- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Азаматтық құқық ұғымы. Пән, азаматтық құқықтың реттелу әдісі.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері.
Заңды және физикалық тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретінде.
Азаматтық құқықтың орындалуы және қорғалуы. 1. Азамат азаматтық құқықтың субъектілері ретінде.
Азаматтың құқықтық қабілеті
Азаматтың құқықтық қабілетсіздігі.
Азаматтық құқықтың нысандары
Меншіктік құқық
Сабақ өткізу әдістері: ситуациялық есептерді шешу, шағын топпен жұмыс, тестілеу.
Есеп 1. Актер Асанов супермаркеттің өзіндік қызмет көрсету залында, себетке әр түрлі азық- түлік алған, әр алған азық- түліктің төменгі килокалориясына баса назар аударуда. Сатушы Абдирова өзінің таң қалғанын білдіріп былай дейді, табиғаттың мінсіз жаратылған Асановқа мүсінін сақтау міндетті емес деді. Асанов өзінің бейнесі жайлы айтқанын ашуланып, алған азық - түлігінен бас тартып сауда орталығынан шығып кетті де, өзін қорлағаны үшін дүкеннің атына шағымданды.
Заңгер істі қарау барысында дүкенге шағымданған азамат Асановпен ешқандай сауда жасалмады және ара- қатынаста кикілжің болмаған. Сонымен бірге дүкеннің сатылым тәртібі бұзылмаған. Сатушыға арыз шағымын актер қайта қарауына болады.
Қай жақтың позициясы дұрыс? Неге?
Есеп 2 . Сегіз жасар Андрейге атасынан көлік пен пәтер берілген. Алайда Андрейдің ата - анасы белгілі себептерге байланысты басқа қалаға көшу үшін көлікті сатып, ал пәтерді отыз жасар ағасына сыйға бермекші. Андрей ата - анасымен жақын маңда тұратын және қаладан көшкісі келмейді. Алайда бұл келісім сыйлық пен сатылым мемлекеттік тіркеуде болғандықтан , Андрейдің ата - анасы заңгер фирмасына өтінішпен барып мемлекеттік тіркеудегі барлық құжаттарды өз аттарына аударуды өтінді.
Заңгер фирмасындағы жұмыскерлер қандай түсініктеме беру керек?
Есеп 3. Фокин Сивцовтан жаздың үш айына ваннасы бар үйді жалға алады, бірақ ол ваннаға су келмейтінін анықтады. Ол ваннаны ауыстырды, ал оның ауыстырған құны мен атқарылған жұмыс ақшасын үйге төлейтін ақшадан ұстап қалды. Сивцов бұнымен келіспеді, ол Фокиннан ақшаның толық төленгенін талап етті.
Фокин ваннаның істемейтінін байқаған соң Сивцовтан не талап етуі керек еді?
Фокин ваннаның жөндетілуі және жасалған жұмыс үшін ақша ұстап қалу құқығы бар ма?
Есеп 4: Қабылдаев өз жұбайы Қабылдаеваға қолхат жазып берді, өсиет жазғанда өзінің бірінші отбасының балаларын бұл өсиетке қоспауын жұбайы өтінеді. Бір жылдан соң Қабылдаев қайтыс болады. Оның өсиеті нотариальды кеңседе қорғалған және барлық дүние - мүлкі өзінің бірінші отбасындағы 23 жасар ұлы мен 20 жасар қызына теңдей бөліп беруін көрсеткен. Қабылдаева бұл өсиеттің жарамсыз екенін айтып сотқа шағымданады. Ол қолхатқа сүйене отырып екеуінің келісімі бұзылғандығына сүйенеді.
Азаматтың құқыққа қабілеттілігі қандай мүмкіндіктерді береді?
Қабылдаевтардың жасаған келісімі ҚР Азаматтық Кодексінің құқық қабілеттілік заңын бұза ма?
6. Әдебиет:
Негізгі:
Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
Азаматтық құқық. Азаматтық құқық..М.К.Сулейнов, Ю.Г.Басин. Алматы, 2000.
ҚР Азаматтың кодексі (Жалпы бөлім). М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Түсініктеме 2-томда А.,
Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. Сызбалық оқу құралы. Б.К. Әбдіқадыров. А., 2003.
Қосымша:
Қазақстан республикасының азаматтық кодексi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгізілді (2014 жылғы толықтырулар мен өзгертулермен.)//adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 Кодексі (2014 жылғы толықтырулар мен өзгертулермен.)//adilet.zan.kz
7. Бақылау сұрақтары:
1.Азаматтық құқықтың негізгі бағыты.
2.Азаматтық құқықтық қабілеті қашан туады?
3.Сыртқы экономикалық мәміленің жай жазба пішінінің сақталмауы неге алып келеді?
4.Қазыналық кәсіпорын ұғымы.
5.Қандай кезден заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі туады?
6.Келісімдер,кепілдеме және кепілдіктер қандай формада бекітіледі?
7.Құқық және міндетке басқа тұлға атынан қол жеткізуге бола ма?
8.Қандай дүние-мүлік ортақ бірлескен меншік болып табылмайды?
9.Қандай кәсіпорындар мемлекеттік кәсіпорындарға жатады?
! Азаматтық құқық әдісі:
тараптардың заңдық тепе- теңдігі;
ерік білдіру еркіндігі;
диспозитивті;
жалпы ғылыми;
императивті.
! Түсіндірілу субъектісіне тәуелді азаматтық- құқықтық айырмашылыққа жатады:
аутенттік, заңды, сот және ғылыми түсіндіру;
грамматикалық, ойлау;
әріптік, шектеулі және кеңейту;
жүйелі және тарихи;
ауызша және жазбаша.
! Азаматтық құқықтық қатынас субъектілері:
жеке және заңды тұлғалар;
жеке және заңды тұлғалар, мемлекет;
жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалды құрылымдар;
жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік- аумақтық бірліктер;
! Заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі мына жағдайда пайда болады:
құрылған сәтте және оның жабылу кезінде тоқтатылады;
мемлекеттік тіркеу кезінде және қайта құру кезінде тоқтатылады;
лицензия алу сәтінде және қайта құру кезінде тоқтатылады;
келісім- шарт қабылданған сәтте және оның жабылу кезінде тоқтатылады;
келісім- шарт қабылданған сәтте және қайта құру кезінде тоқтатылады.
! Банкроттың негізі болып табылады:
қайта құру;
өзгеріс;
қосылу;
жабу;
қосу.
! Серіктестіктің мүлкі жетіспеген жағдайда оның мүшелері теңдей жауапкершілікте болатын серіктестік түрі:
коммандиттік;
толық;
ЖАҚ;
ЖШС;
қарапайым.
! Мүшелікте жоқ коммерциялық емес ұйым:
қоғамдық бірлестік;
мекеме;
қоғамдық қор;
діни ұйым;
ассоциация (одақ).
! Азаматтық құқық объектілері болып табылады:
мүліктік және жеке мүліктік емес құқық және құндылықтар;
мүлік;
мүліктік құндылықтар;
жеке мүліктік емес құндылықтар және құқық ;
мүліктік құндылықтар және құқық.
! Келісім- бұл...
екі немесе бірнеше тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін құрылу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі;
азаматтардың және заңды тұлғалардың құруға бағытталған әрекеті немесе азаматтық құқықтары мен міндеттерінің тоқтатылуы;
азаматтық құқықтары мен міндеттерін өзгертетін азаматтардың әрекеті;
азаматтардың және заңды тұлғалардың құруға, азаматтық құқықтары мен міндеттерінің өзгертуге әрекеті;
азаматтардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін құруға,өзгертуге немесе тоқтатуға әрекеті.
! Уәкілдіңтің субъектілері:
таныстырып отырған уәкіл мен үшінші тарап;
таныстырып отырған уәкіл мен таныстырушы;
уәкіл мен үшінші тарап;
танысушы мен үшінші тарап;
қамқоршы мен қорғаушы;
! ҚР- заңына сәкес меншік түрлері:
мемлекеттік, жекеменшік, ортақ;
мемлекеттік, жекеменшік;
мемлекеттік, жеке, ортақ;
мемлекеттік, ортақ;
мемлекеттік, жеке, жекеменшік.
! Заңды қамтамассыз ету мүлікке деген қандай құқықтық жағдайды анықтайды:
сатып алу құқығы;
пайдалану құқығы;
йелік ету құқығы;
иелену құқығы;
пайдалану құқығы.
! Табиғи апаттар,апат болған жағдайда мемлекеттік билік органдары шешімімен қоғам мүддесіне мүлікті тартып алу қалай аталады?
тәркілеу;
реквизиция ;
национализация ;
новация ;
жекешелендіру.
! Борышкер міндеттерін орындамаған жағдайда қарыз берушіге төлеу керек ақша сомасы:
кепіл ақы;
ипотека;
кепіл;
кепілдеме;
айып төлем.
! Несие берушісінің алдында кепілші кепілшілікке байланысты өзге тұлғаның (борышкердің ) міндеттемесінің орындауына жауап беруге міндеттенеді:
субдиардинарлық;
пікірлестік;
бөлек;
бірге;
толық.
1. Тақырып № 5. Қазақстан Республикасы Отбасы құқығы
2. Мақсаты: ҚР отбасы құқығының негізгі жағдайымен танысу
3. Оқыту міндеті:
Отбасы құқығының негізгі функциялары және түсініктерімен таныстыру.
ҚР «Неке және отбасы» туралы заңын сипаттау.
Қамқорлық, асырап алу, патронаттың негізгі ахуалын білу.
Жұбайлардың міндетін, мүліктік және жеке құқықтарын анықтау.
