
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Жобалау белгілерін талдау.
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасуы.
- •Глоссарий
- •2.Өндірістік құрылымның негізгі жетілдіру жолдары, кәсіпорынның бас жоспары. Реферат
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Айналым қаржысының құрамы:
- •Айналмалы қорларды нормалау.
- •Фоб. - стоимость оборотных средств.- айналым қаржылырының бағасы.
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Тарифтік жүйе.
- •Еңбекақының құрылымы
- •Еңбекақының тарифтік емес жүйесі
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Пайданың бөлінуі.
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
2014-2015 оқу жылы ҚАУ жанындағы АБК «БКЭ және кәсіпкерлік қызмет негіздері» Төлемісова Г.Т.
Алматы байланыс колледжіҚазақ – Америка Университеті
HAND-OUTS
«Байланыс кәсіпорындарының экономикасы Алматы байланыс колледжі.
және кәсіпкерлік қызмет негіздері». Топ:12-ОиЭО-904-3к, 13-РЭиС-
Кредит - 2. 609-3к-1, 13-РЭиС-609-3к-2,
Лекция - № 1. 12-РЭиС-609-3к.
Тақырып: Кәсіпорын және кәсіпкерлік. 2 семестр, 2014-2015 оқу жылы.
Оқытушы: Төлемісова Г.Т.
Лекцияның қысқаша мазмұны.
Кәсіпорын – бұл жеке шаруашылықтың бір түрі, өнімді шығаруды ұйымдастыру, жұмыстардың орындалуы, табыс алуға және қоғамдық сұранысты қанағаттандыру мақсатында қызмет көрсету. Әр бір кәсіпорын заңды тұлға болып табылады және құрылтай келісім шарты бойынша жұмыс істейді.
Заңды тұлғаның негізгі нышандары:
ұйымдасқан бірлестік – дұрыс басқару құрылымының болуы, кәсіпорынның цехтарға бөлінуі, жұмыс орындары, бөлімдер және т.б.;
мүліктік жекеленушілік – бухгалтерлік баланстың болуы;
мүліктік жауапкершілік – кәсіпорын барлық өзінің мүліктеріне өзінің міндеттерімен жауап береді.
Барлық кәсіпорындардың бөлінуі:
коммерциялық: негізгі мақсат – табыс алу;
коммерциялық емес: негізгі мақсат – қоғамдық сұранысты қанағаттандыру және орташа табыс алу.
Кәсіпорындар жұмысшылардың саны бойынша ірі, орташа және шағын болып бөлінеді. Шағын кәсіпорындарға жұмысшылардың саны аспайтын ұйымдар жатады:
өнеркәсіпте – 100 адам;
құрылыста – 100 адам;
көлікте – 100 адам;
ауыл шаруашылығында және ғылыми-техникалық салада – 60 адам;
көтерме саудада – 50 адам;
бөлшек саудада және тұрмыс қажетін өтеуде – 30 адам.
Кәсіпорын ресурстары – бұл өнім өндіруге қажеттінің барлығы. Ресурстар экономикалық және экономикалық емес болады.
Ресурстардың түрлері:
1. Материалдық ресурстар.
- негізгі және айналмалы қорлар;
- жер ресурстары;
- эенргетикалық ресурстар.
2. Материалдық емес ресурстар – бұл өнім өндіруге қатысатын және табыс алуға септігін тигізетін материалдық - заттық нышандары жоқ ресурстар.
- авторлық құқық;
- патенттер;
- сауда белгілері;
- бағдарламамен қамтамасыз ету, ноу-хау және т.б.
3. Еңбек ресурстары.
- еңбек - бұл биологиялық энергияның шығындарымен байланысты, өнімді басқару және іске асыру, адамның өндіріске мақсатқа лайықтылық қызметі. Еңбек кәсіби біліктілік және қызметкерлер құрамының санымен сипатталады.
- кәсіпкерлік қабілеттілік – бұл қызметтің ерекше түрі, коммерциялық идеяларды жүзеге асырумен байланысты, тәуекелділік жағдайда мақсатқа жету.
4. Қаржылық ресурстар (экономикалық емес) – бұл кәсіпорынның билігінде жатқан,
ақша қорларының жиынтығы. Оларға жататындар:
жеке – жарғылық капитал, табыс, амортизациялық қорлар және т.б.
жұмылдырылған – құнды қағаздардың эммисиясы, акциялар, вексельдер және т.б.
қарыздар – несиелер, облигациялар және т.б.
ретімен қайта бөлуден алынған қаражаттар – сақтандырудың орнын толтыру, мемлекеттік бюджеттен түсімдер, құнды қағаздардың дивиденттері және т.б.
СҰРАҚТАР
Кәсіпорын туралы түсінік.
Кәсіпорынның жіктелуі.
Кәсіпорынның ресурстары.
Глоссарий
Казахский |
Русский |
Английский |
Кәсіпорын |
Предприятие |
Enterprise |
Кәсіпорын ресурстары |
Ресурсы предприятия |
Resources of Enterprise |
Заңды тұлға |
Юридическое лицо |
Juridical person |
Жеке қаржы ресурстары |
Собственные финансовые ресурсы |
Own finance resources |
Еңбек ресурстары |
Трудовые ресурсы |
Labour resources |
Қаржылық қаражат ресурстары |
Заемные финансовые ресурсы |
Loan finance resources |
Еңбек |
Труд |
Labour |
Кәсіпкерлік қабілеттілік |
Предпринимательская способность |
Employers ability |
СӨЖ тапсырмалары: Кәсіпорындарды құру мен оның дамуының мақсаттары мен міндеттері. 1.Кәсіпорынның қызмет ету мақсаттары, бәсекелестік және кәсіпорын.
2.Кәсіпорынның кәсіпкерлік ісі, кәсіпорынның кәсіпкерлік ісіне қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлары. Реферат (6-8бет.) Бет. 5-12 «Кәсіпорын экономикасы» Г.И. Әбдікерімова2008ж.
СОӨЖ тапсырмалары: Серіктестіктің түрлері және акционерлік қоғам. В.Г Семинар бет. 30-41 И.В. Сергеев «Экономика организаций предприятий», Изд-во Проспект 2007г.
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Әбдікерімов Г.И. «Кәсіпорын экономикасы» А. 2008г.
В.Г. Горфинкель «Экономика предприятия» М. 2002г.
Қосымша әдебиеттер:
1. Пелиха А. С. Экономика предприятия, М. 2003год
2. В.Н. Смагин «Экономика предприятия» М. 2007г.
Алматы байланыс колледжіҚазақ – Америка Университеті
HAND-OUTS
«Байланыс кәсіпорындарының экономикасы Алматы байланыс колледжі.
және кәсіпкерлік қызмет негіздері». Топ:12-ОиЭО-904-3к, 13-РЭиС-
Кредит - 2. 609-3к-1, 13-РЭиС-609-3к-2,
Лекция - № 2. 12-РЭиС-609-3к.
Тақырып: Байланыс саласынынң экономикалық 2 семестр, 2014-2015 оқу жылы.
негіздері Оқытушы: Төлемісова Г.Т.
Лекцияның қысқаша мазмұны.
Байланыс материалдық өндіріс саласына жатады, себебі өндірістің үш факторын қамтиды:
еңбек құралдары;
еңбек заттары;
өндірістік күштер.
Байланыстың экономикалық ерекшеліктеріне жататындар:
өндірістің заттық емес мінездемесі;
байланыс өнімдерінің сапасына аса жоғары талаптар қойылады, себебі жарамсыз заттарды қайта жөндеуге болмайды;
өнім өндіруде үш кәсіпорын қатысады – шығыстар, кірістер, транзиттік,
жүктеменің айлар бойынша, жыл мезгілі бойынша, тәуліктіктің сағаттары бойынша бір келкі еместігі.
Өндіру және жүзеге асыру біркелкі жүреді.
Тәуекел – кәсіпкердің активтерін немесе қорларының жоғалтып алу ықтималдылығы. Жобаның тиімділігін есептеуде келесі тәуекелділіктің және белгісіздіктің түрлерін еске алу қажет:
тәуекел, экономикалық заңдардың тұрақсыздығымен, экономикалық ағымды жағдайлармен, қаржы салу шарттарымен, пайданы қолданумен байланысты;
ішкі экономикалық тәуекел (шекараны жабу ықтималдылығы және саудаға шектеулерді еңгізу);
саясаттық жағдайлардың тұрақсыздылығы, аймақта немесе мемлекетте әлеуметтік-саясаттың өзгеруінің қолайсыздығы;
нарықтық конъюктураның және валютаның баға курсының өзгеру мумкіншілігі;
табиғи - климаттық жағдайлардың айқын еместігі, стихиялық апаттың ықтималдылығы;
өндірістік-технологиялық тәуекел ( авариялар, жабдықтың істен шығуы, технологиялық жарамсыздар).
Үлкен жобаларда тәуекелді есептеу, экономика-математикалық әдіспен жүзеге асады, ЭВМ-ді қолданумен, басқа жобаларға эксперименталдық әдіспен.
Тәуекелдің мөлшері және тәуекелдің дәрежесі екі көрсеткіштерімен өлшенеді:
орташа жағдайларды күту;
мүмкін болатын нәтиженің теңселуі.