- •1. Сенсибилизация
- •3. Кумуляция
- •4. Бейімделу
- •5. Кумуляция
- •2. Ректалды
- •2. Көктамырға
- •2 Бөлім «Шеткі жүйке жүйесіне әсер ететін заттар»
- •136. Тубокураринді жоғары дозада енгізілгенде қолданылады:
- •137. Ганглиоблокаторлар:
- •140. Салданулар және парезде қолданылады:
- •3 Бөлім «ожж әсер ететін заттар»
- •4. Сенсибилизация
- •4 Бөлім «Атқарушы мүшелердің қызметіне әсер ететін заттар»
- •5 Бөлім «Зат алмасу үрдістеріне әсер ететін заттар»
- •6 Бөлім «Микробқа қарсы заттар»
6 Бөлім «Микробқа қарсы заттар»
300. Антибиотиктердің микробқа қарсы әсер механизмдеріне жатады:
+1. Микробтардың жасуша қабырғасының синтезін бұзады
2. Дигидрофолатредуктазаны тежеу
3. Микроб жасушасының белогын коагуляциялайды
4. Цитоплазмалық мембрана белоктарының коагуляциясын шақырады
5. ЦОГ-ты тежеу
301. Биосинтетикалық пенициллиндердің негізгі жанама әсері:
1. Нефротоксикалық
+2. Аллергиялық реакциялар
3. Дисбактериоз
4. Гепатотоксикалық әсер
5. Ототоксикалық әсер
302. Препаратты анықтау: сульфаниламидті препарат. Суда жақсы ериді. Жергілікті енгізуге болады, әсері қысқа. Негізінен көз практикасында қолданылады:
1. Этазол
2. Бактрим
+3. Сульфацил натрий
4. Сульфапиридазин
5. Уросульфан
303. Мерезге қарсы заттар:
+Бензилпенициллин, тетрациклин
Стрептомицин, ампициллин
Стрептомицин, оксациллин
Тетрациклин, эритромицин
Висмут препараттары, нистатин
304. Металдан жасалған хирургиялық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру үшін қолданылатын зат:
1. Күміс нитраты
+2. Этил спирті
3. Фурацилин
4. Сынап дихлориді
5. Хлорамин Б
305. Левомицетиннің жанама әсерлеріне жатады:
+1. Қан түзілудің бұзылыстары, суперинфекцияның дамуы
2. Тітіркендіргіш әсер, ототоксикалық әсер
3. Фотосенсибилизация, гипопластикалық анемия
4. Ототоксикалық әсер, аллергиялық реакция
5. Суперинфекцияның дамуы, тіс эмалінің бұзылуы
?306. Гентамицинге тән әсерлер:
1. Микробқа қарсы әсер спектрі тар
+2. Бактериостатикалық әсер көрсетеді
3. Жасуша қабырғасының синтезін бұзады
4. Тұрақтылық тез дамиды
+5. Ототоксикалық әсер
307. Зәр шығару жолдарының инфекциясында қолданылатын заттар:
+Нитроксолин, фурагин
Фурагин, диоксидин
Хиноксидин, эритромицин
Офлоксацин, мономицин
Налидикс қышқылы, азитромицин
308. Этамбутолға тән әсерлер:
+1. Жасуша ішілік және жасушадан тыс туберкулез микобактериясына әсер етеді
2. Жасуша ішілік белок синтезін бұзады
3. Микобактерияға тұрақтылық жылдам дамиды
4. Жасуша қабырғасының өткізгіштігін бұзады
5. Әсер ету спектрі кең
309. Хирургтың қолын өңдеу үшін қолданылады:
1. Фенол
+2. Этил спирті
3. Калий перманганаты
4. Метилен көгі
5. Бриллиант жасылы
310. Тетрациклиннің жанама әсерлері:
1. Ототоксикалық әсер
2. Импульстің жүйке-бұлшықеттік берілуін тежейді
3. Гипопластикалық анемия
+4. Гепатотоксикалық әсер
5. Сұр коллапс
311. Макролидтердің микробқа қарсы әсер механизмі:
1. Жасуша қабырғасы белок синтезін бұзады
+2. Жасуша ішілік белок синтезін бұзады
3. Нуклеин қышқылының синтезін бұзады
4. Цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзады
5. 2-і валентті металдармен байланысып хелатты қосылыстар түзеді
?312. Фторхинолондардың жанама әсері:
1. Иценко-Кушинг синдромы
+2. Обстипация
3. Арнайы емес ойық жара колиті
4. Шеміршек тінінің түзілуі бұзылуы
5. Йодизм құбылысы
313. Препаратты анықтау. Туберкулезге қарсы препарат – жартылай синтетикалық антибиотик, РНК синтезін бұзады, спектрі - кең, несепті, қақырықты, жасты қызыл түске бояйды:
1. Изониазид
+2. Рифампицин
3. Стрептомицин сульфаты
4. Этамбутол
5. Пиразинамид
314. Калий перманганатының антисептикалық әсерінің механизмі:
1. Микроорганизм ферменттерінің сульфгидрильді топтарын тежеу
2. Микроорганизм сарысуы белоктарының дегидратациясын шақыру
+3. Микроорганизм протоплазмасының органикалық компоненттерін тотықтыру
4. Микроб жасуша мембранасының беттік керілуін төмендету
5. Бактерия белоктарының коагуляциясын шақыру
315. Церигель, роккал - келесі топ антисептиктері:
1. Бояғыштар
2. Ароматикалық қосылыстар
+3. Детергенттер
4. Тотықтырғыштар
5. Галогенді қосылыстар
316. Макролидтердің микробқа қарсы әсер спектріне жатады:
1. Көк ірің таяқшасы
2.Ұсақ вирустар
3. Алапес микобактериясы
+4. Хламидиялар
5. Тубуркулез микобактериясы
317. Ішекті стерилизациялау үшін қолданылатын антибиотиктер:
1. Стрептомицин сульфаты
2. Гентамицин
+3. Полимиксин М
4. Амикацин
5. Пеницилин
318. Ұзақ әсер ететін сульфаниламидтік препарат:
1. Сульфацил натрий
2. Уросульфан
3. Этазол
4. Пенициллин
+5. Сульфапиридазин
319. Мерезге қарсы тиімділігі өте жоғары зат:
1. Цефпиром
+2. Бензилпенициллин натрий тұзы
3. Эритромицин
4. Тетрациклин
5. Бактрим
320. Пенициллиндер мен цефалоспориндер бактерияларда зақымдайды:
1. Цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін
+2. Жасуша ішілік белок синтезін
3. Жасуша қабырғасының белок синтезін
4. РНК синтезін
5. Фоль қышқылының синтезін
321. Бензилпенициллин натрий тұзына тән әсерлер:
1. Бактериостатикалық әсер етеді
+2. Негізінен грамоң флораға әсер етеді
3. Жартылай синтетикалық пенициллиндерге жатады
4. Пенициллиназаға тұрақты
5. Қышқыл ортада тұрақты
322. Жасуша қабырғасының синтезін бұзатын антибиотиктер:
Аминогликозидтер, аминопенициллиндер
+Карбопенемдер, монобактамдар
Пенициллиндер, линкозамидтер
Тетрациклиндер, макролитер
Монобактамдар, левомицетиндер
323. Сульфаниламидтерді іріңді жараға жергілікті қолданғанда олардың әсері:
1. Күшейеді
+2. Әлсірейді
3. Өзгермейді
4. Бұрмаланады
5. Улы әсері күшейеді
324. Препараттардың тобын анықтау: биогенді заттар болып табылады, вирустарға қарсы әсер ету спектрі кең, тұмаудың, тері мен шырышты қабықтардың герпес қоздырғыштарымен зақымдалуының алдын-алу және емдеу үшін, гепатитте қолданылады:
1. Оксолин
2. Азидотимидин
+3. Интерферондар
4. Идоксуридин
5. Нистатин
325. Тұмаудың алдын-алу үшін қолданылады:
Идоксуридин
Эритромицин
Тетрациклин
Ампициллин
+Ремантадин
326. Препаратты анықтау: полиендік антибиотик, кандидоз қоздырғышына қарсы белсенді, ас қорыту жолдарынан нашар сіңеді, кандидозды емдеу үшін ішке және жергілікті қолданылады, негізгі жанама әсерлері - диспепсиялық бұзылыстар:
1. Амфотерицин В
+2. Нистатин
3. Гризеофульвин
4. Кетоконазол
5. Тербинафин
327. Препаратты анықтау: антисептиктер тобына жатады, зақымдалған тіндерге енгізілгенде каталазаның әсерінен молекулалық оттегін босатады, жағымсыз иісті жоятын және қабынуға қарсы әсері бар:
+1. Сутегінің асқын тотығы
2. Фурацилин
3. Йодтың спирттегі ерітіндісі
4. Этил спирті
5. Аммиак ерітіндісі
328. Линкозамидтер келесі жағдайда таңдаулы препарат:
1. Дизентерияда
+2. Остеомиелитте
3. Сальмонеллезде
4. Іш сүзегінде
5. Пневмонияда
329. Триметоприммен жұптастырылған сульфаниламид:
1. Стрептомицин
2. Сульфапиридазин
3. Этазол
+4. Бактрим
5. Уросульфан
330. Кандидамикозды емдеу үшін қолданылатын препаттар:
1. Гризеофульвин, йодтың спирті ерітіндісі
2. Стрептомицин, кларитромицин
3. Полимиксин, линкомицин
4. Хлоргексидин, церигель
+5. Нистатин, амфотерицин Б
331. Микробқа қарсы зат – фторхинолон туындысы:
1. Хиноксидин
2. Фуразолидон
3. Нитроксолин
+4. Офлоксацин
5. Пенициллиндер
332. Препаратты анықтау: 8-оксихинолин туындысы, нитроқосылысты препарат, қанға жақсы сіңеді, зәрде жоғары концентрация түзеді:
1. Налидикс қышқылы
2. Офлоксацин
3. Фурацилин
+4. Нитроксолин
5. Хиноксидин
333. Препаратты анықтау: көк ірің таяқшасына қарсы топқа жататын пенициллиндер, көктамырға және бұлшықетке енгізуге болады:
1. Бензилпенициллин натрий тұзы
2. Бициллин-1 және 5
3. Оксациллин
+4. Карбенициллин
5. Ампициллин
334. Препаратты анықтау: азалид тобының антибиотигі, лейкоциттерде жиналады және олармен бірге қабыну ошақтарына тасымалданады, ұзақ уақыт әсер етеді:
1. Эритромицин
2. Стрептомицин
3. Оксациллин
+4. Азитромицин
5. Ампициллин
335. Препаратты анықтау: ИНҚГ туындысы, туберкулезге қарсы өте белсенді, синтетикалық препарат, миколь қышқылының және пиридоксальфосфаттың синтезін тежейді:
1. Нистатин
2. Стрептомицин сульфаты
+3. Изониазид
4. Этамбутол
5. Рифампицин
336. Препаратты анықтау: Фенол тобының препараты. Бактерияға қарсы белсенділігі жөнінен фенолдан төмен, уыттығы аз. Экзема, дерматиттерді, саңырауқұлақ ауруларын емдеу үшін қолданылады:
1. Фенол
2.+ Резорцин
3. Формальдегид
4. Фурацилин
5. Хлоргексидин
337. Препаратты анықтау: іріңді жараларды, қолды және металл емес құрал-жабдықтарды өңдеу үшін, инфекциялық аурулардың бөліндісін және оларды күтуге арналған заттарды залалсыздыру үшін қолданылады:
1. Формальдегид
+2. Хлорамин В
3. Фурацилин
4. Сутегінің асқын тотығы
5. Йодтың спирттегі ерітіндісі
338. Препаратты анықтау: детергенттерге жатады, жуғыш, антисептикалық және жағымсыз иісті жоятын қасиеттері бар. Хирургтың қолын, операция жасайтын аймақты, жара беттерін өңдеу үшін, хирургиялық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау үшін қолданылады:
+1. Церигель
2. Хлорамин В
3. Фурацилин
4. Сутегінің асқын тотығы
5. Йодтың спирттегі ерітіндісі
339. Препаратты анықтау: микробтарға қарсы күшті және жағымсыз иісті жоятын қасиеттері бар. Антисептикалық және дезинфекциялайтын зат ретінде қолданылады. Терлегіштікте теріні жуу үшін жиі қолданылады. Мәйіттерді өңдеу үшін тағайындалады:
+1. Формальдегид
2. Хлорамин В
3. Фурацилин
4. Сутегінің асқын тотығы
5. Йодтың спирттегі ерітіндісі
340. Препараттардың тобын анықтау: мерездің, коктардың барлық түрлерінде, дифтерия, сіреспе, күйдіргі қоздырғыштары, анаэробты инфекцияларға тиімді. Бұлшықетке енгізгенгенде 3-4 сағат әсер етеді. Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық шок:
1. Левомицетиндер
2. Карбапенемдер
3. Тетрациклиндер
4. Монобактамдар
+5. Биосинтетикалық пенициллиндер
341. Жартылай синтетикалық пенициллин. Қышқыл ортаға және пенициллиназаға тұрақты. Бензилпенициллинге резистентті стафилококпен шақырылған инфекцияларды емдеуде таңдамалы препарат:
1. Карбенициллин
2. Метациклин
+3. Оксациллин натрий тұзы
4. Эритромицин
5. Ампициллин
342. Препараттардың тобын анықтау: әсер ету спектрі кең. Әсер ету механизмі – парааминобензой қышқылының бәсекелес антагонисті. Ішке және сыртқа қолданылады. Жанама әсерлері: лейкопения, кристаллурия, аллергиялық реакциялар:
1. Макролидтер
2. Аминогликозидтер
3. Нитрофурандар
+4. Сульфаниламидті препараттар
5. Фторхинолондар
343. Препаратты анықтау: көздің, терінің герпестік ауруларында, вирустық риниттерде қолданылады; тұмаудың алдын алады. Жағылма түрінде қолданылады:
1. Интерферон
2. Ацикловир
3. Ремантадин
+4. Оксолин
5. Идоксуридин
344. Препаратты анықтау: вирустың әсеріне жауап ретінде донор қанының лейкоциттерімен түзілетін препарат. Тұмаудың, сондай-ақ тыныс жолдарының басқа вирустық ауруларының алдын-алу үшін тағайындалады. Мұрын қуысына тамызу арқылы қолданылады:
1. Арбидол
2. Ацикловир
3. Ремантадин
4. Оксолин
+5. Интерферон
345. Препаратты анықтау: химиятерапиялық зат, адамантан туындысы, тұмаудың алдын алады (әсіресе әртүрлі вирустардың А тобына айқын және вирустардың В тобына әлсіз әсер етеді). Тұмаудың алдын-алу және емдеу үшін ішке қолданылады:
1. Курантил
2. Диклофенак натрий
+3. Ремантадин
4. Оксолин
5. Интерферон
346. Гризеофульвинді қолдануға көрсету:
1. Кандидосепсис
2. Кандидамикоздар
+3. Дерматомикоздар
4. Дерматиттер
5. Терең микоздар
347. Нистатинді қолдануға көрсету:
1. Терең микоздар
+2. Кандидамикоздар
3. Дерматомикоздар
4. Дерматиттер
5. Жара инфекциясы
348. Антисептик – галоген туындысы:
+1. Хлорамин ерітіндісі
2. Калий хлориді ерітіндісі
3. Бриллиант жасылының спирттегі ерітіндісі
4. Натрий бромидінің ерітіндісі
5. Этил спирті
349. Антисептиктер – тотықтырғыштар:
1. Йодинол
2. Хлоргексидин
+3. Калий перманганаты
4. Күміс нитраты
5. Фенол
350. Хирургтің қолын өңдеуге арналған заттар:
1. Фенол
2. Калий перманганаты ерітіндісі
+3. Церигель
4. Метилен көгі
5. Бриллиант жасылы
351. Бояғыштар тобының антисептиктері:
1. Сутегінің асқын тотығы
2. Сынаптың сары тотығы
+3. Бриллиант жасылы
4. Спирттің йодты ерітіндісі
5. Калий перманганаты
352. Хош иістілер қатарына жататын антисептиктер:
1. Фурацилин
2. Хлоргексидин
3. Этил спирті
4. Формальдегид
+5. Фенол
353. Антисептик – нитрофуран туындысы:
1. Формальдегид
+2. Фурацилин
3. Фенол
4. Церигель
5. Хлоргексидин
354. Бигуанидтер тобының антисептигі:
1. Церигель
+2. Хлоргексидин
3. Сутегінің асқын тотығы
4. Фенол
5. Метилен көгі
355. Макроциклдік сақинасы бар антибиотиктер:
1. Тетрациклиндер
2. Цефалоспориндер
+3. Макролидтер
4. Аминогликозидтер
5. Пенициллиндер
356. Цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзатын антибиотик:
+1. Полимиксиндер
2. Пенициллиндер
3. Левомицетин
4. Цефалоспориндер
5. Макролидтер
357. Антибиотиктер – карбапенемдер:
1. Цефатаксим
2. Ампициллин
3. Азтреонам
4. Эритромицин
+5. Меропенем
358. Адамның дене бетіндегі микроорганизмдерді жоятын дәрілік заттар аталады:
+1. Антисептиктер
2. Дезинфекциялаушы заттар
3. Сульфаниламидтер
4. Антибиотиктер
5. Химиятерапиялық заттар
359. Сыртқы ортадағы микроорганизмдерді жою үшін қолданылатын дәрілік заттар аталады:
1. Антисептиктер
+2. Дезинфекциялаушы заттар
3. Сульфаниламидтер
4. Антибиотиктер
5. Химиятерапиялық заттар
360. Антисептик - детергенттер:
1. Хлоргексидин
2. Хлорамин Б
3. Этоний
4. Фурацилин
+5. Церигель
Фармакология кафедрасының меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Пичхадзе Г.М.
