
- •Досыбаев нұрсұлтан қалсерікұлы Соғыстан кейінгі кезеңдегі (1945-1953 жж) Қазақстан халықтарының өмір үшін күресі (oral history)
- •6M011400 – Тарих
- •Мазмұны
- •Тарихнамасы ................................................................................
- •III. Соғыстан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік- демографиялық өзгерістердің барысы.................................
- •V. Қорытынды............................................................................................
- •VI. Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................
- •I. Тарихнамасы
- •1.1 Ресей тарихнамасында соғыстан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік процесстер
- •1.2 Қазақстан тарихнамасындағы кеңестік кезеңдегі күнделікті өмір мәселесі
- •Ауызекі тарихты зерттеудегі тұжырымдық-методоллогиялық ұстанымдар
- •1.1 Ауыз екі тарих (Oral History) жұмыстың негізгі дереккөзі
- •1.2 Ауызекі тарих методикасы: респонденттерді таңдау, интервью алу және интервьюларды талдау жолдары
- •III. Соғыстан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік- демографиялық өзгерістердің барысы интервью
- •IV. 1945-1953 жж қазақстан халықтарының күнделікті өмір үшін күрес-амалдары
- •Интервью
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қолжазба құқығында
Досыбаев нұрсұлтан қалсерікұлы Соғыстан кейінгі кезеңдегі (1945-1953 жж) Қазақстан халықтарының өмір үшін күресі (oral history)
6M011400 – Тарих
Ғылыми жетекшісі
Тарих ғылымының докторы, профессор Құндақбаева Ж.Б.
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2015
Мазмұны
КІРІСПЕ ......................................................................................................
Тарихнамасы ................................................................................
Ресей тарихнамасында соғыстан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік процесстер .......................................................................................................
Қазақстан тарихнамасындағы кеңестік кезеңдегі күнделікті өмір мәселесі .......................................................................................................
АУЫЗЕКІ ТАРИХТЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ ТҰЖЫРЫМДЫҚ-МЕТОДОЛЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМДАР .....................................
1.1 Ауыз екі тарих (Oral History) жұмыстың негізгі дереккөзі......................
1.2 Ауызекі тарих методикасы: респонденттерді таңдау, интервью алу және интервьюларды талдау жолдары..............................................................
III. Соғыстан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік- демографиялық өзгерістердің барысы.................................
1.1
1.2
IV. 1945-1953 ЖЖ БАСПАНАСЫЗ, КИІМСІЗ ЖӘНЕ БІРҚАЛЫПТЫ ТАМАҚТАНУСЫЗ ҚАЛҒАН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨМІР ҮШІН КҮРЕС-АМАЛДАРЫ.......................................................................................
1.1 Қала тұрғындарының өмір үшін күресі......................................................
1.2 Калхозшылардың бейбіт өмірге қалыптасуы............................................
V. Қорытынды............................................................................................
VI. Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстан халықтарының соғыстан кейінгі кезеңдегі өмір үшін күресі, 1945-1953 жж күнделікті өмір тарихы зерттелінді.
Зерттеудің өзектілігі. Ұсынылып отырған тақырыпқа қызығушылық бірқатар факторлармен түсіндіріледі. 1945-1953 жылдардағы Қазақстанның саяси, әлеуметтік және эканомикалық дамуы «Соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстан халықтарының күнделікті өмірі» сынды ұғыммен тығыз байланысты. Қазіргі заманғы тарих ғылымында оған күшпен жер аударылған халықтар, арнайы қоныстанушылар, еңбекке күшпен жер аударылғандар және жергілікті тұрғындар жатқызылады. Ұзақ жылдар бойы бұл тақырып түрлі себептердің салдарынан кешенді зерттелінбей келді. Сондықтан қазіргі таңда тарихнамада қалыптасқан жағдай аталған тақырыпты кешенді түрде зерттеуді талап етуде.
Соғыстан кейінгі кезең ауа-райы мен табиғи жағдайы қиын, ең алдымен еңбекті барынша көп қажет ететін Қазақстан аудандарында өмір сүрген халықтарға өте күрделі болды. Мемлекеттің шаруашылық жоспарларында Қазақстан кеңес экономикасының ірі өнеркәсіп аудандарының шикізат орны ретінде қарастырылды. Бұл жағдай өз кезегінде Қазақстан халықтарының шексіз еңбек ресурсын және арзан жұмыс күшін талап еткен өнеркәсіптің жедел даму қарқынын қамтамасыз етті. Осы себептен қарастырылып отырған кезеңде Қазақстан халықтарының күнделікті өмірі, өзіндік өмір сүру үшін күресі мен амал-әрекеттері қалыптасты.
Диссертация мәселелерінің жиынтығы осы күнгі тарихи зерттеулердің бел ортасында болуы оның өзектілігін айқындайды. Соңғы жылдары тарих ғылымында әлеуметтік тарихқа, соның ішінде оның жаңа бағыттарының бірі болып табылатын күнделікті тарихқа қатысты қызығушылықтың артуы айқын байқалып отыр. Осыған байланысты қазіргі тарих ғылымында әлеуметтік-экономикалық тарихтың оқиғаларын зерттеп танудан қарапайым адамдардың, қоғамдық топтардың күнделікті өмірлік тәжірибелерін қарастыруға жете мән беру үрдісі орын алуда.
Алайда, зерттеу тақырыбының өзектілігіне қарамастан соңғы жиырма жылда жарық көрген ғылыми еңбектерде соғыстан кейінгі кезеңде өмір сүрген күрделі әрі қиын-қыстау жағдайындағы тұрғындардың күнделікті өмірі ғалымдардың назарынан тыс қалған. Осы күнге дейін өткенде орын алған оқиғалардың «адами» жағы, яғни жаңа шынайылық жағдайындағы адамдардың ойлары, сезімдері, көңіл-күйлері, мінез-құлықтары бұрынғысынша жеткілікті дәрежеде зерттелінбеген. Жоғарыда көтерілген мәселелерге жауап алынған жағдайда «ұмыт қалған» халықтардың тағдыры туралы білімнің ауқымын айтарлықтай кеңейтуге қол жеткізуге болар еді. Соғыстан кейінгі кезеңдегі тұрғындардың күнделікті өмір тарихын зерттеуге осы күнге дейін тиісті дәрежеде көңіл бөлінбей келуі алға қойылған мәселенің зертттелу қажеттілігін айғақтайды.
Таңдап алынған тақырыптың зерттеу маңыздылығы туралы өткеннен сабақ алу көзқарасы тұрғысынан алып қарастырса да болады. Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан халықтарының болашаққа сенім, төзімділік, алға ұмтылушылық шараларын және ұлтаралық қатынастарды реттеуді іске асыру жүйесінің эффективті түрде қызмет етуі мемлекеттің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстан тақырыбы ауқымды және сан-алуан. Жоғарыда айтылғандарды ескерер болсақ таңдап алынған тақырыптың өзектілігі мен ғылыми маңыздылығы еш талас тудырмай, кешенді түрде зерттеуді қажет ететіндігі анық.
Ұлы Отан соғысының нәтижесінде кеңестік қоғам мінездемесі көптеген өзгеріске ұшырады: демографиялық, әлеуметтік, психологиялық, ментальдық. Ол өзімен күрделі кеңестік қоғамды қалыптастырды. Соғыс қоғамның құрамы және демографиялық балансын ғана өзгертіп қоймай, сонымен қатар адамдардың қасиеттері мен өмірлік амал-әрекеттері жүйесіне де өзгерістер енгізді. Қоныс аударылған, айдалған топтардың пайда болуы, тұрғындардың әлеуметтік дәрежесін өзгертті. Қоғам көңіл-күйі айтарлықтай қарапайым болған жоқ: бір жағынан төзгісіз шығынның ауыртпашылығы. Басқа жағынан-отбасылармен, үйлермен қауышуды күткен бейбіт өмірге деген үміт, Жеңіс қуанышы.
Зерттеу нысаны. Соғыстан кейінгі кезеңдегі өмір сүрген қарапайым Қазақстан халықтары, еңбекке күштеп жер аударылғандар, арнайы қоныстанушылар.
Зерттеу пәні. Соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстан халықтарының өмір үшін күресі, күнделікті өмір тарихы.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Мәселенің тарихнамасында екі негізгі кезеңді бөліп қарастыруға болады. Кеңес заманында, яғни 1990-шы жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тарихты зерттеуге жете мән беріліп келді. Зерттеу тақырыбына қатысты жарық көрген азғана еңбектердің басым көпшілігі «жабық сипатқа» ие болғандықтан ғылыми және көпшілік қауым соғыстан кейінгі кезеңдегі адамдардың өмірі мен тұрмысы туралы үзік-үзік мәліметтермен өте сирек кездесетін бұрынғы тұрындардың естеліктері арқылы танысты.
Күнделікті өмір тарихы тарих ғылымының жеке бағыты ретінде мүлдем дамытылмады, өйткені ол үшін қажетті теориялық және әдіснамалық негіздер жеткіліксіз еді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақстандықтардың соғыстан кейінгі кезеңдегі күнделікті өмір тарихын, тұрғындардың күнделікті өмірінің ерекшеліктерін және өз өмірін сақтап қалудағы амал-әрекеттерін жан-жақты әрі кешенді түрде зерттеу диссертациялық жұмыстың мақсаты болып табылады.
Алға қойылған мақсат төмендегідей міндеттерді анықтады:
- отандық және шетел тарихнамасында мәселенің зерттелу деңдейін анықтау.
- халық шаруашылығында Қазақстан халықтарының, еңбекке жұмырылғандардың және арнайы қоныстанушылардың жұмыс күшін пайдалану процесін ашып көрсету.
- Қазақстан халықтарының, еңбекке жұмырылғандардың және арнайы қоныстанушылардың материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп қарастыру.
- Соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстан халықтарының күнделікті өмірлік мәдениетін зерттеу.
- Тұрғындардың өмір үшін күрес әрекетінің өзгеріс ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу тақырыбының деректемелік негізі.
Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негізі. Әдісеамалық зерттеу негізі екі ұстанымға тірек артады: обьективтілік және тарихылық. Оның алғашқысы зерттеу пәнін толыққанды әрі шынайы түрде ашып көретуді талап етсе, екіншісі оның негізгі үрдістері мен заңдылықтарын, қарама-қайшылықтарын жалпы тарихи жағдайлардың тұрғысында бекітуді ұйғарады.
Зерттеу барысында нақты тарихи және жалпы ғылыми әдістер қолданылды. Жұмысты жазу процесі кезінде бірде-бір өзінің таза күйінде тәжірибеде пайдаланбайтындығы ескерілді. Осы себептен зерттеу пәнінің қандай да бір тұстарына мүмкіндігінше нақты талдау жүргізу мақсатында олардың барынша тиімді қисыны таңдап алынды.
Нақты тарихи әдістердің ішінен зерттеу процесі кезінде өзектілендіру әдісі кеңінен тартылды. Ол зерттеу барысында алынған жаңа білімдерді, нәтижелер мен тұжырымдарды келешектегі ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалануға мүмкіндік беріп, зерттеудің маңыздылығын негіздеуге, өткеннен «сабақ алуға», болжам жасауға итермелейді. Тарихи әдістермен қатар жұмыс барысында жалпы ғылыми әдістер де кеңінен қолданылды. Олардың қатарына құбылысты жүйе ретінде қарастыратын құрылымдық-жүйелілік әдісті жатқызуға болады.
Ретроспекция әдісі өткеннің, бүгінгінің және келешектің ортақтығы мен біртұтастығын мойындап, қолда деректердің бүкіл кешені болмаған жағдайдың өзінде тарихи оқиғалардың толық көрінісін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Осылайша, әр түрлі әдістерді қолдану, оларды ұтымды түрде алмастыру және олардың тиімді қисынын таңдап алу зерттеу пәнінің жан-жақты ашып көрсетуге өз септігін тигізді.
Диссертациялық зерттеудің хронологиялық шеңбері. 1945 жылдан бастап 1953-ші жылдардың басына дейінгі аралықты қамтиды. Кезеңнің төменгі межесі соғыстың аяқталуымен және соғыстан кейінгі шаруашылық міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін маңызды өндірістік күшке айналдырумен анықталады. Хронологиялық шеңбердің жоғарғы межесі соғыстан кейінгі кезеңдегі аймақ тұрғындарының күнделікті өмірінде орын алған түбегейлі өзгерістермен түсіндіріледі. Белгіленген хронологиялық шеңбер қарастырылып отырған кезеңде кеңес мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси жағдайын ескере отырып, соғыстан кейінгі кезеңнің өзгерістерін талдауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеуде бұрын ғылыми айналымға тартылмаған тың деректер мен құжаттардың кең ауқымда қолданылуы жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды.
- Зерттеу жұмысы барысында Қазақстан Республикасының орталық мұрағаты мен ауызша сұхбат материалдарына тікелей қатысты. Алғаш рет жоғарыда көрсетілген хронологиялық шеңберде соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстан халықтарының өмірі мен қызметі, олардың еңбектері, материалдық-тұрмысы және күнделікті өмір үшін күрес ерекшеліктері кешенді түрде зерттелінді. Диссертациялық зерттеу тарихнамада алғаш рет соғыстан кейінгі кезеңнің күнделікті өмір тарихы мәселесі ашып көрсетілген. Ғылыми айналымға енгізілген мұрағат құжаттары соғыстан кейінгі кезең тақырыбын зерттеу тарихнамасында жаңа және дербес бағытты бөліп қарастыруға мүмкіндік береді.
- Тарихи ғылымда бұрын қолданылмаған, соңғы уақыттарға дейін белгісіз болып келген мұрағаттық және ауызша сұхбат материалдар арқылы Қазақстандағы соғыстан кейінгі кезеңнің күнделікті өмірінде орын алған жағдайлар, осы мәселеге жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді.
-
Зерттеу жұмысының қолданбалы маңыздылығы. Алғаш рет ғылыми айналымға енгізілген деректердің ақпараттық құндылығы, олардың негізінде алынған нәтижелерді соғыстан кейінгі кезеңдегі күнделелікті өмір мәселесін алдағы уақытта кешенді түрде зерттеу және оның тарихы бойынша жалпылама еңбектерді жазу кезінде жан-жақты қолдану мүмкіндігі диссертациялық жұмыстың ғылыми-қолданбалы маңыздылығын айқындайды. Бұл диисертациялық жұмыс және онда жасалған тың тұжырымдар болшақта кеңес мемлекетінің соғыстан кейінгі кезеңдегі саясаты туралы жүйелі көзқарасты қалыптастыруға өз септігін тигізетіні айқын. Сонымен қатар, алынған нәтижелер Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік тарихын зерттеу кезінде жан-жақты пайдалануы мүмкін.
Жұмыстың сыннан өтуі. Диссертациялық тақырыптың негізгі тараулары жарық көрген жарияланымдарда, дәлірек айтсақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми-журналдарда жарық көрген 3 мақалада, 1 ғылыми конференцияның материалдарында жарық көрген. Диссертациялық зерттеудің жекелеген тұжырымдары Қазақстан тарихы кафедрасының отырысында сыннан өткен.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
- Соғыстан кейінгі кезеңдегі жағдай кұүнделікті өмір мен тұрмысына үлкен қиындықтар келтірген;
- еңбек соғыстан кейінгі кезеңде өмірдің мәні болды. Қиын ауа-райы және экономикалық жағдайда, азық-түлікпен нашар қамтамасыз етілген тұрғындар үшін көп күш-қайратты талап ететін ауыр жұмыстарды орындау өмір үшін күрестің басты шарттарының біріне айналды. Тек осы жол арқылы ғана олар азапқа толы өз өмірін жеңілдетуге тырысты;
-
Диссертация құрылымдық тұрғыда әрқайсысы екі параграфқа бөлінген үш тараудан, кіріспе мен қорытындыдан, деректер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.