- •1. Жалпы мәліметтер Оқытушылар туралы мәлімет:
- •2.4. Пәнді оқудың соңғы нәтижесі
- •2.5.Пәннің алғы және кейінгі реквизиттері
- •Студенттердің оқытушылармен бірге өзіндік жұмысының (обсөж–дің) тақырыптық жоспары
- •Суммативті бағалау әдісінің дизайны Оқытудың соңғы нәтижелері және тақырыптық блоктар бойынша бағалау әдістерінің үйлестірілуі
- •2.9. Әдебиет:
- •2.10.Оқыту әдістері
- •2.11. Білімдерін бағалау белгілері және ережелері
2.4. Пәнді оқудың соңғы нәтижесі
Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі:
Білім алу деңгейі |
Рөлдермен берілген құзіреттіліктер |
Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі) |
Б1.1.
|
ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) БІЛІМІН ҚОЛДАНУ |
Білім (когнитивті) домені: Қолданады: пәнді игеру барысында әлеуметтік ғылымдар бойынша ақпараттарды, молекулярлы биология және медициналық генетика, экология, химия, гистология, биофизика пәндері бойынша алған білімін қолданады Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: презентация жасауды дәлділікпен орындайды; Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үлестіреді; |
Б1.2.
|
ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ |
Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Қабылдайды: зерттеу сұрақтарын дереккөздерді, ғылыми жаңалықтарды; Жауап береді: берілген тапсырманы орындау барысында әдеби және ғылыми жаңалықтарға сүйене отырып жауап береді; Құндылықтарды үлестіреді: іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтар мен компьютерлік технологиялардың маңызы мен құндылықтарын үлестіреді; |
Б4.1.
|
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ (1)
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
|
Білім (когнитивті) домені: Қолданады :Науқастардан микробиологиялық тексеру мақсатта тексерілетін затты алуды. . Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының негізгі биологиялық қасиеттерін, микроорганизмдердің (морфологиясын, физиологиясын, антигендерін) және экологиясын; Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының протеолиттік белсенділігін, дақылдық қасиеттерін анықтайды дәлділікпен орындайды Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: жұқпалы ауруларды диагностикалау барысында соңғы ғылыми жаңалықтар мен инновациялық зерттеу әдістерді және компьютерлік технологиялардың маңызы мен құндылықтарын үлестіреді; |
Студент білуге тиіс:
Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының негізгі биологиялық қасиеттерін, микроорганизмдердің (морфологиясын, физиологиясын, антигендерін) және экологиясын;
Адам ағзасының қалыпты микрофлорасының өкілдерін;
Адам ағзасының спецификалық және бейспецификалық антимикробты қорғаныс қызметін;
Жұқпалы иммунды және аллергология негіздерін;
Адамдардағы жұқпалы аурулардың таралуын патогенезін, микробиологиялық диагностикалау принциптерін;
Микробтық аурулардың арнайы алдын-алуын және антибиотикотерапия принциптерін;
Антибиотиктердің және дезинфектаттардың антимикробтық белсенділігіне түсініктеме беру.
Асептика және антисептика, дезинфекция және стерилизация әдістеріне микробиологиялық негізді;
Ересектердегі және балалардағы дамыған аурудың мәліметтерінің микробиологиялық мәліметтерімен сәйкестігіне сипаттама беру.
Студент істей білу керек:
Бактериологиялық лабораториядағы техникалық қауіпсіздікті және эпидемиологиялық жағдай ережесін сақтауды білуі тиіс;
Емдеу мекемелерінде медицина қызметкерлері және науқастар арасындағы жұқпалы аурулардан сақтану ережелерін;
Науқастардан микробиологиялық тексеру мақсатта тексерілетін затты алуды;
Қан, нәжіс және т.б. тексерілетін заттардан микроскопиялық препараттарды дайындау, иммерсиялық жүйеде жарық микроскопта көруді;
Ажыратылған таза дақылдың антибиотиктерге сезім талдығын биосубстратардағы антибиотиктердің концентрациясын;
Зақымдалған заттарды, қолды антисептикалық әдіспен залалдауды;
Дезинфекция және стерилизация шараларының сапалығына санитарлық бактериологиялық бақылауды.
Микробиологиялық тексеру нәтижесіне қортынды жасауды.
