Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
журек электр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.58 Кб
Скачать

2.1. Импульстің миокарда бойынша таралуы. Электрлік дипольдің электр өрісі.

Бұрын айтылғандай жүректің автоматизм функциясы бар, Ең үлкен автоматизмге синоатриалдық түйін ие болған(СА-түйін) – дәл осы жерде қалыпты кезде электр импульсі пайда болады, ол жүректі түгел қозушылыққа алып келеді, сондықтан оны автоматизм орталығы немесе бірінші реттік ритм жүргізушісі деп атайды. СА- түйінінің функциясы бүлінген жағдайда электр импульсін ӛндіру қызметін жүректің ӛткізу жүйесінің басқа бӛліктері ӛз міндетіне алуы мүмкін, олар атриовентрикулярлық түйін (екінші реттік ритм жүргізуші), Гис шоғырларының аяқшалары, Пуркинье талшығы, (үшінші реттік ритм жүргізуші). Бірақ берілген кезеңде бізді қызықтыратын сұрақ жүректің қалыпты жұмысы, сондықтан біз СА-түйінді ғана ритм жүргізуші ретінде қарастырамыз, ол қалыпты кезде жүректің басқа ритм жүргізушілерінің автоматты белсенділіктерін басады. Әрі қарай электр импульсі миокарда бойынша ӛткізу клеткаларында жүреді. СА-түйінде пайда болған, импульс түйін аралық ӛткізгіш тракттар мен жүрек алды шоғыр бойынша, бір мезгіде оң және сол жүрекшені қоздырады. Әрі қарай түйінаралық ӛткізгіш тракттар бойынша импульс атриовентрикулярлық түйінге қарай бағыт алады (АВ-түйін). АВ-түйінде импульс ӛткізу жылдамдығының азаюы салдарынан қозу толқынының физиологиялық кідіруі жүреді (егер жүрекше бойынша импульс 30-80 см/с жылдамдықпен тарайтын болса, АВ-түйінде 2-5 см/с ге дейін тежеледі). АВ- түйінде қозудың кідіруі қарыншалар жүрекшенің толықтай жиырылуы аяқталғаннан кейін ғана қоза бастауына мүмкіндік береді. Әрі қарай АВ- түйіннен импульс Гис өткізуші жүйесі бойымен өте бастайды, қарыншалардың қозуы басталады. Бірінші болып қарынша аралық перденің жоғары үштен бірі қозады. Назар аударыңыз! Осы мезгілде онымен бірге жҥрек алдының бәсеңдеуі басталады. Гис ӛткізуші жүйесі екі аяқшадан тұрады – оң жақтағысы, оң жақ қарыншаны қоздырушы; және сол жақтағысы, сол жақ қарыншаны қоздырушы. Гис шоғырының сол жақ аяқшасы екі тармаққа бӛлінеді– алдыңғы (сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасын қоздырады) және артқы (сол жақ қарыншаның артқы 17 қабырғасын қоздырады). Ауданы бойынша сол жақ жүрекше әрқашан оң жақ жүрекшеден үлкен, себебі үлкен қан айналым шеңберін қанмен қамтамасыз етеді. Сондықтан сол жақ жүрекше бойынша электр импульсін ӛткізу үшін жүректің ӛткізу жүйесінің клеткаларының кӛп мӛлшері қажет болады, ол Гис шоғырының сол жақ аяқшасының екі тармағынан бірден ұсынылады. Гис шоғырлары бойынша электр импульсін ӛткізу жылдамдығы 100- 150 см/с, Пуркинье талшығы бойынша 300-400 см/с. Электр импульсінің қарыншалардың ӛткізуші жүйесі бойынша үлкен жылдамдығы бір мезгілде екі қарыншаны қозу толқынымен қармауға мүмкіндік береді және қанды аортаға (сол жақ қарыншадан) және ӛкпе артериясына ең тиімді етіп айдауға мүмкіндік береді (оң жақ қарыншадан). Қарынша аралық перденің жоғары үштен бірі қозғаннан кейін импульс, Гис шоғырлары бойынша ӛтіп, жүректің жоғары ұшын қоздыруға алып келеді, соның артынан Пуркинье талшықтары бойынша қозу қарыншалардың қалған барлық ауданына ӛтеді. Назар аударыңыз! Осы уақыт мезетінде жҥрек алды ӛзінің бастапқы тыныштық потенциалын толық қалпына келтірді (толық бәсеңсиді). Қарыншаның барлық миокардалары қозып болғаннан кейін бірден, кері фаза реполяризация немесе өзінің бастапқы потенциалының қалпына келуі басталады. Қозу күйі деполяризация фазасына сәйкес келеді, ал бәсеңсу күйі – реполяризация фазасына сәйкес келеді. Яғни миокард бойынша импульс ӛткізуді тӛмендегідей етіп түсіндіруге болады: - жүрек алдының деполяризациясы; - АВ- түйінде импульстің тежелуі; - қарыншалар деполяризациясы және онымен бір мезгілде жүрек алдының реполяризациясы. 20-шы ғасыр басында Эйнтховен, жүрек ӛзін қоршаған ортада электр ӛрісін құрайтын диполь болып табылады деген болжам жасады (диполь – таңбалары әр түрлі, шамалары бірдей, бір бірінен шексіз қашақтықта болатынын екі зарядтан тұратын жүйе). Бұл ұғым, қисықтың– электрокардиограмманың пайда болуын түсіндіретін Эйнтховен теориясына негіз болды. Теорияның негізгі постулаттары мыналар болып табылады: Диполь моментінің векторы, жүректің электр қозғаушы күшінің векторы (ЭҚК ) деп қарастырылған, оның бағыты жүректің электрлік осі деп аталатын сызық бойымен бағытталып, жүректің анатомиялық осіне сәйкестігі тым жақын болады. Вектордың басы (дипольдің теріс полюсі) осы осьте жүректің электрлік центрі деп аталатын нүктеде болады, ол жүрек алды аралық пердеде СА-түйінмен беттеседі. Дәл осы жағдайға Эйнтховен ұсынған жүректің биопотенциалдарын тіркеу әдісі негізделген, жүректің ЭҚК і және оның басында центрі орналасқан жазықтықта тұрғызылған үшбұрыштың тӛбелері болып табылатын, дененің бетіне орналасқан үш нүктеге қойылған электродтардың кӛмегімен биопотенциалдарды тіркеу әдісі. Осы жазықтық ретінде кеуде 18 клеткаларының фронталь жазықтығы қабылданған, ал нүктелер біршама басқа жаққа қатыстырылған, осылайша шын мәнінде электродтар сол қолдың білегіне, оң қолдың білегіне және сол аяқтың балтырына орналастырылады.

Жүрек. Жүректің анатомиялық құрылысы.

Жүрек циклі. Клапанды аппараттың мәні.

Адам  жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы    0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.

Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады — фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард) қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің)- перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен көктамырлары орналасқан, олар жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз етеді, және жүректі невртендіретін (иннервация) жүйке  жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан.

Перикард ( жүректің қабы) жүректі қапшық сияқты қоршап тұрады және оның еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Ол қанмен толатын жүректің созылуын шектейді және жүрек қантамырлары үшін тірек болып табылады.

Жүректе екі қақпақша (клапан)  бар: атривентрикулярлы және  айшық.

Атривентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес қарыншалар аралығында орналасады. Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, ал өкпе өзегін (ствол) оң қарыншадан бөліп тұрады.

Жүрек қызметінің екі фазасын бөліп көрсетуге болады: систола (жиырылу) және диастола (босаңсу). Жүрек циклінің әртүрлі фазасының ұзақтығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Жүректің жиі жиырылуы кезінде әр фазаның қызметі төмендейді, әсіресе диастоланың. Жүрекшелердің диастоласы кезінде атривентрикулярлы клапандар ашық және сәйкес тамырлардан келетін  қан олардың қуыстарын ғана толтырып қоймай, қарыншаларды да толтырады.

Жүрекшелердің систоласы кезінде қарыншалар толығымен қанмен толады. Осы кезде қанның қуыс және өкпе көктамырларына кері ағысы болмайды. Қарыншалар систоласының аяғында олардағы қысым аорта мен өкпе өзегіндегі қысымдардан үлкен болады. Бұл  айшықты клапандардың ашылуына себепші болады, ал қан қарыншалардан сәйкес тамырларға ағады. Қарыншалар диастоласы кезінде олардағы қысым кенет төмендеп,  ол қанның қарыншаларға қарай кері ағуына жағдай жасайды. Сөйтіп жүрек клапандарының ашылып- жабылуы жүрек қуысындағы қысымдардың өзгеруімен байланысты.

Жүрек бұлшықеті қозғыштыққа, қозуды өткізуге, жиырылуға қабілетті.

Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет.  Жүрек бұлшықетінің реакциясының шамасы берілетін тітіркендіру күшіне  (электрлік, механикалық, химиялық және т.б.) байланысты болмайтындығы анықталған. Жүрек бұлшықеті  шекті (табалдырықты) және шамасы үлкен тітіркендіруде де максимал жиырылады.

Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және жүректің арнайы тіні  арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—1,0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен  0,8—0,9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2,0—4,2 м/с жылдамдықпен таралады. Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң – папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай жиырылу қарыншалардың ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне  ағуын қаматамасыз етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі – созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады.

Жүрек ырғағы.

Жүрек ырғағы, яғни 1 минуттағы жиырылу саны негізінен жылжымалы (адасқан) және симпатикалық жүйкелердің (нерв) функционалдық күйіне байланысты болады.  Симпатикалық жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі артады. Осы құбылыс тахикардия деп аталады. Жылжымалы жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі төмендейді — брадикардия. Жүрек ырғағына  ми қыртысының  күйі әсер етеді: тежелу артқанда, жүрек ырғағы баяулайды, қозу үрдісі күшейгенде, қуаттанады. Жүрек ырғағы гуморальды әсердің ықпалынан да өзгеруі мүмкін, әсіресе жүрекке келетін қанның температурасының өзгеруі кезінде. Тәжірибелерден оң жақ жүрекшелер бөлігін (жетекші түйіншегін жайылдырмау- татарпау- локализация) жылумен жергілікті тітіркендіргенде, жүрек ырғағының жиілегені, осы бөлікті керісінше суытқанда- қарама- қарсы эффектінің болатындығы анықталған.   Жүректің басқа бөліктерін жылумен не суықпен жергілікті тітіркендіру жүректің жиырылу жиілігіне әсер етпейді. Бірақ ол жүректің өткізгіштік жүйесімен қозудың таралу жылдамдығын өзгертуі мүмкін және жүрек жиырылуының күшіне әсер етуі мүмкін. Сау адамның жүрегінің жиылыру жиілігі жас мөлшеріне байланысты болады. Осы мәліметтер 1- кестеде көрсетілген.

Кесте 1.

Жасы, жылдар

1 минуттағы жүректің жиырылу саны

Жаңа туған нәресте

120—140

5 жасқа дейін

130

5—10

88

10—15

78

15—60

68—72