
- •5В011300 - мамандығы «Биология»
- •5В011300-мамандығы - «Биология»
- •Әдебиетке шолу
- •1. Зерттеу жүргізілген аймақтың ауа-райы,топырақ жағдайлары, зерттеу әдістемесі
- •2.2 Топырақ жағдайлары
- •2.3. Зерттеу әдістемелері
- •3.Көктемгі егіс алды топырақты өңдеу.
- •8. Мақта тұқымының себудің тиімді мөлшерлері.
- •Арамшөптердің таралу орындары және топырақтағы тұқым қорлары.
- •Мақта егістігіндегі негізгі арамшөптер және олармен күрес әдістері
- •Мақта өсімдігінің негізгі зиянкестері және олармен күрес әдістері
- •Ауруға қарсы күрес шаралары
- •Мақта егістігіндегі негізгі арамшөптер және олармен күрес әдістері
- •6.1 Мақта егістігіндегі арамшөптермен күресуде глифосатты препараттарды күзде қолданудың тиімділігі
- •Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы
М.Ж. Ешенкулова
«Мақта дақылы егісіндегі өнімнің төмендеуіне әсер етуші факторлармен күресу шаралары»
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5В011300 - мамандығы «Биология»
Алматы 2015
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Биология кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
«__» «_____ »2015 ж
Биология кафедрасының меңгерушісі
б.ғ.к., профессор ________ Р.К. Жексембиев
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Мақта дақылы егісіндегі өнімнің төмендеуіне әсер етуші факторлармен күресу шаралары»
5В011300-мамандығы - «Биология»
Орындаған: М. Ж.Ешенкулова
Ғылыми жетекшісі: Қ. И. Оразбаев
а/ш.ғ.к., аға оқытушы
Алматы 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………………………………………………………………………. |
|
|
|
|
|
1-Бөлім............................................................................. |
|
|
1.1 Әдебиетке шолу............................................................................................. 2-бөлім 2.1 Ғылыми жұмыстары жүргізілген аймақтың ауа-райы,топырақ жағдайлары,зерттеу әдістемесі 2.2 Мақта егістігінде жүргізілген технологиялық іс-шаралар 2.3 Арамшөптердің таралу орындары және топырақтағы тұқым қорлары 2.4 Мақта агрофитоцинозындағы арамшөптер мониторингі 3-бөлім 3.1 Мақта дақылының егістігіндегі негізгі арамшөптер, зиянкестер,аурулар және олармен күресу тәсілдері 3.2 Гербицидтердің мақта егістерінде қолданудың мөлшері мен мерзімдеріне байланысты биологиялық тиімділігі 3.3Мақтаның негізгі зиянкестері,аурулары және олармен күресу әдістері 3.4 Мақтаны қорғаудың биологиялық жолдары
|
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................. |
|
|
|
|
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ |
|
|
|
|
|
|
|
Кіріспе
Қазақстан өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының көп жылдық мәліметтері бойынша, арамшөптердің кемінде 120 түрі республиканың ауыл шаруашылығына зиянды әсерін тигізеді.
Бірқатар ғалымдардың мәліметтері бойынша, мақта егістіктерін арам шөптердің басып кетуінен жекелеген шаруашылықтар ең төменгі есеппен жыл сайын өнімінің 20-25% жоғалтады. Бұған қоса, арамшөптерді отауға жұмсалатын еңбек шығыны 1 гектарға күніне 25 және одан да көп адамды құрайды. Арамшөптерді дер кезінде және сапалы түрде жойып отырмау, гектарына 2-3 центнерге дейін жететін мақта шйкізатының өнімін кем алудың себебі болып табылады. Мақта шаруашылығындағы арамшөптермен күресуге жұмсалатын материалдық-ақшалай қаражаттардың шығыны, жыл сайын жұмсалатын бүкіл өндірістік шығындардың 40% -ын құрайды [2,3,4,5].
Арамшөптердің таралуына жетімсіз агротехника мен дара дақыл егісі ғана емес, сонымен бірге олардың орасан зор тұқымдық және вегетативті өсімталдығы, құрғақшылыққа төзімділігі, тұқымдарының өнгіштігінің ұзақ уақыт бойы сақталуы, алуан түрлі топырақ-климаттық жағдайларға бейімделгіштігі секілді биологиялық ерекшеліктері де қолайлы жағдай жасайды.
Ғылыми-зерттеу мекемелерінің деректері мен өндіріс тәжірибелері көрсеткендей, мақта егістіктерін арамшөптердің басуын бірден төмендетуге тек агротехникалық шаралар арқылы ғана қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан, арамшөптерге қарсы химиялық жолмен күресудің әдістерін жетілдіру ауыл шарушылығы ғылымының өсімдік қорғау саласындағы өзекті мәселе болып саналады.
Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық сұр топырақ жағдайында, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді негізінен ұсақ шаруа және фермерлік шаруашылықтарға беру егіс жағдайының күрт нашарлап кетуіне алып келді, жерлер деградацияға ұшырап, ауыл шаруашылығы айналымынан бірте-бірте шығып қалуда. Ауыл шаруашылығының материалды-техникалық базасының жағдайы төмен күйінде қалуда.
Зерттеулердің мақсаты - Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық - сұр топырақ жағдайында мақта дақылына әсер ететін арамшөптердің зияндылығын төмендету және мақта дақылы өнімділігін арттыру тұрғысында арамшөптерге қарсы гербицидтер қолдану.
Зерттеулердің міндеті:
- ашық сұр топырақ жағдайында мақта агрофитоценозында және егістен тыс жерлерде арамшөптердің түр құрамын анықтау;
мақта дақылының зиянкестері және ауруларымен күресу жолдарын анықтау;
Зерттеудің теориялық негіздері: Табиғи өсімдіктер қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторларына төзімді болуына байланысты олармен күресу жолдары қиындай түседі. Себебі ауа-райының құрғақ және ыстық болуы зиянкестердің белсенділігін жоғарылатып мәдени дақылдардың даму үдерісіне кері әсерін тигізеді.
Зерттеу нысаны - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал өңірінде өсірілетін мақтаның биологиялық ерекшелігіне байланысты аргротехникалық жұмыстар, зиянкестері мен ауруларына қарсы шаралар.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық - сұр топырақ жағдайында мақта дақылына әсер ететін арамшөптердің зияндылығын төмендету үшін және оның өнімділігін арттыру тұрғысында арамшөптерге қарсы жаңа гербицидтер қолдану.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей тапсырмалар қойылды:
ашық сұр топырақ жағдайында мақта агрофитоценозында арамшөптердің түр құрамын анықтау;
мақта егістерінде түрлі мерзімдерде (вегетациялық кезеңде) қолданылатын гербицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау;
Жұмыстың ғылыми жаңалығы Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық сұр топырақ жағдайында бір жылдық және көп жылдық арамшөптерге қарсы жаңа гербицидтер қолданудың тиімді әдістері зерттелді. Мақта егістеріндегі және егістен тыс жерлердегі арамшөптердің түр құрамы мен оған қарсы қолдану мөлшеріне, мерзімі мен тәсіліне қарай гербицидтердің тиімділігі анықталды.