
- •1 Жобаны ғылыми-техникалық негіздеу. Әдеби шолу, қолданымдағы құрылымы белгілі машиналар мен жабдықтарды талдау. Патенттік ізденіс.
- •1.1 Сурет овп-20а таңбалы ауалық торлы машинаның функциялық нобайы
- •1.2 Сурет а1–зсш машинасы
- •1.3Сурет а1–зшс сұрыптағышы
- •1.5 Сурет:
- •1.6 Сурет. А1–бис–12 сұрыптағышы
- •1.7 Сурет а1–бис–12 сұрыптағышының циклоны
- •1.8 Сурет теңестіруге арналған жүкті диск
- •1.9 Сурет Аспирациялық каналдың жүктемесімен қимасының өлшемдерін есептеуге арналған номограмма
- •2. Дән массасын жеңіл қоспалар мен тозаңнан тазалау процесін жетілдіру және машинаның тиімді құрылымын іріктеу. Техникалық ұсыныс.
- •2.1 Жеңіл қоспаларды бөліп алу тәсілдерін ғылыми талдау жолымен машинаның тиімді құрылымын іріктеу
- •2.2 Сурет Камерадағы ағынның нобайы
- •Шаңсыздандырғыш камераның параметрлері
- •2.3. Техникалық ұсыныс
- •2.2. Пневмоқұрылғының құрылымы,
- •Пневмоқұрылғының нобайы
- •2.4 Сурет: а1–зшс сұрыптағышы
- •3.2.Процессті жетілдіру үшін пневмокамералы құрылымның негізгі жұмысшы элементтерін қабылдау және кедергілерін анықтау
- •3.2.1.Машинадағы жалюздік қиықтүтіктердің кедергісін анықтау
- •3.3. Пневмоқұрылғыны есептеу
- •3.3.1. Технологиялық көрсеткіштерді анықтау
- •3.3.2. Аспирациялық жүйені есептеу
- •4.Технико-экономикалық көрсеткіштер
- •Техникалық сипаттамасы
- •3. Пайдаланымдық шығындары бойынша меншікті шығындар, немесе дәнді алғашқы өңдеуден өткізу торабында жеңіл қоспалардан тазалау процесінің өзіндік құны:
- •4. Экологиялық бөлім
- •5.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
2.3. Техникалық ұсыныс
Ұсынылып отырған және жаңадан жобаланған машинаның негізгі жұмысшы органы – пневмокамера болып табылады.
Дән массасын жеңіл қоспалардан тазалау агенті – ауа ағыны болып табылады.
Аэродинамикалық сұрыптағыштың пневмоқұрылғының жұмысшы камерасында аспирациялық қиықтүтік көмегімен сорғанда дән массасындағы дәнаралық кеңістікте қажетті мөлшерде вакуум /60-100 Па/ қысым пайда болады. Осының нәтижесінде жеңіл қоспалар – қауыз, шөп-шалам, шаң-тозаңдар ауа ағынына ілесіп, аспирациялық жүйедегі құбыр бойымен жылжи отырып, циклон-бөлгіш көмегімен ауадан ажырайды.
Дәнді жеңіл қоспалардан үздіксіз принципті таспалы конвейерлер мен нориялардың тиеу-түсіру тораптарында пайдалану мүмкіндігі қарастырылған пнемосұрыптағыш камералы машинаның негізгі жұмыс істеу принципі – дән массасының сусымалы қасиетін дәнді қопсыту үшін тиімді пайдалануға негізделген. Осының нәтижесінде дәнаралық кеңістікке ауа ағыны көп кедергісіз еркін ене алады да, жеңіл қоспаларды өзімен бірге ілестіріп әкетеді.
Дән массасын қопсыту үшін пневмосұрыптағышты камераның дән қабатын камераға бағыттайтын жоғарғы жағына торлы бағыттаушы орнатылады. Дән аралық кеңістіктегі ауа жүретін бос каналдардың бастапқы ені бағыттаушы торды құрайтын білемдердің диаметріне тең болады. Дән массасы сусымалы, әрі аққыш болғандықтан, тор білеулерінің көмегімен қопсытылып, пневмокамераға өзінің бастапқы қимасын ұлғайтып, қопсыған күйде енеді.
Дәннің қопсытылу коэффициенті тор білемдерінің саны мен диаметріне, олардың ара қашықтығына тәуелді. Осы белгілері бойынша бағыттаушы тордың “тірі” қимасының ауданын анықтауға болады.
Дәнаралық кеңістіктік аэродинамикалық кедергісі бағыттаушы тордың “тірі” қимасының ауданына тәуелді болып келеді.
Ұсынылып отырған машина мына талаптарға жауап беруі тиіс:
Пневмосұрыптағыш камералы машинаның жұмысы технологиялық жағынан тиімді болуы керек: дәннің ылғалдығына байланысты 90-95 пайызға дейін көрсеткішті қамтамасыз ету мүмкіндігі;
Құрылымы өте қарапайым, ауқымдық өлшемдері қажетті өнімділікке және соған сәйкес секция санына байланысты құрылымдау жолымен қабылдануы керек;
Элеваторлар мен механикаландырылған қоймалардың тиеу, түсіру тораптарына орнатылатынын ескере отырып, тасымал-технологиялық ағымдағы тасымалдау өнімділіктерін қамтамасыз етуі үшін құрылымы көпсекциялы болып жобалану мүмкіндігі, т.с.с..
Машинаны дән қабылдау пункттері мен элеваторларда, дәнді қайта өңдеу жолымен ұн, жарма өндіру мекемелерінде пайдалану – дәнді тазалауға қатысты процесстердің өзіндік құнын төмендетеді. Процесстің өнімнің массалық бірлігіне шаққандағы меншікті шығыны құрылымы бұрыннан белгілі аэродинамикалық машиналармен салыстырғанда анағұрлым төмен болуы басты талапқа жатады.
2.2. Пневмоқұрылғының құрылымы,
жұмыс істеу принципі, техникалық жуық көрсеткіштері
2.2.1. Машинаның құрылымы мен жұмыс істеу принципі, жалпы суреттеу
Дән массасын егістіктен жинап алып келіп, элеваторға жеткізгеннен кейін бірден жеңіл қоспалардан тазалаған технологиялық және техникалық талаптар жағынан өте тиімді саналады. Сонымен қатар, құрамдас жеңіл қоспалар мен шаң-тозаң аластатылған соң дәнді силостарға тиеу, түсіру, конвейерлер мен нориялардың көмегімен тасымалдау, тағы да тиеу-түсіру кездерінде қоршаған ортаға бөлінетін шаң-тозаң концентрациясы шекті-қалыпты концентрацияға / 4 мг/м3 / дейін төмендейді.
Дән массасын сусымалы қасиетіне сүйене отырып, механикалық жолмен қопсытып, дәнаралық кеңістіктен ауа көмегімен қоспаларды бөліп алуға арналған аэроклассификатордың негізгі жұмысшы органы пневмосұрыптағыш болып табылады.
Пневмоқұрылғы тұрқыдан 1, қабылдау камерасы 2 мен түсіруге арналған қиықтүтіктен 3, жұмысшы камера 4 мен оны секцияларға бөліп тұратын аралық қалқандардан 5 тұрады /2.4 сурет/.
Жұмысшы камераға 4 ауа ағынын бірқалыпты тарату мақсатында аралық қалқандарға 5 жалюздік торлар 6,7 бекітілген /2.4 суретті қараңыз/. Әрбір қалқанның екі жақ бетінде бір-бір тордан бекітіледі. Сәйкес қалқандағы 5 тордың бірі / 6 / ауа ағынын жұмысшы камераға 4 келтіруге, ал екіншісі 7 дәнаралық қабатқа енген ауа мен оған ілескен жеңіл қоспаларды дәнаралық қабаттан алып кетуге арналған. Жұмысшы камераға 4 ауа ағынын бірқалыпты тарату мақсатында аралық қалқандарға 5 жалюздік торлар 6,7 бекітілген /5.1 суретті қараңыз/. Әрбір қалқанның екі жақ бетінде бір-бір тордан бекітіледі. Сәйкес қалқандағы 5 тордың бірі / 6 / ауа ағынын жұмысшы камераға 4 келтіруге, ал екіншісі 7 дәнаралық қабатқа енген ауа мен оған ілескен жеңіл қоспаларды дәнаралық кеңістіктен аспирациялық жүйе көмегімен сорып алуға арналған. Сондықтан жалюздік торлар камераның қимасы бойынша бір жазықтықта жатады.
Дәннің құрамындағы кездейсоқ ірі қоспаларды ұстап қалу үшін жұмысшы камераның жоғарғы жағында көлбеу торлы қалқан 9 орналасқан /2.4 суретті қараңыз/. Қалқанның төменгі шетінде көлбеу науа 11 орналасқан, науаның шеті тұрқыда 1 орналасқан люкке барып тіреледі.
Камераның ені бойынша бірқалыпты ауа жылдамдығын жалюздің қиықконусты қатпарлы торлар 6,7 қамтамасыз етсе, биіктігі бойынша да ауаның сорылу жылдамдығы бірқалыпты болуын қамтамасыз ету мақсатында тор қатпарларының адымы /бір-бірінен ара қашықтығы, мм/ дәннің жоғарыдан төмен қозғалу бағыты бойымен бірте-бірте азаятын есеппен орнатылады.
Дән массасын алғашқы өңдеу – жеңіл қоспалардан тазалауға арналған пневмоқұрылғы /2.4 сурет/ мынадай ретпен жұмыс істейді:
Дән ағыны қабылдау камерасы 2 арқылы жұмысшы камераның секцияларына жоғарыдағы тордың 9 көмегімен таралып түседі /5.1 суретті қараңыз/.
Әрбір секцияның ішіне тура келген дәннің аз ғана қабатында, яғни дәнаралық кеңістікте көлденең бағыт бойынша ауалық бос аралықтар пайда болады. Бұл аралықтардың ені бағыттаушы тордағы 9 білемдердің қалыңдығына тең болады.