Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.87 Кб
Скачать

39.Сәтсіздікке апаратын з сөз

Адамның жолын бөгеп оны жолыболмағыш ететін З мағанадағы сөз туралы айтайын.Осы заманның атақты кәсіпкер-жазушысы Киосуоки Роберт өзінінің «Бай әке кедей әке» деген кітабында «Адаммен сөйлес кенде оның басында не бар екенін білуге болады,бізді қолданатын сөзіміз,өз ойымызды қалай түйіндейтініміз кім екенімізді анықтап тұрады» деп айтқан екен. «Ойланып көру,істеп көру,тырысып көру» деген З мағандағы сөздер адамды сәтсіздікке жеткізеді, өз ойыңызды айтқан сайын «байқап көрейін,істеп көрермін,тырысамын» деген мағанадағы сөздерді жиі қосатын болсаңыз онда сіз өзіңізді сәтсіздікке бағдарлап бағыштап жатырмын деп түсініңіз.Мысалы, сіз «Саған сегіз сағат кезінде барып кетуді ойластырамын,жұмағаға дейін досыма хат жазып бітірермін,уақытында келуге тырысамын» деп айтсаңыз мұндағы «кетуді ойластырамын,бітірермін,тырысамын» деген сөздер сәттілікке де сәтсіздікке де меңзеп тұрғанын байқаймыз.Басқаша айтсақ сіз бір нәрсені істеп бітірмексіз,бірақта ол нәрсе бітуде бітпеуіде мүмкін ,сондықтан бұл сөздер істің нәтижесіне деген сенімсіздікті анықтап тұр. Ал егер сіз «Мен сағат сегізде үйіңде боламын,жұмаға дейін досыма хат жазамын, дәл уақытында келемін» деп айтқан кезде сізге қосымша күш қуат кіріп,айтқан сөзіңіз өзіңізге сенімділік туғызады,сіз өз ниетіңізді жауапкершілікпен бағамдадыңыз.Ал жауапкершілік болса өз кезегінде табыстың кепілі болатынын сіз былайда білесіз! Жоғарыда айтылған үш мағанадағы сөздерді қолданбас үшін оларды еске жақсы сақтап алу үшін сіздерге мынадай кеңес беремін; ақ параққа «Ойланып көру,істеп көру,тырысып көру» деген сөздерді үлкен әріппен жазып үстінен жалпақ маркермен басып тастаңызды парақты көзге үнемі көрінетін жерге іліп қойыңыз.Бұл әдіс сізге ана сөздерді саналы түрде қолданбауыңызға көмектеседі. «Ойланып көрейін,істеп көрейін,тырысып көрейін» деген мағанадағы сөздерді ойлап,айтып қалған әрбір сәтте сәл тыныс алып,сол арада сөзіңізді,ойыңызды дереу дүзетіңіз! Қандай сөздерді қолдан-ғанымыз, өз ой идея,мақсатыңызды қалай түйіндегеніміз біздің басымызда яғни миымызда болып жатқан құбылыстың тікелей көрінісі екенін ескеріңіз!Сенімсіздікке жетелейтін осы З мағанадағы сөздерді қолданбасаңыз табысқа жетер үлкен мүмкіндікке ие боласыз,пайдаланып жүрген сөздеріңіз сізді сәттілікке немесе сәтсіздікке бағдарлайды, сөздеріңізді саналы түрде ойланып қолданыңыз! «Ойлап көру,істеп көру,тырысып көру»деген бізді сәтсіздікке тікелей бағдарлайтын сөздерді мәңгілікке ұмытыңыз!!!

12.ТӘЛІМГЕР Сіздің табысқа жету жолыңызды қысқартуға салмақты үлес қосатын Тәлімгер туралы талқылайық.Жалғыз адам үлкен табысқа жетпейтінін,олай болу үшін мықты командаңыз керек екенін біліп «Табыс-командалық спорт» деген ұғымды меңгердіңіз. Ал енді,сіздің жетемін деген мақсатыңызға әлде қашан жетіп қойған адамды іздеп тауып,сол адамнан өз мақсатыңызға қыйналмай қалай тез жету,оның жасаған қателіктерін қайталамаудың жолдарын айтып беруін сұрауыңыз қажет.Сондықтанда өзіңізге жақсылардың ішінен білікті тәлімгерді табыңыз,таңдау жасаңыз,одан ұялып намыстанбаңыз,ұялу деген Жүз пайыз жауапкершіліктен қашудың статегиялық факторының бірі екенін еске түсіріңіз.Кез келген адам сізге Тәлімгер болғысы келе бермеуі мүмкін,ал бірақта үлкен табысқа жеткен адамдар өздерінің бігендері,тәжірибелерімен бөлісіп ақыл кеңес беруден қашпайды,сондықтан да іздеңіздер,ондай адамдар міндетті түрде табылады.Тәлімгермен жұмыс істегенде оның айтқанын бұлжытпай орындау қажет.Тәлімгермен үнемі кездесіп жүздесіп тұру шарт емес,маныздысы сондай адамдардың ортасына кіріп сіңе білу! Нағыз тәлімгер сізді қателіктерден қорғап,қорқынышты сәттерде қолдап,түсініксіз нәрселерді түсіндіріп,табысқа жетуге жігерлендіріп, қандай кезде ең маңызды нәрсеге назар аудару керектігін үйретіп сізді қолыңыздан жетелеп мақсатыңызға алып бара алады. Бұл әлемдегі аса бай әйелдердің бірі Офро Уимпол айтқандай «Тәлімгер-сізге ішкі жан дүниеңіздегі лаулап тұрған үміт отын көрсетуші адам». Кез келген салада; ғылымда,саудада,психологияда,спортта болсын олимпиада шыңдарына білікті бапкерсіз жету мүмкін еместігін бәріміз де білеміз.Тарихқа үңіліп қарасақ табысқа жеткен адамдардың қандай деңгейде болмасын тәлімгерлері бар болған,барлық ұлы адамдар білікті бір шебердің қолтығының астында,қамқорлығында болған. Менің тәлімгерім Джек Кемфилд , мен оны әлемдегі біліктілердің біліктісі деп санаймын! Мен кезінде одан көмек сұрағанмын,қазірде соның шәкіртімін. Сонымен ең маңыздысы сіз өзіңізге көмектесетін,ақыл кеңес беріп қол ұшын созатын адамды іздеңіз,ондай адамдар жеткілікті. Мені өзіме үнемі ұстаз іздеймін,себебі көптеген адамдардың табысқа жетпей жататыны олардың білгендерін қалай қолдануы мен жүзеге асыру амалдары ұштаспай арасында шыңырау құз тұратынын жақсы түсінемін. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Сіздің барғыңыз келген шыңға әлде қашан жетіп сонда нық тұрған адамның әрбір сөзін мұқият тыңдап,айтқанын бұлжытпай орындаңыз,сонда сіздің табысқа жетер жылдамдығыңыз анағұрлым артып табысқа жетер жолыңыз бен уақыты қысқарады!!!

13.СІЗГЕ НЕ БОЛҒАН?

Сіз табысқа жетуге мақсат қойып, оны жүзеге асыруға әрекет етіп бар ынтаңызбен еңбектене бастағанызда саусақтарын шошайтып «Мынаған

не болған» дейтін адамдар пайда болады.  Сіз табысқа жету туралы кітаптар оқып,дәріс семинарларға қатысып,табыс-

қа жетуге үлкен жоспар құрып ,сол арманыңызға жетуге алғашқы нақты қадамдар жасай бастағаныңызда қасыңыздағы адамдардың көбісі сізге түсінбеушілік танытып жүргендерін байқайсыз,ал тіпті кейбіреулері сізге

бөгет жасай бастайды.Осы бір кейбіреулер өздерін дамытуға әрекеттенудің орнына даму мен өсу жолын таңдаған сізге неге бөгет болмақшы? Мұның себебі; сіз өзіңізді дұрыс бағытқа өзгерте бастаған кезде қасыңызда-

ғы адамдар «апатты» жағдайға түскендей күйде болады,бұған дейін олар өздерінше «дұрыс», «жақсы» өмір сүріп жүрген еді,енді міне сіз деген «біреудің» жаңа ой,жаңаша іс әрекеттеріңізге қарап бізде «теріс бұрыс» өмір сүріп келгенбіз бе деп ойлайды.Сіздің туыстарыңыз,қасыңыздағы адамдар-

дың осы кері тартпа таңдануының себебі мидың қызметіне байланысты. Мидың негізгі қызметінің бірі адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету!Ал

мидың адам қауіпсіздігі туралы «түсінігі» өзінше былай; Адам өміріндегі қозғалыстар бүгінгі,кешегі,бүрсікүнгі,өткен апта айдағы,

тіптен өткен жылғыдай бір қалыпты жүйемен жалғасуы тиіс.Енді оның қасындағы біреу өзгере бастаса олда «өзгеруге тиісті боламын ба» деп қорқады,сондықтан да адамдар өздерінің тірлігін «өте дұрыс» деп санап

өз қиял арманындағы жақсылықтарға қарай қадам басқанның орнына өздері-

нің осы бір «жайлы орнынан» қозғалмастан, сіздікін теріске шығарып сізді тоқтатуға тырысуы оларға оңай болмақ. Мен жас кезімде « екі оқыйтын » студенттен « өте жақсы оқыйтын » студент-

ке жетуге бел буып сол мақсатыма жетер жолда менің бұрынғы қоршаған

ортам мені байырғы « қалыбыма » түсіруге тырысып тырысып,ақыры менің айтқанымнан қайтпайтыныма көздері жеткенше кем дегенде жарты жылдан астам уақыт өткен еді. Қоршаған ортаның мәселесі табысқа жету жолдағы өте қиын кезең,сіз өзіңізді немен,кіммен қоршағаныңыздан табысқа жетуіңіздің 50 пайызы тәуелді болатынын білесіз! ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Шын мәнінде қоршаған ортаңыздағы адамдардың «Сізге не болғанын»

айтып өсектеуі қалыпты жағдай,одан еш қауіп жоқ,ондай адамдар өспейді де дамымайды,олар өздерінің үйреншікті «жайлы жұмағынан» шығып қалмас

үшін сізді тоқтауға миллиондаған себебтер тауып дәдлелдеумен болады! Өзіңізді дұрыс адамдармен қоршаңыз,жалпы адамдар өздерінің емес басқалардың да өзгеруіне үнемі бөгет жасап жүретінін естен шығармаңыз!!!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]