
- •2.Әрекет етсең-ұтыласың:
- •3.Болжам
- •7.Сәтсіздік қорқынышы
- •43.Айқындық заңы
- •9.Ойлау деңгейі
- •42.Кері байланыс
- •10.Қоршаған орта
- •11.Табыс командасы
- •39.Сәтсіздікке апаратын з сөз
- •38.Күн тәртібін жоспарлау
- •15.Байлық жасау формуласы
- •36.Әрекет ету
- •18.Мен дұрыс жолдамын ба?
- •19.Тартылыс заңы
- •31.Елестен өткізу
- •21.Сұрақтар торы
- •29.Қалыптасқан пікір
- •22.Өз бейнең
- •28.Оптимизм себебтері
- •Өмірден алынған бір мысал
- •Команда туралы бір тарих
- •Өмірден алынған бір мысал
- •Николай Латанский «Табысқа жетудің 50 құпиясы» сіз кім боласыз
38.Күн тәртібін жоспарлау
Келер күніңізді қалай жоспарлайсыз деп басқаша айтқанда уақытты тиімді басқарудың қандай тәсілін қолданатыным туралы менен адамдар көп сұрап жатады. Мен өзімнің досым және нұсқаушым Джек Кемфилдтің маған үйреткен ерекше бір тәсілін айтып берейін деп шештім,табысты адамдардың құпияларының бірі олар жаңа күнінің басталуынан оның қалай жалғасып өтуіне дейін анық білетінінде. Сіз таңертең төсектен тұрмас бұрын бүгінгі болатын әрбір оқиға,әрбір кездесу мінсіз өтіп жатқанын,сіз жетуге тиісті барлық межеге жеткеніңізді, батылдық, күш жігер, сүйіспеншілік,сабырлылық,шыдамдылық,сенімділік,ризашылық сияқты жақсы мінез көрсеткеніңізді, жолыққан адамдармен қалай жақсы қатынастыңыз,олар сізді қандай жылы шыраймен қабылдады,бұл кездесуден нені қалайтыныңызды түсінгеніңізді,нені жасап қандай жағымды нәтижеге жеттіңіз,міне осыларды елестетіп көріңіз! Сосын енді бүгінгі мақсатыңызға жету үшін жасайтын нақты қадамдарыңызды қарап көріңіз. Осындай жаттығуларды күнделікті бірнеше минут жасаумен сіз өзіңізді күні бойы жақсы жаққа бағыттап, жетістікпен табыстылыққа бағдарлайсыз! Кешке жатар алдында мынадай басқаша жаттығуды жасаңыз; бұл үшін ыңғайлы жерге отырыңыз, бойыңызды босатып көзіңізді жұмыңыз,сосын өткен күннің оқиғаларын еске алыңыз,бүгінгі жетістік пен табысыңызды және шығарған мінезіңіздің сапа деңгейі қандай болғанын көз алдыңыздан өткізіңіз,мысалы бүгін сіз 10 рет қоңырау шалдыңыз делік, диета ұстадыңыз,сүйген адамыңызбен романтикалық кеш өткіздіңіз,осылайша жоспарыңызға жеттіңіз, оныңызға қуаныңыз,жеткен табысыңызды мойындап қабылдаңыз! Енді бүгінгі күннің жоспарлы бағытыңыздан,мақсатыңыздан және ұстанбақ болған мінезіңізден кері қайтқан сәттерді,қай жерінде қандай белсенділікті көбірек көрсету керекті болғанын еске алыңыз! Осындай күнделікті болған оқиғаны еске түсіру арқылы сіз өзіңіздің ішкі жайсыз ойларыңыздың алдын кесіп,назарыңызды күнделікті табыстылыққа аударып өз бағамызды көтересіз. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Күн тәртібін жоспарлаудың жақсы әдісі оны алдын ала болжап көру!!!
37.БІРІНШІСІН АЛДЫМЕН ІСТЕҢІЗ Мен сіздерге адамның күш қуаты туралы, анығында оны аса маңыз-
ды істерге арнау үшін екінші қатардағы істерге жұмсаудан қалайша сақтау керектігі туралы мәслені айтақпын. Сізде мынадай жағдайлар мүмкін болған шығар,мысалы бірде сіз ертең тапсыруға тиісті есеп қисабыңызды дайындауға, өте маңызды мақала жазуға немесе қаржы-лық мәселеніңізді реттеуге тиісті едіңіз,бұл туралы көп ойладыңыз
делік, аяқ асты үйдің ішін жинау керектігін түсініп сонымен айналы-
сып кетіп бірнеше сағаттан соң осы ұсақ түйек нәрсемен айналысып жүргенде ана маңызды нәрсеңіз орындалмай қалғанын еске аласыз.Осыдан соң көңіл күйіңіз күрт бұзылады, күш қуатыңыз азая-
ды , тағы бір мысал,таңертең жұмысқа келе салысымен клиентерге қоңырау шалып контрактыға қол қою келісімін алудың орнына ин-тернеттегі әр түрлі жаңалықтарды оқыдыңыз делік,сіз мүмкін өзіңізді маңызды іспен айналыстым деп ақтайтын шығарсыз,ал шын мәнінде солай ма?! Жалпы маңызды істердің көлемі үлкен,қиыншылығы көп болғандықтан біз оларды кейінге қалдыруға әуеспіз.Бірақ сіз түсініңіз,бұдан болып тапсырмалар ешқайда жоғалып кетпейді, қаласаңызда қаламасаңызда ол туралы үнемі ойлайтын боласыз ,нәтижесінде сіз қажетті тапсырманы орындамадыңыз,ал жасаған
ұсақ түйегіңізге көңіліңіз толмайды! Рас па? Ал егер сіз маңызды нәр-сені істей бастасаңыз көп кешікпей шабытыңыз оянып,сосын мұны
қалай істеймін деп бас қатырмайсыз,оңай жалғастыра бересіз,мұндай жағдайды «көңіл күй тасуы» деп атайды,осындай жағдайда барлығы өзінен өзі істеліп жатқандай сезіледі.Мысалы,сіз есеп қисаб жасап немесе мақала жазып отырсаңыз сөздер қағаз бетіне,компьютер мониторына өзінен өзі шыға береді ал сіз қанат біткендей жігерленесіз!Мүмкін әндетесіз! Әйгілі жазушы Врайн Трэйси адам-
ның маңызды істерді елемегенситін осы бір ерекше құбылысынының мәнін ашуға арналған «Жиіркенгенді қойып құрбақа жеңіз» атты кітабында «әрқашан жексұрын,жиіркенішті істен бастау керек соның ішінде ең маңызды іс-құрбақадан баста,сосын оңай істерге ауыс» деп айтыпты.Ресейдің атақты телетілшісі Влад Листев табысы зор бірнеше үлкен жобаны қатар жүргізіп отырған, оның бұл ерекше қабілеті туралы бір әріптесі Листевте «Әрқашанда ең қиын ең жексұрын,жиіркенішті істен баста» деген ұраны болды депті.Көп адамдар өз құрбақаларын кейінге қалдырып,ең маңыздыны істемеу үшін миллиондаған ұсақ түйекпен айналысады. Егер сіз тіршілік жағдайыңызды жақсартып,өмірдің жаңа сапалы сатысына көтеріліп,қомақты табысқа жеткіңіз келсе істің ең
қиынынан бастаңыз, алдымен Өз құрбақаңызды жеңіз!!!
14.ТАБЫСТЫ АДАМДАР ҚЫЗҒАНБАЙДЫ Тағыда бір аса маңызды нәрсе- қызғаныш туралы, бұл сезім қашан, қайдан,қалайша пайда болатынын,ол несімен қауіпті,табысты адамдар неге ешқешан қызғанбайтынын айтайын. Басқалардың жеткен табысты жетістігіне өзінің жете алмағанын,олардың істегенін істей алмағанын,солардай болалмағанын білген уақытта адамда қызғаныш сезімі пайда болады.Қызғаншақ адам табысты адамдардай әрекет етіп соларға ұқсап табысты болудың орнына өзіне бөгет жасайды. Сондай адам өзінің қызғанышымен басқаларда бар табыс жетістікті жоққа шығарып,төмен бағалау арқылы өзінде сондай табыстар жоқ болу себебін ақтап алғысы келеді, олардың мұнысы түкке тұрмайды олардан мықтылар бар емес пе,кездойсақ жолдары болған ғой деп күндейді. Басқалармен салыстырғанда өзін өзі кемсіту,төмен санаумен қатар ішкі жан дүниесінде өзі туралы жағымсыз пікір қалыптасқан адамдар қызғаншақ болады.Соның нәтижесінде адамда өзіне өзі сенбеу,табысқа жетуден күмәндану әдеті қалыптасады. Жазушы Врейн Трейси айтқандай «Табысты адамдар ешқашан қызғанбайды, сонымен қатар өздері табысты адамдардың ортасында болғылары келеді,өздерінің алалмайтын қамалы жоқ екенін жақсы түсінеді».Расында да супер табысты адамдар басқалар табысқа жетсе қуанады,олардың істегенін қаласам менде істей алады екенмін деген сеніммен қарайды.Ал қызғаншақ адамдар көбінде дәл өзіндей қызғаншақ адамдардың ортасында жүруді тиімді санайды,неге дейсіз бе?,себебі өзінің жолы болмағанын солармен бірге оңай ақтап алғысы келеді! Сіз өзіңізді қызғаншақ адамсыз ба жоқ керісінше ме дегенді былай білуіңізге болады;Таныйтын,танымайтын біреулер табысқа жете қалған кезде олардан кемшілік іздей бастаңыз қызғаншақ адамсыз!,оныңызбен өзіңіздің табыссыз жүруіңізді оңай ақтай салмақсыз. Егер сіз өзіңіздің қызғана бастағаныңызды сезсеңіз, демек сіз шын мәнінде көптеген табысқа жетуге лайықты жансыз,бірақ неге олай етпей жүргеніңіз түсініксіз! Сіз қандай табысқа жақын арада жете алар едіңіз,ал неге өзіңізге өзіңіз қасақана бөгет жасап жүрсіз! Ойланыңыз! Табысты адамдар табысты адамдардың ортасында болғанды қалайды жәнеде ешқашан қызғанбайды,ал табысқа жетпегендер болса қызғаншақ келеді,өздеріндей қызғаншақ адамдардың ортасында болғылары келеді. Егер сізде қызғаныш сезімі туындап жатса өзіңізді қалай бағалай-тынызды, ішкі әлеміңізде қандай жағымсыз жағдайлар пайда болып жатқанын түсінуге тырысып сол сезімнен қалайша құтылудың жолын іздеуді ойластырыңыз! ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Табысты адамдар ешқашан қызғанбайды!!!