де түсініктеме берілетін сөздер, сандар, символдардан кейін қояды.

Сілтеме белгілерін «жоғарғы индекс» шрифтік белгісін қолданып доғал жақшамен жабылатын араб цифрларымен орындайды.

Кесте … (аталуы)

Пайызбен (% белгісімен де болады)

Көрсеткіштер аты

Шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары

Орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары

Жеке кәсіпкерлер

Қамтылғандар саны

27,7

24,7

32,9

Өнім шығару

27,3

57,5

13,8

* ҚР ЭММ статистика жөніндегі Комитеттің ақпараттары бойынша белсенді әрекет етуші жеке кәсіпкерлер саны жаңа әдістемеге байланысты өзгертілді (жеке шоттар негізінде)

Сурет 3.6 – Кестеде сілтемені рәсімдеу мысалы

Сілтемені нөмірлеу әр бет үшін жеке болады.

Сілтемелерді цифрдың орнына жұлдызшамен “*” орындауға болады. Төрт жұлдызшадан артық қолдануға болмайды.

3.10 Сілтеме үзінділерді (ссылка) рәсімдеу

Мәтінде әдебиеттер көзіне сілтеме жасағанда қолданылған әдебиеттердің реттік нөмірі тік жақшамен жабылып келтіріледі. Мысалы:

Н.М. Рыбников [12] атап өткендей, для понимания детского рисунка важно исследовать сам процесс его создания.

«Обучение только тогда хорошо, - деп Л.С. Выготский айтқандай, - когда оно идет впереди развития» [24, 116 б.].

Формулаға сілтеме жасағанда мәтінде оның толық нөмірін жақша ішінде көрсету қажет, мысалы:

… (4.2) формуласында ...

Кестеге сілтеме жасағанда оның толық нөмірі және «кесте» сөзі көрсетіледі. Мысалы, баяндау барысында көрсетілген сілтеме мынадай көрініс табады:

2.5 кестесінде келтірілгендей., 3.5 суретінен байқағандай....

Сілтемені баяндау соңында келтіруге болады, мысалы:

...(2.5 кестесін қараңыз). ... (сурет 3.5)..

Стандарттар мен техникалық шарттарға сілтеме жасағанда жақша ішінде немесе үтір арқылы құжаттың тек белгісін және оның аталуын көрсетпей-ақ нөмірін көрсетуге болады.

3.11 Қосымшаларды рәсімдеу

Негізгі бөлімдерде материалдың мазмұндалуын ыдыратуға икемді ақпараттарды (яғни, тым үлкен иллюстрация, кестелер, компьютерлік бағдарлама мәтіндері, үлкен математикалық есептеулер және т.б.) мақсатқа сәйкес қосымшаларға орналастыру.

Қосымшаларды құжаттың жалғасы ретінде оның келесі беттерінде рәсімдейді, ал тым үлкен көлемді ұсынылатын материал болса, оны өзіндік дара құжат түріндеде шығарады.

Негізгі бөлімдердің мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме берілуі керек. Қосымшаларды оларға жасалатын сілтеме ретіне қарай орналастырады. Әрбір қосымшаны жаңа беттен бастау қажет. Қосымшалар орысша бас әріптермен нөмірленеді (Е, З, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ басқа).

Қосымшаның бірінші бетінде оң жақ шетінен туралаумен, бас әріппен «Қосымша» сөзі нөмірленіп орналастырылады.

Әрбір қосымшаның «Қосымша» сөзінен төмен орналасатын, беттің ортасына тураланып, бас әріппен аталуы міндетті түрде болуы керек.

Қосымша бір ғана жалғыз кестеден немесе иллюстрациядан құралса қосымшаның аталуын төмен түсіруге рұқсат етіледі.

Егер қосымша бірнеше беттерде орналасса, онда «Қосымша» сөзі нөмірі мен аталуы көрсетіліп қосымшаның бірінші бетінде ғана жазылады.

Қосымшаға салынған суреттер, кестелер мен формулалар әрбір қосымша көлемінде араб цифрімен нөмірленеді. Мысалы, бірінші (немесе жалғыз) иллюстрация белгіленеді:

Сурет 1 — ....

Компьютерлік бағдарлама мәтіндерін ұсақ шрифтті қолданып екі бағанда орналастыруға болады (кегль — 8-9 пункттер).