- •2. Өнімнің сипаттамасы
- •Қаймақ өндіру тәсілін, схемасын мен технологиясын негіздеу
- •2.2 Технологиялық процессті іске асыру үшін жабдық таңдау
- •3 Лецитинді араластыруға арналған виброараластырғышты конструкторлық құрастыру
- •3.1 Кесте – Конструкторлық жобаның салыстырмалы талдауы
- •3.2 Виброараластырғыштың сипаттамасы
- •3.3 Виброараластырғыштың негізгі есептері
- •Мұндағы g1 – сыйымдылығы, л, лецитин ерітіндісінің қажетті көлемімен анықталады, рецептураға сәйкес, g1 лецитин ерітіндісі үшін 80 л;
- •Мұндағы ρ – тиелетін заттың тығыздығы, кг/м3 Лецитин ерітіндісінің тығыздығы ρ, кг/м3, мына формула бойынша анықталады (4.3).
- •4 Мантаждау бөлімі
- •4.3 Кесте – Технологиялық жабдықтың жөндеу циклының разряды мен құрылымы
- •Жабдықты жөндеудің еңбек сыйымдылығы т, адам-сағ (4.12) формула бойынша анықталады
- •4.1 Технологиялық желі жұмысының сенімділігін бағалау
- •5 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
- •5.1 Ұйымдастыру іс – шаралары
- •5.3 Жерлендіруді есептеу
- •5.4 Жасанды жарық беруді есептеу
- •5.5 Араластырғыш операторының жұмыс орнындағы еңбекті қорғау бойынша нұсқаулығы
- •6 Экономикалық бөлім
- •6.1 Капитал салмалары
- •6.2 Қаймақтың өзіндік құнын есептеу
- •6.3 Мекеменің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері
- •7. Экологиялық қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2.2 Технологиялық процессті іске асыру үшін жабдық таңдау
Жобаның мақсаты қаймақ өндірудің технологиялық желісін жетілдіру болып табылады. Мекемеде лецитинді қосып араластыруға арналған жабдықтан басқасының барлығы өндірісте бар.
Лецитинді ендіруге арналған жабдықты құрастыруды анықтайтын факторлар:
Жұмысшы органдары тозуға төзімді және сүт өндірісінде қолдануға рұқсат етілген болуы тиіс;
Жабдық қажетті температуралық режимді қамтамасыз етуі қажет;
Жабдық лецитиннің кілегейдің барлық массасы бойынша таралуын және ыдыстың түбіне лецитин ұнтағының шөгуін болдырмау қажет;
Машинаның негізгі бөлшектері оңай алынып салынатын болуы тиіс. Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезіндегі тұру уақытын азайту мақсатында унификация мен стандартизация талаптарына сай болуы тиіс. – жабдықтың өніммен жанасатын барлық бетінің жуылу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет;
Өніммен жанасатын барлық беттерін санитарлық өңдеуге мүмкіндік болуы тиіс. Жанасатын беттің кейбір жерлері жуылмай қалса батериалар қалып олар өнімнің сапасын бүлдіреді;
Процесс кезінде энергоресурстарды пайдалану қажетті деңгейдегі қуат пен өнімділікті сақтай отырып минималды (1 кВт – қа дейін) болуы тиіс;
технологиялық желіні тиімді құрастыру үшін құрылғы массассы мен ауқымдық өлшемдері минималды болуы тиіс;
жабдық құны және монтажға, техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге жұмсалатын шығын минималды болуы қажет. Осы аталаған шығындар 650 мың теңгеден аспауы қажет;
жабдық қазіргі техника деңгейін сай болуы тиіс;
жабдық экологиялық қауіпсіздік талаптары мен қызмет көрсетушілердің қауіпсіздігіне жауап беруі қажет;
жабдық өнімділігі желі құрамына кіретін барлық жабдықтардың өнімділігне сай болуы қажет (600 кг/ауысым).
2.4 – кестеде араластыру құрылғыларының салыстырмалы сипаттамасы келтірілген.
Жабдық сипттамасы |
Араластыру құрылғыларының маркалары |
||
СВР-160 |
Я16-ОПЖ |
СМ-100 |
|
Өнімділіг, м³/сағ |
20 |
53 |
12 |
Электроқозғалтқыш қуаты, кВт |
1,5 |
19,6 |
0,75 |
Ауқымдық өлшемдері, мм |
1730×860×1130 |
1600×1680×3000 |
655×655×1900 |
Массасы, кг |
425 |
1545 |
125 |
Бағасы, руб. |
125 000 |
348 600 |
86 000 |
2.5 кесте – араластыру құрылғыларының салыстырмалы сипаттамасы
Араластыру құрылғыларының арналуын, құрылымын, араластыру сапасын, бағасын, электр энергиясын пайдалануын талдай отырып бізге қажетті барлық талаптарға сай келетін біздің өнімді өндіруге арналған араластыру құрылғысының сату нарығында жоқ екеніне көз жеткіздік.
Сондықтан араластыру құрылғысын конструкторлық дайындау қажеттігі туындайды. Араластыру құрылғысы қарастырылып отырған өндіріске сай келетін болуы тиіс.
Қаймақ өндіру желісіне кіретін негізгі және қосымша жабдықтардың тізімі 2.5 кестед келтірілген. Қаймақ өндірудің операция бойынша нұсқауы 2.6 кестеде келтрілген.
3 Лецитинді араластыруға арналған виброараластырғышты конструкторлық құрастыру
3.1 Конструкторлық құрастыруды таңдауды негіздеу
Лецитинді ендіру негізінде қаймақ өндірісі технологиялық желісін жетілдіруге байланысты технологияға кілегейге лецитинді қосуға араластыруға қажетті қосымша операцияны ендіріп, желіні қажетті құрылғы–араластырғышпен жабдықтау қажет.
Жасаудың негізгі критериі – бұл технологиялық талаптар. Жабдыққа қойылатын технологиялық және пайдаланымдық талаптар:
– лецитиннің кілегейде араласып еруін қамтамасыз ететін 40˚С тан 45˚С температура болуы қажет;
– лецитиннің кілегейдің барлық массасындабірқалыпты таралуын қамтамасыз етуі және оның май шарларының бетінде таралуы;
– жұмысшы органның айналу жиілігінің бірқалыпсыздық коэффициенті ±10% дан көп болмауы қажет;
– жұмысшы органдарының материалы тозуға төзімді және сүи өнеркәсібінде пайдалануға рұқсат етілген болуы тиіс;
– машинаның қозғалмалы бөліктері сақтандыру қоршауларымен жарақталған болуы тиіс;
Өніммен жанасатын барлық беттерін санитарлық өңдеуге мүмкіндік болуы тиіс. Жанасатын беттің кейбір жерлері жуылмай қалса батериалар қалып олар өнімнің сапасын бүлдіреді;
Процесс кезінде энергоресурстарды пайдалану қажетті деңгейдегі қуат пен өнімділікті сақтай отырып минималды (1 кВт – қа дейін) болуы тиіс;
технологиялық желіні тиімді құрастыру үшін құрылғы массассы мен ауқымдық өлшемдері минималды болуы тиіс;
жабдық құны және монтажға, техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге жұмсалатын шығын минималды болуы қажет. Осы аталаған шығындар 650 мың теңгеден аспауы қажет;
жабдық қазіргі техника деңгейін сай болуы тиіс;
жабдық экологиялық қауіпсіздік талаптары мен қызмет көрсетушілердің қауіпсіздігіне жауап беруі қажет;
жабдық өнімділігі желі құрамына кіретін барлық жабдықтардың өнімділігне сай болуы қажет (600 кг/ауысым).
Жобаланып отырған талаптарды ескере отырып, виброараластырғыштың құрылымы корпустан, араластырғыштан, жылулық жейдеден және электржабыдқтарынан тұруы қажет.
Қолданыстағы араластырғыштарға салыстырмалы талдау жргіземіз, талдау нәтижелері 3.1 кестеде көрсетілген.
