- •2. Өнімнің сипаттамасы
- •Қаймақ өндіру тәсілін, схемасын мен технологиясын негіздеу
- •2.2 Технологиялық процессті іске асыру үшін жабдық таңдау
- •3 Лецитинді араластыруға арналған виброараластырғышты конструкторлық құрастыру
- •3.1 Кесте – Конструкторлық жобаның салыстырмалы талдауы
- •3.2 Виброараластырғыштың сипаттамасы
- •3.3 Виброараластырғыштың негізгі есептері
- •Мұндағы g1 – сыйымдылығы, л, лецитин ерітіндісінің қажетті көлемімен анықталады, рецептураға сәйкес, g1 лецитин ерітіндісі үшін 80 л;
- •Мұндағы ρ – тиелетін заттың тығыздығы, кг/м3 Лецитин ерітіндісінің тығыздығы ρ, кг/м3, мына формула бойынша анықталады (4.3).
- •4 Мантаждау бөлімі
- •4.3 Кесте – Технологиялық жабдықтың жөндеу циклының разряды мен құрылымы
- •Жабдықты жөндеудің еңбек сыйымдылығы т, адам-сағ (4.12) формула бойынша анықталады
- •4.1 Технологиялық желі жұмысының сенімділігін бағалау
- •5 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
- •5.1 Ұйымдастыру іс – шаралары
- •5.3 Жерлендіруді есептеу
- •5.4 Жасанды жарық беруді есептеу
- •5.5 Араластырғыш операторының жұмыс орнындағы еңбекті қорғау бойынша нұсқаулығы
- •6 Экономикалық бөлім
- •6.1 Капитал салмалары
- •6.2 Қаймақтың өзіндік құнын есептеу
- •6.3 Мекеменің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері
- •7. Экологиялық қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
5 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
Өндіріс жағдайында адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету құзіргі кезде өткір мәселелердің бірі. Адамдарға қауіпсіз жұмыс жағдайын жасау және олардың қауіпсіздік талаптарын орындауы мекеменің үзіліссіз, тұрақты жұмысының кепілі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – жаңа техниканы жобалау, қазіргі қауіпсіздік, өндірістік санитария және экология талаптарына сай келетін технологиялық үрдісті жетілдіру, сонымен бірге адамның жұмыс орнында қалыпты жұмыс жасауы үшін қажетті жағдайды суреттеу. [27].
5.1 Ұйымдастыру іс – шаралары
Мемелекеттік құзырлы органдар бекіткен заңнамаларға сәйкес өндіріс орнына жұмысқа қабылданған адам сәйкес нұсқаулықтан өткізіледі. Кейбір күрделі процессті жұмыс орнындарында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықты бір апта бойы мекемеден бекітілген арнайы маман жүргізеді.
Нұсқаулық келесі түрлерге бөлінеді:
Кіріспе нұсқамалық: жұмысқа қабылдауда өткізіледі. Жауапты – бас инженер, еңбекті қорғау бойынша инженер. Нұсқаулық жұмысшының міндеттері туралы, қауіпсіздік шаралары туралы болады және кіріспе нұсқамалық журналына тіркеледі;
- Жұмысшы орындағы алғашқы: жұмысқы түсер алдында немесе бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауысқанда жүргізіледі. Жұмыстың тікелей басшысы жүргізеді, еңбекті қорғау бойынша нұсқаудан тұрады және жұмысшы орындағы нұсқаулық журналына тіркеледі;
- Жоспардан тыс: технологиялық процесс өзгергенде, жабдықты ауыстырғанда, жарақатқа немесе апатқа алып келген қауіпсіздік ережесін бұзу кезінде, жұмыста ұзақ уақыт үзіліс болғанда өткізіледі. Жұмыстың тікелей жетекшісі жүргізеді. Нұстаулық мәтіні оны жүргізуге қажеттілік туғызған себеп пен жағдайға байланысты болады. Жұмысшы орнындағы нұсқаулық журналына тіркеледі;
- Қайталама: алты айда бір рет жүргізілед. Жұмыстың тікелей жетекшісі жүргізеді. Нұстаулық мәтіні оны жүргізуге қажеттілік туғызған себеп пен жағдайға байланысты болады. Жұмысшы орнындағы нұсқаулық журналына тіркеледі;
- Мақсаттық: бір жолғы тікелей міндетіне қатысы жоқ жұмысты жасауда жүргізіледі. Жұмыстың тікелей жетекшісі жүргізеді. Нұстаулық мәтіні оны жүргізуге қажеттілік туғызған себеп пен жағдайға байланысты болады. Жүктелім рұқсат тіркелетін немесе жұмысты шешетін басқа құжаттарда тіркеледі.
Нұсқаулықтан бөлек мамандандырылған буындардың жұмысшылары еңбекті қорғау бойынша курстық оқытуларды өтуі қажет. Оқудан өткендердің білімін мекемеде арнайы жасақталған комиссия тексереді. Курстық оқуды өткені туралы арнайы журналға тіркеледі.
5.2 Қаймақ өндіруге арналған цехқа қойылатын санитарлық–гигиеналық талаптар.
Желдету. Таза ауа беру, бір жұмысшыға кем дегенде 20 м3/сағ. Табиғи желдету ғана рұқсат етіледі. Оған терезені ашу, ғимарат үстіндегі желдету шахталары.
Жасанды желдету жағдайында алып кетілетін ауа мен келетін ауаның балансын бақылау қажет, сонымен қатар жайдағы температура бекітілген санитарлық нормаларға сай болуын қадағалайды.
Біздің өндіріс орнында падаланылған агентті ауа тартқыш желдету шахтасы арқылы алып кетеді.
Табиғи желдетуді жайдың қарама–қарсы соңында орнатылған тартпа көмей қамтамасыз етеді.
Микроклиматқа санитарлық–гигиеналық талаптар арнайы стандарттан бойынша регламенттеледі.
Микроклиматтың тиімді параметрлері 5.1 кестеде келтірілген.
5.1 кесте – Жұмысшы зонадағы температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа жылдамдығының тиімді нормасы
Жыл мезгілі |
Жұмыс категориясы |
Темпера-тура, 0С |
Салыстырмалы ылғалдылық,% |
Ауаның қозғалыс жылдамдығы, м/с, артық емес |
Жылдың салқын және ауыспалы периоды |
Жеңіл – IОрташа ауырлықты – IIа Орташа ауырлықты – IIб Ауыр – III |
20…23 18…20 17…19 16…18 |
60…40 60…40 60…40 60…40 |
0,2 0,2 0,3 0,3 |
Теплый период года |
Жеңіл – IОрташа аурлықты – IIа Орташа ауырлықты – IIб Ауыр – III |
22…25 21…23 20…22 18…21 |
60…40 60…40 60…40 60…40 |
0,2 0,3 0,4 0,5 |
Қаймақ өндіру цехының өндірістік жұмысшыларының жұмысы орташа ауырлықты –ІІ категорияға жатады.
Жылыту. Жылытуға қойылатын негізгі талап өндірістік жай ішінде температураны арнайы стандарттар бойынша бекітілген деңгейде ұстау болып табылады.
Жарықтандыру. Жарықтандыру жұмыс объектілерін жеңіл және жылдам орналастыруға жеткілікті болуы тиіс. Жарықтандыру көлеңке болмайтындай жарыққа тең болуы қажет. Фон мен объект арасында әр түрлі түстер болуы қажет. Жарық көзі қарастырылып отырған объектіде қоңыр түске түскен ақ дақ жасамауы тиіс. Жарық көзі жұмысшыларды шағылыстырмауы қажет, жарық деңгейін уақыт өте келе өзгермеуі тиіс. Келтірілген талаптар тек қана зерттеумен емес, сонымен бірге өндірістік тәжірибемен дәлелденген. Мекемед біріктірілген жарықтандыру орын алады. Табиғи және жасанды. Жарықтандыру деңгейі 200 лк ны құрайды.
Шу және вибрация. Шу мен вирация адам ағзасына қауіпті әсер етеді, және де ол жабық түрде болып жұмыс шы оны көп уақыт өткенен кейін сезінуі мүмкін.
Өндірістік жайдағы шу деңгейі санитарлық талаптарға сай болуы тиіс 80 дБ. Бұл үшін шу көздеріне қаптама және дыбыс жұтатын пластиналары бар капоттар жабылады. Сонымен бірге келесілерді қарастыру қажет:
- Агрегаттардың айналмалы механизмдері мен бөлшектерін вибрация тудыратын динамикалық күшерді төмендету мақсатында теңестіру қажет;
– Бір–біріне жанасатын бөлшектерді майлауды кең түрде пайдалану;
- Қарастырылып отырған технологиялық желіде вибрация тудыратын жабдық жоқ.
Химиялық жарылуға қауіпті заттар. Химиялық заттардан қорғайтын арнайы киіммен жұмыс істеу қажет. Қышқыл мен сілтінің денеге тиуі кезінде, химиялық зат тиген жерді 10 минут бойы сумен шаю қажет.
Мекемеде фреонмен жұмыс жасатын тоңазыту қондырғысы бар болған жағдайда жайда екі адамға жұмыс жасауға рұқсат етіледі.
Жоспарлы залалсыздандыру және жинауға арналған химиялық заттарды арнайы жабдықталған жайларда сақтау қажет. Жай өрт сөндіру құрылғыларымен жабдықталған – ОП–1 типті ұнтақты өрт сөндіргіш.
Мекемедегі еңбекті ұйымдастур талаптары. Қаймақ өндіру өндірісіндегі техника қауіпсіздігі мемлекет тарапынан бекітілген нормалар мен талаптар, стандарттарға сай жүргізіледі. Жұмыс жаңадан қабылданған адамдар медициналық бақылаудан өтеді, ары қарайғы медициналық бақылау әр квартал сайын жүргізіледі.
Жұмысты бастар алдында міндетті түрде басына баса киім, ал қолын жақсылап жуу қажет. Жұмыстан кейін арнайы киім гардеробта қалдырылады. Жұмысшылардың денсаулығы болмаған жағдайда тез арада медициналық қызметкерлерге көріну қажет.
Жұмысқа аяғы ауыр әйелдерді, жас өспірімдерді, тері қабаты зақымдалған созылмалы аурумен ауыратын адамдарды алуға қатаң тыйым салынады.
Жайға қойылатын санитарлық талаптар. Бір жұмысшыға 15 м3 кем емес жер, ал аудан 4,5 м2, барлық жайдағы бөлмелердің биіктігі 3,2 м – ден кем болмауы тиіс. Жай едендері тегіс канализация шахталарына қарай аздап көлбеулік болуы қажет.
Негізгі жайдан басқа гардероб, әжетхана, демалу бөлмесі қарастырылған. Гардеробтағы шкафтар саны жұмысшылар санына тең болуы тиіс.
Өндірістік ғимарат өндіріс сипатына сай келеді, қоймалық жайлар микробтар мен зиянкестердің даму ошақтарынан аластатылған.
Жұмысшы орындағы еңбек шарты. Еңбек шарты жұмысшы орын карталарында сипатталып, плакат түрінде өндірісте ілініп тұрады.
Жарақатты ескерту шаралары:
- ұйымдастырушылық: жұмысшыларды қауіпсіз жүмыс тәсілдеріне оқыту, дер кезінде техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық тан өткізу; нұсқаулықты, плакттарды және ескерту жазуларын іліп қою;
- ұйымдастыру-техникалық: жөндеу жұмыстарын жүргізу, техникалық қоршаулар, құрал және сақтандыру құралдары;
- санитарлық: микроклиматты ұйымдастыру, ауа тазалығын қамтамасыз ету, жарықтандыруды стандарт бойынша, шу мен вибрацияны шекті рұқсат етілген нормаларда сақтау.
Электрлік қауіпсіздік. Жабдықты монтаждауда және ауыстыруда оларды бекіту ережесін және жай категориясын ескеру қажет. Электр жабдықтарына жоспарлы және ағымдағы күтім жасау. 1000 Вт×сағ кернеулі жабдықтарды адамадардың электр тогына тартылып қалмауы үшін жерлендіру қажет.
Іс–шараларды қатаң сақтау қажет:
-жұмысшыларды электржабдықтарымен жұмыс жасауға оқыту;
- жұмысшыларды дербес сақтану құралдарымен қамтамасыз ету;
- электржабдықтарының дұрыстығын бақылап отыру;
- профилактикалық жөндеуді жүргізу;
- өндірістке электржабдықтарымен дұрыс жұмыс жасау бойынша нұсқаулықтың болуы;
- ток жүретін бөліктердің қоршаулық құрылғыларын бақылау;
- монтаждау ережелерін сақтау;
- сақтандыру құрылғыларын дұрыс пайдалану.
Өртқауіпсіздігі. Ғимараттың өртке төзімділігі II. Өндірісте тез тұтанатын заттар қолданылмайды. Өрт болған жағдайда жайда жұмысшыларды екі шығару көздері қарастырылған. Олар ғимараттың екі жағында орналасқан. Жай өрт қауіпсіздігі инвентарымен қамтамасыз етілген. Оларды шаруашылық қажеттіліктерге пайдалануға болмайды. Жұмысшылар өрттік инвентармен жұмыс жасаумен танысқан. Көрінетін жерлерде өрқауіпсіздігі ережелері және өрт болған жағдайдағы шығу жолдары көрсетілген. Тұйықталуды ескерту үшін тарату қалқанында сақтандырғыштар орнатылған. Олар электр желісін апат кезінде ажыратады. Шамды қағазбен қаптауға, тоқ жүретін өткізгіштерді ілмек ретінде қолдануға және қосқыштарды жихазбен жабуға болмайды.
Өрт болған жағдайда жұмысшылар:
1) жабдықтарды электржелісінен ажырату
2) өндірісті тоқтату;
3) мүмкін болған жағдайда жабдықтарды электр көзінен ажырату, жайдан жедел шығу және қауіпсіз жерге 50м қауіпсіз қашықтыққа дейін бару қажет;
4) өрт күзетін шақыру егер жағдай мүмкіндік берсе, өртті өз күшімен сөндіріп көру қажет. Егер адам өміріне түсетін кішкене болсада қауіп болса жедел түрде жайдан қауіпсіз жерге шығу қажет.
