- •Жұмыс кітабындағы парақтар
- •Файлдар арасындағы байланыс
- •Тапсырма 4
- •Excel программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)
- •ЭлектронДы процессорЫ
- •4.4 Сурет.
- •4 Тоқсандағы сүт тағамдарының сатылу кестесі
- •Мәндер жиынынан белгілі бір мәндерді таңдау
- •Тізімді сұрыптау. Жазбаларды автосүзбе өткізу.
- •Толық кестелер. Баспаға шығару
- •Студенттің өзіндік жұмыстары
- •Тауарлар сатылуының бағалық көрсеткіші
- •Ұяшықтармен жұмыс
Файлдар арасындағы байланыс
Екі файл арасындағы байланыс, бірінші файлға екінші файлдағы кесте ұяшықтарына сілтемесі бар формуланы енгізу арқылы жүзеге асады. Яғни бірінші файл қажетті мәліметтенр сақтау көзі де, екінші сол мәліметтерді қолдану, қабылдаушы файл болып табылады. Байланыс кезіндегі мәліметтерді қабылдап алатын файл – Бекіту файлы (Файл назначения), мәлімет жазып сақталған файл – түбіртек (источник) файлы деп аталады.
Екі файл арасында байланыс құрылған мезетте, Excel программасы түбіртек файлда өзгерістер болса, оған тәуелді бекіту файлы ұяшығындағы шамалар автоматты түрде жаңарады.
10-шы тапсырма.
jurnal.xls файлындағы мәліметтерді қолдана отырып, бағананы Ақпараттану пәнінің бағаларымен толтыру арқылы, әр түрлі жұмыс кітаптары парақтарының арасында байланыс құрыңыз.
10.1. 1-ші тоқсан парағындағы Ақпараттану бағанасындағы мәліметтерді С3:С7 аймағын белгілеп алып, Түзету, Тазалау, Бәрін (Правка, Очистить, Все) командасын орындау арқылы өшіріңіз.
10.2. С3 ұяшығында jurnal.xls файлының сақталған орнын мынадай формула түрінде көрсетіңіз: = “С:\Мои документы\[ jurnal.xls]Ақпараттану”!L3.
Мұндағы “С:\Мои документы\[ jurnal.xls]Ақпараттану”! – jurnal.xls файлының Ақпараттану парағына сілтеме.
”” таңбасы міндетті түрде болуы қажет. Файлдың аты квадрат жақшаның ішіне жазылуы тиіс. Сілтемеде қажетті ұяшықорналасқан парақ, файл, каталог, диск жолы дұрыс көрсету керек. Егер қате болған жағдайда программа хабарлама береді.
10.3. Осы жазылған формуланы бағананың қалған ұяшықтарына көшіріңіз. Бағанаға Ақпараттану пәнінің 1-тоқсандағы бағалары қойылады.
11-шы тапсырма.
Өз бетіңізше физика және алгебра пәндерінің бағаларын, файлдарды байланыстыру арқылы орындаңыз.
12-ші тапсырма.
Терезе - Жаңа терезе (окно - Новое окно) командасын орындап, тағы да екі жаңа терезе ашыңыз. Осы терезелерге Физика және Алгебра парақтарын Терезе – Қатарынан Орналастыру (Окно – Расположить - Рядом) командаларын орындау арқылы қатар орналастырыңыз.
13-ші тапсырма.
Ақпараттану терезесінен басқа терезелердің бәрін жабыңыз. Осы терезені бүкіл экран бетін алып тұратындай етіп үлкейтіңіз.
14-ші тапсырма.
<Ақпараттану> парағында 1-ші тоқсанды 5,4,3 бағаларымен бітірген оқушылардың тізімін шығарыңыз. Ол үшін:
14.1 <Ақпараттану> парағының А10 ұяшығына ”5-тік баға алғандар” деген мәтінді теріп жазыңыз.
14.2 Осы мәтінді А17 және А24 ұяшыққа көшіріңіз.
14.3 А17 ұяшығындағы 5-ті 4-ке, А24 ұяшығындағы 5-ті 3-ке түзетіңіз.
14.4 Мәліметтер – Фильтр – Автосүзгі (Данные-Фильтр-Автофильтр) командасын орындап, 1-ші тоқсанда 5-тік бағаға қорытылған оқушының фамилиясын таңдап алыңыз (бұл үшін, тышқан көрсеткішін Ақпараттану кестесі ішіне орналастырған соң, Мәліметтер – Фильтр – Автосүзгі командасын орындап, 1-ші тоқсан жазбасының оң жағындағы үшбұрышты қара бағыттауышты шертіп, 5 деген шартты таңдау жеткілікті 4-ші сурет.
№ |
Фамилия , аты-жөні |
2.09 |
9.09 |
16.09 |
23.09 |
… |
I-четверть |
1 |
Асқар Әди |
3 |
|
4 |
|
4 |
4 |
2 |
Дулат Арнұр |
5 |
|
5 |
|
5 |
5 |
3 |
Мерген Ұлықбек |
|
4 |
|
4 |
|
4 |
4 |
Уаис Айдос |
5 |
|
3 |
|
4 |
4 |
5 |
Имангали Тимур |
|
3 |
|
3 |
|
3 |
Получили оценку 5: |
|
|
|
|
|
|
|
№ |
|
2.09 |
9.09 |
16.09 |
23.09 |
… |
I-четверть |
|
Дулат Арнұр |
|
|
|
|
|
|
Получили оценку 4: |
|
|
|
|
|
|
|
|
Асқар Әди |
|
|
|
|
|
|
|
Мерген Ұлықбек |
|
|
|
|
|
|
|
Уаис Айдос |
|
|
|
|
|
|
Получили оценку 3: |
|
|
|
|
|
|
|
|
Имангали Тимур |
|
|
|
|
|
|
4-ші сурет. Автосүзгіден өткізілгеннен кейінгі нәтиже.
14.5 1-ші тоқсанда 5-тік баға алған оқушылардың фамилияларын белгілеп, алмастыру буфері арқылы В бағанасының 11-ші қатарына көшіңіз (CTRL пернесін басып тұрып,тышқан арқылы тасымалдауға да болады).
14.6 Көшірілген фамилиялардың айналасында жиектеме, фон бар болса, оларды алып тастаңыз.
14.7 Дәл жоғарыдағы әрекеттерді 4-тік және 3-тік бағаға шыққан оқушылар үшін де қайталаңыз.
14.8 Автосүзгі командасының орындалуын Мәліметтер – Сүзгі – Автосүзгі (Данные-Фильтр-Автофильтр) командасын орындау арқылы тоқтатыңыз.
15-ші тапсырма.
Осы лабораториялық жұмыста орындалған тапсырманы MSI.xls деген атпен файл етіп сақтаңыз.
16-шы тапсырма.
Ақпараттану және Физика парақтарын қағазға басып шығарыңыз.
17-ші тапсырма.
Оқытушыға MSI.xls кітабын файлда және қағазда көрсетіңіз.
Негізгі әдебиеттер: : [1] – 1-638 б, [2] 1- 432 б.
Қосымша әдебиеттер: [8] .
Бақылау сұрақтары:
Кітаптағы бір жұмыс парағынан екіншісіне көшу әрекеті қалай орындалады.?
Кестедегі мәліметтерді кітаптың басқа парағына қалай көшіруге болады?
Парақтың атауларын өзгертуге бола ма? Қалай?
Кітаптың екі парағын бір-бірімен қалай байланыстыруға болады?
Жұмыс кітабында қолданылмайтын парақтарды жоюға болам ма?
Бірнеше терезелермен жұмыс қалай жасалады?
Кестелер арасындағы байланыс қалай жүзеге асады?
MS Excel-электрондық кестесі. Ұяшықтармен жұмыс. Формуланы пайдалану. (4сағат зертханалық жұмыс, 1 сағат СӨОЖ)
Мақсаты: Электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысу, кестеге мәліметтер енгізу, кестені файл ретінде сақтау және жүктеу, редакциялау және пішімдеу (форматтау), матрицаларды өңдеуде EXCEL функцияларын пайдалану, матрицаларға арифметикалық амалдар қолдануды автоматтандыру, формулалармен және жиындармен (массивтермен), Excel-де қолданылатын функциялармен, сандардың форматтарымен, кестедегі ақпараттарды өзгертуден қорғау әрекеттерін орындау, кестені баспаға шығару әрекеттерін үйрену.
1. Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (ПУСК) батырмасында тышқанды шертеміз де, Программалар қатарынан таңдап, Microsoft Office Microsoft Excel амалын орындау. 2. Тышқанның оң жағын бер рет шерткендегі Жанама менюден Құру (Создать) кестелік процессор Microsoft Excel таңдап, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шертеміз. Іске қосылғаннан кейін төмендегі терезені көреміз: |
1.1-сурет. Excel программасының терезесі.
Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағандардан тұрады. Жолдардың саны – 65536, ал бағандар саны – 256. Баған мен жолдың қиылысқан жерінде орналасқан тор ұяшық деп аталады.
Жол нөмірі – көлденең орналасқан қатарлардың сол жақ шетінде жазылған нөмірімен белгіленеді.
Ұяшық көрсеткіші – жұмыс істеуге дайын ағымдық ұяшықты көрсетіп тұрған тіктөртбұрышты таңба.
1. EXCEL программасын іске қосу
Тапсырма 1
Саймандар тақтасы мен форматтау саймандар тақтасының барлық батырмаларын
алып тастап, қайта орнына қойыңыз.
Тапсырма 2
Бос жол және бос қатар қосу жолдарын көрсетіңіз.
Жұмыс парағын қосу және оған атау беру жолдарын көрсетіңіз.
Әдістемелік нұсқау
Меню қатарынан ҚОЮ (Вставка) – Қатар (строка) немесе бағана (столбец) таңдаймыз.
Ағымдағы екпінді ұяшыққа курсорды қойып “Ctrl +”, “Ctrl + Shift +” батырмаларын басу арқылы бос бағана немесе бос жол қосуымызға болады.
Меню қатары ҚОЮ (Вставка) – Парақ (лист) белгішесін басамыз. Ал атау қою үшін Меню қатарындағы Формат – Парақ (лист) – атын өзгерту (переименовать) батырмасын таңдаймыз. Сол кезде атау қоюға арналған парағымыз белгілі болады, соны өшіріп пернетақта арқылы керекті атауды тереміз.
Тапсырма 3
Тышқанның көмегімен кесте бөліктері қалай беліленеді?
