Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ролевые игры послед8 апрел на15 апреля.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
686.59 Кб
Скачать

Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар науқастарды емдеу алгоритмі

ӨРШУДІҢ ТӨМЕН ҚАУПІ

ПСА < 1,5 нг/мл V пж < 30 мл

  • Қуық асты безі көлемінің ұлғаюы

  • Qmax-ң төмендеуі

  • ТЗШЖС өсуі (I-PSS≥4 балл шкаласы бойынша бағалаудың жоғарылауы)

  • Жедел зәрдің тежелуінің туындауына жоғары көрсеткіш

Альфа1-

адренорецептор

тежегіші

КОНСЕРВАТИВТІ ЕМ ТАҢДАУ

ӨРШУДІҢ ЖОҒАРЫ ҚАУПІ

ПСА > 1,5 нг/мл V пж > 30 мл

АРАЛАС ЕМ

Альфа1-

адренорецептор

тежегіші

+

5-альфа редуктаза

ингибиторы

ТЗШЖС - төменгі зәр шығару жолдарының симптомы; ПСА – простатспецификалық антиген; Qmax – максималды зәр шығару жылдамдығы; QOL – өмір сапасы; Vпж – қуық асты безінің көлемі.

Операциялық емдеу: Трансуретральды электрорезекция (қуық асты безін токпен біртіндеп сылып алу), қуық арқылы аденоэктомия отасын жасау, лазерлі технологияларды қолдану.

Болжамы.

Парауретралды бездердің қатерсіз гиперплазиясымен ауыратын науқастардың өмірі үшін болжамдық диагнозы толық қолайлы. Аурудың 1-2 сатыларын дер кезінде анықтап, хирургиялық емдеу жақсы нәтиже береді. Операцияның барлық түрінде өлім-жітім 2 %-дан аспайды.

IV. Ұяшықтық сұрақтар

Сұрақтар

1

Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы дегеніміз не?

2

Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының эпидемиологиясы туралы не білесіз?

3

Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының симптоматикасы және клиникасы қандай?

4

ҚАБҚГ зерттеу әдістері және диагностикасы қандай?

5

ҚАБҚГ емдеу әдістері қандай?

6

ҚАБҚГ қандай асқынуларға алып келеді?

7

ҚАБҚГ реабилитациясының ерекшеліктері қандай?

8

ҚАБҚГ жіктелуі.

Белгілі жауаптары

Сұрақтар

Жауаптар

1

Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы дегеніміз не?

Үрпінің простата бөлімін қоршап жатқан парауретралды бездердің қатерсіз ісігі ретінде өсу салдарынан дамиды

2

Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының эпидемиологиясы туралы не білесіз?

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының зерттеулері бойынша, ер адамдардың 85%-да қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚАБҚГ) дамиды. 50 жастан кейін еркектердің 50% осы ауруы жиі кездеседі және қуық қызметі бұзылуының басты себебі болып табылады. 70 жастан асқан еркектердің 70% әртүрлі дәрежедегі қуық асты безінің гиперплазиясынан зардап шегеді.

3

Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының симптоматикасы және клиникасы қандай?

Зәр шығуының бұзылуы (дизурия); қиындауы мен жиілеуі, қуықта қалдық зәрдің қалуын сезіну және оның басқа да бұзылысы аурудың жан-жақты клиникалық көрінісін құрайды. Олар сатыға байланысты өзгеріп отырады. Қуық асты безінің тік ішекке қарай өсетін гиперплазиясы ұзақ уақыт бойы клиникалық белгілерсіз өтуі мүмкін. Науқас ағзасындағы өзгерістерді байқамауы мүмкін. Профилактикалық тексерулердің маңызы осындай жағдайда білінетіндігі айтылады студенттерге.

4

ҚАБҚГ зерттеу әдістері және диагностикасы қандай?

Науқасты тексеруде қасаға үстін пальпация, перкуссия жасалады. Бұл тәсілдер қалдық несептің жиналуына байланысты қуықтың үлкейгенін анықтауға көмектеседі. Қуыққа катетер енгізу ең қарапайып әдіс болып саналады. Ол зәр шығарудан кейінгі қалдық несептің мөлшерін анықтауға және қасаға үстіндегі қолға сезілетін түзіндінің бар не жоқтығын сезінуге мүмкіндік береді.Қуыққа катетер арқылы рентген контраст заттар жіберу кері цистограмма алуға мүмкіндік береді. Онда қуық ішіндегі гиперплазияның, тастың, ісіктің, қуық дивертикулдарының айқын бейнесі алынады.Лабораториялық зерттеулерде қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар науқастарда электролиттердің, мочевина мен қан сарысуы, креатининнің мөлшерін және бауырдың функционалдық күйінің көрсеткіштерін анықтау қажет.

5

ҚАБҚГ емдеу әдістері қандай?

Консервативті түрде емдеу: (көптеген простатотропты өсімдік тектес дәрілер бар: Таденан,Трианол, Аводарт т.б.). Альфаадреноблокаторлар: (Тамсулозин -Омник, Доксазозин-Кардура т.б.), әрине қабыну болса антибактериялдық дәрілер де қолданылады.

Жиі қолданылатын операциялық емдеу түрлері: Трансуретральды электрорезекция (қуық асты безін токпен біртіндеп сылып алу), қуық арқылы аденоэктомия отасын жасау, лазерлі технологияларды қолдану.

6

ҚАБҚГ қандай асқынуларға алып келеді?

Зәр шығуының тоқтап қалуы, гематурия, қуық тасы, пиелонефрит, простатит, аденомит, визикулит, эпидидимит және эпидидимоорхит.

7

ҚАБҚГ реабилитациясының ерекшеліктері қандай?

Операциядан кейінгі кезеңде зәрінің төменгі зәр жолдарымен қысылмай жүруін қамтамасыз ету, қабынуға қарсы шаралар ұйымдастыру, профилактикалық емдеу себептерімен, ер азаматтардың өмір сапасын жақсарту, эректильді дисфункциясының алдын алу және емдеу.

8

ҚАБҚГ жіктелуі.

Қуық асты безі қатерсіз гиперплазиясының сатыларын клиникалық топтастыру арқылы қуықтың, жоғарғы несеп жолдары мен бүйректің функционалдық күйіне сипаттама береді. Дизурияны және басқа асқынуларды туғызатын интравезикалды бітелу салдарынан компенсаторлық процестердің динамикасына қарай сатыға бөлуге болады.

1-сатысы. Компенсаторлық-қалдық несеп түзілмейді, жоғарғы жолдар мен бүйректе айтарлықтай өзгерістер болмайды.

2-сатысы. Субкомпенсаторлық- қуықта қалдық несеп болады, ал бүйрек пен жоғарғы несеп жолдары функционалдық күйінің кемуі кезеңдерінен өтеді. Қалдық несеп көлемі 100-200 мл.

3-сатысы. Декомпенсаторлық-зәр шығуының толық тоқтауы және бүйрек қызметі жетіспеушілігінің кеш сатысы.

Бағалау:

Рөлдік ойын сабағы алдында ұяшықтық сұрақтарға жауаптар беру арқылы топтық білім сайысы өткізіледі. Топтың әр мүшесінің алатын бағасы, топтағы әр студенттің жауабына байланысты. Жауаптардан кейін мұғалім ұяшықтық сұрақтардың жауаптарының нәтижесін қорытындылап есептейді. Осыдан кейін мұғалім сұрақтың ашылуына, толықтығына және терминдік сөздерді қолдануына, коммуникативті дағдысына қарап топтағы студенттер білімін бағалайды.

Бағалауға қанағаттанбаған жағдайда, жазбаша түрде жауап жазуын ұсынады.

Бағалау төрт критерий арқылы жүзеге асады: толық әрі нақты жауап – «үздік» , толық емес жауап – «жақсы» , қанағаттанарлық жауап, дурыс емес жауап.

Толық әрі нақты жауап – «үздік» 90-100, толық емес жауап – «жақсы» 75-89, қанағаттанарлық жауап 50-74, дурыс емес жауап 0.