Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД РЕКОМЕН по вып дипломных работ 2014-15 ка...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
307.71 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Экономика жоғары мектебі

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР

5В050600 – «Экономика», 5В050700 – «Менеджмент», 5В050900 – «Финансы», 5В050800 – «Учет и аудит», 5В090200 - «Туризм»,5В050300 – «Психология» мамамандықтары бойынша дипломдық жұмысты орындауға

Астана 2015 ж.

Әдістемелік нұсқаулық ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен, ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 17 мамырындағы № 499 Қаулысымен бекітілген жоғары және ЖОО кейінгі білім беруді ұйымдастыру қызметінің Типтік ережесімен жоғары білім берудің Мемлекеттік жалпыміндетті стандарттары негізінде және 5В050600 – «Экономика», 5В050700 – «Менеджмент», 5В050900 – «Финансы», 5В050800 – «Учет и аудит», 5В090200 - «Туризм», 5В050300 – «Психология» мамандықтары бойынша тәлім алатын студенттердің дипломдық жұмысты орындау және рәсімдеуге қойылатын талаптардан, сонымен қатар дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау және қорғау бойынша нормативтік аспектілерден құралады.

ЭЖМ Кеңесінде бекітілген

№ ___ хаттама ___________ 2015 ж.

Мазмұны

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

4

2 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

7

3 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

11

3.1 Дипломдық жұмыстың мәтіндік материалдарын рәсімдеу

11

3.2 Мұқаба беттерді рәсімдеу

12

3.3 Бөлім аттарын рәсімдеу

12

3.4 Таңбаланған және нөмірленген тізімдерді қолдану

14

3.5 Формулаларды рәсімдеу

14

3.6 Сызба және көрнекілікті (иллюстрация) рәсімдеу

15

3.7 Кестелерді рәсімдеу

16

3.8 Графиктерді рәсімдеу

18

3.9 Сілтемелерді (сноска) рәсімдеу

18

3.10 Сілтеме үзінділерді (ссылка) рәсімдеу

19

3.11 Қосымшаларды рәсімдеу

20

3.12 Презентацияны рәсімдеу

21

3.13 Беттерді нөмірлеу және дипломдық жұмыстың мазмұнын рәсімдеу

22

3.14 Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу

23

4 ҚОСЫМША

24

1 Жалпы ереже

Дипломдық жұмыс бакалавр даярлауды аяқтайды және студенттің нақты мамандық бойынша өзекті мәселелерді өз бетінше меңгеру нәтижелерін жалпылауды білдіреді. Дипломдық жұмысты орындау түлекке мамандықтың мәні мен әдіснамасын меңгеру дәрежесін, жұмыстың нақты жағдайларына оның дайындық деңгейін, кәсіптік сапалары, нақты тәжірибелік жағдайларда шешім қабылдауды өзіндік негіздеу қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыс жазу және қорғауға 2 кредит немесе 210 сағат бөлінеді.

Дипломдық жұмысты орындау — бұл ҚазГЗУ оқитын студенттердің оқуды бітірудегі өз мақсаты бар қорытынды сатысы:

- жүйелеу, студенттердің теориялық және тәжірибелік білімдерін нақты міндеттерді шешуде бекіту және тереңдету;

- өзіндік жұмыс дағдысын дамыту және қолданбалы зерттеу әдістемесін және дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтар шешімінің сараптамасын меңгеру.

Дипломдық жұмыс жазуда негізгі міндеттер болып табылады:

  1. Тәжірибелік міндеттерді шешуде теориялық білімді қолдану;

  2. Зерттеу жүргізу және олардың нәтижесін ұсынуда дағдыларды бекіту, өзінің кәсіби саласындағы мәселелер бойынша айтылған пікірлер мен ұсыныстарды жалпылау және қалыптастыру;

  3. Мәліметтерді өңдеудің статистикалық бағдарламасы, мәтіндік процессорлар, электронды кестелер, графикалық түзету, презентация құралдары, анимация және мультимедиа (мамандық түріне байланысты тағы да басқалары) секілді қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану;

  4. Таңдалған тақырып бойынша жазбаша және ауызша формада материалды сауатты, қисынды және үйлесімді мазмұндай білуді ұсыну.

Дипломдық жұмыс ой-пікірі мен ұсыныстары ғылыми тұрғыда баяндалатын ғылыми түсінікті тілде жазылуы керек.

Дипломдық жұмыстың бакалавриат деңгейіндегі ұсынылатын көлемі – қосымшасыз 25 тен 40 беттік жазу мәтінін құрайды.

Жұмысты рәсімдеу осы әдістемелік ұсыныстың сәйкес бөлімдерінде мазмұндалған талаптарға сәйкес болуы қажет.

Дипломдық жұмыстың тақырыптары дипломалды тәжірибе басталғанға дейін бір күнтізбелік айдан кешіктірілмей бітіруші кафедрамен дайындалады және экономика Жоғары мектебінің Кеңесімен бекітіледі.

Дипломдық жұмыстың тақырыптарын бекіту студенттердің кафедра меңгерушісінің атына өндірістік тәжірибе басталғанға дейін екі жұмадан кешіктірмей жеке өтініш жазуы арқылы іске асады. Студентке дипломдық жұмыс тақырыбын таңдаумен қатар өзектілігі мен мақсатты негіздемелі өз тақырыбын ұсынуға дейінгі құқығы да беріледі. Студенттердің өтініші бітіруші кафедраның ісінде сақталады. Дипломдық жұмыс тақырыбын және ғылыми жетекшілерді бекіту ЭЖМ директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Студенттің дипломдық жұмысының тікелей жетекшілігін ғылыми жетекші (консультант) іске асырады. Дайындық сатысында жетекшінің қатысуымен дипломдық жұмыстың орындалу тәртібі анықталады және жұмыстың күнтізбелік жоспары (Қосымша А) бекітіледі, сонымен қатар дипломдық жұмыстың бастапқы немесе алдын ала жоспары құрастырылып дайындалады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі міндетті:

- студентке қорытынды біліктілік жұмысының тақырыбын таңдауға, оның орындалу жоспарын дайындауға көмектесуге;

- зерттеу жүргізу әдістемесін таңдауда көмек көрсетуге;

- әдебиеттер көзін және фактілік материалдарды іріктеуде кеңес беруге;

- дайындалған жоспарға сәйкес жұмыстың орындалуына жүйелік бақылауды іске асыруға;

- қойылатын талаптарға сәйкес жұмыстың орындалу сапасын бағалауға;

- жұмысты орындау аяқталысымен ғылыми жетекшінің пікірін құруға.

Студенттің қорғауға дайындығын анықтау мақсатында, оған дейін бір ай бұрын кафедрада алдын ала қорғау өткізіледі.

Дипломдық жұмысты көпшіліктің алдында қорғау процедурасы көпшілікке комиссия алдында шамалы ұзақтылықты (15 минуттан артық емес, орташа шамамен – 10 минут), сәйкес құзіреттілігі бар және комиссия мүшелерінің, қатысушылардың жұмыс тақырыбы бойынша сұрақтарына жауап беруді ауызша баяндауды білдіреді.

Сұрақтардың мазмұндалуының келесідей реттілігі мен регламенті ұсынылады:

1. Дипломдық жұмыстың аталуы, тақырыптың өзектілігі.

2. Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері – 1-2 мин.

3. Зерттеу объектісіне қысқаша сипаттама – 1-2 мин.

4.Зерттеу объектісінің жағдайына талдау, бар кемшіліктерді айғақтау – 2 мин.

5. Зерттеуде қолданылатын әдістер мен модельдер, критерийлер – 2-3 мин.

6. қойылған міндеттерді шешу нәтижесі және оның интерпретациясы (түсіндіру) (сандық және сапалық бағалау және түсініктеме) – 3 мин.

7. Орындалған жұмыс бойынша өзіндік пікірлер және тәжірибелік ұсыныстар – 2-3 мин.

Дипломдық жұмысты қорғау барысында бағаланады: жұмыс мазмұнының оның тақырыбына, қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес келуі; полнота и глубина изложения материалдың мазмұндалу толықтығы мен тереңдігі; әдебиет көздерінің талдау дәрежесі (әдебиеттерге шолу); мәліметтерді жинау және өңдеу бойынша ұсынылған нәтижелер мен пікірлердің сапасы мен өзіндік даралығы; баяндаманың мазмұны және сұрақтарға жауап.

Ескеріледі: дипломдық жұмыстың өзектілігі мен жаңашылдығы; ғылыми зерттеулер жүргізу дағдылары, теориялық талдау, жұмыстың сапалы рәсімделуі.

Дипломдық жұмыс Ғаламтордан немесе басқа да көздерден көшірмеленбей өзіндік ерікте орындалуы керек. Қорғауға жіберілу үшін дипломдық жұмыс «Антиплагиат» жүйесінде өзіндік орындалуына бақылаудан өту қажет. Шынайылықтың минималды талап етілетін деңгейі – 80%.