
- •1. Жалпы мәліметтер Оқытушылар туралы мәлімет:
- •2.4. Пәнді оқудың соңғы нәтижесі
- •2.5.Пәннің алғы және кейінгі реквизиттері
- •Студенттердің оқытушылармен бірге өзіндік жұмысының (обсөж–дің) тақырыптық жоспары
- •Суммативті бағалау әдісінің дизайны Оқытудың соңғы нәтижелері және тақырыптық блоктар бойынша бағалау әдістерінің үйлестірілуі
- •2.9. Әдебиет:
- •2.10.Оқыту әдістері
- •2.11. Білімдерін бағалау белгілері және ережелері
Ф-МК-00/013
АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
«ЗЕРТХАНАЛЫҚ ПӘНДЕР» КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН» Медициналық білім беру департаментінің директоры, м.ғ.к. ___________ Татыкаева У.Б. «___» ____________2014 ж.
|
СИЛЛАБУС
Пәні: «Ауыз қуысының микробиологиясы»
Пән коды: Мiс 2215
Мамандығы: 05130200 – Стоматология
Оқу сағатының көлемі: 45
Кредит саны: I
Практикалық (семинарлық) сабақ-15 сағат
ОБСӨЖ: 15 сағат
СӨЖ: 15 сағат
Курс: II
Оқу семестрі: IV
Емтихан: IV семестр
Туркестан - 2014
Силлабус «Стоматология» мамандығы бойынша ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұйрық №582, 01.12.2006 ж.), университет Сенатында бекітілген 5В130200 – Стоматология мамандығының негізгі оқу жоспарының негізінде (хаттама №6, 27.06.2013,), медициналық және фармацевттік жоғары оқу орындарының және университеттердегі медицина факультеттерінің кафедраларында оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау бойынша №6 нұсқау хаттың (хаттама №11,14.06.2007 ж.) талаптарына сай дайындалған жұмыс оқу бағдарламасы негізінде жасалды.
«Зертханалық пәндер» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.
Хаттама №____ "____" _____________ 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі_______________х.ғ.к.,доцент Мамырбекова А.К.
Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.
Хаттама №____"____" _____________ 2014 ж.
Комитет төрағасы _____________ магистр-оқытушы Кушкарова А.А.
Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.
Хаттама №____ "____" _____________ 2014 ж.
Комитет төрайымы_________________б.ғ.к., аға оқытушы Байзакова Б.У.
1. Жалпы мәліметтер Оқытушылар туралы мәлімет:
Байтурсынов Қожахмет Құлақметович – биология ғылымдарының докторы, профессор
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы.: Микробиология, вирусология.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: докторлық диссертация тақырыбы: «Гельминты дики копытных животных Казахстана и динамика эпизоотий важнейших гельминтозов в современных условиях»- атты тақырыбы бойынша 10.06.2009 ж. докторлық диссертацияны қорғады. Орыс және қазақ тілдерінде дәріс оқып, сабақтар жүргізеді
Байланысу ақпараты: №162бөлме, Медицина факультетінің ғимараты, ХҚТУ Университет қалашығы, Оңтүстік Қазақстан облысы
Оспанова Эльмира Нұрдуллақызы биология ғылымдарының кандидаты, ұстаздық жұмыс стажы – 20 жыл.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы Микробиология, вирусология.
Ғылыми және әдістемелік жұмыстары: : кандидаттық диссертация тақырыбы: «Влияние гормонов тимуса при аллергии немедленного и замедленного типов» Алматы қаласында 1994 жылы қорғаған.. Докторлық диссертациясын «Распространенность гепатотропных вирусов и их вакцинопрофилактика в РК.» атты тақырыпта қорғаған. Жалпы және жеке микробиология оқулығының авторы. Орыс және қазақ тілдерінде дәріс оқып, сабақтар жүргізеді.
Байланысу ақпараты: №229бөлме, Медицина факультетінің ғимараты, ХҚТУ Университет қалашығы, Оңтүстік Қазақстан облысы
Асанова.Ғалия.Нематуллаевна
.... Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы Микробиология.вирусология.
Ғылыми және әдістемелік жұмыстары: 1. Учебно-методическое пособие для программированного контроля по разделу «Общая медицинская микробиология» (орыс тілінде). Түркістан, ХҚТУ баспа орталығы, 2004 ж.
2. «Жалпы микробиология, вирусология және иммунологиядан жоспарлы бақылауға» арналған оқу-әдістемелік құралын (қазақ тілінде). Түркістан, ХҚТУ баспа орталығы, 2004 ж.
3. Микробилогия пәнінен тест жинағы. Қазақ тілінде. Түркістан, ХҚТУбаспаорталығы,2008 ж.
4. Микробилогия пәнінен тест жинағы, орыс тілінде.Түркістан, ХҚТУ баспа орталығы, 2008 ж.
5. «Активность монооксигеназ печени при действии солей тяжелых металлов у животных перенсших острый токсический ССL4 и гелиотриновый гепатит». В мат.Х Юбилейной международной конференции «Здоровье семьи – ХХІ Век» Тайланд (Бангкок-Паттайя), 28 апреля-8 мая 2006 г. Тез.докл., с.19-20.
6. «Влияние длительной постоянной нагрузки предельно допустимых концентраций свинца на уровень цитохрома Р-450 и активность процессов про- и антиоксидантной систем органов животных». Республиканский научный журнал «Вестник»-Шымкент №3 (29), 2006 г.с.41-144.
7. «Эритроцитарный пневмококковый диагностикум ». 2009ж
Тұра?ты ?оғамды? жұмыстары: Аға оқытушы. Медицина факультетінің
тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, микробиология пәні бойынша
мемлекет аралық аттестацияға жауапты.
Байланысу ақпараты: №227бөлме, Медицина факультетінің ғимараты, ХҚТУ Университет қалашығы, Оңтүстік Қазақстан облысы
2. Пәннің саясаты: Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина кластерінің 2013-2014 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді
2.1 Кіріспе. Микробиология жалпы биологиялық ғылым ретінде қарапайымдылардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың, бактериялардың өмір сүруін және микроорганизмдердің экологиясын зерттейді.
Медициналық микробиология адамдардағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын молекулалы-генетикалық деңгейде және жасушаға таралу механиізмін, морфологиясын, физиологиясын, патогенділік факторын, биологиялық қасиеттерін, диагностикасын микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін және идентификациясын, арнайы емдеуді зерттейді.
Қазіргі микробиологияның өркендеп дамуының едәуір дәрежеде анықталуы, информатика, биология, химия, физиканың жетістіктеріне негізделеді.
Микробиология пәні адамдардағы жұқпалы аурулардың көрсеткішінің төмендеуінде және шартты патогенді микроорганизмдердің аурухана ішілік инфекциясының дамуын төмендетуде, арнайы алдын-алу және емдеуде маңызды рол атқарады.
Білім алу деңгейі |
Рөлдермен берілген құзіреттіліктер |
Салыстырмалы үлестірілімі |
Б 1.1.
|
ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады. |
0,3 |
Б 1.2. |
ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) - АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ: зерттеу сұрағын дұрыс құра алады, дереккөздерді іздей алады, әдеби дереккөздерге сын көзімен баға береді, әсерлі презентация жасай алады, компьютер технологияларын қолдана біледі. |
0,3 |
Б 4.1. |
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ (1) ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ: халық арасында инфекциялық сырқауларды бақылау, ауруханаішілік және карантиндік инфекцияларды бақылау кағидаларын түсінеді |
0,4 |
2.2 Пәннің мақсаты: Студенттерге білім беруде микроорганизмдердің адамдардағы жұқпалы және жұпалы емес аурулардағы орнын, морфологиясын, физиологиясын, патогенділік факторын, биологиялық қасиеттерін, диагностикасын микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін және идентификациясын, инфекциялық үрдістің алдын алуын және арнайы емдеу ұстанымын, клиникалық диагнозды бекітуде қолданылатын микробиологиялық әдістерге түсінік беріу.
2.3 Оқыту мақсаттары:Микроорганизмдердің адамдардағы жұқпалы және жұпалы емес аурулардағы орнын, морфологиясын, физиологиясын, патогенділік факторын, биологиялық қасиеттерін, диагностикасын микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін және идентификациясын, инфекциялық аурулардың пайда болу мүмкіндіктерін, адам ағзасында иммунопатологиялық жағдайлардың әсерінен пайда болатын иммунитетті, инфекциялық үрдістің алдын алуын және арнайы емдеу ұстанымын, клиникалық диагнозды бекітуде қолданылатын микробиологиялық әдістерді білуі қажет;
Студенттерге микроорганизмдердің адамдардағы жұқпалы және жұпалы емес аурулардағы орнын, жұқпалы аурулардың таралуында микроорганизмдердің орнын үйрету;
Студенттерге микроорганизмдердің морфологиясын, физиологиясын, патогенділік факторын, биологиялық қасиеттерін, диагностикасын микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін және идентификациясын үйрету;