- •Мазмұны
- •1. Оқу пәнін (модулді) меңгерудің мақсаттары
- •2. Мамандықтың негізгі білім бағдарламасы құрылымындағы оқу пәнінің орны
- •3. Пәннің сипаттамасы және құрылымы
- •Мамандықтың жұмыс оқу жоспарына (жож) сәйкес пән құрылымы
- •4. Білім алушының оқу пәнін меңгеру нәтижесінде қалыптастырылатын құзіреттері
- •5. Оқу пәнінің мазмұны
- •5.1. Дәріс сабақтар
- •5.2. Тәжірибелік (семинарлық) сабақтар
- •5.3. Оқытушының жетекшілігімен жасалатын білім алушының өзіндік жұмысы (ожбөж)
- •5.4. Білім алушының өзіндік жұмысы (бөж)
- •6. Пән бойынша оқу үрдісі мен үлгерім бақылауының графигі
- •7. Білім беру технологиялары
- •8. Пәнді меңгеру қорытындылары бойынша үлгерімді ағымдық бақылау және аралық аттестаттау бойынша бағалау құралдары
- •9. Курс саясаты және рәсімі
- •10. Оқытудың көрнекі құралдары, бағдарламалық қамтамасыз етілуі және техникалық құралдары Көрнекті құралдар (кқ)
- •Бағдарламалық қамтамасыздандыру (бқ)
- •Оқытудың техникалық құралдары (отқ)
- •11. Пәннің оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі
2. Мамандықтың негізгі білім бағдарламасы құрылымындағы оқу пәнінің орны
«Функционалдық және логикалық программалау» пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы 5В070400–«Есептеуіш техника және программалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттеріне арналған « Есептеуіш техника және программалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының негізгі бөлімі.
«Функционалдық және логикалық программалау» пәні оның алдындағы өтілген «Информатика», «Алгоритмдік тілдерде программалау», «Программалау технологиялары», «Математика», «Объекттік бағытталған программалау» пәндерімен байланысты.
Бұл пән бойынша студенттердің алған білімі мен дағдысы мынадай шектес пәндерде: «Мәліметтер қоры», «Мәліметтер қорын жобалау», «Ақпараттық жүйелерді жобалау», «Ақпараттар қорғанысы», «Сараптау жүйелері», «Жасанды интеллект жүйесі», «Эксперттік жүйелер» сондай-ақ мамандандыру пәндері мен диплом жобасында қолданулары мүмкін.
3. Пәннің сипаттамасы және құрылымы
«Функционалдық және логикалық программалау» пәні 5В070400–«Есептеуіш техника және программалық қамтамасыз ету» мамандығының 3-курста (6-семестрде) оқытылатын таңдау пәндерінің бірі болып саналады. Пәнді оқытуға барлығы 180 академиялық сағат берілген, яғни сабақтардың түрлері бойынша келесі түрде бөлінген: аудиториялық сабақ – 90 сағат, оқытушының жетекшілік етуімен студенттің өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – 23 сағат, студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – 67 сағат. 45 сағат көлеміндегі аудиториялық уақытты құрайды: дәріс – 30 сағат, тәжірибелік сабақ – 60 сағат. Студенттердің білімін бағалаудың қорытынды (семестрлік) формасы: 3-ші курс, 5-ші семестр – емтихан.
1-кесте.
Мамандықтың жұмыс оқу жоспарына (жож) сәйкес пән құрылымы
Пән модулі |
Аудиториялық сабақтар |
Өзіндік жұмыс |
Аралық аттестаттауды жүргізу формасы |
|||
Д |
ТС/ СС |
ЗЖ |
ОЖБӨЖ |
БӨЖ |
||
1 модуль - «Логикалық программалау» |
10 |
20 |
|
13 |
34 |
|
2 модуль - «Функционалдық программалау және жасанды зерде жүйелері» |
5 |
10 |
|
10 |
33 |
|
Барлығы: |
30 |
60 |
|
23 |
67 |
Емтихан |
Ескерту: а) 1 кредит семестрдегі 45 академиялық сағатқа тең, олардың ішіндегі 15 академиялық сағат аудиториялық сабақтарға (Д, ТС, СС, ЗС) және 30 академиялық сағат білім алушының өзіндік жұмысына (ОЖБӨЖ + БӨЖ) бөлінеді;
б) Д – дәрістер, ТС – тәжірибелік сабақтар, СС – семинар сабақтар, ЗС – зертханалық сабақтар, ОЖБӨЖ – оқытушының жетекшілігімен орындалатын білім алушының өзіндік жұмысы, БӨЖ – білім алушының өзіндік жұмысы;
в) ОЖБӨЖ түрінде жоспарлануы мүмкін: КЖ – курстық жоба (жұмыс), ЕГЖ – есептемелік-графикалық жұмыс, ТЕ – типтік есептер, ЖЖ – жазбаша жұмыстар (ЭССЕ) және т.б.
4. Білім алушының оқу пәнін меңгеру нәтижесінде қалыптастырылатын құзіреттері
Бітіруші төмендегідей жалпымәдениеттілік компетенцияларын (ЖК) игеруге міндетті:
ЖК 2 – кәсіби іс-әрекеттік салаларда ақпараттық технологияларды қолдануды үйреніп, қазіргі техникалармен жұмыс жасауды
ЖК 3 – білім алудың жаңа түрлерін меңгеріп, оны күнделікті кәсіби әрекеттерінде және білімін магистратурада жалғастыруға пайдалануды
Бітіруші келесі кәсіптік компетенцияларды (КК) игеруге міндетті:
КК 2 - алған білімін кәсіптік салада түсініп қолдана білуге лайықты болуды
КК 3 - IT технологияларды пайдалану барысында оларды жөндеуге, қызмет көрсетуге және жаңа идеялар мен проблемаларды шешу мақсатында ақпараттарды
КК 4 – жинақталған тәжірибені сынмен қарап, қажетті жағдайда өзінің кәсіби әрекетін
өзгертуге, болашақ кәсібінің әлеуметтік мәнін сезініп, оны орындауда жоғары деңгейде сезіну
КК 5 – ЭЕМ элементтері мен жүйелеріне, тораптары, IT технологияларына қызмет көрсету мен жөндеуде, оларды пайдалану барысында шұғыл шешім қабылдауға лайықты және ұзақ немесе қысқа мерзімдік жоспарлау кезіндегі әртүрлі ұсыныстарды(бағасы, сапасы, орындалу мерзімі мен қауіпсіздік шаралары) пайдалы шешу жолын
КК 6 – ақпаратты қабылдауға, талдауға, оны байытуға(дамыту), мақсат қойып оған жету жолдарын табуға лайықты болу; ЭЕМ элементтері мен жүйелеріне, тораптары, IT технологиялары кемшіліктерін тауып, оларды шешуде қызмет көрсету; әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойланымдарды ескере отырып ақпаратты және олардың интерпретациясын жинауға лайық болу
КК 7 – қазіргі ЭЕМ нің техникалық сипаттамаларын, құрамын, классификациясын білуге, түрлі пайдалану жағдайларында IT технологиялардың қолданылу тиімділігіне талдау жасай білу
КК 8 - IT технологияларды жасау және қайтадан жетілдіру бойынша жобалық-конструкторлық құжаттарды жасауға дайын болу
КК 9 - IT технологияларды жасау және қайтадан жетілдіру үшін жобалық-есептеу жұмытарын орындауға, техникалық құжаттарды және қажетті әдістемелік нұсқауларды жасай білуге
ПК 10 - ЭЕМ элементтері мен жүйелеріне, тораптары, IT технологияларына қызмет көрсету мен жөндеуде, оларды пайдалану барысында қабылданған және ұсынылған шешімдердің дұрыстығына көз жеткізіп, оларға техника-экономикалық талдау жасауға дайын болу; алынған нәтижелерді практикада пайдалана білуді
ПК 11 - IT технологияларын жөндеу мен қызмет көрсету, оларды пайдалану барысында бұйымдар мен энергияны, табиғат ресурстарын қауіпсіз пайдалануды және үнемдеуді
ПК 12 - IT технологияларға қолданылатын ұйымдастырушы құрылымдарды, басқару мен реттеу әдістерін, тиімділік критериларын
ПК 13 – көліктік коммуникациялардың, техникалық және технологиялық құрал-жабдықтарды жөндеу мен оларға қызмет көрсетудің ерекшеліктерін байқау қабілетін
ПК 14 - IT технологияларды тиімді пайдалану ережелері мен техникалық шарттарын біліп, ақауын анықтап жұмыс жасау қабілеттілігі деңгейін анықтауды
ПК 15 - локальды тораптар мен ЭЕМ жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді, диагностикалық ұйымдастыру түрлері мен технологиясын жете түсінуді
ПК 16 - тораптар мен ЭЕМ жөндеу және техникалық қызмет көрсету, оларды пайдалану салдарынан болатын апаттар мен кездейсоқ оқиғалар жағдайында білікті іс-әрекет жасауды, өміртіршілігі қауіпсіздігі мен негізгі еңбек физиологиясын сақтауды
ПК 17 - IT технологияларын жөндеу мен техникалық қызмет көрсету, оларды пайдалану технологиясының даму тенденциялары мен алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық тәжірибелерді талдауды
ПК 18 - IT технологияларын жөндеу мен техникалық қызмет көрсету, оларды пайдаланудың жаңа инновациялық технологиясын ғылыми-техникалық тұрғыдан есептік, эксперименттік, теориялық зерттеулерді орындап, тұжырымдауға
ПК 19 - локальды тораптар мен ЭЕМ жөндеу және техникалық қызмет көрсету, құрылғыларды және жүйелерді пайдаланудағы және басқада лабораториялық, қабырғалық, полигондық, қабылдау-тапсыру сияқты сынақ түрлеріне ұжым құрамында қатысуға
ПК 20 – эксперименттік өлшеулер жасап, оның нәтижелерін бағалай білуді
ПК 21 - қазіргі ЭЕМ нің техникалық сипаттамаларын, құрамын, классификациясын білуге, түрлі пайдалану жағдайларында IT технологиялардың қолданылу тиімділігіне талдау жасай білу, қажетті ақпараттарды, техникалық мағлұматтарды, қазіргі заманғы жаңа техникалық құрылғыларды және пайдаланудың техникалық үрдістерін жетілдіру барысындағы жұмыс нәтижелері мен көрсеткіштерін қолданып қажетті есептеулер жүргізуге
ПК 22 – жанама белгілер бойынша және диагностикалық аппараттарды қолданып IT технологияның техникалық күйін берілген мәлімет бойынша бағалауды
ПК 23 – перифериялық қондырғылар мен ЭЕМ жұмыс жасау қабілеттілігін арттырып, дұрыс пайдалану үшін қабылданған шешімді қолдануды
ПК 24 – жаңа диагностикалық қондырғылар мен бұйымдарды қолданып IT технологияларын жөндеу мен техникалық қызмет көрсету, оларды пайдалануда алдыңғы қатарлы технологияны
Пәнді оқыған білім алушы міндетті:
Білуге:
уақытқа сай кәсіптік көзқарастарын дамыту және компьютерлерде есеп шығаруының стандарттық емес келісімдерін;
логикалық және функционалдық программалау негіздерінде модель құруды;
жасанды интеллект есептерін программалау техникасын.
Игеруге:
- Turbo Prolog программалау тілінің негізгі ережелерін;
- Haskel программалау тілінің негізгі ережелерін;
- Lisp программалау тілінің негізгі ережелерін;
Болжауға:
- логикалық программалау тілінің негізгі процедураларын;
- функционалдық программалау тілінің негізгі процедураларын;
- жасанды интеллект жүйесінің қасиеттерін.
