- •2. Өнімнің сипаттамасы
- •Қаймақ өндіру тәсілін, схемасын мен технологиясын негіздеу
- •2.2 Технологиялық процессті іске асыру үшін жабдық таңдау
- •3 Лецитинді араластыруға арналған виброараластырғышты конструкторлық құрастыру
- •3.1 Кесте – Конструкторлық жобаның салыстырмалы талдауы
- •3.2 Виброараластырғыштың сипаттамасы
- •3.3 Виброараластырғыштың негізгі есептері
- •Мұндағы g1 – сыйымдылығы, л, лецитин ерітіндісінің қажетті көлемімен анықталады, рецептураға сәйкес, g1 лецитин ерітіндісі үшін 80 л;
- •Мұндағы ρ – тиелетін заттың тығыздығы, кг/м3 Лецитин ерітіндісінің тығыздығы ρ, кг/м3, мына формула бойынша анықталады (4.3).
- •4 Мантаждау бөлімі
- •4.3 Кесте – Технологиялық жабдықтың жөндеу циклының разряды мен құрылымы
- •Жабдықты жөндеудің еңбек сыйымдылығы т, адам-сағ (4.12) формула бойынша анықталады
- •4.1 Технологиялық желі жұмысының сенімділігін бағалау
- •5 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
- •5.1 Ұйымдастыру іс – шаралары
- •5.3 Жерлендіруді есептеу
- •5.4 Жасанды жарық беруді есептеу
- •5.5 Араластырғыш операторының жұмыс орнындағы еңбекті қорғау бойынша нұсқаулығы
- •6 Экономикалық бөлім
- •6.1 Капитал салмалары
- •6.2 Қаймақтың өзіндік құнын есептеу
- •6.3 Мекеменің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері
- •7. Экологиялық қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
4 Мантаждау бөлімі
Сурет 4,1. Жабдықтарды жинақтау
4.1 Өндірістік процессті қамтамасыз ететін негізгі жүйелерді есептеу
Жабдықтың жүктелу графигі жабдықтың жүктелу деңгейін талдауға мүмкіндік береді.
Жүктелу графигін тұрғызуда әрбір машинаның бір ауысымдағы (8 сағ) жұмыс ұзақтығы есептеледі де өндіріс процессіндегі оның қосылу және ажыратылу уақыттары анықталады.
Қаймақ цехының тәуліктік өнімділігі 600 кг/тәулік. Цех тәулігінде үш ауысымда жұмыс жасайды, сәйкесінше бір ауысымда 200 кг/ауысым болады.
Дайын өніммен шикізатты сақтау камералары тәулік бойына жұмыс жасайды. Әр циклда технологиялық процестің барлық кезеңдерін қарастыру қажет. Жабдықтың жүктелу графигі 3.4 – суретте келтірілген.
Сурет 4,2. Жабдықтың жүктелу графигі
Жабдықтың жүктелу графигі негізінде энергиямен қамтамасыз ету графигі тұрғызылады. Әрбір агрегаттың қосылып тұрған уақыты жүктелу графигінде міндетті түрде көрсетіледі. Ордината өсі бойынша машинаның паспорттық мәліметтеріне байланысты қуат жүргізіледі. Жеке механизмдердің жұмыс уақыты бірдей болғанда қуаттары біріктіріледі. Иілген сатылы фигура электр жабдықтарының жүктелу графигін көрсетеді. Ол 3.5 – суретте көрсетілген.
Электрмен қамсыздандырылу графигі технологиялық желінің пайдалануы мүмкін электр энергиясын максималды есептеуге мүмкіндік береді.
Сурет 4,3. Электр тогын пайдалану графигі
Сумен қамтамасыз ету графигі күн ішіндегі судың шығынын шамамен көрсетеді. Жабдықты жуу әр ауаысым сайын іске асырылады (жеке 5..10л), су шығынын әр агрегатқа 30...50 л етіп қабылдаймыз. Ауысым соңында 100 л. сумен өндірістік жайды ылғалдап тазалау жүргізіледі. Аталған жабдықтардың жұмысына су шығыны паспорттық шығынына және ауысымдағы жұмыс уақытына сәйкес алынады.
Сумен қамсыздандыру гарфигі судың максималды берілуін және қажетті судың көлемін сақтауға қажетті суарынды мұнараның көлемін (су құбырының апаттық жағдайында) анықтау шін құрастырылады. Су шығыны 3.3 кестеде келтірілген.
Су шығыны жабдықты және өндірістік жайды санитарлық өңдеуге, жұмысшылардың жеке гигиенасына, жабдықтың жұмысына шығындалатын су шыныдарынан құралады.
Жұмысшылардың жеке гигиенасына шығындалатын су шығыны Лгр, л мына формула бойынша анықталады
Лгр=g·Nр (4.1)
мұндағы g – бір жұмысшыға жұмсалатын су шығынының нормасы, л/ауысым;
Nр – бір ауысымдағы жұмысшылардың штаты, адам, 3.1 кесте.
Лгр = 25·8=200 л/ауысым
4.1 – кесте. Қаймақ өндіру цехындағы су шығыны
Су тұтынушының аталуы |
Су шығыны, л/ауысым |
Жабдықты санитарлық өңдеу Жайды санитарлық өңдеу Жұмысшылардың жеке гигиенасы Виброараластырғыш жұмысы Қалыптандырғыш жұмысы Гомогенизатор жұмысы Пластиналы пастерлеу–салқындату қондырғысынң жұмысы Құбырлық салқындатқыштың жұмысы Ашытқы дайындау жабдығының жұмысы Кілегей жетілдіргіштің жұмысы |
400 100 200 42 40 28
73,5 12 10 30 |
Су мөлшері Qо, л, (4.2) формул бойынша анықталады
Qо = Соо+Соп+Лгр +Рв+ Рн+Рг+ Рпп+Рто+Рз+Рс (4.2)
мұндағы Соо – жабдықты санитарлық өңдеуге жұмсалатын су шығыны, л/ауысым;
Соп – жайды санитарлық өңдеуге жұмсалатын су шығыны, л/ауысым;
Лгр – жұмысшылардың жеке гигиенасына шығындалатын су шығыны, л/ауысым;
Рв– виброараластырғыштың жұмысына жұмсалатын су шығыны л/ауысым;
Рн– қалыптандырғыш жұмысына шығындалатын су шығыныа, л/ауысым;
Рг– гомогенизатор жұмысына жұмсалатын су шығыны, л/ауысым;
Рпп – пластиналы пастерлеу – салқындату қондырғысының жұмысына шығындалатын су, л/ауысым;
Рто – құбырлық салқындатқыштың жұмысына шығындалатын су шығыны, л/ауысым;
Рз – ашытқы дайындау жабдығының жұмысына жұмсалатын су шығыны, л/ауысым;
Рс – кілегей жетілдіргіш жұмысына жұмсалатын су шығыны, л/ауысым
Судың жалпы шығыны мынаны құрайды:
Qo = 400+100+200+42+40+28+73,5+12+10+30=935,5 л/ауысым
Технологиялық желінің сумен қамсыздандыру графигі 4.4 – суретте келтірілген
Сурет 4.4. Технологиялық желінің сумен қамсыздандыру графигі
Графиктен көріп отырғанымыздай, судың ең көп шығыны ауысымның басында (санитарлық өңдеу) және ауысым соңында, жұмысшыларға арналған жуыну қондырғылары.
Жылыту жүйесінің жүйесіне есептеу жүргіземіз. Негізгі цехтың жылу шығынын жуықтап есептейміз Qо Вт, ол 3.6 формула бойынша анықталады
Qo = 0,8·V·g·(tв–tн) (4.3)
мұндағы Qо – негізгі цехты жылытуға шығындалатын жылу, Вт;
V – цех көлемі, м3;
g – меншікті жылу шығындары, g = 0,29 Вт/(м2 к);
tв – жай ішіндегі ауаның температурасы, tв = 18ºС;
tн – қысқы уақыттағы орташа климатты аудандағы сыртқы ауаның есептік температурасы, tн = –25ºС [10].
Цех көлемі V, м3, (3.7) формула бойынша анықталады
V = So·h (4.4)
мұндағы So – цех көлемі, м2, So = 288 м2;
h – цех биіктігі, м, h = 4,5 м.
V = 288·4,5 = 1296 м3
Ғимаратты жылытуға жұмсалатынжылу шығыны мынаны құрайды. :
Qo = 0,8·1296·0,29·(18–(–25)) = 12929 Вт
Жылытуға жұмсалатын жылудың жылдық шығыны, Qог, Вт, мына формула бойынша анықталады (4.5)
Qог = 0,8·V·g·(tв– tсг)·Nос (4.5)
мұндағы tсг – сыртқы ауаның орташа жылдық температурасы, tсг = –3,2º С;
Noc – жылыту кезеңінің күндер саныа, Noc = 212 күн.
Цехты жылытуға жұмсалатын жылудың жылдық шығыны
Qог = 0,8·1296·0,29·(18–(–3,2))·212 = 2,7·106 Вт
1 Вт = 0,86 ккал, сәйкесінше
Qог =2,7 ·106 · 0,86 = 2,36 Гкал
Желдету жүйесінің есебін жүргіземіз. Желдетілетін ауаның жалпы мөлмері, Lв, м3, (3.9) формула арқылы есептеледі:
Lв=0,6·V·n (4.6)
мұндағы 0,6 – желдетілетін жайдың үлесі;
V – желдетілетін жайдың көлемі, м3;
n – ауа алмасудың орташа еселігі, n=4.
Lв = 0,6·1296·4 =3110,4 м3
Электроқозғалтқыштың бекітілген қуаты, NY, кВт, келетін және шығарылатын желдету қондырғыларында мына формула бойынша есептеледі (4.7)
(4.7)
мұндағы Lв – желденетін ауаның жалпы мөлшері, м3;
H – ауа келтіретін жүйелердің орташа кедергісі, Н=500 Па;
η – желдеткіштің пайдалы әсер коэффициенті, η=0,7;
1,2 – бекітілген қуатқа орташа коэффициент қоры [9].
кВт
Желдетуге жұмсалатын жылдық электр энергиясының шығыны Nг, кВт·сағ, (3.11) формула бойынша анықталады
Nг = NY·Т·nр·n (4.8)
мұндағы NY – электроқозғалтқыштардың бекітілген қуаты, кВт;
Т – ауысымның ұзақтығы, сағ, Т=8 сағ;
np – жылдағы жұмысшы күндердің саны, np=300 күн;
n – тәуләктегі ауысым саны.
Nг = 0,74·8·300·3 = 5332,2 кВт
3.6 Жөндеу қызметінің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру
Қаймақ өндірудің технологиялық желісіне инженерлік–техникалық қызмет көрсетудің негізгі міндеті технологиялық процесске сәйкес жабдықтың бұзылмай жұмыс істеуін қамтамасыз ету, минималды шығында берілген параметрлерді қалыпты ұстау болып табылады. Пайдалану кезінде бақылау, басқару және қорғау аспаптарына, жабдықтар жүйесінде техникалық сұйықтық пен майлау материалдарымен толықтығына аса көңіл аударылады. Себебі осы жүйелердің күйінен жабдықтардың сенімді және қауіпсіз жұмысы тәуелді.
Мекемедегі инженерлік – техникалық қамтамасыз етуді жоспарлау мен ұйымдастырумен инженер–механик айналысады, ол жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары жүргізуге қажетті, сонымен қатар барлық қажетті материалдар мен қосалқы бөлшектердің қорының болуын қажетті құжаттамаға сай құрастырады.
Желідегі технологиялық жабдықтың жұмыс қабілеттілігін сақтау бірқалыпты ұстау үшін жоспарлы–ескертіп жөндеу қызметтері жасақталады, олар жөндеу аралық техникалық қызмет көрсету және профилактикалық бақылаудан (О), ағымдық (Т), орташа (С) және капталды (К) жөндеу түрлерінен тұрады. Үзлістерде өндіріс режимін бұзбай орындалады.
Бақылау мен жөндеуді жоспарлау жоспар–графикті жөндеу циклы бойынша, жөндеу аралық және бақылау аралық периодтар бойынша құрады.
Жоспар–графикті құрастырудағы алғашқыларына жабдық күрделілігі мен жөндеу циклының құрылымы бойынша жөндеу циклының разряды болып табылады.
Технологиялық желінің барлық жабдықтарын үш күрделілік топқа бөліп, әр топтан бір жабдық бірлігін аламыз, ал қалған жабдықтарды жобалау уақыты мен көлемін үнемдеу мақсатында бір жабдық мысалында қарастырамыз.
Негізгі технологиялық жабдықтың жөндеу циклының разряды мен құрылымы 3.4 кестеде келтірілген.
