- •Досыбаев нұрсұлтан қалсерікұлы Соғыстан кейінгі кезеңдегі (1945-1953 жж) Қазақстан халықтарының өмір үшін күресі (oral history)
- •6M011400 – Тарих
- •Мазмұны
- •Тарихнамасы ................................................................................
- •III. Соғыстан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік- демографиялық өзгерістердің барысы.................................
- •V. Қорытынды............................................................................................
- •VI. Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................
- •I. Тарихнамасы
- •1.1 Ресей тарихнамасында соғыстан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік процесстер
- •1.2 Қазақстан тарихнамасындағы кеңестік кезеңдегі күнделікті өмір мәселесі
- •Ауызекі тарихты зерттеудегі тұжырымдық-методоллогиялық ұстанымдар
- •1.1 Ауыз екі тарих (Oral History) жұмыстың негізгі дереккөзі
- •1.2 Ауызекі тарих методикасы: респонденттерді таңдау, интервью алу және интервьюларды талдау жолдары
- •III. Соғыстан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік- демографиялық өзгерістердің барысы интервью
- •IV. 1945-1953 жж қазақстан халықтарының күнделікті өмір үшін күрес-амалдары
- •Интервью
1.2 Қазақстан тарихнамасындағы кеңестік кезеңдегі күнделікті өмір мәселесі
Қазіргі уақытта тарих ғылымында күнделікті тарих мәселесіне қызығушылық артуда. Батыс және Ресей тарих ғылымының бұл тақырыптағы әр-түрлі бағыттағы зерттеулері бәсекелесуде және сәтті дамуда. Өкініштісі, Қазақстандық тарих ғылымында мұндай зерттеулер іс-тәжірибелік түрде жоқтың қасы.
Қазақстан тарих ғылымы үшін жоғарыда айтылғандай жаңа бағыт болып табылады. Бұл меңгеру обьектісі «күнделікті өмір», «қазақстанның күнделікті тарихына» негізделген ғылыми еңбектердің жоқтығымен дәлелденеді.
Ғылыми еңбектерге библиографиялық талдауда көрінетіндей күнделікті тарих аспектісіне кіретін жеке құрамдас бөлімдер кеңестік және қазіргі ғылыми әдебиеттерде бейнеленеді. Бірақ, ұсынылған зерттеулер сыртқы, өмірдің материалдық жағына немесе рухани мәдениеттің бөліктеріне, жарқын бейнеленген этнографиялық-сипаттамалық мінездемесіне күш салады.
Қазақстанның кеңестік күнделікті өмір тарихнамасын шартты түрде үш топқа бөлуге болады.
1) Қазақстан тарихындағы соғыс және соғыстан кейінгі кезеңдердегі аграрлық, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік-демография туралы жазылған еңбектер.
2) Этнографиялық экспедициялық сипаттағы зерттеулер.
3) Кеңестік кезеңнің күнделікті тарихына арналған жұмыстар.
Бірінші топтағы зерттеулерге соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстан тарихы, ауыл мен селоны басқару, ондағы денсаулық, мәдениет салаларында еңбек ету, түрлі тұрмыстық қызмет көрсету, әлеуметтік-демография және ауыл шаруашылығы туралы жазылған еңбектерді жатқызамыз. Егер атап айтар болсақ, Қазақстандық қоғамдық ғылымға айтарлықтай өз үлестерін қосқан ғалымдар Ә.Тұрсынбаев, Т.Балақаев, А.Әубәкіров, Г.Дахшлейгер, М.Қозыбаев, К.Нүрпейісов, Е.Норматов, Қ.Жаманбаев, М.Заславская, О.Киреева, Л.Рүстемов, А.Құдайбергенова, Т.Садықов, Г.Задорожный, Р.Сүлейменов және т.б. монографиялық еңбектері мен басылымдары жарық көрді. Әсіресе, жетпісінші жылдар ауыл мен селоның әлеуметтік-эканомиакалық, мәдени құрылымы туралы зерттеулер елеулі қарқынмен жүргізілген. Философтар, экономистер, демографтар айтарлықтай еңбек етті. Мысалы, М.Асылбековтың, Ә.Ишмұхамедовтың, М.Тәтімовтың, А.Ғалиевтың, В.Козинаның, Н.Қапесовтың, С.Соскиинің, Ө.Алдабергеновтың, М.Әженовтың, Қ.Қапесовтың, және т.б ғалымдардың басылымдары кешенді зерттеулердің обьектісіне айналғандығымен құнды.
Республика ауыл шаруашылығының құрылымдарын, ауыл селоларының даму мәселесін сөз еткен еңбектерге шолу жасалғанда М.Қозыбаевтың, Ж.Әбілхожиннің, Т.Омарбековтың, Қ.Алдажұмановтың, А.Құдайбергеновтердің ғылыми зерттеу еңбектері ойға түседі.10
Қазақ тарихы ғылымына елеулі еңбек болып қосылған М.Асылбековпен А.Ғалиевтың бірігіп «Қазақстандағы әлеуметтік демографиялық процестер (1917-1980жж)» атты монографиясы екенін айтып кету орынды.12
Қазақ тарихшыларының бірі ғалым, марқұм Ә.Б.Тұрсынбаевтың еңбектері көпке белгілі. Оның Қазақстандағы калхоз құрылысының әр-түрлі кезеңдерін қамтыған еңбектері өз алдына әңгіме. Бұл ғалымның еңбегінде соғыстан кейінгі жылдары ұйымдастырылған шаруашылықтардың құрылуы, тың және тыңайған жерлерді игерудің жолдары көрсетіледі.
Манаш Қозыбаевтың «Трудовые подвиги Казахстанцев в тылу» еңбегінде де ауыл, селоның соғыс жылдарындағы әрекет үрдісі назардан тыс қалмайды.
Отан соғысы кезіндегі калхоз құрылысының әр түрлі бағыт алып, өзгеруі Т.Балақаевтың кітабында басылған жалпы ел басына күн туған замандағы ауыл, село халқының жылдағы ауыр еңбегі, бала мен ананың жанкешті өмірін басқада тарихи монографияларда суреттеледі.18
Ерекше ден қоярлық тарихи еңбектер «Қазақстан коммунистік партиясы тарихының очерктері», «Қазақ ССР тарихы», «Социализм дәуірі», «Кеңес үкіметінің 50 жыл ішіндегі Қазақстанның ауыл шаруашылығы», «Тың игерудің байлығы» т.б. Ауыл, село еңбеккерлерінің қажырлы да бейнет-қиындыққа толы өмір тұрмыстары белгілі ауылшаруашылығын зерттеуші Ф.К.Михайлов пен И.Шамшатовтың «Қазақстандағы тың жерлерді игерудегі халықтық қозғалыс» атты еңбегінде ұйымдық шаруашылық жұмыс, шаруалардың ерлігі шынайы жақсы бейнеленген.
Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылық оның ішінде калхоз құрылысының түйінді мәселелерін М.Бесбаев, К.Әбдібақытов, Т.Әйтиев, Б.Ишмұхамедов, И.Соколов, Х.Арыстанбеков, Қ.Алдажұманов т.б тарихшы ғалымдар өз еңбектеріне арқау етіп келеді. Калхоз шаруаларының тұрмыс жағдайы, өмір салты Г.Чечелова мен Н.Күзембаевтың еңбектерінде біраз талданады. Тарихшы М.Бесбаевтың еңбегі мен Қазақстан ауыл, селоларының өсіп өркендеуіне байланысты әжептәуір мәлімет аламыз. Ғалым тарихшы К.Әбдібақытовтың «Төртінші бесжылдықтағы калхоз өндірісінің дамуы және бесінші бесжылдықтың қарсаңындағы Қазақстан калхоздарының ұйымдастырушылық жағдайы» атты еңбегінде калхоз құрылысына байланысты Үкімет шаралары тереңірек әңгіме болады. Т.Чечелованың «Калхоз эканомикасының өсуі және Қазақстанның калхоз шаруашылығының тұрмыстық деңгейі(1959-1956)», Н.Күзембаевтың «Қазақстанның село тұрғындарының материалдық игіліктерінің өсуі және мәдени деңгейі»23 атты кітаптарында халық тұрмысы мәселелрі біраз қамтылған. Әсіресе тұрмыс көрсеткіші ақша туралы жақсы айтылған.
Қазақстан калхозшы шаруаларының Ұлы Отан соғысының жеңісі жолындағы жанқиярлық еңбегі мен патриоттық істері, майдан мен тылды азық-түлікпен өнеркәсіпті стратегиялық маңызы бар шикізатпен қамтамасыз ету мәселелері Т.Б.Балақаевтың еңбектерінде көрініс тапты.50 Дегенмен де, тарихшы зерттеулері әмірлік социализм кезеңінде жарық көргендіктен соғыс жылдарындағы ауыл шаруаларының ауыр жағдайы, аграрлық саладағы қиындықтары мен кемшіліктері туралы толық қамтылып айтылмады.
Соғыс жылдарындағы Қазақстандағы майдан арсеналы ретінде зерттеген ғалым тарихшы – М.Қозыбаев. Ғалымның монографиялық зерттеулерінде, бірқатар мақалаларында республика ауыл шаруашылығының жай-күйі, майданға көмегі терең зерттеледі.51 М.Қозыбаевтың зерттеулерінің басты ерекшелігі оларда соғыс жылдарындағы аграрлық саладағы қиындықтарға пәрменді назар аударылады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан ауыл шаруашылығының тарихнамасын толықтыруға Ғ.Әбішевтің, П.С.Беланның, М.Ақынжановтың, Ж.Әбілхожиннің т.б зерттеулері септігін тигізеді.52 Авторлар ауыл шаруашылығының соғыс кезіндегі жалпы жағдайын, кеңестік жұмысшы табының аграрлық салаға көмегін, қала мен ауыл арасындағы эканомикалық байланыстардың нығаюын т.б қарастырады.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі онжылдықтардағы Қазақстан эканомикасының аграрлық саласын жетілдірудегі кеңестік науқаншылдық шараларға байланысты тарихшы зерттеушілердің көзқарастары көрсетіледі. Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығындағы жүргізілген өзгерістердің өзектісі калхоздарды ірілендіру болып саналады. Қазақстандық тарихнамада осы мәселеге көбірек көңіл бөлінген. Кадхоздарды ірілендірудің қажеттілігі мен себептерін зерттеушілер әр түрлі көзқарастар арқылы түсіндіреді. Мысалы, Қ.Әбдібақытов, М.Бесбаев ірілендіруді эканомикалық қажеттілік түрінде бағаласа, В.К.Совосьно, И.Шамшатов, Ә.Тұрсынбаев калхоздарды біріктіруді заңды процес ретінде қарастырады.53 Бұл зерттеулер әр түрлі көзқараспен түсіндірілсе де мәні жағынан бірдей. Калхоздарды ірілендіру мәселесі жайында А.Құдайбергенованың мақаласы шынайылығымен айқындалады. Зерттеуші бұл бастаманың кері әсерлерін баса көрсетеді.54 Соғыстан кейінгі жылдардың тарихнамасында калхоз өндірісінің материалдық-техникалық базасының өсуі, шаруашылықтарды электрлендіру, механикаландыру, мал шаруашылығы, еңбекке ақы төлеу, социалистік жарыс мәселелерін қарастыратын және партияның рөлін дәріптейтін зерттеулер орын алады.55 Мұндай еңбектерде ауыл шаруашылығында соғыстан кейінгі кезеңде қалыптасқан жағдайдың шындығы ашылмаған. Маркстік-лениндік методология негізінде жазылып, партияның қаулы-қарарларының мәні мен мазмұнын ашатын, солардың ауқымында атқарылған істерді көрсететін зерттеулердің тәуелсіз Қазақстан тарихын қалыптастырудағы маңызының мардымсыз екендігі айтпаса да түсінікті. Өткеннің сыр құбылыстарына қарасақ тарихнама мәселелерінің негізгі кезеңі КСРО дәуіріндегі сан қилы оқиғалар мен кереғар әрекеттерге сәйкес келеді. Осы тұстағы зерттеуде көрнекті қазақ тарихшылары Ә.Тұрсынбаев, М.Қозыбаев, Г.Р.Дахшлейгер, Б.Төлепбаев, М.Асылбеков, К.Нүрпейіс, Б.Ш.Ишмұхамедов, А.Құдайбергенов, И.Шамшатов және басқалар өз үлестерін қосты.2 Әрине, жоғарыда келтірілген зерттеулер Қазақстан тарихының кеңестік кезеңдегі ақтаңдақтарын қазіргі ұрпаққа ашып көрсетуге мол септігін тигізгенін жоққа шығармаймыз. Бірақ кеңестік кезеңдегі өмір сүрген Қазақстан халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігін, өмір үшін күресін толығымен меңгеруімізге әлі де болса жеткіліксіз.
Екінші топта Қазақстан тарихындағы күнделікті өмір мәселесіне екпіндеп жақын келетін этнографиялық сипаттағы зерттеулер. Олар Н.С.Сабитовтың, Д.Х.Кармышева, Х.А.Арғынбаев, А.Б.Қалышев, И.М.Ақылбаева мен С.Х.Шалғынбаева, Д.Б.Ескекбаев пен Б.К.Қалшабаева және Е.С.Абдрамановтардың жұмыстарында көрініс береді.
Қарастырып отырған мәселеге КСРО ҒА Қазақстан филиалының жанында 1945 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтында этнография секторының ашылуы және сол кездегі отандық этногрофтар елеулі үлес қосады.4 Мысалы, аталмыш институттың этнография секторының меңгерушісі Н.С.Сабитовтың 1951-53 жылдар аралығында Жамбыл және Алматы облыстарының әр түрлі аудандарынан энография экспедициясы нәтижесінде жиналған материалдар негізінде 1930-1950-ші жж қазақ калхозшылараның мәдениеті мен тұрмысындағы, отбасы мен неке қатынастарындағы өзгешеліктер кеңінен қамтылған.(5,6) Сонымен қатар, автор отбасын құрушылардың жас мөлшеріне және некеге тұрудағы кеңінен етек алған түрлерін, көп әйел алу жолдарына баса назар аударады. Күнделікті отбасылық неке қатынастарын, бала туу және оны тәрбиелеу дәстүрлерін зерттеуде де ғалым өзіндік ғылыми тұжырымдарын орынды келтірген.
Алматы облысы Талдықорған ауданындағы екі қазақ ауылының отбасы және отбасылық тұрмысы мәселелері 1967 жылы респулика ҒА-ның Ш.Уәлиханов институтының этнография бөлімі ғалымдары жарыққа шығарған ұжымдық монографияда толық сипатталған. Бізді әсіресе ондағы қазақ отбасының түрі мен құрамына, үй шаруашылығына, отбасы аралық еңбек бөлінісі, отбасы бюджеті, мүліктік қатынастарға, туыстық өзара қатынастарға арналған үшінші тарауы қызықтырады.14
Біз қарастырып отырған мәселенің Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі ауыл тұрғындары аясындағы этникалық аспектілері А.Б.Қалыштың бірқатар мақалаларында сипатталған. Олар отбасылық құрылымды, туыстық және өзара қатынастарды,20,21 басқа этнос өкілдерімен қатынастарын, әлеуметтік-мәдени өмірдегі исламның рөлін,23 сонымен бірге аталған облыс тұрғындарының күнделікті отбасылық тұрмысындағы этномәдени ерекшеліктерін қарастырады.24
Алматы мен Тараз қалалары қазақтарының этномәдени өмірінің этно-әлеуметтік аспектілері И.М.Ақылбаева мен С.Х.Шалғынбаеваның диссертациялық зерттеулерінде қарастырылған. Егер алғашқы жұмыста негізгі назар Тараз қаласы қазіргі қазақ отбасының мәдени-тұрмыстық сауалдарына арналса,31 екінші еңбек көрсетілген қалалардағы қазақ тұрғындарының отбасылық дәстүрлеріне арналған.32
Е.С.Абдрамановтың 2004 жылы қорғалған кандидаттық диссертациясы Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары ауыл тұрғындарының қазіргі кезеңдегі мәдени өміріне арналған.36 Автор ел арасынан жинаған этнографиялық, этносоциологиялық және статистикалық мәліметтер негізінде өзі зерттеп отырған қазақ тұрғындарының күнделікті өміріндегі этномәдени ерекшеліктерді обьективті түрде көрсетеді. Дегенмен де, бұл авторлардың зерттеулері күнделікті отбасы қатынастары, дәстүр, сенім, этномәдени үрдістерімен шектеліп, кеңестік кезеңдегі Қазақтан халқының күнделікті өмір мәселесінің мәнін ашып бере алмайды.
Тарих ғылымындағы жаңа ғылыми бағыт – күнделікті тарих, өткен тарихты меңгеруді күмәнсіз оның субьекті арқылы, яғни адамға жүктейді. Қазіргі отандық тарихнамада ауызекі тарих әдістері бойынша соғыстан кейінгі Қазақстан халқының күнделікті өмірін меңгеру адымын баспаған тақырып екенін ескере отырып, үшінші топтағы кеңестік кезеңнің күнделікті тарихына арналған жұмыстарға тоқталамыз. Мұндай зерттеулерге Б.Ракышеваның жетекшілігімен «Депортация народов в Казахстан в 1930-1950 гг.: общность истории» (интервью с пострадавшими от депортаций в 1930-50 годы в Казахстан) атты «Памят во имя будущего» Халықаралық жобасын, З.Г.Сактағанова мен К.К.Абдрахманованың «Повседневная жизнь городов центрального Казахстана в 1945-1953 гг» атты монографиясын, Д.Ұ.Хамидуллинаның «Қазақстандағы «арнайы контингенттің» күнделікті өмірі (XX ғасырдың 30-50-ші жылдары)» атты диссертациясын, Д.Б.Асымованың «XX ғ. 20-30 жж. Алматы қаласының күнделікті өмірінің кинофотофоно құжаттарындағы көрінісі» атты диссертациясын және Е.А.Жалмағамбетовтың «Қызылорда қаласының астаналық кезеңіндегі күнделікті өмірі (1925-1929 жж)» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын жатқыза аламыз.
Б.Ракышеваның жетекшілігімен «Депортация народов в Казахстан в 1930-1950 гг.: общность истории» (интервью с пострадавшими от депортаций в 1930-50 годы в Казахстан) »»» жүргізілген зерттеу жұмысы 1930-50 жылдары Қазақстанға жер аударылған әр түрлі ұлттың күнделікті тұрмысын бейнелейді. Бұл әлеуметтік зерттеудің басты негізі процеске тікелей қатысушыларынан алынған 1930-50 жж. Қазақстанға депортация туралы ақпараттың ретроспективті жинағы болып табылады.
З.Г.Сактағанова мен К.К.Абдрахмановалар «Повседневная жизнь городов центрального Казахстана в 1945-1953 гг» »»» атты монографиясында соғыстан кейінгі кезеңдегі қалалың күнделікті тарихының негізгі мәселелерін көрсетеді. Зерттеу жұмысы ғылыми айналымға түспеген естеліктер мен мұрағат материалдары бойынша құрылған. Бұл еңбек отандық тарихнамада жаңа аспектіде жүргізілген алғашқы зерттеу жұмысы болып саналады.
Д.Ұ.Хамидуллинаның «Қазақстандағы «арнайы контингенттің» күнделікті өмірі (XX ғасырдың 30-50-ші жылдары)» »»» атты диссертациясында лагерлердегі саяси тұтқындардың әлеуметтік жағдайы, күнделікті тыныс-тіршілігі бейнеленеді. Д.Б.Асымованың «XX ғ. 20-30 жж. Алматы қаласының күнделікті өмірінің кинофотофоно құжаттарындағы көрінісі» »»» атты диссертациясы Алматы қаласының күнделікті тарихын микротариқтық зерттеу арқылы суреттеуге арналса, Е.А.Жалмағамбетовтың «Қызылорда қаласының астаналық кезеңіндегі күнделікті өмірі (1925-1929 жж)» »»»тақырыбындағы диссертациялық жұмысы қала тұрғындарының күнделікті өмірі, қалалық денсаулық сақтау жүйесі, халықтың эканомикалық-тұрмыстық жадайына арналған.
Міне осы, жоғарыда көрсетілген Қазақстан тарихнамасына талдау біз қарастырып отырған соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстан халықтарының өмір үшін күресі мәселесінің арнайы зерттелмегенін көрсетеді. Қазіргі Қазақстан тарих ғылымында күнделікті тарихтың әр-түрлі аспектілерін: кеңестік адамның өмір салтын, мінез-құлқын, адамдардың өмір үшін күресін, қоғамдық көңіл-күйін және т.б меңгеруге арналған зерттеулер жетіспейді. Осыған байланысты біз қарастырып отырған тақырыпты зерттелмеген деп сипаттауымызға мүмкіндік береді.
