
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ ЗАҢНАМА НЕГІЗДЕРІ МОДУЛІ |
||
СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ |
«ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША
СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ
Алматы 2014 ж.
Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модулінің отырысында талқыланып мақұлданды. № ____ хаттама «___»_____________2014ж.
Модуль меңгерушісіз.ғ.д, доцент: Испаева Г.Б.
1. Тақырып 1: Құқықтық мемлекеттің пайда болуы және дамыту бастамалары.
2. Мақсаты: Құқықтық мемлекеттің пайда болуы мен дамуының негізгі теорияларын қарастыру.
3. Оқыту тапсырмалары:
Мемлекет дамуының негізгі сатыларымен таныстыру
Құқықтың құрылысы мен құрамын түсіндіру
Құқықтық-нормативтік актілермен таныстыру
Қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтық орны мен рөлін анықтау
4. Сабақты өткізу түрі: Тест сұрақтарын шешу.
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
Мемлекет пен құқықтың байланысы
Адам өміріндегі құқықтың орны мен рөлі
6. Үлестірілетін материал:(тест сұрақтары)
! Мемлекет пен құқықтың шынайы пайда болу теориясы:
мемлекетті құдайдың жаратылысы ретінде қарау;
мемлекетті күштеу мен басып алу арқылы пайда болды деп қарастырады;
мемлекетті отбасының пайда болуы мен өркендеуінің нәтижесі деп қарастырады;
мемлекетті еркін келісім-шарт арқылы пайда болды деп қарастырады;
тайпалар арасындағы қақтығысты тоқтату нәтижесінде пайда болды деп
қарастырады.
! Құқықтың теологиялық теориясы құқықтың пайда болуын былайша түсіндіреді...
монарх пен оның жанындағылар қызметінің нәтижесі;
Құдай әсерінің нәтижесі;
адамдардың бірнеше ұрпақтарының талпынысы мен тәжірибесінің нәтижесі;
дау- жанжалды шешу нәтижесі;
мемлекет дамуының нәтижесі.
! Келісім- шарт теориясы бұл-
Құқық заңдар жиынтығы болып табылмайды, ол халықтық сана- сезімнен туады,
күтпеген кезде пайда болады;
құқық бұл адамға тумасынан табиғаттан берілген сый;
адамдардың қарым- қатынасын реттеп отыру үшін құқықты құдай жаратты;
қоғамдық өмірді реттеп отыру үшін құқық керек;
рулар арасындағы дау- жанжалдарды тоқтату.
! Алғашқы құқықтық актілерге жатпайды:
Хаммурапи Заңдары- Вавилон б.э.д. XVIII ғ.;
Сали құқығы;
Ринуар құқығы;
Бургунд құқығы;
Конституция.
! Жеңіл құқық бұзушылық:
қылмыстық;
азаматтық;
әкімшілік;
қаржылық;
медициналық.
! Төменде келтірілген түсініктердің қайсысы «мемлекет» мағынасына жақын?
Билеуші маныңдағылар (жоғары билеушінің);
қоғамдық форманың ұйымдастырылуы, саяси жүйенің негізгі институты;
өндірістің барлық түрінің жеке иегері болуы;
саяси әрекеттерді реттейтін саяси институт;
әлеуметтік құбылыстарды реттейтін институт.
! Қазақстанда мемлекеттік билікті іске асырады:
ҚР- ң Президенті;
ҚР- ң Бас Прокуроры;
ҚР-ң Үкіметі;
ҚР-ң Премьер-министрі;
ҚР-ң сенат төрағасы.
! Қазақстан Республикасының Парламенті:
Заң шығарушылық функцияларды іске асыратын Жоғарғы атқарушы орган;
Құқықтық- шығармашылық функцияларды іске асыратын жергілікті заң шығарушы
орган;
өкілеттілік функцияларды іске асыратын Жоғары өкілетті орган;
Жоғарғы Заң шығарушы және атқарушы орган;
Жоғарғы атқарушы орган.
! Конституция бұл – ...
билікті жүзеге асыру құралы;
мемлекеттің негізгі Заңы;
мемлекет пен азамат арасындағы келісім;
халықаралық қатынастарды реттейтін Заң;
билік бөлінісі құралы.
! «Унитарлы мемлекет»:
«Одақ» сөзі бар мемлекет;
мемлекетте бір дін мен ортақ дәстүрдің болуы;
мемлекет ішінде мемлекет тектес құрылымдардың болуы;
Автономиялық Республикалары бар мемлекет;
ортақ мақсатпен біріккен біртұтас мемлекет.
7. Әдебиеттер:
Негізгі:
Оспанов Қ.И. «Құқық негіздері» Алматы.-2009 ж.
2. Ибраев А. С., Ибраев Н. С. Мемлекет және құқық теориясы . Алматы, 2003 г.
3. Сыдыков У.Е., Оспанов К. И. Құқық негіздері . Оқу құралы . Алматы: КазҰТУ, 2004.
4. Дулатбеков Н.О. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негіздері . Астана 2000г.
Қосымша:
Сапаргалиев Г.С. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негіздері.. А., 1997.
8. Бақылау:
! Мемлекеттік аппарат бұл- ...
Мемлекет функцияларын іске асыратын шенеуніктер қызметі;
Мемлекеттік құрылыс элементі;
өкілетті мемлекеттік органдардың өз құзіреті шегінде алдына қойған мақсатқа сай
міндеттерді орындау жүйесі;
ерекше құқықтарға ие мемлекеттік қызметкерлер;
мемлекет аясында жұмыс жасайтын барлық шенеуніктер.
! Мемлекет функциялары түрлері:
ішкі, сыртқы;
қамтамасыз ететін;
құқықты басқарушы;
саяси;
әлеуметтік.
! Мемлекет функциясын жүзеге асырудың құқықтық формалары қандай?
құқықтық шығармашылық;
құқықтық қолдану;
құқық қорғау;
құқықтық іс- әрекет;
құқықтың өзара қарым- қатынасы.
! Мемлекет дамуының белгілі бір кезеңдерінде қоғам өміріндегі әлеуметтік мақсаты мен рөлін көрсететін мемлекет қызметінің жалпы бағыттары:
мемлекет функциялары;
мемлекет тетіктері;
мемлекет түрі;
мемлекет міндеті;
мемлекет дамуы.
! Мемлекеттің сыртқы функциялары:
әскери- саяси және басқа мемлекеттермен байланыс;
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық тәртіпті қорғау;
экологиялық;
әлеуметтік;
экономикалық.
! Мемлекет функциясының жүзеге асырылуының негізгі формаларын атаңыз:
соттық;
бақылау- қадағалау;
құқықтық және ұйымдастырушылық;
құқық қорғаушылық;
құқық қолданушылық.
! Қоғамдық өмірдің құбылысы, олардың өзара байланысы мен өзара ықпалдасуы ретінде мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы және қызмет етуінің жалпы заңдылықтарының сипатын көрсетіңіз:
мемлекет және құқық теориясы пәні;
мемлекет және құқық теориясының ғылыми жүйесі;
мемлекет және құқық методологиясы;
мемлекет және құқық әдістері;
құқық жүйесін.
! Басқару формасы- бұл...
мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы;
елдегі жоғарғы билікті ұйымдастыру тәсілі;
мемлекеттің аумақтық құрылымы;
мемлекеттің аумақтық бөлінісі;
билікті қоғамдық өмірде қолдану.
! Мемлекеттік құрылымның қай формасы орталық пен аймақтарда өзінің билік органдарын йеленуге мүмкіндік береді?
унитарлық;
федерация;
конфедерации;
автономия;
монархия.
!Мемлекет дамуының белгілі бір кезеңдерінде қоғам өміріндегі әлеуметтік мақсаты мен рөлін көрсететін мемлекет қызметінің жалпы бағыттары:
мемлекет функциялары;
мемлекет тетіктері;
мемлекет түрі;
мемлекет міндеті;
мемлекет дамуы.
Тақырып 2: Адам және азаматтардың конституциялық – құқықтық мәртебесі және конституциялық құқық институты. ҚР сайлау жүйесіжәне сайлау құқығы.
Мақсаты:Студенттерді адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен міндеттерімен және мемлекеттегі сайлау жүйесімен таныстыру.
3. Оқыту тапсырмалары:
1. Студенттерді ҚР Конституциясымен таныстыру
2. ҚР Конституциясының негізгі даму кезендерімен танысу
3. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру
4. ҚР сайлау жүйесі мен сайлау құқығы
4. Сабақты өткізу түрі:Ситуациялық есептерді және тест сұрақтарын шешу
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
Конституциялық-құқықтық нормалар және оның түрлері
ҚР Конституциясы – мемлекеттің Негізгі заңы
Адам және азаматтың Конституциялық- құқықтық мәртебесі
6. Үлестірілетін материал:(ситуациялық сұрақтар)
1 есеп. Құрбы Григорьевалар Германиядағы ҚР сауда өкілеттілігінде жұмыс істеуге Германияға келеді. Шет елде жүргенде оларда бала дүниеге келеді. Баланың азаматтығы калай шешіледі?
2 есеп. 30 жасар Арман Куанышович, 45 жасар Асель Седина, 48 жасар Галым Асанович және 75 жасар Айдос Абдирович ҚР азаматтары болып табылады. 52 жасар Вадим Строков Белорусия мемлекетінің азаматы. Жоғарыда көрсетілген азаматтар ҚР аумағында 15 жылдан аса өмір сүріп жатыр. Үнемі Венгрияда өмір сүретін Ғалым және ҚР 9 жыл өмір сүретін Арман Куанышовичтен басқалар. Аталғандардың қайсысы ҚР Президентіне үміткер ретінде тіркеле алады?
3. «Асар» партиясынан партиялық жолмен сайланған Мәжіліс депутаты ол партияның құрамынан шығады.
Соған байланысты оның депутаттық қызметі аяқталады ма?
Парламент депутатына үміткер сайлау күні үгіттеу насихатын жасады.
Осы іс-әрекеті заңға сәйкес келеді ма? Сайлау кезінде анонимді үгіттеу материалдарын таратуға болады ма?
5. Сайлау болатын күні бірнеше сайлаушы Сайлау комиссиясына сайлау орнында сайлауға шақыру туралы қағаздарды таратып жатқанын айтты. Сайлау комиссиясы бұл шағымды қабылдамады.
Сайлау комиссиясының іс-әрекеті заңды ма?
6. Сайлаудан бир апта алдын сайлау комиссиясының ғимаратынан 150 метр жерде кандидат Э.-нің баннері ілініп тұрды.
Кандидат Э. сайлаудан алдын осындай іс-әрекет жасауға құқылы ма?
7. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Оспанов Қ.И. «Құқық негіздері» Алматы.-2009 ж.
2. Сапаргалиев Г.С. ҚР Конституциялық құқығы. Алматы, «Жеті жарғы» 2002.
3. Абдрасулов Е.Б. Толкование закона и норм Конституции: теория, опыт, процедура. Под. общ. ред. С.З. Зиманова. Алматы, 2002.
4. ҚР К онституциясы 30 тамыз 1995 ж. (21 мамыр 2007ж. толықтырулар мен өзгертулер енгізілген)
Қосымша:
1. ҚР Президентінің «Сайлау туралы» Заң күші бар Жарлығы 28 қыркүйек1995 ж.
8. Бақылау: тест сұрақтарын шешу
! ҚР Конституциясының мәні кімнің еркіндігі мен бостандығын білдіреді?
азаматтың және заңды тұлғалардың;
халықтың;
заңды тұлғалардың;
ҚР-ң азаматының және азаматтығы жоқ адамдардың;
элитаның.
!«ҚазКСР мемлекеттік егемендігі» туралы декларация қай жылы қабылданды?
1990 ж. 25 қазан;
1999 ж. 25 қазан;
1992 ж. 25 қазан;
1993 ж. 25 қазан;
1989 ж. 25 қазан.
! ҚР-ң тұнғыш Конституциясының қабылданған жыл:
1999 ж.
1995 ж.
1992 ж.
1993 ж.
1994 ж.
! Қазақстан Республикасының азаматы қанша жастан бастап өзінің құқықтары менміндеттерін толық көлемде жүзеге асыра алады?
12 жастан;
14 жастан;
18 жастан;
17 жастан;
16 жастан.
! ҚР-сы мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі:
4 жыл;
2 жыл ;
5 жыл;
3 жыл;
6 жыл..
! Латынның constitution сөзінің негізінде құрылған «Конституция» мағынасы:
келісім:
көзқарастар жүйесі;
бекітілу, құрылым;
ереже;
бұйрық.
! Тәуелсіз ҚР-ң тұнғыш Конституциясының құрылысы:
4 бөлім, 2 тарау және 3 бап;
4 бөлім, 23 тарау және 4 бап;
6 бөлім, 2 тарау және 3 бап;
5 бөлім, 23 тарау және 4 бап;
7 бөлім, 2 тарау және 3 бап.
! Конституцияға сәйкес әлеуметтік құқық – бұл...
мемлекеттен нақты материалдық және материалдық емес көмек алу мүмкіндігі;
мемлекеттен саяси комек алу мүмкіндігі;
мемлекеттен экономикалық көмек алу мүмкіндігі;
мемлекеттен мәдени құндылықтарды алу мүмкіндігі;
мемлекет тарапынан қорғанысқа ие болу мүмкіндігі.
! Депутат еңбек (кызмет) тәртібін бұзған жағдайда қарастырылады:
әкімшілік жауапқа тарту;
еңбектік жауапқа тарту;
тәртіптік жауапқа тарту;
азаматтық жауапқа тарту;
қылмыстық жауапқа тарту.
! Президент болып сайлана алады:
Қазақстан Республикасының 35 жастан асқан азаматы азаматы;
30 жастан асқан талаптарға сай келетін ҚР азаматы;
Қазақстанда кем дегенде 10 жыл тұратын , 40 жастан асқан;
Қазақстанда кем дегенде 5 жыл тұратын , 40 жастан асқан;
Қазақстанда соңғы 5 жыл тұратын.
Тақырып 3: ҚР құқық қорғау органдарының қызметін ұйымдастыру принцпі.
Мақсаты: Құқық қорғау органдарының жүйесімен таныстыру. ҚР-ның құқық қорғау органдарының құрылымы мен жүйесін сипаттау.