- •Рөлдік ойын сабақ сценарийі Алматы 2015 ж. Мақсаты:
- •II. Қадамдар
- •Ііi. Тәжірибелік сабақта тақырыпты талдау.
- •Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар науқастарды емдеу алгоритмі
- •Белгілі жауаптары
- •Check – list. Чек- лист
- •VI. Студенттердің қатысуымен өтетін рөлдік сабақ сценарийі
- •1. Қабылдау бөлімі (Дәрігер, науқас; науқаспен танысу, анамнезін толық жинау, сырқатнамасын толтыру)
Ііi. Тәжірибелік сабақта тақырыпты талдау.
№1 Тақырып: Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚАБҚГ)
ҚАБҚГ - үрпінің простата бөлімін қоршап жатқан парауретралды бездердің қатерсіз ісігі ретінде өсу салдарынан дамиды.
Статистикалық мәліметтер: Қазіргі таңда Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының зерттеулері бойынша, ер адамдардың 85%-да қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚАБҚГ) дамиды.
ҚАБҚГ ауруы кезінде организмде болатын өзгерістер:
Қуықасты безі-«каштан» тәрізді немесе «грек жаңғағына» ұқсайтын ер адамның ішкі без ағзасы. Без несеп-қуығының астында орналасып несеп шығару түтігін жан - жағынан қоршайды. Қуық асты безі жылдар өте келе, қартайғанда, көлемі үлкейе бастайды (простата аденомасы, қатерсіз гиперплазия). Үлкею өз алдына ауырсынуды туғызбайды, бірақ көлемі үлкейіп бара жатқан простата келеңсіз симптомдардың және зәр шығарудың қиындауының жиі себебі болады. . 50 жастан кейін еркектердің 50% осы ауруы жиі кездеседі және қуық қызметі бұзылуының басты себебі болып табылады. 70 жастан асқан еркектердің 70% әртүрлі дәрежедегі қуық асты безінің гиперплазиясынан зардап шегеді.
Ауру қалай байқалады?
Аурудың бастапқы сатысында зәр шығару жиіленеді. Кейінірек зәр шығарудың ағымы әлсірейді. Зәр шығару біршама қиындайды. Кеш сатысында: аз көлемдегі жиі зәр шығаруы, үнемі дәретке барғысы келіп тұруы, зәр шығарудың қиындауы, несеп қуығы толық босамау сезімі қосылады.
Патогенез. Пайда болу себебі әлі де зерттелу үстінде. Жаңа туған нәрестенің қуық безінің массасы бірнеше грамм болады. Жыныстық жетілу барысында оның массасы артып, 18 жаста 20 граммға жетеді. Қалыпты жағдайда мүшенің массасы мен құрылысы 25 жыл бойы өзгермейді, қарттарда 25% -да оның семуі байқалады. Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясының дамуы барысында қуықтың босауы, зәрдің несепағар бойымен жүруі қиындайды. Обструктивті уропатияның дамуы уретерогидронефроздың үдеуі барысында бүйректің функционалдық күйі кеміп, қызметінің жетіспеушілігінің клиникалық және лабораториялық белгілері өседі.
Жіктелуі. Қуық асты безі қатерсіз гиперплазиясының сатыларын клиникалық топтастыру арқылы қуықтың, жоғарғы несеп жолдары мен бүйректің функционалдық күйіне сипаттама береді. Дизурияны және басқа асқынуларды туғызатын интравезикалды бітелу салдарынан компенсаторлық процестердің динамикасына қарай сатыға бөлуге болады.
1-сатысы. Компенсаторлық-қалдық несеп түзілмейді, жоғарғы жолдар мен бүйректе айтарлықтай өзгерістер болмайды.
2-сатысы. Субкомпенсаторлық- қуықта қалдық несеп болады, ал бүйрек пен жоғарғы несеп жолдары функционалдық күйінің кемуі кезеңдерінен өтеді. Қалдық несеп көлемі 100-200 мл.
3-сатысы. Декомпенсаторлық-зәр шығуының толық тоқтауы және бүйрек қызметі жетіспеушілігінің кеш сатысы.
Клиникалық белгілері.
Зәр шығуының бұзылуы (дизурия); қиындауы мен жиілеуі, қуықта қалдық зәрдің қалуын сезіну және оның басқа да бұзылысы аурудың жан-жақты клиникалық көрінісін құрайды. Олар сатыға байланысты өзгеріп отырады. Қуық асты безінің тік ішекке қарай өсетін гиперплазиясы ұзақ уақыт бойы клиникалық белгілерсіз өтуі мүмкін. Науқас ағзасындағы өзгерістерді байқамауы мүмкін. Профилактикалық тексерулердің маңызы осындай жағдайда білінетіндігі айтылады студенттерге.
Диагностикасы.
Парауретралды бездердің гиперплазиясын анықтау қиын емес. Ол интравезикальды обструкцияны туғызатын ауруларға дифференциалдық диагностика жасауға бағытталған. Қосымша тәсілдер қуықтың,бүйрек пен жоғарғы несеп жолдарының қызметін бағалау арқылы аурудың сатысын анықтауға мүмкіндік береді. Науқасты тексеруде қасаға үстін пальпация, перкуссия жасалады. Бұл тәсілдер қалдық несептің жиналуына байланысты қуықтың үлкейгенін анықтауға көмектеседі. Шар тәрізденіп керілген қуықты көзбен де анықтауға болады. Қазіргі таңда кеңінен УДТ жасалынады.
Басқа да мәлімет: қуыққа катетер енгізу ең қарапайып әдіс болып саналады. Ол зәр шығарудан кейінгі қалдық несептің мөлшерін анықтауға және қасаға үстіндегі қолға сезілетін түзіндінің бар не жоқтығын сезінуге мүмкіндік береді. Қуыққа катетер енгізу үшін таңдауда Шарьер шкаласы бойынша №12-18 өлшемді Фолей катетерін қолданса болады. (Тиман немесе Нелатон катетері болады).
Қуыққа катетер арқылы рентген контраст заттар жіберу кері цистограмма алуға мүмкіндік береді. Онда қуық ішіндегі гиперплазияның, тастың, ісіктің, қуық дивертикулдарының айқын бейнесі алынады. Бұл мақсатта көбінесе Кнайзе-Шобер әдісін пайдаланады. Мұнда қуыққа катетер арқылы құрамында иоды бар рентген контраст зат ерітіндісінің аздаған мөлшерін жіберіп, сосын 150-200 мл оттегін қосады. Мұндай әдіс лакунарлық цистограмма алуға жәрдемдеседі. Қуыққа еніп жатқан аденома түйіндерін және тастарды анық көрсетеді. Бұл зерттеуде мол мағлұмат бергендіктен, операция қарсаңында қолданылады.
Лабораториялық зерттеулерде қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар науқастарда электролиттердің, мочевина мен қан сарысуы, креатининнің мөлшерін және бауырдың функционалдық күйінің көрсеткіштерін анықтау қажет. Бүйректің азот бөлетін жиынтық қызметі, клиренс тесттердің нәтижесі негізінде сипатталуы мүмкін. Қанның ұйитын және ұйымайтын жүйесінің күйі несеп флорасына бактериологиялық сипаттама, жүрек-қантамыр жүйесі мен көкірек клеткасы мүшелеріне функционалдық зерттеу жүргізу, операция алдындағы даярлықты мақсатты түрде жүргізіп, асқынудың алдын-алуға мүмкіндік береді. Кей жағдайда компьютерлік томография жасалынады.
Емі.
Консервативті түрде емдеу: (көптеген простатотропты өсімдік тектес дәрілер бар: Таденан,Трианол, Аводарт т.б.). Альфаадреноблокаторлар: (Тамсулозин -Омник, Доксазозин-Кардура т.б.), әрине қабыну болса антибактериялдық дәрілер де қолданылады.
