Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БМБ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
576.51 Кб
Скачать

Ойын іс-әрекетінде баланың дамуы

Мақсаты: ойын әрекеті процестерінде әлеуметтік белсенділігі мен жеке дара баланы қалыптастыру және жетілдіру, балалардың ойын бірлестіктерін нығайту, өз әрекетін серіктесінің іс-әрекетімен үйлестіре білуді дамыту, білімін, іскерліктері мен өз тәжірибелерін ойын әрекетінде қолдану.

Міндеттері:

1. Бірлескен ойын әрекетінде жақсы әдеттер мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, білуге құмарлық пен танымдық қабілеттілікті дамыту, қимылдарды жетілдіру.

2. Әр баланың шығармашылық бастамасын, ойынды өз бетінше құру және ойлаған ойын іске асыру, өзін ойын желісі мен ережесіне сәйкес ұстауды дамыту.

3. Ойын процесінде жолдастарына тілектестік қарым-қатынасын, олармен санаса білуді, қиын жағдайларда көмекке келуді, ойын материалын қолдануда келісім жасауды, дауларды әділ шеше білуді үйрету.

5. Бірлескен ойында өзін-өзі ұстау ережелері мен нормаларын орындауға үйрету.

6. Ойыншықтар мен ойын материалдарына қамқорлықпен қарауға, өз бетімен ойыншықтарды ретке келтіруге тәрбиелеу.

7. Балалардың қоршаған тіршіліктің жағымды жақтарын бақылау және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен алған білімдері негізінде ойын мазмұнын дамыту және молайту.

8. Отбасы және балабақша тұрмысын, түрлі саяхатты, адам еңбегін, қоғам өміріндегі айрықша оқиғаларды бейнелейтін ойындарды қолдау.

Мазмұны:

Cюжетті-рөлдік ойындар

Балалардың өзіндік өмірлік тәжірибесін, олардың ой-өрісін, әлеуметтік өмірге қызығушылығын, өмір жайлы түрлі білімдерді кеңейту негізінде сюжеттік-рөлдік ойындардың мазмұны, сюжеттің ауқымы және рөлдермен байыта отырып, жағдай жасау.

Балаларды ұжымдық ойындарда басқарушылық іскерліктерін қалыптастыру, бірлестікке, ынтымақтастыққа көмектесу: шағын топтарға бірігу, әрекет мазмұнын бірлесіп ойластыру, рөлдерді бөлу, мақсатқа жету құралдарын табу. Белсенді балалардың басқа балаларды басынбауын қадағалау, жасық, ұялшақ балалардың ойынға қатысуына көмектесу.

Рөлдерді орындауда икемді болуды дамыту, ойында ортақ мүддеге сай ойынды дамыта білу және өзінің жеке тілектестігін көрсету.

Заттық-ойын ортасын үнемі өзгерту, ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Ойындағы бала бастамасын дамыту, ойындағы шығармашылыққа еркіндік беру, ойын желісіндегі тәрбиелік мәні қажетсіз жақтарын түзеу. Ойнаушылардың арасындағы жолдастық қарым-қатынасты тәрбиелеу.

Балалар шартты түрде дайын бейнелерді, ауыстырғыш заттарды қолданатын, өзіне жақсы таныс оқиғаларды (ертегіден, фильмдерден, тұрмыстан) бейнелейтін жеке және бірлескен режиссерлік ойындарды қолдау.

Балалардың ойындағы бастамасын, ұжымдық ойында жеке дара көрінуін мадақтау.

Балалардың дене, әлеуметтік, этномәдениет жағынан дамуына көмектесетін дәстүрлі ережелі халық ойындарын қолдану.

Сахналанған және мерекелік-шеру ойындарын ұйымдастыру.

Сахналау ойындары

Мектепке дейінгі ересек жас балаларының балалар әдебиетінен (ертегілер, өлеңдер) таныс көркем шығармалары бойынша көріністерді сахналай білуін дамыту. Ол үшін арнайы атрибуттар (қуыршақ, ойыншық, костюм және көркем безендіру элементтері) қолдануға үйрету.

Тәрбиеші-режиссердің ойлаған ойына бағына білу, сонымен бірге сахналық ойында өзінің рөлін мәнерлі орындау.

Орындаушылық біліктерді жетілдіру.

Музыкалық сахналық ойындар

Балаларға қимылы, сөзі, ән айтуы, балалардың музыкалық аспаптарында ойнауы сияқты рөлдік бояуы бар сахналық ойындарды ұсыну.

Музыкалық ойынды музыкалық-қимыл жүйесімен дайындау.

Балаларды түрлі кейіпкерлердің ұжымдық әрекетінен жеке әрекетке көшуін бейнелей білуге үйрету.

Балаларды ойын кейіпкерлерінің ерекшеліктерін, бейнелі, пантомимикалық, мимикалық және дауыс ырғақтық сипаттамаларын өздігінен таба білуге үйрету, шығармашылық қабілеттілікті дамыту.

Ойында орын ауыстырғыш заттарды, қиялдағы заттарды, «бейнеге ене білуді», сол бейнеде ойын аяғына дейін қала білуді меңгерту.

Құрылыс материалдарымен ойындар

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алынған түрлі ғимараттардың суреттерін, фотосуреттерін құрастыру іскерліктерін пайдалануға үйрету.

Мектеп жасына дейінгі балаларды ұжымдық құрылыс жасауға қатыстыру, жұмысты бірлесіп жоспарлауға, көре білуге, мақсат қоюға, келісуге, ойлаған ойларын ортаға салуға үйрету.

Ойында табиғат материалын кеңінен қолдануға жағдай жасау: құм, саз балшық, су, қар, мұз.

Қимылды ойындар

Балалардың қалыптасқан қимыл дағдыларын жетілдіру және қимылдарды орындаудың тиімді жолдарын таңдау, жиі өзгермелі ойын жағдайларында қимыл үйлесімділігін дамыту.

Достық сезімге, шыдамдылық және ұйымдастырушылық дағдыларға, ойын ережесін орындауға, әділ болуға тәрбиелеу.

Балалардың негізгі қимылдарын жетілдіретін, дене қимылдарын қалыптастыратын өз еркімен ойнайтын қимылды ойындарын мадақтау.

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды әртүрлі халықтардың ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының ерекшеліктерімен таныстыратын ойындарды қосу.

Балаларды спорттық ойындарға және эстафета ойындарына қатыстыру.

Дидактикалық ойындар

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды 2-4 адамнан шағын топ құрып, дидактикалық ойындарды дербес ұйымдастыруға үйрету.

Ойын ережелерін сақтай білуге үйрету.

Ойын әрекетінің әр түрін қамтитын және балалардың жалпы дамуына көмектесетін түрлі дидактикалық ойындарды қолдану.

Ойынды таңдауда балалардың жас ерекшеліктерін ескеру.

Жалпы ережелер негізінде бірлескен дидактикалық ойындарға қатыса білуді тәрбиелеу.

Жыл соңында ойын бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- ойынның тақырыбын өз бетінше таңдау, сюжетін дамытуды;

- ұжымдық сюжеттік-рөлдік ойынға қатысуға талаптануды;

- қоршаған ортадағы шындықты сюжеттік-рөлдік ойындарда бейнелеуді және өзгертуді;

- барлық ойынға қатысушы ұйымдастырушының және орындаушының рөлін өзіне алуды;

- ойын тәртібін анық сақтауды және олардың орындалуына риза болуды;

- құрдастарының тобына жатуынан, оны басқа балалардың қабылдауынан қуаныш сезінуін;

- таныс сюжеттерді драмалауды;

- театрландырылған ойын, ойын-сауық ұйымдастыруды;

- өзара әрекет етудің жалпы ережелері негізінде бірлескен дидактикалық ойындарға қатысуды;

- ойында қойылған нәтижеге жетуге талаптануды;

- ойында әрекет логикасымен жүруді;

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алынған түрлі ғимараттардың суреттерін, фотосуреттерін құрастыру іскерліктерін пайдалануды;

- қимыл ойындарын, жарысу элементтері бар ойындарды, спорттық ойындарды өз бетімен ұйымдастыруды;

- ұлттық ойын ерекшеліктерін, оны сипаттайтын белгілерді және оның ұлттық мәдениетке жататын ажыратуды;

- бірін-бірі түсінуді, достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсетуді;

- ойында өзінің мінез-құлқын және құрдастарының әрекеттерін бағалауды білуі тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]