Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SO_1256_Zh_2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.42 Кб
Скачать

3. Оқыту тапсырмалары:

1.Студенттерді Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың құрылысымен таныстыру

2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері

3. Әкімшілік құқықты сипаттау

4. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың түсінігі, түрлері.

4. Сабақты өткізу түрі:Ситуациялық есептерді және тест сұрақтарын шешу

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. ҚР Үкіметі жоғарғы атқарушы орган ретінде

2. Үкіметтің конституциялық құрылымы

3. Әкімшілік құқық бұзушылық және жауапкершілік.

  1. Үлестірілетін материал: ситуациялық есептер

1 тапсырма: Геловина бас есепші болып ЗИЛ-ға жұмысқа тұрды, ал оның құрбысы Широкова - «Малахитовая шкатулка» мейрамханасына аспазшы болып жұмысқа тұрды. Осы жағдайдағы құқықтық қатынас пен іс-әрекеттің түрін анықтаңыздар.

2 тапсырма: Қала әкімшілік аппаратының екі лауазымды өкілі басқа тұлғалармен бірігіп, жарнама агенттігін құрды. Мемлекеттік қызметкерлердің осы әрекеттерін заңнамаға сәйкес деп айтуға бола ма?

3 тапсырма: Аудандық білім бөлімінің бастығы аудандық білім меңгерушісі жоқ кезде мектеп директорын қызметінен босатып, орнына басқа адамды тағайындайды. Бірақ қызметінен босаған мектеп директоры бұйрықпен келіспей, өзін аудандық білім меңгерушісі қызметке тағайындағанын, сондықтан өзін босату туралы аудандық білім меңгерушісінің бұйрығы шықпайынша мектеп директорлығы қызметін атқара беретіндігін айтты. Мектеп директоры мен аудандық білім бөлімі бастығының іс-әрекеттері заңды ма? Бұл іс қалай шешімін табады?

4 тапсырма: 2002 жылдың 8 наурызы, кешкі сағат 24°°. М деген азамат өз үйінің подъезінде бар дауысымен ән салды. Басқа пәтердегі көршісінің өлең айтуды доғар деген ескертуін елеусіз қалдырып, әрі қарай әндете береді. Көршісі учаскелік инспекторға қоңырау соғады. М құқық бұзды ма? Учаскелік инспекторға қоңырау шалған көршінің іс-әрекеті дұрыс па? Бұл жағдайды сіз қалай шешер едіңіз?

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Оспанов Қ.И. «Құқық негіздері» Алматы.-2009 ж.

2. Қызылов М. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. А. 2002

3. Жетписбаев Б. Административная ответственность. А. 2000

Қосымша:

1.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ

8. Бақылау:тест сұрақтары

! Үкімет отырысы шақырылады:

  • Сенат пен Мәжіліспен;

  • Премьер-министр және Президентпен;

  • Жоғарғы сот және Конституциялық кеңеспен;

  • тек президентпен;

  • Мәжіліспен.

! Атқарушы билікті мемлекет тарапынан қандай құзіретті орган жүзеге асыра алады:

  • Үкіметжәнеоның жер- жердегі органдары;

  • Үкімет жәнесоттың жер- жердегі органдары;

  • парламент жәнежергілікті атқарушы органдар;

  • құқық қорғау органдары және соттар;

  • сот органдары.

! Үкімет жүзеге асырады:

  • жоғарғы саяси басшылықты және қоғам істерін ортақ басқару;

  • сыртқы саяси басшылықты;

  • Заң және заң тектес актлерді шығарады;

  • Республикада әділеттілікті орнатады;

  • азаматтардың қауіпсіздігіне жауап береді.

! Үкімет қамтамасыз етпейді:

  • орнатылған қоғамдық тәртіпті қорғау;

  • Республиканың сыртқы мүддесін қорғауға;

  • мемлекеттік басқаруда экономикалық,әлеуметтік жағдайларды жүзеге асыруға;

  • мемлекеттік басқаруда адами ресурспен жұмыс істеу;

  • білім және құқықтық тәрбие.

! Қазақстанда мемлекет басқару органдар жүйесіне жатпайды:

  • ҚР Үкіметі,министрліктер;

  • мемлекеттік комитеттер және республика ведомстволар;

  • жергілікті атқару органдары;

  • мемлекеттік мекемелердегі және кәсіпорындардағы әкімшілік;

  • жекеменшік заңгерлік компаниялар.

! Атқарушы билік органы жүзеге асырады:

  • Республикадағы негізгі әскери жоспарларды;

  • Соттық реформаны;

  • мемлекеттің негізгі әлеуметтік-экономикалық бағытын;

  • ішкі келісім шарттарды;

  • ішкі келісім- шарттарды.

! Атқарушы билік органдары қызметі:

  • заң шығарушылық және атқарушылық;

  • заң шығарушылық және реттеуші;

  • құқық қорғаушы және сот;

  • атқарушы және реттеуші;

  • құқық қорғаушы және заң шығарушылық.

! Орталық атқару билік органына қарайды:

  • салалық және салааралық органдар;

  • аудандық жәнеоблыстық органдары;

  • орталық және салалық органдар;

  • сыртқы және ішкі органдар;

  • сыртқы және орталық органдар.

! Жергілікті атқарушы органдарға жатады:

  • комитеттер;

  • жергілікті әкімшілік;

  • агенттік;

  • департамент;

  • құқық қорғау органдары.

! Үкіметті кім құрады:

  • ҚР Президенті;

  • ҚР Парламенті;

  • бүкіл халықтық сайлауда;

  • жасырын дауыс беру арқылы;

ҚР- ң маслихаты.

1. Тақырып 5: Заңды тұлғаның түрлері және белгілері, түсінігі. Мемлекеттік меншік құқығы Міндеттеменің түсінігі және түрдері

2. Мақсаты: Заңды тұлға ұғымы мен түрлерімен танысу. ҚР –дағы жеке меншік құқығы мен түрлері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]