
- •Мазмұны
- •1 Жалпы ереже
- •2 Дипломдық жұмыстың құрылымына қойылатын талаптар
- •3 Дипломдық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •3.1 Дипломдық жұмыстың мәтіндік материалдарын рәсімдеу
- •3.2 Мұқаба (титулка) беттерді рәсімдеу
- •3.3 Бөлім аттарын рәсімдеу
- •3.4 Таңбаланған және нөмірленген тізімдерді қолдану
- •3.5 Формулаларды рәсімдеу
- •3.6 Сызба және көрнекілікті (иллюстрация) рәсімдеу
- •3.7 Кестелерді рәсімдеу
- •3.8 Графиктерді рәсімдеу
- •3.9 Сілтемелерді (сноска) рәсімдеу
- •3.10 Сілтеме үзінділерді (ссылка) рәсімдеу
- •3.11 Қосымшаларды рәсімдеу
- •3.12 Презентацияны рәсімдеу
- •3.13 Дипломдық жұмыстың мазмұнын рәсімдеу және беттерін нөмірлеу
- •3.14 Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Дипломдық жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспары
3 Дипломдық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
3.1 Дипломдық жұмыстың мәтіндік материалдарын рәсімдеу
Студенттердің дипломдық жұмыстары MS Word редакторында компьютерді қолданып орындалады, А4 форматындағы парақта (тік бағытта) басылады, сонымен қатар:
шрифт Times New Roman (Times Cyr немесе Times Kaz, KZ Times New Roman);
кегль — 14 пунктті;
бірлік жоларалық интервалмен;
шрифт түсі – қара.
Беттің параметрлері келесідей:
- сол жағы – 30 мм;
- жоғары жағы - 20 мм;
- оң жағы - 10 мм.
- төмен жағы - 25 мм
Берілген талаптар жұмыстың құрылымындағы барлық элементтерге қатысты (мұқаба бет, мазмұны, бөлім аты, кестелер, формулалар, қосымшалар және т.б.)
Дипломдық жұмыста түзету, дақ, майысқан, жарылған, қисайған болмау керек.
Әріптер мен белгілер контуры қандай да бір бояу жағылғансыз болуы керек. Әріптерді бояу, үстінен басуға тыйым салынады.
Абзацтар 15 мм болатын қызыл жолдан (отступ) басталады.
Әріптердің айқындылығы жолдың, беттің және бүкіл жұмыстың бойында түзу болу керек.
Мәтін (текст) ені (по ширине) бойына теңдестіріледі.
Қандай да бір олқылықтармен рәсімделген, қателіктері бар жұмыстар қорғауға жіберілмейді.
3.2 Мұқаба (титулка) беттерді рәсімдеу
Мұқаба бет В Қосымшасына сәйкес рәсімделеді.
3.3 Бөлім аттарын рәсімдеу
Бүкіл дипломдық жұмыс шегінде бөлімдердің араб цифрымен белгіленген, нүктесіз және абзацты қызыл жолдан жазылған реттік нөмірлері болады.
Бөлімшелердің әрбір бөлім көлемінде нумерациясы болады. Бөлімшенің нөмірі бөлім мен бөлімшелердің нүктемен бөлінген нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінің соңында нүкте қойылмайды.
Бөлімдер де, бөлімшелер секілді бір немесе бірнеше пунктерден құрала алады.
Егер құжаттың бөлімшелері болса, онда пункттер нумерациясы бөлімше көлемінде болады және пункт нөмірі бөлім, бөлімше, пункттерінің нөмірлерінен құралуы қажет (сурет 3.1).
Егер бөлім немесе бөлімше бір пункттен құралса, ол солай нөмірленеді.
Көлемі бір беттен кем бөлімшелерді пунктке бөлудің қажеті жоқ.
Әрбір пункт және пунктасты абзацты қызыл жолдан жазылады.
Бөлімдер, бөлімшелердің аттары болады. Аттары (атаулары) бөлім, бөлімшелердің нақты және қысқа мазмұнын көрсетеді.
Аттарын жазба әріптерімен, соңында нүктесіз, астын сызбай басу керек. Аттарын жазғанда сөздерді тасымалдауға болмайды. Егер атаулары екі сөйлемнен құралса, оларды нүктемен бөледі. Жартылай майлы және курсивті шрифтті қолдануға болады.
Сурет 3.1 – Бөлім аттарын рәсімдеу мысалы
Бөлімнің аты мен мәтіннің арасындағы қашықтық 3 интервалға (1 жоларалық интервалда бір бос жол) тең келеді. Бөлім мен бөлімшенің аталуы арасындағы қашықтық – 1 интервал.
Мәтіндік құжаттың әрбір бөлімін жаңа парақтан (беттен) бастау ұсынылады.
Ілулі жолдар болмауы керек (яғни жаңа бөлім басталатын бетте өткен бөлімнің 1-3 жолдары).
Бөлімнің атын келесі мәтіннен ажыратуға болмайды (мысалы, басқа бетке көшкенде). Мұндай жағдайда бөлімшені жаңа беттен бастау дұрыс болады.
Аннотация, кіріспе, қорытынды және библиографиялық тізімнің аталуы болады және бірінші деңгейлі аталу ретінде рәсімделеді.
3.4 Таңбаланған және нөмірленген тізімдерді қолдану
Таңбаланған және нөмірленген тізімдер абзацты жаңа жолдан бастап рәсімделеді.
Таңбаланған тізімнің әрбір позициясы сызықшадан “-” басталады (сурет 3.2).
Сурет 3.2 - Таңбаланған көпдеңгейлі тізімді рәсімдеу