
- •Мазмұны
- •Кен орындарды аудандастыру
- •Теңіз мұнай кен орны
- •Қарашығанақ мұнай-газ конденсаттық кеніші
- •Жанажол Мұнай-Газ-Конденсат Кені
- •Толқын мұнай газ конденсат кені
- •Кенбай газ мұнай кеніші
- •Арыстанов кен орны
- •Каражанбас мұнай кен орны
- •Қаламқас мұнай-газ кені
- •Шағырлы-шөмішті газ кені
- •Қолданылған әдебиеттер:
Жанажол Мұнай-Газ-Конденсат Кені
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында, Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 240 км қашықтықта орналасқан. Кен орны 1960 жылы сейсмик. барлау нәтижесінде табылған, 1961 жылы барлау жұмыстары басталып, өнеркәсіптік мұнай алғаш рет 1978 жылы ортаңғы карбон қабаттарынан алынды. Мұнай карбонатты тас көмір қабатында орналасқан. Коллекторы әктас, доломит кеуектілігі 9,5-14% ал өткізгіштігі 61-395 мд
Мұнай
дебиты 2,5
/куннен
281 м3/куніне дейін.
Газдағы
конденсат мөлшері 283 г/м3, тығыздығы
0,711 — 0,746 г/см3
Мұнай тығыздығы 809-836 кг/м3, күкірттілігі
0,7-1.1%,парафины 4,9-7,1%, шайыры 4,23 — 6,8%,
асфальтені 0,43 — 1,78%. Газы ауыр, құрамында
этан, көмірсутек, метан, күкіртсутек,азот,
газ бен гелий бар.
Бастапқы қабаттық қысымы 28,7-37,5 МПа,
температурасы 57-81 С. Шоғыр тұрі Массивты.
Толқын мұнай газ конденсат кені
Атырау облысы Жылыой ауданы Қаратон ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 км жерде орналасқан. 1992 жылы ашылған. Кен ұстаушы құрылым 3975 м тереңдікке дейінгі ортаңғы карбон, пермь, триастың терригендік-карбонаттық қабатынан және юра, бор кайнозойдың шөгінділерінен құралған.
Мұнайдың коллектор қабаты аралас, карбонатты кеуектілігі 13%, өткізгіштігі 0,0149 мкм2. Құнарлы қабаттың қалыңдығы 147 м, тиімдісі – 132 м, мұнайға қаныққаны – 10,4 м, газға қаныққаны – 122 м. Мұнайы жеңіл, тығыздығы 840 кг/м3, құрамындағы күкірт 0,23%, парафин 1,1%, асфальтен 3,1%. Қабаттағы мұнайдың газға қанығуы 346 м. Бастапқы қабаттық қысым 43,2 МПа, температурасы 105С
Мұнай дебиты 46 м3/куніне, газ 189,7 мың м/күніне. Мұнай тығыздығы 840 кгг/м3 күкірттілігі 0,23%, парафин 1,1% асфальтен және шайыр 3,1% құрайды. Газ құрамы: метан48,6%, этан13%, пропан10,9%, изобутан5,4%, нбутан8,7%.
Кенбай газ мұнай кеніші
Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Доссор теміржол бекетінен шығысқа қарай 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Кенбай кеніші Солтүстік Қотыртас және Шығыс Молдабек деген екі кеніштен тұрады. Кен орнының құрылымы 1981 ж. сейсмик. барлау және құрылымдық бұрғылау нәтижесінде анықталған. Мұнай триас шөгінділерінде, ортанғы юра және төменгі борда. Құмды алевролитты триастын кеуектілігі 20-27% өткізгіштігі 280 мд дейін бор және юрада 29-40% өткізгіштігі 50 мд. Мұнайға қаныққан қабаттардың қалыңд. 1,2 – 16,6 м, газды қабат 1,2 – 11,0 м. Максимальды мұнай дебиты триаста 74 м3/ күніне, ал бор және юрада 54 м3/ күніне дейін.
Бастапқы қабаттық қысым 2,4-11,9 МПа температура 23-41,0 С. Мұнай тығыздығы борда 891-930 кг/м3, юрада 877-898 кг/м3, триаста 780-807 кг/м3. Мұнай құрамындағы күкірт 0,76% аспайды, ал парафин 1,09%
Арыстанов кен орны
1966 ж ашылған кенорын Маңғыстау облысында орналасқан (Солтүстік Үстірт ойпаңының оңтүстік-батыс ернеуінде). Брахиантиклиналды көтерілімдерге жатады. Ортаңғы және төменгі юраның мұнай бергіштігі дәлелденген. Аталған жастағы қабаттар құмды, алевролитты, сазды жыныстармен көрсетілген. Қабаттардың жоғары саздануы мен карбонаттануының әсерінен күрделі резервуарларлы 11 өнімді белдеу (горизонт) анықталған. Коллекторлар кеуектілігі 14-16%, өткізгіштігі 1-15 Мд.
Мұнай дебиті 1,5-3 м^3/тәул, кейде 33 м^3/тәул –ге дейін, тек ортаңғы юраның төменгі бөлігінде(X, XI, XII қабаттарында) сирек жағдайда 150 м^3/тәул -ге дейін жетеді. Мұнай тығыздығы 810-840 кг/м^3, күкірт мөлшері 0,14%, парафин 15-20%.
Бастапқы қабаттық қысым 27-28 МПа, температура 111 С.
Қарақұдық мұнай кенорыны.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының территориясында орналасқан.
1971 жылы қаңтарда Солтүстік Үстірт ойпаңының Оңтүстік – батыс ернеуінде Қарақұдық алаңында мұнай кенорыны ашылды. Оңтүстік-батыс созылымының Қарақұдық құрылымы екі күмбез тәрізді көтерілімдерінен тұрады. 2200 м изогипс бойынша құрылымның жалпы ұзындығы 5-6 км ендік жағдайында. 12 км жетеді.
Алаңда неоген, палеоген, юра түзілімдерін ашушы 3410 м тереңдікте 1 ұңғыма және 3407 м тереңдікте 2 ұңғыма бұрғыланды. Бірінші ұңғымада кәсіпшілік-геофизикалық әдістермен олардың өнімділігін сынауға арналған 33 объект бөлініп алынды. Бұл объектілер ортаңғы юра түзілімдеріне тураланған 10 горизонтқа түсірілді, ал бір горизонт жоғарғы юраға (келловей) жатады. Сынау кезінде барлық 10 ортаңғы юра горизонттары тәулігіне 0,2-13,0 м3 шығыммен тек қаттық судың ағындарын ғана берді.
Жоғарғы юра (келловей) горизонтын 2605-2610 м аралықта, 7 мм штуцерде сынау жағдайында тәулігіне 40м3 шығыммен мұнай шапшымасы алынды. Горизонттың жалпы қуаттылығы 18 м, тиімді – 10.
Бұзылысқа аз тап болған антиклинальды қыртыстар. Ортаңғы және жоғарғы юраның мұнай бергіштігі дәлелденіп, 9 өнімді белдеу (горизонт) анықталған.
Мұнай шоғыры қабатты, дөңесті, тектоникалық және литологиялық экрандалған. Құмды коллекторлар кеуектілігі 13-24%, өткізгіштік 3-20 Мд.
Мұнай тығыздығы 808-866 кг/ м^3. Бастапқы қабаттық қысымы 25,3-29,7 МПа, температура 78-111 С. Мұнай дебиті 25,3-1155 м^3/тәул.