Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жулдыз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

1.6 Сурет. А1–бис–12 сұрыптағышы

1–жылжымалы қабырға; 2-пневмосұрыптау каналы; 3– шығару каналы; 4–дірілдейтін науа; 5–дірілдету құрылғысы; 6,7–науа; 8–шкив; 9–электроқозғалтқыш; 10–ілінген ситалар; 11– сорттау ситасы; 12–қабылдау шанағы; 13–тор тесіктеріне тұрып қалған дәндерден тазалауға арналған резинадан жасалған шар;14–аспирация құбыры.

1.7 Сурет а1–бис–12 сұрыптағышының циклоны

1–қисықсызықты қалақша; 2–қиық конус; 3, 4 – конустар; 6 – шығу құбыры; 7 – шлюздік ағытпа

Тазартылуға тиіс дән тиегіш люк арқылы қабылдау камерасына тиеледі, таратқыш тақтай арқылы камераның ұзына бойына бірқалыпты таратылады. Камерадан дән бұдырды білеулердің көмегімен аспирациялық каналдарға келіп, мұнда ауамен үрленеді. Жеңіл қоспалардың бір бөлігі өткел арқылы арнайы шанаққа тиеледі, қалған бөлігі ауамен центрден тепкіш бөлгішке түседі. Ауа атмосфераға бағытталады, ал жеңіл қоспалар бөлгіштің конустың бөлігіне жиналады. Қалған қоспалармен бірге дән екі тұрқының да жо,арғы торларына қатар тиеледі. әрі қарай дәнді сұрыптағанда тазаланған дән массасы Г торының бетінде қалады, Б2 торының тесіккөздерінен өтіп кетеді. Артқы қабылдағышта тазартылған дән бірігіп, әкетуге арналған конвейерге тиеледі. В торынан өтіп кеткен майда қоспалар арнайы шанаққа тиеледі, ал майдалау және қоспалық дәнектер Г торынан өтіп кетіп, бөлек шанаққа тиеледі.

«Вибрант» К-521 («Петкус» ФРГ) машинасы дән массасын жуықтап тазалауға арналған /1.8 сурет/. Негізгі жұмысшы органдары: сырғымасы бар қабылдау шанағы, ауалық тазалау бөлігі, екі торы бар тербелмелі торлы тұрқы /стан/, жеңіл қоспаларды арнайы қапқа жинайтын екі бөлгіш циклон. Резеңке доңғалақтарға орнатылған торлы тұрқы қозғалтқыш білікке орнатылған теңестірілмеген жүктердің инерциялық күштері арқылы тербеліске түседі. Торлы тұрқы мен тербелткіш сынатаспалы екі беріліс арқылы электроқозғалтқыштан қозғалысқа түсе алады.

Машинаның жұмыс істеу принципі: тазартылуға тиіс дән қабылдау шанағынан қалқандар арқылы жоғарғы торларға тиеледі. Жеңіл қоспалар аспирациялық каналдан ауа ағынымен сорылып алынады. Дәннің тиелу мөлшері сырғыманың көмегімен реттеледі. Ірі қоспалар жоғарғы тор бетінен сырғанап, машинадан сыртқа шығарылады. Төменгі ор тесіккөздерінен өтіп кеткен майда қоспалар сыртқа бағытталады, тазаланған дән төменгі тор бетімен сырғанап бағытталады. Екінші аспирациялық каналдан жеңіл қоспалар сорылып алынады.

К-521/1 машинасының К-521 машинасынан /1.7 сурет, а, б/ айырмашылығы – қабылдау шанағының түбі теңселмелі етіп жасалынған, ал торлы тұрқыда үш тор орналасқан. Үшінші тор майда қоспаларды бөліа алуға арналған, машинаның тазалау тиімділігі жоғары.

К-522 және К-523 («Петкус», ФРГ) машиналарының құрылымдары бірдей, өнімділіктерімен және кейбір параметрлерінің өзгешелігімен ерекшеленеді /1.8 сурет/. Дәнді дақылдардың біраз түрін жуықтап қоспалардан тазартуға арналған.

Машинаның негізгі жұмысшы органдары: қабылдау шанағы 3, ауалық тазалау бөлігі 2,12 және торлы 6,8 тұрқы. Қабылдау шанағында 3 камераның ені бойынша дән массасын бірқалыпты таратуға арналған қалқан 1 орналасқан, мөлшерін реттеуге арналған сырғымалы серіппеге 4 бекітілген. Ауалық тазалау бөлігі желдеткіш 14, аспирациялық каналдардан 2,12 тұрады.

Желдеткіш 14 доңғалағы электроқозғалтқыш білігіне орналасқан (2,2 және 3,0 кВт, п = 2900 айн/мин).

Вибрант» К-521 («Петкус» ФРГ) машинасы а/ нобайы: 1 – қабылдау шанағы; 2 – сырғыма;

3 – қалқандар;

4 – желдеткіш;

5 – циклон;

6,9 – аспирац.-қ

каналдар;

7 – төменгі тор/ елек/;

8 – жоғ. өткізгіш елек.

1 – ірі қоспалар,

11 – майда қоспалар;

111 – тазаланған дән;

1У – жеңіл қоспалар

б/ нобайы: 1 – қабылдау шанағы; 2 – араластырғыш;

3 – сырғыма; 4 – теңселме

түп; 6 – желдеткіш;

7 – циклон;

5,9 – аспирациялық

каналдар;

10 – төменгі тор /елек/;

11 – ортаңғы елек;

12 – жоғарғы елек;

13 - қалқандар

1,11 – ірі қоспалар,

111 – майда қоспалар;

1У – тазаланған дән;

1У – жеңіл қоспалар