- •2.Әрекет етсең-ұтыласың:
- •3.Болжам
- •7.Сәтсіздік қорқынышы
- •43.Айқындық заңы
- •9.Ойлау деңгейі
- •42.Кері байланыс
- •10.Қоршаған орта
- •11.Табыс командасы
- •39.Сәтсіздікке апаратын з сөз
- •38.Күн тәртібін жоспарлау
- •15.Байлық жасау формуласы
- •36.Әрекет ету
- •18.Мен дұрыс жолдамын ба?
- •19.Тартылыс заңы
- •31.Елестен өткізу
- •21.Сұрақтар торы
- •29.Қалыптасқан пікір
- •22.Өз бейнең
- •28.Оптимизм себебтері
- •Өмірден алынған бір мысал
- •Команда туралы бір тарих
- •Өмірден алынған бір мысал
- •Николай Латанский «Табысқа жетудің 50 құпиясы» сіз кім боласыз
15.Байлық жасау формуласы
Енді міне байлық жасау формуласы туралы да айту кезегі жетті. Сіздердің қайсы біріңіз маған «Ақша өмірде соншалықты маңызды емес,көп ақшалы болу да жақсы емес,байлар әділетсіз келеді,баю үшін көп ұрлау керек» деп айтуыңыз мүмкін. Жүзден астам жыл бұрын жазушы Волис Смотлис
«Кімде кім кедейлікті мың себебпен ақтаса да кедейлік одан еш өзгермейді» деген еді. Толық қанды,нағыз қанықты өмірге ақшасыз қол жеткізу мүмкін емес,ал сонда байлықты қалай жасауға болады? Осы заманда өз байлығы-
мызды жасауға арналған өркениетті құралдар бізге өте жеткілікті!
Байлықтың көлемі негізінде сіздің қанша адамның өмір сүру деңгейін жақсартуға көмектесе алатыныңызға байланысты. Егер табысты және бай адамдардың өміріне қарап отырсаңыз олар басқалардың арман мақсаттары-
на жетуіне көмектескендер. Аса бай адамдар өздерінің жазмышындағы мақсатын түсінген,күн сайын өздерінің сүйікті ісімен айналысатын, мән мағаналы өмір сүретін жәнеде басқаларға көмектесе алатын жандар! Шын мәнінде міне осылар байлық жасаудың формуласы және құпиялары! Ал
бұл құпиялар қаншама қарапайым болса соншама дана екенін көрдіңіз бе!!! Американың «Сексес» журналының бас редакторы Дарен Хард айтқандай «Сіздің табыстағы кірісіңіздің көлемі көмектескен адамдарыңыздың саны-
на тікелей сәйкес келеді,егер сіз өз тауар,қызметіңіз арқылы басқаларға көмектесудің жолдарын тапсаңыз сол тауарларыңызды арзан сатумен ақ
байый аласыз» Байлық басқаларға көмектесу мен қызмет ету арқылы келе-
тінін еске сақтаңыз! Сіз өз ақша қаражатыңыздың аздығы үшін еліңізді, билікті,табысы мол кәсіпкерлерді кіналаудың қажеті жоқ! Онанда өзіңізге
мына сұрақты қойыңыз «Мен қазір қанша адамға көмектесіп /несесе қызмет етіп/ жүрмін?» Әлемнің аса бай адамдарының бірі Доналд Трамп «Егер сіз
бір нәрсені ойласаңыз оны ауқымды түрде ойлаңыз, ауқымды ойлау сіздің таңдауыңыз, сіздің қазіргі өміріңіз қандай дәрежеде тұрғанына қарамастан үлкен кесіммен ойлауыңызға ешкім де бөгет болалмайды» деп айтқанын
ұғуға тырысыңыз. Байлық жасаудың құпияларын түсінгем кезімде «Мен басқаларға Немен көмектесе аламын, қандай қызмет көрсете аламын» деп
мен көп ойландым.Сосын көптеген адамдарға бір сәтте нұсқаушы бола алатынымды түсіндім,біраз уақыт өткен соң жеке адамдарға қызмет етуден адамдарды топтастырып қызмет етуге көштім.Кешікпей менің жағрафиям кеңейіп әлемнің Онсегіз елінің жүздеген адамына жетті. Сіз нені өте жақсы істей алатыныңызды шынайы түсіңіңіз! Қаншама көп
адамға қызмет ете көмектесіп олардың тіршілігін қаншалықты жақсарта алатыныңызды ойлаңыз! ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Ауқымды ойлаңыз,олай етуіңізге ешкім бөгет болалмайды!!!
36.Әрекет ету
Егер сіз әрекет ете бастамасаңыз өміріңізде еш нәрсе болмайды,табысты адамдар тек ғана армандап,жоспарлап қоймай сол арманына жетуге жоспары бойынша нақтылы әрекет етіп дегеніне жететін адамдар,олар мұнысымен басқалардан ерекшеленеді. Бір кездері Гоголь «Әрекет нәтижеге алып келетін нәрсе ал әрекетсіздікте нәтижеге алып келеді, бірақ бізге ұнайтын нәтижеге емес» деген екен. Адамдар әрекет етуді неге кейінге қалдыра береді?! Себебі, олар істі неден бастарын білмейді,көлемді үлкен істен оның жауапкершілігінен қорқады.Адамдардың көбісі соңы не боларын білмейде түсінбейде бірдеңені бастай береді, мұндай жағдайда істің барысына сену қажет,кейде көзді жұмып бір қадам жасағаны да жеткілікті,сосын көзді ашып екінші қадамын жасау керек,сол кезде сізге ары қарай не істеу керек екендігі түсінікті болады. Әлемге әйгілі,менің пайымымша әлемнің нөмір бірінші нұсқаушысы Джек Кемфилд айтқандай «Сіз қараңғы түнде көлік айдағанда барлық жолды көруіңіз шарт емес, алдыңыздағы бір неше жүз метр жерді көрсеңіз жетеді,онан өткен соң келесі бірнеше жүз метр жер көрінеді,осылайша жүре берсеңіз діттеген жеріңізге ертелі кеш бір жетесіз». Сіз өз мақсатыңызға жетуге осылай жасасаңыз болады,бастысы мақсатқа жетуге ұмтылу қажет, сосын келесі қадамыңызды жолдың өзі ақ көрсетеді! Осындай әдісті сіз мақала жазу, интернетке парақ ашу,жаңа кәсіп бастау кездерінде қолдануыңызға болады,ең маңыздысы бастау қажет! Мынадай да жағдай кездеседі, адам не істерін біледі,бірақ істің көлемінен қорқады,әсіресе бәрін бір жолда бітіруге қамданған кезде! Алдыңызда үлкен іс бар екенін білсеңіз «балтаңды бір сілтеп үлкен теректі құлата алмайтыныңызды» түсінгеніңіз жөн,ал егер күнделікті келіп бір шауып тұрсаңыз ол терек бір күні «сұлап» түсері сөзсіз! Үлкен жобаларды да осылай істеу керек,оларды кіші бөлшектерге бөліңіз,сосын әрбірімен жарты,бір сағаттан жұмыстай отырып бір күні қалай оңай тез бітіргеніңізге таңданасыз. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Тек әрекет ету арқылы арманыңызды жүзеге асырасыз,бастысы біреу болсада қадам жасаңыз,бірақ оны тұрақты жасаңыз,сол қадамдарыңыз сізді сапалы жаңа өмірге жеткізеді!!!
35.МҮМКІНДІКТЕР Өміріндегі сәтсіздіктер жайында әңгіме қозғасаң адамдар өздерінің
жолы болмағандығын айтып шағымданады,басқаларға солай
болуына мүмкіндік берілді ал бізге берілмеді деседі. Мен сіздің мүмкіндіктер барлық жерде бар және олар тек ерекше адамдарға
ғана емес барлық адамдарда болатынын түсінгеніңізді қалаймын, мәселенің мәні сізде, сол мүмкіндіктерді көре алатын қабылетіңіз
бар ма дегенде тұр. Қызметте өсіп өрлеу,жақсы қарым қатынас құру,
өмір сүру деңгейіңізді жоғарғы сатыға көтерудегі мүмкіндіктерді көрмеудің себебі сіздің миыңыз сізге қажетсіз ақпараттарды жоятын
өте күшті аспап болғандықтан сіздің ерекше мән бергеннен басқа ақпараттарды жойып тастауында! Сіздің миыңызда оған кірген көп-
теген ақпараттардың қажетті деген біреуін ғана таңдап алатын арнайы құрылым бар,ол 400 миллиард бірлікті ақпараттың ішінен бір екеуін таңдай алатын ерекше қабылетті.Сіз көп адамдардың ортасында,
мысалы орталық алаңда, үлкен базарда жүргенде жүздеген мүмкін мыңдаған адамның ішінде болғанда аяқ асты ұзақтан шыққан бір
сөзді естігенде бұл сөз сізге лезде әсер етеді,сол сөзді-дауыс шыққан жаққа жалт бұрылып қарайсыз,ал бұл сөз сіздің есіміңіз! Осындай жағдайлар сізде де болған шығар,есіміңіз сіз үшін маңызды ақпарат,сондықтанда миыңыз соншама көп тобырдың шуылдағының ішінен тек сіздің есіміңізді ғана сізге бөліп айырып берді.Тағы бір
мысал келтірсем,сіз автокөлік сатып алмақшы болдыңыз,сосын оның маркысын анықтадыңыз,сол кезде ондай маркілі көлікте сіздің қаланың таңбасы бар екенін көріп таңқалдыңыз делік,бірақта бұрын оны байқа-мадыңыз,мұның себебі неде? Бұдан бұрын бұл ақпарат сіз үшін еш маңызсыз болған. Мүмкіндіктерді көру үшін «қолайлы жағдайды күту» деп аталатын арнайы режимді тұрақты ұстануыңыз шарт,сонда ғана сіз көздеген нәрсеңізді алатын боласыз.Сіз нені қалайтыныңызды өте жақсы біліп оны тауып аламын деп есептеп жүрсеңіз бұрындары сізден жасырын болған нәрселерді көре бастайсыз,бір қызығы үнемі сіздің қасыңызда болған нәрселерді! Бұлар жақсы жұмыс орны,мол табыс,жақсы қарым қатынас, ағзаға пайдалы заттар сияқты сіздің өміріңіздің сөзсіз барлық саласына байланысты нәрселер! Аса табысты адамдар мүмкіндіктерді қайдан болсада көреді! Сіз әр кез өзіңізден сұрай жүріңіз! «Мұнда мен үшін қандай мүмкіндіктер бар» деп!!!
16.ЖАЗМЫШ Сіз өзіңізде басқалардан бөлек бір ерекшелік,бірегей бір қабілетіңіз бар екені туралы терең ойланып көрдіңіз бе? Енді сізге көп күш жұмсамай оңай табысқа жету үшін қалай істеу керектігін айтып берейін. Бірегей бір қабілетіңіз,ерекшелігіңіз туралы айтуымның себебі,көптеген адамдар өздерін сондай қасиетті екенін түсінбейді,бұлай болуға бастапқыда біздің жасымыздан алған тәрбиеміз,соңынан ересек өмірдегі сәтсіздіктер,басқалардың бізді сынап мінеуі,істегеніңді жоққа шығару сияқты факторлар әсер етеді.Сондықтанда біз басқалардың дарын,қабілеті туралы айтып таңдай қағып таңданып, өзімізіді түкте істей алмайтын бишара көріп, ал аналар болса бағы жанғандар деп өзімізді бишаралыққа сендіре береміз, сосын өзіміздің дарын,шеберлігіміз туралы ұмытып кетеміз. Мысалы; тамаша дауыспен ән салатыныңыз,тап тамаша өлең шығаратыныңыз, ауыздан дәмі кетпес керемет ас жасайтыныңыз,әзіл қалжыңмен басқаларды күлдіре алатыныңыз,техниканы оңай жөндейтін шеберлігіңіз,киім пішіп кесте тігетініңіз,сурет салып әсем гүл өсіретін сияқтык көптеген дарын қабілеттеріңізді айтуға болады. Біздің көбіміз өзімізде осындай дарын,ерекше қабілетіміз бар екенін білмейміз немесе ұмытып кетеміз,басқалар айтқанда еске түсіріп жатамыз ал кейде дарын өзі «атып» та шығады. «Сіз анадай бір арнайы іс істеуге жаратылғансыз, өзіңіздің қолыңыздан келетін іспен шұғылданңыз» деп біреулер ақыл айтып ескертіп жатса да сіздің естігіңіз келмейді,оған басыңыздағы жағымсыз ойлар «Әй, сен олай істей алмассың,қолыңнан келмес» деп сол сәтте ақ тойтарыс бере бастайды. Сіз бір сәт терең ойланып көріңізші! Әрбір атақты, табысты адамдар өздерінің жазмышында бұл әлемге не істеу үшін келгендерін түсініп,дарыны мен ерекше қабілетін ашқанға дейін біздер сияқты қарапайым ғана адамдар болды емес пе! Барлық жаңа,ғажайып заттар өздерінің дарын,қабілетіне сенген қарапайым адамдардың қолымен жасалған жоқ па! Оларды жолдарындағы кедергілер,сәтсіздіктер тоқтата алмады,олар өз мақсаттарына күмәнсіз сенді, ерте заманда Сократ «Әрбір адамның өз күні бар тек оның жарқырап тұруына жол аш» деген екен. Біздің әрбіріміз сиқыршы болуға лайықтымыз,ол үшін сіз өзіңіздің ерекше дарын,қабілеттің иесі екенізіңізге, мүмкіндіктеріңізге сеніп алғашқы қадам жасаңыз! Сосын екінші,үшінші қадамнан соң ақ көп кешікпей сізге қажетті адамдар,қаржы пайда болып ерекше идеялар бірінен соң бірі туындай бастайды.Егер сіз өз жазмышыңызға сай еңбектеніп тірлік етсеңіз ештеңеге тарықпай қанағатты өмір сүре аласыз. Сіз өзіңіздің ең жақсы ұнатып істейтін ісіңізбен айналыссаңыз тірлігіңіз дәлмә-дәл еш кедергісіз жүреді,әрине қажырлы еңбек талап етіледі бірақта сондай өміріңіз бен қызметіңізге шексіз риза боласыз.Егер сіз өзіңіздің нені ерекше жақсы істей алатаныңызды түсініп сол іспен айналыссаңыз жеңіс пен табысқа еш қиындықсыз оңай жетуіңізге болады. Сіз жақсы бір ТЕРЕҢ ОЙЛАНЫҢЫЗ! Сіз қай салада табысты болар едіңіз,басқалардың қолынан келмейтін нені жақсы істей аласыз,жүрегіңіз нені қалайды?
17.ШАБЫТ КҮШІ Адамдардың көбісі өз қалауларын біліп жоспар құрып мақсатына
жетуге табандылық танытып еңбектеніп жатсада сол ісіне риза бол-
май өзін жазғырып,өзін өзі асықтырып ынталандырып та жатады.
Ал кейбіреулер көп қиналмастан үлкен табысқа жылдам жетіп жа-
тады. Мұның себебін айтсам,көп адамдар басқаларды бақытты ет-
кен істермен айналасуға құмартып алдына солардыкіндей мақсат қояды,ал жалпы осының өзіне керегі бар ма әлде жоқ па дегенді ойламайды. Міне осылайша әу бастан мақсаттары өздеріне бөтен болғандықтан оларға жетуге өздерін мәжбүрлейді,бірақ осы жағдай
өзіне қысым келтіретінін түсінбестен өзін өзі жиі ынталандырумен әуренеледі. Сосын олардың мақсаты өздерінебіреудің бұйырған міндеттемесі сияқты сезіледі,ал біздің психологиямыз біреу мәжбүр-
лесе оған іштей қарсылық көрсетуге бейімделген,сондықтан да біз-
дің мақсатқа жетер жолымыз барған сайын күрделене түседі.Мысал ретінде,ата ананың қалауымен институтқа түсудің қиыны, «дөкей» көріну үшін компания директоры болу,бәсекелесің мінген соң сенің-
де сондай көлік сатып алуың сиқтыларды келтірейін.Олай болса
қалайша оңай,өз ризашылығыңмен табысқа жетуге болады?! Мұның жауабы қарапайым,сізге шабыт керек!!! Әдебиет сыншысы әйгілі Белинский бір кездері «Шабыт тек ғана ақынға емес,ғалымға,шебер ұсталарға да қажет оларда шабытсыз ештеңе жасай алмайды» деген екен.Шабыт ынталандыруға қарағанда үнемі ішкі жан дүниеңнен
шығып тұрады,бірдеңені қатты қалаған кезіңде мысалы, бір затты болуды қалау,бірдеңенің шебері болғың келгенде шабытың келе бастайды.Бұл сезім сізге ұнаған ісіңізбен күндіз түні айналасу,бір тамаша ой келгенде түн ортасында ұйқыдан оянуға әсер ететін сіздің жандүниеңіз бен жүрегіңіздің қалайтын нәрсесі!Толық қанды өмір сүру үшін сіз өзіңізге шын жүр-ектен ұнайтын іспен айналысыңыз,сонда ғана шабытыңыз үнемі ояу қасыңызда болады,ал егер сіз бірдеңені істеуге міндетті болсаңыз ішіңіздегі үлкен қарсылыққа тап боласыз. Осы орайда айта кететіні адамдардың 80 пайызы өздерінің жұмыс орнын жек көреді екен,оның себебі олар сол жұмысты істеуге міндетті ал бұл жағдай олардың жігерін өшіреді. Сіз алдыңызға мақсат қойған кезіңізде «Мен осыны шынымен де қалап тұрмын ба жоқ әлде міндетті болып тұрмын ба, мен қалаймын ба жоқ қалауға міндеттімін бе» деген сұраққа бірінші жауап беріп алыңыз. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Шабыт деген сарқылмас қуат қоры,ал ынталандыру тез бітіп қалады! Табысты адамдар өздерінің ішкі жандүниесі мен жүрегінің қалауы бойынша жұмыс істейді. Ішкі жандүниеңіз,жүрегіңіз нені қалайтынын қаншалықты түсінесіз, СІЗ?
34.Ой-идеяның КҮШІ
Мен бұл жолы сіздерге идеялар туралы,анығында оларды қалай дұрыс пайдалануға болатыны туралы айтайын.Біздің әрбірімізде дана идеялар болады,бірақта оған екінің бірі сене бермейді, сондықтанда үлкен мүмкіндіктерден айырылып жатамыз. Ұйықтар алдында сізге қызықты ойлар келеді, ертең тұра сала оны жүзеге асырамын деп ойлайсыз,бірақта ертеңгісін ол ойлар келмеске кеткенін түсінесіз,осындай жағдайлар сізде қаншама рет болғанын есіңізге түсіріңізші! Ой-идеяның алып күшін жеткіліксіз бағалағандықтан осындай жағдайлпар жиі болып тұрады. Францияның жазушысы Виктор Гюго айтқандай «Уақытында келген идеядан артық күшті нәрсе жоқ».Әлемнің көптеген тілдерінде «Маған бір ой келді» деп айтылатыны фиололиялық қызықты жәйіт,ешкімде «Мен бір идея ойлап таптым» демейді.Бұл нені білдіреді? Идеялар бізге сырттан келеді; ғарыштан,бүкіл әлемдік ақпараттық өрістен немесе Карл Юнг айтқандай «Ұжымдық санасыздықтан».Ғалымдардың зерттеуіне сай егер біз келген идеяны 37 секунд уақыт ішінде белгілеп жазып немесе басқаға айтып ескертіп,телофон шалып біреуге айтпасақ ол идея жоғалады,бірақта түбегейлі жоғалмайды басқа біреуге барады! Бір қызығы адамдар душке жуынып жатқан кезде идеялар жиі келеді екен,кейбір дарынды пысық адамдар оларды жазып алу үшін душтың қабырғасына арнайы тақта іліп қоятын көрінеді. Идеялар келгені сияқты кетіп те қалады,оларды дереу белгіліеп алыңыз,мысалы дәптерге жазу, салфеткаға жазу немесе өзіңізге СМС хат жіберіңіз,сонда ғана идея өзіңізде қалады,оны жүзеге асыру мүмкіндігі сізде болады.Ешқашан өзіңіздің жадыңызға сенбеңіз,идея кетіп қалса сізге қайтіп оралмауы мүмкін! ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Идеяны белгілеп алуыңызға сізде 37 секунд уақыт бар!!! Б.Т: Латанскийдің душ туралы айтқанынан есіме түскен бір жәитті айта кетейін;орта мектепте оқып жүргенде физика пәнінің мұғалімі бізге Архимедтің сүймен заңы туралы сабақ үстінде «Архимед сүймен туралы осы заңын моншада отырғанда тапқан екен, сосын «Мен таптым,мен оны таптым» деп далаға жалаңаш жүгіріп шығыпты» дегені есіме түсті,балалар ду күлдік,әрине Архимедтің жалаңаш жүгірген кейпіне! Бұлда бір идеяның аяқ асты келетінінің жүздеген жылдар алдындағы бір мысалы екенін түсінген боларсыз достым!
33.СЕЗГІШТІК ҚАСИЕТ Барлық адамда болатын оны тек табысты адамдар ғана жекілікті түрде қолданатын ал басқалары оған сенбейтін бір қасиет туралы айтайын,оның атауы сезгіштік қасиет.Мүмкін бір кездері сіздің ішіңіз-ден біреу «мұны қазір істеме,күте тұр» дегендей болып сіз оған көнбей өз бетіңізбен әрекет етіп соңында оныңыз теріс болғанын білсеңізде
енді кеш болғанын түсінген жәйттер болған шығар. Зерттеушілердің айтуынша,сезгіштік қасиет ішімізде орналасқан,ол жүректен,ішкі сана сезімізден шығатын жауаптар. Біздің ішкі сана сезіміміз ақпараттарды өңдейтін өте күшті аспап, ол сыртқы сана сезімге қарағанда 200 мил-лион есе тез өңдейді,сондықтанда ішкі сана сезімімізде барлық сұр-ақтарымыздың жауаптары бар деуге болады,тек оның «сөзін» тыңдаймызба жоқ па дегенде мәселенің мән жәйі жатыр.Сіздің жүр-егіңіз сезгізшік қасиет деп түсінетін ұғымда аса маңызды
рөл атқарады,американың «Жүрек зерттеу» институты жүректе де мидыкі сияқты нейрон жасушалары бар екенін тапқан, бір айырмашылығы мида жүздеген миллиард нейрон жасушалары болса жүректегі олардың саны 40 мың ғана,бірақта жүрекпен қабылдаған шешімдер үнемі дұрыс болып келеді екен. Мен өз клиентерімнің
шешім қабылдауына көмектесу мақсатында мынадай кеңес беріп тұрамын, «Отырып,бойыңызды босатып,көзіңізді жұмып сосын жүрегіңізге назар аударып тіпті оның үстіне қолыңызды қойып «Жүрегім,мына нәрсе туралы не ойлайсың, дұрыс жауабы қандай болмақ?» деп сұраңыз».Бұл тым қарапайым сүйте тұра өте дұрыс
шешім қабылдайтын варианты бар әдіс, себебі жүрек мидан ақылды! Сіздің ішкі сана сезіміңіз,ішкі жан дүниеңіз қашанда дұрыс жауапты біледі,тек оларды тыңдай білу қажет! Қаншалықты көп жаттығу жасасаңыз, мысалы,тұрақты медитация жасап тұрсаңыз соншалықты оңай жолмен ішкі жандүниеңіз бен жүрегіңіздің тілін табасыз.Ішкі жандүниеңіз сізбен сурет, көрініс, бейне, ой-идея арқылы байланыс орнататынын біліңіз!!! Виктор Гюго айтқандай «Уақыты келген идеядан артық күшті нәрсе жоқ,егер сізге жаңа ой келіп оны орындауға шабытыңыз тасып тұрса ол идеяныңызды орындаудың ең қолайлы сәті осы деп түсініңіз». Егер көшеде кетіп бара жатқаныңызда мына бір дүкенге кіргіңіз келіп кетсе сол дүкеннен сізге аса қажетті ақпараты бар дәл сол кітапты табатыныңызға таңданбаңыз. Сырттан келген ақпарат негізінде қисынды ой арқылы шешім қабылдаумен қатар ішіңіздегі ойға да сүйене отырып шешім қабылдап үйреніңіз,сонда ғана сіз өз өміріңіз таңғажайып табысты болатынын көресіз!
