- •Орта ғасырлардағы қазақстан хііі-хү ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан.
- •Моңғол шапқыншылығы
- •Алтын орда
- •Ақ орда хііІғ-хҮғ. Басы.
- •50. Ақ Орда билеушісі Ұрус ханның Еділ бойынан Сыр бойындағы иелігіне оралуының себебі: Әмір Темірдің күшеюі
- •Моғолстан
- •Әмір темір жорықтары
- •1380Ж. (Алтын Орда билігін мойындады.)
- •1391 Ж. Маусым
- •Ноғай ордасы
- •Хііі-хү ғасырлардағы солтүстік қазақстан мен батыс сібір
- •Әбілқайыр хандығы
- •Хііі- хү ғғ.Қазақстан аумағындағы хандықтардың мемлекеттік-әкімшілік құрылысы
- •Материалдық мәдениет.
- •Рухани мәдениет.
- •Діни наным- сенімдер
- •Қазақстанның хіү- хү ғасырлардағы сәулет өнері.
- •Қазақ хандығының хүі-хүіі ғасырлардағы экономикалық жағдайы.
- •Қазақ хандығының басқару жүйесі.
- •Қазақ халқының қалыптасуы
- •Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы.
- •1510 Жылы Мерв түбінде Иран шахы і Исмаилмен болған шайқаста м.Шайбанидің қаза болуы.
- •1582 Ж. Маусым
- •Хүіі ғасырдың екінші жартысындағы қазақ хандығы.
- •1573 Жылы.
Материалдық мәдениет.
11. ХІҮ-ХҮ ғасырларда материалдық игіліктер негізделген шикізат көзі: Мал басынан алынуы
12. ХІІІ ғасырдың соңындағы жазба деректерге қарағанда, пайдаланылған киіз үйдің түрлері: Арба үстіне тігілген жылжымалы
13. Жылжымалы үйлердің ішіндегі ең белгілісі: Күйме
14. Орта ғасырларда Қазақстан халықтарының киім- кешектері негізінен жасалған материал: тері, жүн
15. ХІҮ-ХҮ ғасырларда Қазақстан халықтарының жаздыгүні бастарына ыстық өткізбейтін ақ киізден жасалған бас киімі: Айырқалпақ.
* Қыстың суық күнінде елтіріден жасалған бас киімдер киген.
16. ХІІІ ғасырда қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, құртты, қымызды қалай жасайтындарын таңдана жазған: Еуропа саяхатшылары.
17. Шөлдеп келе жатқан қыпшақтар сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін, оны «айран» деп атайтындарын жазған: Вильгельм Рубрук
Рухани мәдениет.
Рухани мәдениет- белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан дүниесінің көрінісі. Рухани мәдениетке халықтың әдет- ғұрпы, салт- санасы, ауыз әдебиеті, аңыз, қиял- ғажайып әңгімелері, діни наным –сенімдері жатады.
18. ХІҮ- ХҮ ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру –тайпалардың ауызша таралған әдебиеті туындыларының ғылыми атауы: Фольклор.
19. Ғарыш пен жердің ғайыптан пайда болуы немесе Күн мен Айдың және жұлдыздардың қайдан шыққандағы туралы жазылған аңыз: «Күннің баяны», «Темірқазық пен Жетіқарақшы»
20. Ауыз әдеьиетіндегі кең таралған жанрлар: Ертегі.
21. ХІҮ- ХҮ ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні өте зор батырлық, өнегелік мазмұндағы
ертегілер: «Жоямерген», «Құламерген», «Керқұла атты Кендебай», «Жерден шыққан Желім батыр», «Ер Төстік»
22. ҮІ-ҮІІІ ғасырларда бастау алған батырлық жырлары көптеген көріністерімен толықтырылып, эпостық жырға айналды: ХІҮ- ХҮ ғғ.
23. ХІҮ –ХҮ ғасырларда қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін эпостық жыр: «Қобыланды батыр»
24. Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жырлар:: «Ер Тарғын»,
«Ер Қосай», «Орақ- Мамай»
25. ХІІІ-ХҮ ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэззияның өкілдері: Кетбұға, Қотан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан қайғы
26. Шыңғысханмен жыр арқылы сұхбаттасқан (Жошының өлімін хабарлаған):
Кетбұға «Ақсақ құлан»
27. Қазақ хандығы құрылған кезде мемлекеттін ұраншысы саяхатшысы, насихатшысы, «көшпелілер философы» атанған: Асан қайғы
28. Қазақстан аумағында ХІІІ- ХІҮ ғасырларда халық ауыз әдебитімен қатар жазбаша әдебиет дамыды: Қыпшақ тілінде
29. ХІҮ- ХҮ ғасырларда қыпшақ тілінде жазылған туындылар: «Кодекс куманикус», «Оғызнама»
30. ХІҮ- ХҮ ғасырларда халықаралық қарым- қатынаста сөздік ретінде пайдаланылатын еңбек: «Кодекс куманикус»
31. ХІҮ- ХҮ ғасырларда қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың әдеби шығармасы:
«Хұсрау- Шырын»
32. Сүйіспеншілік, әділеттілік тақырыбын арқау еткен Дүрбектің поэмасы: «Жүзіп- Зылиха»
33. ХІҮ- ХҮ ғасырлардың аралығында белгілі болған өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасы: «Мұхаббатнама»
34. ХІІІ- ХҮ ғасырларда қазақ халқының өмірінде музыканың айрықша орын алатынын жазып қалдырған: Якуб.
35. ХІҮ- ХҮ ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындылары, күйлер: «Қамбар батыр», «Шора батыр», «Ескендір»
36. Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй- аңыздар: «Жошы ханның жортуы», «Сағыныш» (Қазтұған), «Ер айырылған» (Асан қайғы), «Ақсақ құлан»
