Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.87 Кб
Скачать

10.Қоршаған орта

Табысқа жетудің формуласындағы ең салмақты орын алатын қоршаған орта туралы түсінік. Жалпылай айтқанда қандай адамдармен араласып қатынасасыз,қайда кім болып қызмет етесіз, қандай азық түлікпен қоректенесіз,тұрған жеріңіз қандай,табиғат аясында жиі болып тұрасыз ба,өзіңізді рухани дамытумен айналысасыз ба деген сияқты нәрселер сіздің табысқа жету жолыңыздың 50 пайызын құрайтын қоршаған ортаңыз болып табылады. Қоршаған орта неге соншалықты маңызды? Бұл жайында мықты спорт бапкерлері жақсы біледі; спортшының жеңіске жетуіне жаттығулардың жақсы әдістемелері,жақсы спорт құралдары,арнайы диеталар,жарысты жақсы ұйымдастырушы қаржылай демеушілер,ауа райы сияқты көптеген факторлардан құралатын қоршаған орта аса зор әсер етеді.Егерде осы факторлардың біреуі кем болса спортшының жарыста жақсы нәтиже шығаруына қауіп төнеді. «Көптеген адамдар ең алдымен өз қоршаған ортасын реттеп алудың маңыздысын түсінбей өздерін қара күшпен зорлап өзгертуге тырысып көп уақыттарын жоғалтып жатады.Дұрыс реттелген қоршаған ортасы оларды төте жолға оңай салар еді » деп Томас Линар айтқан. Өздерінің жүріс тұрысын,ойлау деңгейін аптаның жеті күн,і тәуліктің 24 сағаты бойы қоршаған ортасы бақылауда ұстайтынын адамдар біліп түсінулері тиіс. Ең жақсы жаңалығы сол,сіз қоршаған ортаңызды өзіңіздің қалауыңызша құрастырып,өзгертіп,оған әсер етіп қажет болса сол ортадан өзіңізді алыстата аласыз! Есіңізде болсын,Сіз өзіңізбен үнемі араласып қатынасатын адамдарға ұқсап кетесіз! Қоршаған орта туралы атақты философшы кәсіпкер Джим Рун былай деген еді; «Сіз өзіңізбен көп араласып қатынасатын бес адамның арифметикалық ортасы болып табыласыз » Сондықтан да Сіз жақсылардың ең мықтысымен араласып қатынасыңыз! сонда ғана жақсы нәтижелерге жете аласыз. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Біздің қоршаған ортамыз -аптаның 7 күні,тәуліктің 24 сағаты бойы бізге әсер етіп тұратын нәрселер!

11.Табыс командасы

Әйгілі нұсқаушы Джим Ванч «Табыс-командылық спорт» деп айтқан-дай расында да жалғыз адам үлкен табысқа жете алмайды,алдына қой-ған мақсаттарына жетіп армандарын жүзеге асыру үшін өзіне ақыл

кеңес беріп қолдау көрсететін,қаржылай демей алатын адамдармен айналасын қоршауы қажет.Шынайы табысқа жету үшін сіздің өз пікірлес,сыбайлас адамдарыңыздан құралған командаңыз болуы керек.Өкінішке орай көптеген адамдар өздерінің мақсат жоспарлары туралы басқаларға ашып айтудан қорқады; « Олар мынаның басы

қуып кеткен бе деп келеке етуі немесе идеямды ұрлап алып қою

мүмкін » ал кейде « Оларға ойымды айта салысымен әрекеттер жасамасам бұлар сенбей масқара боламын » деп ойлайды. Сіз мынаны түсінгеніңіз жөн; Егер өзіңіздің жоспар, арман, мақсат-тарыңызды басқаларға айта жүрмесеңіз олар құпия түрінде қалып ұмытыла бастайды, сосын олар ешқашан жүзеге аспауы да мүмкін! Сіз өз ойларыңызды басқаларға жиі айтқан сайын болашақ мақсаты-ңызға сенімді болып сізге көмектесетін,ақыл кеңес беретін,тәжірибе-

сін айтатын,қаржылай демеу жасайтын адамдармен кездесіп танысасыз.Мысалы, сіздің табыс командаңыздың мүшесі өзіңіздің

есеп беретін әріптесіңіз болса оған күнделікті телефон шалып жоспарыңызға жету үшін кеше не істегеніңіз бүгін қандай қадам жасайтыныңыз туралы айтып тұрасыз. Бірдеңе істеймін деп басқаларға берген уәдеңіз соның шынайы орындалуына он есе артық дем береді.Сізбен сырласып,кеңес алып берісіп жүретін адамдар сіздің команда мүшелеріңіз бола алады,сіз олармен апта сайын кездесіп өз жетістіктеріңіз туралы баяндап,ақыл кеңес,қаражат сұрай аласыз. Менің табыс командам адвокат,қаржы кеңесшісі,аудармашы,

интернет маркетолог сияқты көптеген адамдардан құралады. Сіздің командаңыздың мүшелері кімдер болуы мүмкін екенін дәл

қазір ойлап көріңіз! Мақсатыңызға жету жолыңызда сізбен кімдер бір пікірлес,

сыбайлас бола алар еді? ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Табыс-бұл командалық спорт!

40.СҰРА,СҰРА,және СҰРА

Сіздерге енді табыстың тағы бір құпиясы аталатын адамның сұрай білу қабілеті туралы айтып берейін.Шын мәнінде қалағаныңыздың бәріне қол жеткізу үшін сіздің сұрай білу қабілетіңіз өте қажет . Кімге болмасын табысты болу үшін оған басқа адамдардың көмегі керек. Сіздің табысқа жетер жолыңызда сізге көмек қолын берер адамдар көп кездеседі,тек олар өздерінен сізге не қажет екенін білулері керек,сіз өзіңіз сұрамайынша сізге не керек екенін ешкім білмейді ғой. Адамдардың табысқа жетпей жататының бір себебі олардың біреуден бірдеңе сұраудан қорқуында,олар өздерін аянышты,мүсәпір,ақымақ көрсетпес үшін сұраудан қорқады. Бірақта негізгі себебі «сұрауымды қабыл алмай қойса» қайтемін деп немесе «жоқ»деген сөзді естуден қорқады. Қытай халқының бір нақыл сөзінде былай дейді екен; «Кімде кім сұраса ол 5 минут ішінде ақымақ көрінеді,ал сұрамаса өмір бойы ақымақ болып қалады ».Көптеген адамдар сұраудан қорыққанынан сұрамай жүреді, мысалы еркектер әйелдерді кездесуге шақырсам келмей қояды ма деп қорқады және мұнысымен әйелдердің кездесуге келу мүмкіндігін шектейді, міне осылайша еркектер әйелдердің өздеріне не деп жауап беретінін білместен бұрын өз қалауларын шектейді! Сіз өзіңізге қажеттінің барлығын кімнен болсада сұрауға тәуекел етіңіз,егер ол қабыл алмаса сіз ештеңені жоғалтпайсыз, сұрамас бұрын сізде болмады сұраған соңда түкте жоқ! Сіз сұрай алатын болсаңыз ғана қызметте өрлеу,жал ақыныңыз өсу,жаңа келісім шартқа отыру,қонақ үйден жақсы бөлме алу,кездесуге уәделесу,демалыс алып көп бос уақытты болу сияқты қалауларыңызға қол жеткізесіз. Табысқа жету үшін сіз көп тәуекелге баруыңыз керек,сол тәуекелдердің бірі сіздің сұрағаныңыздың орындалмауы! Қалағаныңыздың бәрін сұрауды әдетке айналдырыңыз,жер жаһандағы аса табысты адамдардың барлығы «Сұра ,сұра және сұра» деген табыстың заңын үнемі қолданады!!!

Б.Т. Біздің қазақтардың айтатын «жыламаған балаға емшек жоқ» деген сөзіне осы заңдылық сай келіп тұр, мысалы өнер жұлдыздары болсын халықаралық үлкен компаниялар болсын теледидар арқылы бірі билетін сатып алуыңызды бірі тауарын сатып алуыңызды сұрап жарнамалап миымызды «шірітіп» жатырған жоқпа!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]