
- •Рөлдік ойын сабақ сценарийі Алматы 2015 ж. Мақсаты:
- •II. Қадамдар
- •Ііi. Тәжірибелік сабақта тақырыпты талдау.
- •Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар науқастарды емдеу алгоритмі
- •Белгілі жауаптары
- •Check – list. Чек- лист
- •VI. Студенттердің қатысуымен өтетін рөлдік сабақ сценарийі
- •1. Қабылдау бөлімі (Дәрігер, науқас; науқаспен танысу, анамнезін толық жинау, сырқатнамасын толтыру)
С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА |
Рөлдік ойын сабақ сценарийі |
Рөлдік ойын сабақ сценарийі Алматы 2015 ж. Мақсаты:
урология пәніндегі семиотика, симптоматология бөлімдері мен жиі кездесетін урологиялық ауруларды талқылау барысында студенттердің коммуникативті дәрігерлік мінез-құлықтарын қалыптастыруға және аталмыш тақырыптарды айқындап ашуға негізделген логикалық рольдік тренинг-сабақтар арқылы, пәнді қысқа уақыт аралығында барынша меңгеруге бағытталған мотивациялық құлшынысын арттыру.
Оқу үрдісіндегі «Рөлдік ойын сабақ сценарийі» келесі сатылардан тұратындығы айтылады:
Кіріспе.
Қадамдар.
Теориялық-тәжірибелік сабақта тақырыпты талдау.
Теорияны бекіту үшін және студенттердің білімін бағалау үшін ұяшықтық сұрақтарды тарқату. Чек-лист арқылы балдық бағалау.
Ситуациялық есеп тапсырмасы.
Рөлдік ойын сабақ сценарийі.
І. Кіріспе
.
«Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚАБҚГ)» тақырыбын ашуға арналған толық мәліметтері бар жиынтықтар ұсынылатыны, сабақ барысын қадамдарға бөлу және сабақты ұйымдастыру үшін студенттерге нақты сұрақтар қарастырылғаны студенттерге түсіндіріледі: топқа бөлінуі айтылады , дайындалған 8 ұяшықтық сұрақтар бар екендігі түсіндіріледі. Рөлдік ойын сабағы алдында ұяшықтық сұрақтарға жауаптар беру арқылы топтық білім сайысы өткізілетіндегі паш етіледі. Чек-лист таныстырылады. Топтың жалпы бағасы, топтағы әр студенттің жауабына байланысты екендігі ескертіледі. Сол алынған баға топтағы әр студентке сабақ барысындағы білім деңгейіне қойылады. Осы білім келесі сатыларда, яғни студенттердің «Рөлдік ойын сабақ сценарийінде» қолданылатыны ескертіледі.
II. Қадамдар
I Қадам. Студенттермен танысу. 1. Топпен сәлемдесу. Тізіммен тексеру. Әрбір студентпен танысу. 2. Урология пәні жайлы мәлімет беру. Басқа пәндермен байланысына тоқталу. 4. Бүйрек несеп-жыныс жолдарының анатомиялық, физиологиялық құрылымы мен қызметін топтағы студенттермен еркін түрде талқылау. Өткен дәрістерді қайталау.
5. Бүйрек және несеп-жыныс жолдарының анатомиясы мен физиологиясының урологиялық аурулардың симптомдарының дамуымен сабақтастыру. 6. Урологиялық аурулардың белгілерін патофизиологиялық тұрғыдан түсіндіру. Симптомдарды талдап, дәлдікпен түсіндіру. Кoнспектілеуді талап ету.
7. Ендігі кезекте рөлдік ойын үшін тақырыпты таңдау және талдау. №1 Тақырып: Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚАБҚГ). Теориялық-практикалық бөлігіне студенттердің баса назар аударуларын ескертеміз.
II Қадам. Мұғалім өткізгелі тұрған рөлдік ойынды түсіндіреді. Студенттерді екі топқа бөліп, топ басшыларын сайлайды.
III Қадам. Студенттерден сабақ бойынша түсінгенін тексеру үшін әр топқа 4 ұяшықтық сұрақтар таратылады. Егер топта 8 студент болса, бір топ 4 студенттен тұрады. Әр студентке 1 сұрақтан беріледі.
IV Қадам. Әр студентке ұяшықтық сұрақтар үлестіріледі. Берілген ұяшықтық сұрақтарға әр студент өз бетінше дайындалып, бір минут ішінде жауап беруі керек.
V Қадам. Әр топ студенттері өз қалауымен ретті түрде ұяшықтық сұрақтарды алады. Ойлануға бір минут беріледі.
VI Қадам. Сұрақ-жауап біткен соң, студенттің берген жауабы чек-листке сай баллдық көрсеткіш бойынша бағаланады.