Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РУПД_ФЛП.каз_нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
344.06 Кб
Скачать

7. Білім беру технологиялары

Білім алушылардың кәсіби игерімдерін қалыптастырып, оны дамыту мақсатында ҚР МЖМБС міндеттеріне сәйкес аудиториялық емес оқу үрдісі барысында(іскерлік және кейіпкерлік ойындар, нақты оқиғаларды талдау, психологиялық және басқада тренингтер) сабақтардың активтік және интерактивтік түрлерін қарастыратын компетенттік қатынас таратылуда.

Қарастырылып отырған оқу жұмыстарын тарату үшін сапалы білім беру технологиялары ретінде ақпараттық технологиялар қолданылады:

  • мультимедиялық оқытулар (презентациялар, мультимедиялық курстар);

  • тораптық компьютерлік технологиялар (интернет, желілер торабы).

Интерактивтік түрде өткізілетін сабақтың маңыздылығы бағдарламаның басты мақсаты(миссия) ретінде білім алушының ерекшелігімен, нақты сабақтың мазмұндылығымен анықталып, аудиториялық сабақтың 20% құрайды.

8. Пәнді меңгеру қорытындылары бойынша үлгерімді ағымдық бақылау және аралық аттестаттау бойынша бағалау құралдары

Бақылау түрі*

Өткізілу түрі

Бағалау материалдары

Мазмұны

Ескерту

1

АБ1

Тестілеу

1 модуль бойынша тестілік билеттер комплекті

Бір тест тапсырмалары 10 сұрақтан тұрады, оның біреуі ғана дұрыс

15 нұсқа

2

АБ 2

Тестілеу

2 модуль бойынша тестілік билеттер комплекті

Бір тест тапсырмалары 10 сұрақтан тұрады, оның біреуі ғана дұрыс

15 нұсқа

3

ЗЖҚ

Зертханалық жұмысты қорғау

Ауызша сұрақтар

Бақылау тапсырмалары бойынша сұрақтар

5 нұсқа

4

Р1-Р4

Реферат жазу

Реферат тақырыптары

СӨЖ сәйкес

әр модульге сәйкес


Ескерту: Бақылау түрі оқу үрдісі мен үлгерімді бақылау графигіне сәйкес келтіріледі.

9. Курс саясаты және рәсімі

Білім алушы міндетті:

- барлық аудиториялық сабақтарға (дәріс, тәжірибелік сабақ, семинарлық сабақ, зертханалық сабақ) және оқытушының жетекшілік етуімен болатын өздік жұмыстарға жүйелі қатысуы тиіс (ОЖБӨЖ);

- білім алушының өздік жұмысын (БӨЖ) белгілі көлемде және белгіленген мерзімде кітапхананың оқу және Интернет залында ұсынылған оқулықты, оқу-әдістемелік әдебиеттерді немесе басқа да мәліметтерді қолданумен орындауы тиіс;

- белгіленген көлемде жазбаша жұмыстардың (ОЖБӨЖ) немесе БӨЖ) тапсыруын қатал түрде сақтау қажет;

- рейтингтік және қорытынды бақылауға жеке қатысуы тиіс;

Аяқталмаған жазбаша жұмыстар есептелмейді.

Дер кезінде, толық және сапалы орындалған жазбаша жұмыстар (СОӨЖ немесе СӨЖ) творчестволық жақын келу, оқу процесінде белсенді қатысу, білім алушылар конференцияларға қатысу, әр түрлі әдеби және электрондық ақпарат көздерін пайдалану білім алушыға ынталандыру ұпайлары меншіктеледі.

Дер кезінде тапсырылмаған, толық емес, сапасыз және енжар орындалған жазба жұмыстар (ОЖБӨЖ) немесе БӨЖ), аудиториялық сабақтан (дәріс, тәжірибелік сабақ, семинарлық сабақ,

зертханалық сабақ) және оқытушының жетекшілік етуімен болатын өздік жұмыстардан қалу (кешігу), сонымен қатар оқу корпусында сабақ өткізу этикасын бұзғаны үшін білім алушы айып ұпайын алады.

Білім алушы білімінің рейтингтік және қорытынды бақылаулары оқу орнының бекітілген оқу процесінің графигіне сәйкес өткізіледі.

Студенттердің білімдерін бағалау қлшемдері:

- «өте жақсы» (90-100 балл) бағасы – егер студент бағдарламалық материалдың терең және берік білімдерімен ие болса; жауап берген кезінде дәйекті және логикалық пішінді білімді толық көрсетсе; сұраққа байланысты тұжырмен зағдылықтарды дұрыс тұжырымдаса; баяндалған материалға сәйкес қорытынды жасаса; берілген мәселе бойынша автор – зерттеушілерді (ғалымдарды) білсе;

- «жақсы» (75-89 балл) бағасы – егер студент бағдарламалық материалды жеткілікті толық біліміне ие болса; оның жауабының мазмұндамасы сауатты жіне оқу материалға сәйкес болса; тұжырымдаған ұғымдарда нақты маңызды дәлсіздіктер болмаса; теориялық қағидалары дұрыс пайдаланып, мысалдармен дәлелденіп, қорытындыланса;

- «қанағаттанарлық» (50-74 балл) бағасы – егер студент мағызды ұғымдарын меңгермей, бірақ негізгі материал туралы ортақ білімі болса; біршама дәлсіздікпен негізгі ұғымдарды тұжырымдаса; теориялық ұғымдарды дәлелдейтін мысалдарды келтіру кезінде қиналса;

- «қанағаттандырарлықсыз» (0-49 балл) бағасы – егер студент бағдарламалық материалдың айтарлықтай бөлігін білмесе; баяндау кезінде айтарлықтай қателіктерді жіберсе; негізгі мәселелерді айыра алмай, қорытынды шығара алмаса; қате анықтамаларды келтірсе.