
|
Алматы қаласының Денсаулық сақтау Басқармасы ШЖҚ МКК «Медициналық колледж» |
||
Әдістемелік Кеңес отырысында қаралып, келісілген №____хаттама « » .2013жылы Әдіскер--------Қасымбекова М.Р. |
Терапиядағы МІ алгоритмі |
Бекітемін Директордың ОӨТ жөніндегі орынбасары ____________ Оралбаева А.Д. «____» ___________2013г. |
|
Мамандығы: Емдеу ісі 0301000 Біліктілігі:0301013фельшер
|
Манипуляция - Өкпенің салыстырмалы перкуссиясын жасап көрсетіңіз.
Диагностикалық мәні
Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы:
Мақсаты: өкпе ұлпасы және плевра қабатындағы патологиялық өзгерістерді анықтау.
Көрсеткіші: пневмония, туберкулез, ісік, ателектаз, өкпе инфаркті, экссудативті плеврит, гидраторакс, гематоракс, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, абцесс, өкпе туберкулезі.
Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ.
Асқынулары: жоқ.
Керекті заттар: сабын,бір реттік орамал,орындық.
Жасап көрсету реті:
1) Бөлме тыныш және жылы болу керек.
2) Тексерушінің қолы жылы және тырнағы алынған болу керек.
3) Қолыңызды гигиеналық дәрежеде жуыңыз.
4) Науқастың киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.
5) Тексеретін адамның алдына тұрыңыз.
6) Алдынан: қалақша саусақты бұғана үстіне қойыңыз.
7) Ортаңғы бұғана сызығы бойынша оң жақ және сол жақ қабырға аралықтан III қабырғаға дейін перкуссия жасаңыз.
8) Алдыңғы қолтық асты сызықпен оң жақ және сол жақ VI-VII қабырға аралықпен симметриялы перкуссия жасаңыз.
9) Артынан: ”қалақша” саусақты жауырын үстіне қойыңыз, жауырын ортасына,жауырын астына 2 рет қойыңыз, оң жақ және сол жақ бөлігінің симметриялы жерлеріне қойыңыз.
10) Перкуторлық дыбыстың сипатын бағалаңыз.
Ескерту:- салыстырмалы перкуссия - симметриялы мүшелерді салыстырмалы жасағанда естілетін перкуторлық дыбыстың ерекшеліктеріне негізделген тәсіл
-Қалыпты жағдайда өкпе үстінен анық өкпе дыбысы естіледі.
Өкпе ауруларында перкуторлық дыбыс өзгереді.
Бәсең тынықталған-өкпе ұлпасы тығыздалғанда.
Тұйық перкуторлық дыбыс - плевра қабатына паталогиялық сұйықтық толғанда.қорап дыбысы-өкпе эмфиземасында, тимпаникалық өкпеде қуыс пайда болғанда.
Жедел көмек
Гипертоникалық кризде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Мақсаты: артериальды қан қысымын 2 сағат ішінде 15-20% төмендету;
Көрсеткіші: ОКН, гипертоникалық криз;
Қарама- қарсы көрсеткіші: жоқ;
Мүмкін болатын асқынулар: ОКС, сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі(жүрек демікпесі, өкпе ісігі),ми-кан айналымның жедел бұзылуы.
Қажетті заттар: адамның муляж фантомы, кушетка, тонометр, фонендоскоп,қыша қағазы ,жылытқыш, марлы салфеткасы, анаприлин таб., таб. нифедипин (коринфар, кордафен, адалат), каптоприл таб.,ерітінділер: лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл, клофелин 0,01%- 1мл, изотоникалық натрий хлорид ерітіндісі, дроперидол 0, 25%-1-2мл, магний сульфаты 25% – 10мл, - клофелин0,01%- 1мл, эуфиллин 2,4%- 20 мл к/т; диазепам 10-20мг, пентамин 5%- 1мл, қолдың муляждары, ерітінділерді көктамырға енгізу үшін қолданылатын штатив
, пинцет, залалсыздандырылған мақта шариктері, этиль спирті 700, лейкопластырь, қолғаптар, бір реттік қолданылатын залалсыздандарылған шприцтер
-5мл, 10мл, 20мл, бір реттік қолданылатын система, зембілдер.
Іс-әрекет алгоритмі:
1) Дәрігерді шақырыңыз.
2) Таза ауамен қамтамасыз етіңіз;
3) бас жағын көтеріп жатқызыңыз.
4) шүйдесіне және балтырына қыша қазазын қою
5) жылытқышты аяғына қойыңыз және қолына ыстық ванна жағдайын жасаңыз ;
6) маңдайына суық компресс қойыңыз;
7) иньекцияға арналған дәрілік заттарды дайындаңыз:
Криздің нейро- вегетативтік түріндегі дәрігердің тағайындауы:
1) нифедипин (коринфар, кордафен, адалат)10мг тіл астына беріңіз
2) лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл к/т;
3) клофелин немесе (клонидин) 0,01%- 1мл к/т баяу 5 минут сайын 20мл натрий хлоридтің изотоникалық ертіндісінде;
4) дроперидол 0, 25%-1-2мл изотоникалық ерітіндіде к/т;
5) тұрақты тахикардияда -анаприлин 1таблетку(40мг) тіл астына;
Криздің сулы-тұзды түрінде (криздің екінші түрі, норадреналдік):
1) лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл к/т бір реттік;
2) нифедипин 10мг тіл астына немесе каптоприл тіл астына немесе ішке ;
3) клофелин0,01%- 1мл к/т баяу 5 минут сайын 20мл изотоникалық натрий хлорид ертіндісінде;
4) эуфиллин 2,4%- 20 мл к/т;
Криздің тырысу түрінде:
1) диазепам 10-20мг к/т баяу 0,9%-10мл натрий хлорид ертіндісінде тырысу жойылғанша;
2) магния сульфат 25% - 10мл к/т өте баяу!
Сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігімен асқынған гипертоникалық кризде :
1) пентамин 5%- 0,3-0,5мл 20мл натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісінде к/т баяу,
артериальды қан қысымын және жалпы жағдайын бақылай отырып .
Криз кезінде артерияльды қан қысымын 20% дан төмен түсірмеу ұсынылады,
емдеу мекемесіне тасымалдау.
1)науқастың жағдайын үнемі қадағалаңыз.
Ескерту:
1) Криз кезінде артериялық қан қысымын 20% дан төмен түсірмеу ұсынылады,
емдеу мекемесіне тасымалдау.
2)дәрілік заттарды артериялық қан қысымын қадағалай отырып енгізіңіз!
Манипуляция – Өкпеге топографиялық перкуссия жасау әдісін көрсетіңіз.
Диагностикалық мәні.
Өкпенің топографиялық перкуссиясы- өкпенің жоғарғы ұшын анықтау (өкпенің жоғарғы шекарасы), Кренинг кеңістігінің ені;
Мақсаты: өкпе шекараларын анықтау.
Көрсеткіші: пневмония, туберкулез, қатерлі ісік, ателектаз, өкпе инфаргі, экссудативті плеврит, гидроторакс, гемоторакс, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, абсцесс, өкпе туберкулезі;
Қарама- қарсы көрсеткіші: жоқ
Асқынулары: жоқ
Керекті заттар: сабын, бір реттік сүлгі, орындық.
Жасап көрсету реті:
Бөлме жылы және тыныш болу керек.
Тексерушінің қолы жылы, тырнағы алынған болу керек.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.
Тексерулішінің алдында тұрыңыз.
Өкпенің жоғарғы ұшын алдынан анықтаңыз (өкпенің жоғарғы шекарасы).
Қалақша саусақты бұғанаға параллель қойыңыз.
Бұғана ортасынан бастап жоғары қарай бәсең перкуторлы дыбысқа дейін перкуссия жасаймыз.
Анық дыбыс естілген жерін белгілейміз.
Кейін тексерулішінің артына тұрыңыз.
Өкпенің жоғарғы ұшын артынан анықта (өкпенің жоғарғы шекарасы)
Қалақша саусақты жауырын үсті ойыққа қойыңыз.
Қалақша саусақты жоғары жүргізе отырып, VII мойын омыртқаның тұсынан 3-4 см сыртқа орналасқан қарай перкуссия жасаймыз.
Кренинг кеңістігінің енін анықтау.
1.Трапеция тәрізді бұлшық етке қалақша саусақты көлденеңнен қойыңыз және алдымен жоғары қарай ,кейін сыртқа қарай тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссия жасаңыз.
2. Анық дыбыстан тұйық дыбысқа ауысқан жердегі нүктелердің арасын сантиметрмен өлшеңіз.
Ескерту:
Өкпенің жоғарғы шекерасы алдынан – қалыпты жағдайда- 3-4см.
Өкпенің жоғарғы шекарасы артынан- VII мойын омыртқаның өсіндісінің тұсына сәйкес келеді
Крениг кеңістігінің ені қалыпты жағдайда – 4-7см. Сол жақта бұл аймақ , оң жақа қарағанда 1-1,5см артық.
Крениг кеңістігінің азаюы және өкпенің жоғарғы шекарасының төмендеуі – өкпе ұшының солуы кезінде, туберкулез кезінде анықталады.
Крениг кеңістігі ұлғаюы және өкпенің жоғарғы шекарасының жоғарылауы – өкпе эмфизема ауруында, бронх демікпесінің ұстамасы кезінде анықталады.
Жедел көмек:
Стенокардия кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету
Мақсаты: ауырсыну ұстамасын басу
Көрсеткіші: стенокардия ұстамасы.
-ауру сипаты: қысып, күйдіріп, жаншып.
-пайда болу шарттары:физикалық және эмоционалық күш түскенде, тыныштықта және ұйқы кезінде, ЖИА вазоспастикалық түрінде және созылмалы ЖИА ұзаққа созылған түрінде .
-Ұзақтығы - 2-15 минут.
- Орны: төс сүйегінің артында ,сол қолға, (сирек оң қолға), мойынға, жақ астына, иыққа,сол жақ жауырынға.
Қарама –қарсы көрсеткіштері:
Мүмкін болатын асқынулары:
Қажетті заттар: лоток, дәрілік заттар, этиль спирті 700,нитроглицерин таб. 0,0005,
нифидепин таб.10 мг, корвалол (валокордин)- тамшылар,қыша қағаздары .
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасты тыныштандыру, корвалол (валокордин) беру — 30-40 тамшы ішке.
2. Кеуде тұсының ауырсынуын жою қажет.
3.Дәрігердің келуіне дейін үйдегі тыныштандыратын (валериана),алдандыратын ( ауырсыну орнына қыша қағазын қою) дәрілерді беру.
4. Тіл астына ниттроглицерин беру (1 таблетка немесе 1% ертіндеден 1-2 тамшысын қантқа, валидолға тамызып беру.
5. Көмектеспеген жағдайда 2-3 минуттан кейін қайталап нитроглицерин 0,0005 мг таблеткасын тіл астына беру.
6.Нитроглицеринді 5-10 минут сайын екі – үш рет қайталап беру көмектеспесе тез жедел жәрдем шақыру керек, , 1% ертіндіден 3-10 тамшысын тіл астына тамызу керек немесе нитроглицеринді ауыз қуысына 3 ретке дейін шашу керек.
3-15 капель Вотчала под язык, -нифидепин 10 мг ( 1 драже) под язык.
7. При отсутствии эффекта после этого в течение 10 минут вводится промедол 1-2% раствор 1 мл
п/к , или-омнопон 1-2 % раствор 1 мл п/к.
Примечание:
- Если в течение последующиих 10 минут нет эффекта, то состояние оценивается
как ангинозныз статус, в этом случае следует преположить развитие инфаркта
миокарда.
Манипуляция - Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтауды жасап көрсетіңіз.
Мақсаты: дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтау.
Көрсеткіші: крупозды пневмония, экссудативті плеврит,өкпе эмфиземасы,бронх демікпесі, абсцесс, өкпе туберкулезі, пневмоторакс.
Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ.
Асқынулары: жоқ
Керекті заттар: сабын, бір реттік сүлгі.
Жасап көрсету реті:
-Бөлме жылы және тыныш болуы керек..
-Тексерушінің қолы жылы ,тырнағы алынған болуы керек.
-Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазалап жуыңыз.
-Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.
-Тексерілушінің алдында тұрыңыз.
-Алақаныңызды кеуде қуысының оң және сол бөлігінің симетриялы жеріне қойыңыз-алдынан 111 қабырғаға дейін.
-Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтаған кезде науқас сөзді қатты айтуы керек.
-Науқастан «Р» әріпі бар сөзді айтуын сұраймыз, мысалы «трактор», «қырық төрт».
-Кейін науқастан арқамен бұрылуын сұраймыз.
-кеуде қуысының артынан алақаныңызды жаурын үстіне ,жаурын ортасына 2 рет, жаурын астына қойыңыз.
-. Тағыда науқастан «Р» бар сөзді айтуын сұраңыз, мысалы «трактор», «қырық төрт».
-Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтаңыз.
Ескерту:
-Дауыс дірілінің өткізгіштігі дауыстың тембрына және кеуде қуысынығ қалыңдығына ғана емес дауыс дірілінің өткізгіштігі өзгертетін өкпедегі патологияға да байланысты. Өкпенің белгілі бөлігінде тығыз орта болса (мысалы,сұйықтық, қабыну ошағы, қысылған өкпе) дауыс өткізгіштігі күшейеді.
-Дауыс дірілінің өткізгіштігі азаяды немесе жойылады-плевра қуысына ауа немесе сұйықтық толғанда, плевра ісіктерінде.
--Дауыс дірілінің өткізгіштігі өкпенің барлық үстінен беркелкі әлсіреген өкпе эмфиземасында.
--Дауыс дірілінің өткізгіштігі күшейді, егер өкпеде ірі ошақты тығыздалу болса,және өкпе ұлпасында ауа азайса, мысалы крупозды пневмонияда, өкпе инфарктісінде,толық емес компрессионды ателектазда, өкпеде қуыс пайда болғанда, ( абсцесс, туберкулезді кавернада), егер қуыс үлкен болып ірі брохымен жалғасса және айналасында тығыздалған өкпе ұлпасы болса.
--Дауыс дірілінің өткізгіштігі жойылады-өкпе ұлпасы солғанда (толық ателектаз) брох қуысы толық пітелгенде,мысалы,ісікпен немесе ұлғайған лимфа түйіндерімен қысылғанда
Жедел көмек
Миокард инфарктісі кезінде дәрігерге дейінгі көмек
Мақсаты: ауру сезімін басу ;
Көрсеткіштері: ОКС, инфаркт миокард;
Қарама- қарсы көрсеткіш: жоқ
Асқынулары:жедел өкпе текті жүрек, кардигенді шоқ, қарыншалардың фифриясиясы
Қажетті заттар: сабын,бір рет қолданылатын сүлгі, ақ жаймалар,кушетка,адам фантомы,танометр,фанендоскоп,оттегі жастықшасы,қысқыш, марлы салфеткасы,таблетка нитроглицерин,аспирин, анаприлин таблеткасы, стакан суымен, изотоникалық натрий хлориді,дәрілердің ерітінділері: фентанил 0,005% –2мл, промедол 2% -1-2мл,
дроперидол 0,25%-1-2мл, cтрептокиназа- 1500000ЕД, гепарин- 5000ЕД, лидокаин 2%-2мл, магний сульфаты 25% – 10мл, дофамин 4% – 5мл (200мг), 400,0 мл реополиглюкин
немесе 5% глюкоза ерітіндісі, верапамил 5-10мг, АТФ 1-2мл 1% ерітіндісі,қол муляждары,ерітінділерді көктамырға енгізу үшін қолданылатын штатив,пинцет, залалсыздандырылған мақта шариктері, этиль спирті 70%, лейкопластырь, бір реттік қолданылатын қолғап, бір реттік қолданылатын щприцтер-5 мл, 10 мл.
Іс- әрекет алгоритмі :
Науқасты жайлы жатқызыңыз
Толық физикаалық және психикалық жағынан тыныштандырыңыз;
Қысып тұрған киімдерін босатыңыз;
Таза ауаның болуын қамтамасыз етіңіз;
Тез арада дәрігерді шақырыңыз;
Аспириннің 0,25-0,35 г беріңіз;
Оксигенатерапия
Инъекцияға арналған дәрілерді дайындаңыз;
Дәрігердің тағайындауы бойынша:
1) анаприлин 10-40мг тіл астына ;
нейролептоанальгезия:
2)фентанил 0,005%–1мл + дроперидол 0,25%-1- до 4мл –ді 10мл изотоникалық
натрий хлорид ерітіндісі немесе морфин1%1мл + дроперидол 0,25%-1-мл,10 мл изотоникалық натрий хлорид ерітіндісін көктамырға;
3) стрептокиназа 700 000-1500000ЕД 200 мл –ден изотоникалық натрий хлорид ерітіндісін көктамырға тамшылатып енгізу.
4) гепарин- 5000ЕД к/т тездетіп, кейін сағатына 100 ЕД к/т тамшылатып
Ескерту:
Манипуляция – Өкпеге топографиялық перкуссия жасау әдісін көрсетіңіз.
Диагностикалық мәні.
Өкпенің топографиялық перкуссиясы- өкпенің жоғарғы ұшын анықтау (өкпенің жоғарғы шекарасы), Кренинг кеңістігінің ені;
Мақсаты: өкпе шекараларын анықтау.
Көрсеткіші: пневмония, туберкулез, қатерлі ісік, ателектаз, өкпе инфаргі, экссудативті плеврит, гидроторакс, гемоторакс, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, абсцесс, өкпе туберкулезі;
Қарама- қарсы көрсеткіші: жоқ
Асқынулары: жоқ
Керекті заттар: сабын, бір реттік орамал, орындық.
Жасап көрсету реті:
Бөлме жылы және тыныш болу керек.
Тексерушінің қолы жылы, тырнағы алынған болу керек.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.
Тексерулішінің алдында тұрыңыз.
Өкпенің жоғарғы ұшын алдынан анықтаңыз (өкпенің жоғарғы шекарасы).
Қалақша саусақты бұғанаға параллель қойыңыз.
Бұғана ортасынан бастап жоғары қарай бәсең перкуторлы дыбысқа дейін перкуссия жасаймыз.
Анық дыбыс естілген жерін белгілейміз.
Кейін тексерулішінің артына тұрыңыз.
Өкпенің жоғарғы ұшын артынан анықта (өкпенің жоғарғы шекарасы)
Қалақша саусақты жауырын үсті ойыққа қойыңыз.
Қалақша саусақты жоғары жүргізе отырып, VII мойын омыртқаның тұсынан 3-4 см сыртқа орналасқан қарай перкуссия жасаймыз.
Кренинг кеңістігінің енін анықтау.
1.Трапеция тәрізді бұлшық етке қалақша саусақты көлденеңнен қойыңыз және алдымен жоғары қарай ,кейін сыртқа қарай тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссия жасаңыз.
2. Анық дыбыстан тұйық дыбысқа ауысқан жердегі нүктелердің арасын сантиметрмен өлшеңіз.
Ескерту:
Өкпенің жоғарғы шекерасы алдынан – қалыпты жағдайда- 3-4см.
Өкпенің жоғарғы шекарасы артынан- VII мойын омыртқаның өсіндісінің тұсына сәйкес келеді
Крениг кеңістігінің ені қалыпты жағдайда – 4-7см. Сол жақта бұл аймақ , оң жақа қарағанда 1-1,5см артық.
Крениг кеңістігінің азаюы және өкпенің жоғарғы шекарасының төмендеуі – өкпе ұшының солуы кезінде, туберкулез кезінде анықталады.
Крениг кеңістігі ұлғаюы және өкпенің жоғарғы шекарасының жоғарылауы – өкпе эмфизема ауруында, бронх демікпесінің ұстамасы кезінде анықталады.
Жедел көмек
Өкпеден қан кеткен кезінде көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмек
Мақсаты: Қан кетуді тоқтату.
Көрсеткіші: қан түкіру, қақырықта қан болу, қақырық: қызғылт, көпіршікті немесе
сұйық, көп мөлшерде қан кету, терісі бозғылт, науқас қорыққан, артериальды қан қысымы төмендеген ,естен танған, өкпеде ұсақ көпіршікті сырыл.
Қарама- қарсы көрсеткіші: жоқ;
Асқынулары: тахикардия, АҚҚ төмендеуі, коллапс, жедел жүрек жеткіліксіздігі;
Қажетті заттар: оттегі, система, жгут, шприцтер, залалсыздандырылған мақта заттары, марілер, залалсыздандырылған лоток,дәрілік заттар, этил спирті 700.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Дәрігер шақыру.
2.Науқасты тыныштандыру.
3.Басын сәл көтеріп аяғын түсіріп отырғызу.
4.Қалта түкіргішін қолдануды үйрету
5.Тамақты ыстық ішпеу
6.Ыстық ванна, душ қабылдамау
7.Дәрігер келгенше сөйлеуге және қозғалуға тыйым салынады.
8. Тамақты суытып ішу
9. Қан құю. Реополилиглюкин,плазмоалмастырғыш ертінділер және жаңа донор қанын құю.
10. Дәрілік заттар дайындау.
1. Хлорид кальция немесе глюканат кальция 10%-1-5 мл көк тамырға
12.Эпсилон аминокапрон қышқылын 5%- 100мг көк тамырға
13.Викасол 1%-1 мл көк тамырға
14.Аскорбин қышқылы.
15. Кіші қан айналым шеңберіндегі қан қысымын төмендету үшін эуфиллин 2,4%-10 мл.
16.Жөтелді азайту үшін кодеин 0,1мг х 3 рет күніне.
17.Көмектеспесе – хирургиялық ем. Ауруханаға жатқызу.
Ескерту:
1.Сол жақ қарыншаның жеткіліксіздігі кезінде диуретиктер (40-80мг лазикс көк тамырға)және оттек терапиясы.
Манипуляция: Пациентке туберкулез кезіндегі қақырық жинау әдісін үйретіңіз.
Туберкулезге қақырық жинау 3 рет жүргізіледі.
Қақырықты жинау бөлек бөлмеде жүргізіледі. Терезе ашылған мейірбике маска киеді.
Алгоритм іс – әрекеті :
Науқасқа хабарлау.
ТБ 05 формалы жолдаманы дайындау.
Анализді жинау үшін 3 ыдыс дайындау.
Қақырық жинауды үйрету, қақырықты жөтелгенде жинау керектігін ескерту.
Кешкісін тісін жууды, ал таңертең аузын жылы сумен шаюды ескерту.
Ыдыстың қақпағын ашып, жөтелгенде қақарықты жинау кем дегенде 5 мл болу керек.
Қақпағын жабу.
Лабораторияға жеткізу.
Шұғыл көмек:
Гиперкликемиялық комада дәрігерге дейінгі медициналық көмек:
Мақсаты: Науқасты комадан шығарып, жалпы жағдайын жақсарту.
Көрсеткіші: Сомноленция, сопор, кома, тахипноэ, тахикардия,артериялық гипотония, дегидратацияның клиникалық көрсеткіші (шырышты қабықтары құрғақ, олигоурия) жүрек айну, құсу, іштің ауруы, ацетон иісі. Комадағы қант мөлшері 19,4 ммоль/л. Бикарбонаттар 20мэкв/л. Анионды айырмашылығы 12 мэкв/л.
Қарама – қарсы көрсеткіші: жоқ
Мүмкін болатын асқынулары: терең веналардың тромбозы, артери- асперациялық пневмония, мидың ісінуі, өкпе ісінуі, инфекция, эрозиялы гастрит, жедел тыныс алу жеткіліксіздігі, олигоурия және бұйрек жеткіліксіздігі.
Терапиялық асқыну: ми және өкпе ісінуі, гипогликемия, гипокалиемия, гипонатриемия, гипофосфатемия.
Керекті құрал жабдықтар: 10% хлорлы калий ерітіндісі, жылдам әсер ететін инсулин, изотоникалық натрий хлориді ерітіндісі, штатив, стерильді қолғап, стерильді мақта шариктері, 70% этил спирті, лейкопластырь, пинцет, 5,10,20 мл бір рет қолданылатын шприц, система, зеңбіл, тонометр, фонедоскоп, марлі салфеткасы.
Алгоритм іс – әрекеттері: