Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.87 Кб
Скачать

43.Айқындық заңы

Сіздердің клиентеріңіздің санын екі үш айдың ішінде күрт өсіре-

тін тағы бір заңдылық туралы айтайын, көп адамдар менің табыстылығымның құпиясы неде, әлемнің көп елдерінен соншама

көп клиент жинаудың сыры неде? деп менен сұрап жатады.Мұның жауабы қарапайым,мен айқындық заңын пайдаланамын,ол заң

«Табысты болғың келсе шынайы бол » дегенді меңзейді. Көп адам-

дар айқындықтың маңызды екенін түсінбейді,олар беттеріне бет пер-

де киіп табысты, атақты біреулердей көрініп әрекет етсем басқаларды

өзіме тартамын деп ойлайды.Ал адамдар болса жасанды емес шынайы адаммен істес болғысы келеді,сонымен қатар кімде кім біреулерге қан-

шама ұқсап бақса да,біреудің рөлін ойнағанымен ертелі кеш шындық ашылады емес пе! «Қарапайым болсаң саған адамдар келгіш болады»

деген украйн нақыл сөзіде осы шынайылықты айтады.Сіз айқын бол-

саңыз әділетті,шынайы және ашықсыз, сонымен бірге сіз ақ жарқын боласыз, мұныңызбен сіз басқаларға жақындайсыз,ал жақындық өз кез-егінде сізге деген сенімділікті туғызады, сенімділік болса адамдарды

сізге тартып тұрады.Сондықтанда адамдар сізбен бірге болғысы келіп

сізбен достасып,қызметтес,серіктес болуды қалайды, сізден сатып алғы-лары келеді. Сіз өзіңізге және басқаларға адал,шынайы және ашық бол-

ған кезде айқындық заңы сіз үшін толық қызмет етеді.Сіз айқын болсаң-

ыз өз қателік,кемістіктеріңізді жақсы түсінесіз,осы түсінгеніңізбен қате-

ліктерді түзетіп,кемістіктерді толтыруға дайын екеніңізді көрсетесіз,бұл

сізге деген сенімділікті арттыра түседі. Егер сіз шынайы және ашық болуға бекінсеңіз өзіңізді тұрақты түзетіп дамыту арқылы ғана жақсы адам болатыныңызды түсінесіз,артыңыздан көптеген адамдар ереді,әрине олардың ішінен өз клиенттеріңізді де

көресіз. Тағы бір дерек келтірейін,сатушы мамандығына әр түрлі қырмен қарауға болады,бірақта ең жақсы сатушы болуға адал,шынайы және ашық

адамдар лайықты екенін сіздер баяғыдан білесіздер. Сіз шынайы болыңыз! Сонда ғана сіздің қасыңызға адамдар көп

жиналады. Сіздерге әділеттілік,шынайылық және айқындық тілеймін,табысты адам болғыңыз келсе өзіңізді жақсы бағытқа өзгертіп,даму арқылы өз қалаған тұлғаңызға айналыңыз!!!

8.ТАБЫСТЫҢ ФОРМУЛАСЫ Сіздің өміріңіздегі ұзағынан болатын табыстылықтың формуласы туралы айтып берейін. Нақтылы тиімділікті үйрету ісінің « көкесі » аталған нұсқаушы Томас Линор бір кездері нақты нәтижелі табыстың неден болатыны туралы зерттеп іздене келе Табыстылық үш құрамнан тұратынын анықтаған еді.Табыстылықты нақтылы,тиімді және екпінді түрде жүзеге асыру үшін сол үш құрамға бірдей назар аудару керектігін түсініп,сосын табыстың ; « 10+40+50=100 » деген формуласын жасады. Бұл формуладағы әрбір компененттің өзіндік салмақты орындары бар. Формуладағы; Бірінші құрама 10-Бұл сіздің алған білім,жинаған тәжірибе,үйренген іскерлігіңіз.Бұлар формуланың он пайызын құрайды.Өкінішке орай кейбір адамдар аса табысқа жетемін деп тек білімін шыңдау үшін аянбай еңбектене берседе нақтылы табысқа жете алмай жатады. Неге десеңіз- бұл формулада қалған 90 пайызы бар! Шын мәнінде егер табысқа жету үшін тек білім өте маңызды болса кімдер ең табысты адамдар болар еді? Мүмкін кітапхана қызметкерлері, әр түрлі дәрежелі ғалымдар болар ма еді,бірақ өкінішке орай олар да емес! Екінші құрамасы 40-Бұл сіздің Ойлау деңгейіңіз.Бұған табыстылықтың 40 пайызы байланысты. Ойлау деңгейіңі-Сіздің өзіңізді,қоршаған ортаны соның ішіндегі өз орныңызды қалай түсіну; Өзіңіздің мүмкіндіктеріңіз туралы ойларыңыз,сәтсіздікті қалай қабылдай алатын шыдамдылығыңыз сияқты факторлардың жинағы. Осылайша ойлау деңгейінің құпиясы ашылғаннан бері адамдар оны өзгерту үшін еңбектенетін болып жақсы нәтижелерге жетуде. Формуладағы ең салмақты орын алатын,сіздің табысқа жету жолыңыздың тең жартысын алатын; Үшінші құрама 50-Бұл сіздің қоршаған ортаңыз. Сіздің қоршаған ортаңыз-тек ғана сіздің айналаңыздағы табиғат, қала, көше,үйлер,заттар емес қайда кіммен бірге өмір сүресіз,кім болып қызмет етесіз, қайда және кіммен демаласыз,немен қоректенесіз деген сияқты көптеген факторлардан құралады. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Өміріңіздің барлық саласындағы табысыңыздың формуласы «10+40+50=100» 10-Сіздің білім,тәжірибе және іскерлігіңіз 40-Ойлау деңгейіңіз 50- Қоршаған ортаңыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]