2015 Жылғы тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) - орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілетін, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі. ҚР «Білім туралы» Заңы
Тестілеу мақсаты: Жоғары сапалы білім мен жоғары білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін оқытудағы жетістіктердің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру.
Тестілеудің міндеттері:
бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім беру сапасын басқару және мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.
білім беру сапасын бағалауда әділдік пен нақтылықты көтеру.
білім грантына қол жеткізу үшін әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Нормативтік құқықтық құжаттар:
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережесі.
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі.
ҰБТ ұйымдастыру мен өткізу бойынша нұсқаулық.
Ұлттық тестілеу орталығының жалпы филиалдар саны-154.Оның ішінде жоғарғы оқу орындарында-44, типтік білім базасында-3, мектептер базасында-107.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылар
Ағымдағы жылы ЖОО-ға түскісі келетін бітірушілер
Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер
Жалпы орта білім туралы үздік аттестат алуға үміткерлер
Өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері – ерікті түрде мемлекеттік немесе орыс тілдерінде
Ағымдағы жылғы оқушылардың ғылыми жарыстары мен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері
2004-2014 жж. мектеп бітірушілердің жалпы санына қатысты ҰБТ-ға қатысушылар саны (пайызбен алғанда): 2004ж.-76,09, 2005ж.-81,20, 2006ж.-84,33, 2007ж.-81,59, 2008ж.-80,66, 2009ж.-8063, 2010ж.-77,92, 2011ж.-78,72, 2012ж. – 75,26, 2013ж.-68,62, 2014ж.-68,93. «ҰБТӨП» деректер базасындағы мәліметке сәйкес 2015 ж.11 (12)-сынып оқушыларының саны – шамамен 130 мың адам
Тестілеу пәндері : 4 міндетті пән
Математика, Қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, Орыс (қазақ) тілінде оқытатын мектептердегі қазақ (орыс) тілі.
Таңдау бойынша 1 бейіндік пән:
География, Шет тілі, Химия, Физика, Биология, Дүние жүзі тарихы, Әдебиет
Әрбір пән бойынша сұрақтар саны – 25.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін балдардың ең төменгі деңгейі - 50 балл, ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін - 70 балл, «Білім», «Ауылшаруашылық ғылымдары», «Ветеринария» бағыттарының мамандықтары тобына 60 балл, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша - 65 балл, соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан, ал қалған пәндерден 4 балдан кем болмауы керек.
Бір пәннен 4 балдан кем алған жағдайда талапкер БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСА АЛМАЙДЫ.
Өткізу мерзімдері
-
Іс-шара
Мерзімі
ҰБТ-ға өтініш қабылдау
10 наурыз – 25 сәуір
Ұлттық бірыңғай тестілеу
1 – 15 маусым
ТКТ-ға өтініш қабылдау
Шығармашылық мамандықтар үшін
20 маусым – 9 шілде
20 маусым – 1 шілде
Шығармашылық емтихан
2 – 7 шілде
Талапкерлерді кешенді тестілеу
17 – 23 шілде
Білім грантын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау
23 – 31 шілде
Білім грантын тағайындау конкурсы
1 – 10 тамыз
