
- •9. Гепатопротекторлар
- •Средства, влияющие на функцию желудочно-кишечного тракта
- •1.Средства, влияющие на аппетит.
- •1.1. Средства, повышающие аппетит.
- •1.2. Средства, снижающий (анорексигенные) аппетит.
- •2. Средства, применяемые при нарушении секреторной деятельности.
- •3. Антисекреторные препараты
- •4. Антацидные средства
- •5. Гастропротекторы
- •8. Противорвотные средства.
- •Антидиарейные средства.
Ас қорыту жүйесінің қызметіне әсер ететін дәрілер.
Асқорыту жолының секрециялық және қозғалыс қызметінің бұзылуы көптеген ауруларда кездеседі.
1. Тәбетке әсер ететін дәрілер.
Тәбет реттеуші орталықтары (аштық және тоқтық) гипоталамуста, лимбикалық жүйеде және ми қыртысында орналасқан. Бұлармен қатар кортикотропин, инсулин, глюкагон, тиротропин және т.б. ынталандыратын эндогенді заттар бар.
1.1. Тәбетті жақсартатын дәрілер.
Жусан тұндырмасы (Tinctura Absinthii) - дәмі ащы болғандықтан рефлекторлы арқылы ауыз қуысындағы рецепторларды тітіркендіріп, тәбет ашу орталығына әсер етеді. Сүйтіп, сөл бөлінудің бірінші кезеңін күшейеді.
Жусан түндырмасы 25 мл. 15-20 тамшыдан күніне 3 рет тамақ ішердің алдында.
Тағады басқа дәмі ащы гликозидтік өсімдік дәрілер - андыз (аир) тамыры, бақбақ (одуванчик) тамыры және т.б.
Қоспалы фитопрепараттар - алтарек, персин т.б.
Алтарек – қоспа эферлі майлар: 1/ жаужапырақ (мелисса), 2/ жалбыз(мяты), 3/ мускат жаңғағы (орех), 4/қалампыр (гвоздика), 5/ қылқан (чебреца), 6/ әніс, 7/ сәлбен (шалфей) т.б. спиртпен араласқан ерітіндісі. 1 шай қасықпен ас ішу алданда беріледі
Персин – құрамында шүйіншөп экстрактысы, жалбыз (мяты) т.б. шөптер 1-2 капсуладан ас алдында.
1.2. Тәбетті төмендететін (анорексигендік) дәрілер.
1/ амфепранон (фепранон) орталық және шеткілік адреномиметикалық қасиеті бар. Жүйке ұштарындағы медиаторларды (норадреналин мен дофаминді) босатып, олардың синапстық мембраныдан қайта кіруіне кедергі жасайды (күндізгі кезде).
2/ сибутрамин серотонинге кедергі болады (түнгі кезде) , сондықтан тамағы тоқ болып тұрады.
3/ Флуоксетин (прозак) жүйке ұштарының норадреналин мен серотонинді босатып, олардың қайта кіруіне кедергі жасайды (түнгі кезде). Бұл дәрілерді тек тәбет түсіру емес, гипертониялық ауруда, глаукомада, тиреотоксикозда қолдануға болады.
2. Асқазан бездерінің қызметі бұзылғанда.
1/ сілекейдің бөлінуін күшейтетін артихолиноэстераздых дәрілер (прозерин т.б.),
2/ сілекейдің бөлінуін тежейтін М-холиноблокаторлар (атропин сульфат т.б.).
3/ диагностикалық дәрілер - гастрин, пентагастрин, гистамин және т.б экстрактивті заттар.
Сонымен қарынның қышқылы анацидық (жоқ), гипоцидық (аз) және гиперацидық (көп) гастрит диагнозы койылады.
Емдік орын басу ретінде (анацидық және гипоцидық гастритке) қолданатын дәрілер – табиғи асқазанның сөлі, пепсин, ерітілеген тұз қышқылы – 200 мл. 1 - 2 ас қасықтан тамақпен бірге.
3.Асқазан сөлінің бөлінуін төмендететін дәрілер.
Тұз қышқылының бөлінуін тежейтін дәрілер келесі топтарға бөлінеді:
1.Холинорецепторларды тоқырататын дәрілер:
а/ талғаусыз әсер ететін М-холиноблокаторлар: Атропип, Платифиллин және т.б.
б/ асқазанның Мı-холинорецепторларын тежейтін, яғни талғаулы әсер ететін дәрілер: Пирензепин (Гастроцепин).
2. Гистаминдік Н2- рецепторларын тежейтін дәрілер: Циметидин, Ранитидин, Фамотидин.
3. Протонды помпаны тежегіштер: Омепразол, Лансопразол, Пантопразол.
Тікелей қарындағы М1- холинорецепті тежейтін дәрілер – пирензепин (гастрозепин), 25, 50 мг N.20,50 таблеткасы және 0,5% – 2 мл ампуласы шығарылады. Сілекей бездерінің секрециясын төмендетеді. Асқазан мен он екі елі ішектің жарасын емдеу үшін қолданылады.
Rp.: Pirenzepini 0,05
D.t.d. N.50 in tab.
S. 50 мг күніне 2 рет 30 мин ас алдында.
#
Н2 - гистаминдік рецепторларын тежеп, сөл бөлінуін төмендететін дәрілер - циметидин 200, 400, 800 мг таблеткасы, содан соң 10% - 2 ml ампуласы шығарылады. Бұлар асқазан мен он екі елі ішектің жарасын емдеу үшін қолданылады.
Rp.: Sol. Cimetidini 10 % - 2 ml
D.t.d. N.10 in amp
S. 1-2 мл-ден күніне 2 рет тері астына.
#
Омепразол (гастрозол) - таблеткасы және капсуласы –10, 20, 40 мг, ұнтақ флаконда 40 мг. Қарын протонды помпаның қышқылдық сілекейдің бөлінуін тежейтін, сондықтан асқазан мен он екі елі ішектің жарасын емдеу үшін қолданылады.
Бактериальдық эрадикацияға (Helicobacter pylori) геликобактерияға қарсы дәрілер: - 1. 5-нитроимидазол туындысы: Метронидазол (қар. Қарапайымдыларға қарсы заттар). . 2. Антибиотиктер - аминопенициллиндер (Амоксициллин), Макролидтер (Кларитромицин, Азитромицин, Рокситромицин).
3. Коллоидтық висмуттік (қар. Қармаушы заттар) дәрілер: Висмута субгаллат (Дерматол), Висмута субсалицилат (Десмол), Висмута субцитрат (Де-нол).
4.Қоспалар : Бекарбон, Беллалгин, Белластезин.
4. Антацидтік дәрілер.
Холинорецепторларға тосқауыл қоятын дәрілер әсер етпегенде асқазан сөлінің қышқылдығын төмендету үшін тұз қышқылымен әрекеттесетін негізгі заттар қолданады. Бұларды антацидтік заттар деп атайды.
Натрий гидрокарбонаты 300, 500 мг ұнтақ немесе таблеткасы; 4% - 20 ml ампуласы – жылдам, қысқа әсер береді, сонымен көмір қышқылы түзіледі. Бірақ көмір қышқылы асқазанды кеңейтіп, екінші реттік тұз қышқылы көп бөлінуі мүмкін.
Магний тотығы 500 мг ұнтақ және таблеткасы. Бұл натрий гидрокарбонатынан 3-4 есе күшті, ал көмір қышқылы пайда болмайды.
Алюминий гидрототығы 500 мг ұнтақ және таблеткасы түрінде пайданылады - 1 таб күніне 2-3 рет. Бұның антацидтік әсерімен қатар сорғыштық қасиеті де бар.
Алмагель 170 мл гель (Алюминий гидрототығы + анестезин) – 1-3 чай қасықпен күніне 3-6 рет.
Маалокс (Алюминий гидрототығы + Магния гидрототығы) – шайнайтын таблеткасы N.10,20,40. Суспензиясы – 15 мл, флаконы 250 мл
Бекарбон (Натрий гидрокарбонаты + белладонна) – 1-2 таб күніне 2-3 рет.
Белластезин (белладонна+ анестезин) - 1 таб күніне 2-3 рет.
Беллалгин (Натрий гидрокарбонаты + белладонна + анальгин + анестезин) - 1 таб күніне 2-3 рет.
5. Гастропротекторлар.
Бірінші топты дәрілер - ішектің кілегейлі қабықшасын ұсақ жарақаттанудан және тітіркендіретін заттардан сақтау үшін жатады:
1/ сукральфат (вентер) баттасқан гель түрінде,
2/ висмут үшкалий дицитраты (де-нол) коллоидтық зат түрінде қолданылады. Жергілікті кілегейлі қабықшаны жабысқақ ретінде бүркеп тастайды.
Екінші топты түрде пайданылатын дәрілер кілегейлі қабықшаның өзінің сақтанғыш әрекеттерін көтереді, оларға;
1/ карбеноксолон және мизопростол жатады.
2/ оксиферрискорбон натрий және солкосерил жергілікті кілегейлі жаралы қабықшаның регенерациясын қоздырады. Сондықтан бұл дәрілердің жараның тез жазылуына көмегі тиеді.
Сукральфат (вентер) таблеткасы және пакеттағы грануласы 500, 1000 мг – 1 таб күніне 4 рет.
Висмут үшкалий дицитраты (де-нол) таблеткасы 120 мг - 1 таб күніне 4 рет.
Карбеноксолон – 2% - 5 гр. Гель-тубик – күніне 2-3 рет аузға жуғу ретінде стоматитке қолданылады.
Мизопростол – таблеткасы 200 мкг 1 таб күніне 2-4 рет қарынның жарасына қолданылады, ас тан кейін.
Оксиферрискорбон натрий 30 мг ұнтақ флаконда және 5 мл ерітіндісі ампулада бұлшық етке егуге қарынның жарасына қолданылады.
Солкосерил – бызаудың қаннынан дайындалған биогендік қоздырғыш - таблеткасы 200 мг, 10 және 20% ерітіндісі егуге, 5% мазь және 10% гель – трофикалық ас-қазандық жараларға қолданылады.
6. Асқазан қимылына (моторикасына) әсер ететін дәрілер.
Шеткі жүйке арқылы асқазан қимылын реттеп отырады.
1/ Холиномиметиктер (ацеклидин, прозерин) – асқазан қимылын күшейтеді.
2/ Холиноблокаторлар (бускопан, пробантин және т.б.) – қимылын төмендетеді.
Сонымен холиномиметиктерді ішек пен асқазанның қимылы босағанда (атония) қолданады, ал холиноблокаторларды асқазан бұлшық етінің қысымы мен қимылы көтерілгенде (ішек түиілгенде - ұстама түріндегі ауырсынуға) қолданады.
7. Құстыратын дәрілер.
Құсу – күрделі рефлеторлы акт, көптеген бұлшық еттер (көк ет, ішек, асқазан) қатысады. Құсу орталығын көптеген сезім, иіс, көру мүшелерімен қабылданған жиіркенулерді қоздырады. Сол жердегі жіберу аймағы құсу орталығымен байланысты арнайы хеморецептор арқылы көрінеді. Ал мида IV қарыншаның түбінде орналасқан, дофаминдік рецепторлары бар.
Құстыратын химиялық заттар жіберу аймағы мен құсу орталығын рефлекторды түрде қоздырады. Бұған жататын
1/ апоморфин гидрохлориді – жіберу аймағының дофаминдік рецепторларына әсер етеді. Уланғанда, созылмалы маскүнемдікті емдеуге қолданылады. Елестер, неврологиялық бұзылыстар, коллапсты жағдайлар пайда болуы мүмкін. Жүректің ауыр сырқаты, атеросклероз, туберкулездің ашық түрі, асқазан жарасы кезінде, қарттарға пайданалуға болмайды.
Rp.: Sol. Apomorphini hydrochloride 1% - 1 ml
D.t.d. N.5 in amp.
S. 1 мл-ден тері астына егуге.
#
2/ термопсис - құсу орталығын рефлекторлы түрде қоздыратын дәрілерге (жөтелге қарсы және қақырықты айдайтын дәрі) дәрілері жатады. Бырақ жас балдарға қолдануға болмайды (жедел құсу болып кету мүмкін).
3/ Мыс сульфаты мен цинк сульфаты асқазанның кілегейлі қабатын тітіркендіру арқылы құстырады.
8. Құсуға қарсы қолданатын дәрілер.
Вестибулярлы аппараттық қозуы жоғары болғанда (ауа мен теңіз аурулары) М-холиноблокаторлар тобына жататын, құрамында скопаламин бар аэрон таблеткасы қолданылады. Ал глаукома кезінда қолдануға болмайды.
Операциядан кейінгі, жүкті әйелдердің жеріктік кезінде болатын құсуда нейролептиктер (этапиразин және галоперидол), гистаминдік Н1-рецепторларды бөгейтін (дипразин) дәрілер қолданылады.
Метоклопрамид (церукал) 10 мг таблеткасы және 0,5%-2 мл ампуласы – қарынның жоғарғы аймағына әсер ететін күшті дәрі, дофаминдік рецепторларды тоқыратады. Наркоздық дәрілермен жүрек айнығанда, құсқанда қолданылады. Ол асқазан мен ішектің қимылын жақсартады. Өңештің қысымын төмендетеді. Жанама әсерлері: паркинсонизм, ұйқышылдық, ауыздың құрғауы.
Rp.: Metoclopramidi 0,1
D.t.d. N. 50 in tab.
S. 1 түймедақдан күніне 3 рет.
#
Тікелей құсу орталығына және дофаминдік рецепторларды тежейтін тиэтилперазин. Бұл нейролептикалық дәрі әртүрлі құсу кезінде қолданылады. Драже және балауыздық түрде, мөлшері 6,5 мг күніне 1-3 рет, 0,65% -1 мл ампуласы бұлшық ет арқылы егуге арналған күніне 1 рет.
Тек серотонинергиялық рецепторларды бір ғана түрін бөгейтін дәрі ондансетрон. Бұны алдын ала лоқсуды және құсуды болдырмауға химиоемдеу кезінде рак, лейкемия және т.б. ісік ауруларында қолданады. Таблеткасы 4 және 8 мг, 0,08% - 50 мл сироп, 0,2% - 2 және 4 мл ампуласы көре тамыр арқылы егуге.
9. Гепатопротекторлар
Бұндай дәрілер негізгі бауырдың қызметтік жағдайын біршама жоғарылатады, сондықтан ол (бауыр) қатерлік заттарға үнемі қарсы тұра алады. Бұларды гепатопротекторлар (бауырды қорғайтын заттар) деп атайды.
Легалон (силибинин) - шөптен алынған күрделі, белсенділігі мол, антиоксиданттық әсері жақсы. Легалон 35 – драже 35 мг N.80. Легалон 70 – драже және капсуласы 70 мг N.40. Легалон 140 - капсуласы 140 мг N.20.
Эссенциале (Эссенциале форте және Бренциале форте) фосфолипидтерден және витаминдер В1, В2, В6, В12, Е, никотинамид тұрады, бауырдың торшасын жылдам қалыпына келтіреді. Созылмалы гепатиттер, бауырдың церрозы, бауырдың майлық дегенерациясы, бауырдың улық зардабы, жалпы улану, псориаз және т.б. кезінде кұре тамыр арқылы 5-20 мл 5% ерітінідісін 200 мл 5% глюкозамен қосып күніне 1 реттен тамшы ретінде егу керек. 175 және 300 мг капсуласын күніне 3 реттен.
Адеметионин (гептрал) жасанды ішкі бауырдың метаболизміне ұқсас, антиоксиданттық және детоксикациялық әсері жақсы. Таблеткасы – ішекерінтісі 400 мг - күніне 1-2 реттен және флакондағы ерітіндісі 400 мг күніне 2-4 реттен күре тамыр немесе бұлшық етке арқылы егуге арналған.
Бұлар (гепатопротекторлар) жедел және созылмалы бауыр ауруларына қарсы (гепатиттер, цирроз, бауыр дистрофиясы, көптеген улы заттармен бауырға зақымданғанда және әсіресе спирттік ішімдіктен) қолданылады.
10. Өт айдайтын дәрілер.
Өт – ішектегі майларды ерітетін өт қышқылдарынан тұрады. Өттің жетіспеушілігі бауырда өттің пайда болуы немесе оның он екі елі ішекке шығуы қиындауынан тууы мүмкін. Олар екі топқа бөлінеді:
1.Өттің түзілуін жақсартатын дәрілер (холеретик).
2.Өттің он екі елі ішекке бөлінуін жақсартатын дәрілер (холагога).
Бұлардың ішінде алғашқы топқа өт қышқылдары мен олардың тұздары жатады:
«Аллохол», «Холензим», холосас, оксафенамид және т.б. шығарылады. Бұлар өт ауруларында (холецистит, холангит, өт жолының дискинезиясы, өтке тас байланғанда) қолданылады.
Rp.: Tab. «Cholenzymum» obductas N. 50
D.S. 1 түймедақтан 1-3 рет.
#
Өтті айдау кезінде өттің он екі елі ішекке бөлінуін жақсарту үшін Одди сфинктерін босататын спазмолитиктер – но-шпа, папаверин гидрохлориді және М-холиноблокаторлар – атропин тобы қолданылады. Он екі елі ішекке түтік арқылы енгізілетін магний сульфаты - өт қабын рефлекторлы түрде қысқартып, Одди сфинктерін босатады.
11. Ұйқы безі сөлінің сыртқа шығуы бұзылғанда қолданылатын дәрілер.
Ұйқы безінің секрециясын ішек гармоны секретин және цистокинин қуаттап отырады. Олардың әсерлері төмендегенде немесе жойылған кезде орын басу емі үшін панкреатин қолданады. Бұл ферменттің құрамында трипсин мен амилаза болады. Сондықтан ферменттердің жетіспеуі кезінде, астың қорытылуы бұзылғанда, құрама дәрілері де – панзинорм форте, фестал, мезим форте және т.б. қолданылады.
12. Ішек қимылына әсер ететін, яғни іш жүргізетін дәрілер.
Ішектің жиырылуы күшейгенде оның қысымы мен қимылдау белсенділігін түсіру үшін М-холиноблокаторлар (атропин тобы) мен ганглиоблокаторлар (бензогексоний, пирилен), миотропты әсері бар спазмолитиктер (папаверин гидрохлориді) қолданылады. Кейде адреномиметиктерді де қолдануға болады.
Ішектің жұмысын жақсарту үшін эфференттік және афференттік иннервацияға, тегіс бұлшық етке әсер ететін дәрілер қолданылады (ацеклидин, прозерин, вазопрессин).
Ішектің жиырылу белсенділігін жоғарылатын іш жүргізетін дәрілер келесі топтарға бөлінеді:
1.Органикалық емес заттар. Іш жүргізетін тұзды дәрілер: магний сульфаты және натрий сульфаты.
2.Органикалық заттар: өсімдік тектес:
а/өсімдік майлары, майсана (касторово) майы.
б/құрамында антрогликозиді бар дәрілер: итжүзім (крушина)
экстракты (құрғақ), рауғаш (ревень) түймедағы, пішен (сенна) жапырағының тұнбасы.
в/жасанды дәрілер: фенолфталеин, изафенин.
Магний сульфаты мен натрий сульфаты асқазан – ішек жолында нашар сінірілетін иондарға ыдырайды (Мg++ SO4ˉˉ). Ішектің ішіндегі осмостық қысым көтеріледі, химус пен сөлдің сіңірілуін баяулатады. Ішектің ішіндегі заттардың көлемі ұлғайып, механорецепторлар тітіркенеді, ішектің жиырылуы күшейеді. Бұлар іш қатқанда, химиялық заттармен уланғанда қолданылады.
Майсана (касторово) майынан (Oleum Ricini) он екі елі ішекте рицинол қышқылы түзіледі. Ол ішек рецепторларын тітіркендіреді де иондар тасымалдануын, сіңірілуді бұзады, қимылды күшейтеді. Бұл негізі іш қатқанда, акушерлік тәжірибеде қолданылады. Бұны майда еритін заттармен (фосфор, бензол) және уланғанда беруге болмайды.
Rp.: Oleii Ricini 1,0
D.t.d. № 15 in caps. gelat.
S. Жарты сағат ішінде қабылдауға (2 мин 1 қаптамадан).
#
Құрамында антрогликозиді бар дәрілер тоқ ішекке әсер етеді. Созылмалы іш қатуда фенолфталеин мен изафенинді қолданған тиімді. Фенолфталеинді ұзақ қолданғанда денеге жиналып қалуы мүмкін, сондықтан глицерин балауызын бірге пайдаланған жөн. Ол тік ішектің кілегейлі қабықшасын тітіркендіріп жылдам сыртқа айдап шығарады.
Rp.: Phenolphthaleini 0,1
D.t.d. № 20 in tab.
S. 1 түймедақдан күніне 2 рет.
#
13. Диарееге қарсы қолданылатын дәрілер.
Диарея – ішек тағамдық токсикоинфекцияда, дизентерия, холера, септикалық процесстер, ауыр металлдық дұздарымен уланғанда, қарын ахилиясы т.б. Бұл кездегі қолданылатын дәрілер:
1) Химиотерапевтикалық препараттар (антибиотиктер, жасанды антимикробтых дірілер т.б.
2) Симптоматикалық терапия. Адсорбентер, тұтықшылар және қаптаушылар, бырақ жеңіл-желпі кезінде қолданады.
3) Наркотикалық ауырсынуды басатын анальгетиктер (опиаттық) және М-холинотежегіштер. Бұларға жақын тұратын химиялық құрлысы ұқсас наркотикалық анальгетиктер лоперамид және тримебутин.
4) эубиотики (кептірілген микробтар) антагонистик белсенділігі көптеген патогендік микробтарға мол және пробиотики тірі және өлген микробтардан алынған компонентер, метаболитер - ішек микрофлорға емдік әсер етуге қабылеті бар заттар. Бұларға жататын заттар: бифидумбактерин, лактобактерии, хилак форте, линекс, бифиформ и др.
5) табиғи (смекта) және өсімдік препараттар: мойыл (черемуха) жемісі, қаражідек (черника) жемісі, шайшөп (зверобой), түймедақ (ромашка) гүлі.
Лоперамид (имодиум) - селективтік ішекке әсер ететін жасанды опоидық тежегіш. Ішек өтіп кеткенде, жедел және созылмалы әртүрлі диареге қолданылады. Бырақ жедел дизентерияға, жедел жаралы колитке, бактериальды энтероколитке, ішектік қимылы бұзылғанда, іш қату және емізу кезінде қолданбайды. Белгілі көптеген жанама әсерлері байқалады: бас айналу, бас ауру, әлсіздік, ұйқы қашу, ауыздың кебуі, лоқсу, құсу, ішек ауруы, қышыну, бөрту, аллергиялық жағдайға және анафилактикалық шокқа ұшрау мүмкін. Түрі капсула 2 мг N. 6, 20; 0,002 % ерітіндісі флаконда 100 мл.
Бифидумбактерин – кептірілген тірі микробтар антагонистик әсері көптеген патогендік микробтарға жеткілікті. Ішек дисфункциясына, дисбактериозға, колитке,және т.б. ішектің инфекциялық ауруларға 5 доза күніге 2-5 рет.
Лактобактерии – сүтқышқылды микробтар асқазанғы өте тиімді, денсаулыққа жақсы, рецидивтік және т.б. инфекцияға қарама-қарсылық әсері көтеріле тұседі. Асқазан ауруларына, ішек тітіркенділік синдромға, метеоризмге, ішек кебіну, лактозға төзгісіздік, қынап инфекцияға, диареяны алдын-алу және емдеуге қолданылады. Мөлшері тірі микробтардың санымен байланысты. 1-ден 10 миллиард тірі бактериялар ішуге капсуламен күніне бірнеше рет беріледі. Ал қынапқа 1 миллионнан 1 миллиардқа дейін күніне 1-2 балауыздан жатар алдында пайданылады.
Хилак форте - стирильдік аш және тоқ ішектің бактериялардың концентраттық метаболизмдері. Ішек асқорту бұзылыстары, іш өту, дисбактериоздық кезінде қолданылады. Күніне 20-60 ташыдан 3 рет (флаконы 30 және 100 мл).
Линекс – құрамында бірнеше компонентер (бифидумбактерии, лактобацилдар және энтерококктар) ішектің табиғі микрофлордары. Күніне 1-2 капсуладан 3 рет дисбактериоза қолданылады.
Бифиформ - құрамында бифидумбактерии және энтерококктар + витаминдер В1 және В6 ішек микрофлорлардың тепе-теңдік жағдайға әкелетін қоздырғыш болып табылады. Дисбактериозға, диарееге, диспепсияға және метеоризмге күніне 2-4 капсуладан қолданылады. .
Смекта - сорғыш (ішек бактериялар мен вирустарды байлау) және гастропротект (сілекейлік қабықшану қорғау) ретінде табиғілық препарат болып табылады.
Қолдануы: жедел және созылмалы диарея (аллергиялық, инфекциялық, дәрігерлік және тағамдық генезде), гастрит, колит, қарын және онекіелді ішек жаралар. Күніне З г (1 пакеттен) 3 рет.
Кері әсере: Препаратқа жоғары сезімталдығы және ішек қыимылының бұзылуы.
Жанама әсерлері: ішектің қатуы, бырақ препараттың мөлшерін төмендетіп беруге болады.