Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.87 Кб
Скачать

Өмірден алынған бір мысал

Николай Латанскийдің «Табысқа жету 50 құпиясының» үшінші тәсілінде «Болашақ мақсатыңыз туралы басқаларға айтып жүрсеңіз сізге көмектесетін адам міндетті түрде кездеседі» деген сөзінен есіме түскен өз басымда болған оқиғаны баяндап берейін; Тоқсаныншы жылдары Қобда аймағының «Мұнай өнімдерімен қамту» мекемесінде тұрмыстық газбен қамту менеджері болып қызметте жүрген кезімде баллондағы газды Қытайдың Қарамай қаласындағы Мұнай өңдеу зауытынан алып келетінбіз. Экспортқа шығару құжаттарын Тайкешкен сауда портында Курәш деген уйғыр жігіті рәсімдейтін,сол жігіт бір жолы «Бізден негеқұрылыстың битумын алып еліңе сатып жеке кәсіпкерлікпен айналыспайсың» деген еді,бірақ битумнің нарығы өте кішкентай құрылыс тоқырап тұрған кез болатын,ал менің ойымда жеңіл мұнай өнімдерін яғни бензин,дизель отынын сатумен шұғылдану бар болатын.Бірақта мұнай өнімдерінің бағасын мемлекеттен бекітіп қатаң бақылайтын болғандықтан жекеге шығу пайдасыз болды. Бағымызға орай сол жылдың күзінде жаңа құрылған Өкімет мұнай өнімдерінің бағасын босатты,менің арманым жүзеге асуға жол ашылды,сосын әлгі Курәштен маған бензин шығарып беруін өтіндім,ол да Үрімжідегі біреулермен сөйлесіп келеісім берді.Мен өте аз уақыт ішінде партиялас екі жолдасыммен бірігіп «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік» ашып, аздап ақша тауып шекераға жақын Бұлғын ауылында 100 тонналық шағын қойма/резервуар ыдыстардан/ аштым,ал қалған ақшамыз 30 тн бензинге жетпек.Келесі айда /шекара айына бір рет онбес күнге ашылатын/ ақшамды алып барсам Курәштің жеке кәсіпкерге бензин шығармақшы болғанын бастығы біліп жолын жапқан екен ісіміз жүзеге аспады. Мен ай сайын Тайкешкенге барып қытайдың көптеген кәсіпкерілернен бензин сатуларын өтініп визиткамды тастап жүрдім,сол кезде мұнай өнімдерін тек лицензиясы бар заңды тұлғалар экспорттауға құқылы болатын.Тайкешкен порты қыстың үш айында жабылып қалатын,ақпан айының бір күні қытайдан бір бір адам телефон соғып/үй телефонына,ол кезде сотка болмады/ мені мен орыс тілінде сөйлесті,бензин эспорттай алатынын айтты,ең төменгі көлемі 100 тн деген шарт қойды.Менің бензин сатумен айналыспақшы болған хиқаяма аудандық кәсіпкерлер де қанық болатын/кейбіреулері жолы болмады деп келеке етіп жүрді/,менің ақша қаражаты бар серіктес іздеп жүргенімді де білетін еді,кешікпей ақшалы адамдармен бірлесіп сәуір айынан алғашқы жекеменшік бензинді кіргізіп келіп сата бастадық. Енді осы оқиғаны ойласам Латанскийдің бір құпиясына сай келіп тұр,иә достар бұл өміршең құпия,қолданып көріңдер,нәтижесін береді!!!

Николай Латанский «Табысқа жетудің 50 құпиясы» сіз кім боласыз

Осы жолы сіздерге табысқа жету жолындағы аса маңызды бір нәрсе туралы айтайын,бұл туралы табысқа жеткен адамдардың көбісі және қарапайым адамдарда біле бермейді. Сіз менімен келісіетін шығарсыз,көп адамдар үлкен табысқа жетіп, мол ақша қаражат,жақсы көлік,зәулім үй, яхталы болып,билік иемденіп, сұлу әйелге үйленіп немесе келбетті жігітке күйеуге шығып танымал болуды армандайды,бірақта соның бәрінен бір сәтте айырылып қалатындарын еш ойламайды. Көп жылдар бойы тіпті өмір бойы жинап терген жер учаскеңіз,лицензияңыз,авторлық құқғыңыз,бақытты отбасыңыз сияқты құндылықтарыңызды жоғалтуыңыз бек мүмкін,бірақта сіз табысқа жетер жолдағы ең маңыздысы жинаған дүние мүлкіңіз емес сіздің кім болып қалыптасқаныңыз маңызды екенін үнемі еске сақтап жүруіңіз қажет. Сіздің рухани құндылықтарыңызбен жекетұлғалық жетістіктеріңізден сізді ешкім де ештеңе де ажырата алмайды.Өмір сүрудің ең басты мағанасы дүние мүлік жинау емес рухани және жекетұлғалық тұрғысында өсіп өрлеу,тұрақты даму екенін білетін боларсыз! Әлемге әйгілі кәсіпкер-философ Джим Руно бір кездері «Алдыңызға белгілі бір мақсат қойыңыз, сол мақсатқа жету аясында жекетұлға тұрғысында айтарлықтай жетістікке жетуді жоспарлаңыз» деген екен.Биік мақсат қоюыңызбен сіз сол мақсатқа лайықты болуға міндеттелесіз,демек сіз өзіңізге жаңа әдеттер қалыптастыру,жаңа қарым қатынас орнату,жаңа білім алу үшін алға, жоғарыға ұмтылып тұрақты қажырлы еңбек етесіз.Тіршіліктің бір деңгейінен келесі деңгейіне көтерілу үшін сізде өзгеруіңіз қажет,ал ақша қаражат, дүние мүлік қашанда сіздің өсіп,дамып жеткен нәтижеңізге сай келетін нәрселер. Адамзат тарихында табысты,бай миллионер,миллиардер адамдар жинаған атақ абырой,дүние мүлкінен айырылғаны туралы деректер өте көп,бірақта дүние мүлік атақ абырой оларға дереу қайта оралып тұрған, неге екенін білесіз бе? Ол адамдарда нақтылы айқын ойлау деңгей,қажетті білім және қалыптасқан ортасы болды, мысалы Уолт Дисней 7 рет банкрот болған,бірақта оның мұнысы оған 32 рет Оскар сыйлығының иегері болуына бөгет болмапты. Кейбір адамдар өздерін кәсібімен дүние мүлкіне өте тәуелді етеді,сосын бір сәтсіздікке ұшыраса құтты бір өздерін жоғалқандай сезінеді! Сіз өзіңіздің көлік,үй,кәсібіңіз емессіз, сіз бұл сізсіз, мақсатыңызға жетер жолында өмір жолыңызда қалыптасқан жекетұлға екеніңізді толық түсініңіз! Сонымен,егер сіз өмірдің жаңа деңгейіне көтерілмек болсаңыз табыстың төменгі сатысынан сапалы жоғарғы сатысына шығар жолда өзіңіздің кім болып қалыптасуыңыз керек екенін түсініңіз және осы бағытта дамуды бастаңыз!ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Сіздің қандай табысқа жетуіңіз аса маңызды емес сол табысқа жетер жолда

кім болып қалыптасқаныңыз бәрінен маңызды!!!

Аффирмация туралы бір тарих

Қазіргі жастарға мен қызыға да қызғана қараймын,біздің кезімізде аффирмация тұрмақ афиша туралы да аз білдік,табыстылық заңдылығы туралы дым білмедік, батыс пен шығыстың кітабын оқу,радиосын тыңдау шектеулі қатаң бақылауда болды,тек бай да емес кедей де емес қызыл коммунист болуды армандадық,солай болсаң төбең көкке жеткені деп тәрбиеледі.Социалист дәуір құлағаннан кейінгі өтпелі кезеңде табыстылық заңдылығы,жекетұлғалық даму саласындағы кітаптар орыс тілінде шыға бастады.Мен алғаш Александр Свияштың «Ақыл парасатты жол» атты кітаптар сериалын монғол тілінде оқыдым,оқып таңғалдым,ол кітаптарда адам тағдыры,екі дүниенің өз ара байланысы,рух пен періштелердің болмысы,адамның жеті қабат денесі,оның қуат алып тұратын чакралары туралы айтылады.Осы кітаптардан алғаш рет жаңа сөз,жаңа түсінік аффирмацияны ұқтым, алғашқы аффмирмацияны жасадым.Жалпы адам өз өмірінде көптеген адамдармен қарым қатынаста болады,олардың кейбірімен ерегесіп,сөзге келіп қызарақтасып, жұдырықтасып та жатады,біреуді ренжітесің,біреуге ренжисің дегендей. Сол кітапта, өткен шақта ренжіскен адамыңды еске алғанда ызаң келіп тұрса араларыңда өкпе реніш бар деп айтылады, сосын сол адаммен кездеспей ақ,ол тұрмақ о дүниелік болған адаммен де аффирмация арқылы кешірісуге болады деп түсіндіреді. Мен де кітап бойынша бала кезімнен қатты ренжіскен барлық адамдардың тізімін жасадым,шамамен елудей болды,соның ішінен ызамды келтіретін жиырмадай адамды іріктедім,ішінде екі марқұм да болды. Эталон аффирмацияны былайша мұсылмандап қазақшаладым; «Мен Алланың құлы, Мұқамедтің үмбеті Баян ұлы Темірбек ...Пәленпай.... мен өткен шақта ренжіскенім үшін,оған жаман ғайбат сөздер айтқаным үшін,оны қарғағаным үшін,оған .......жаман іс әрекет жасағаным үшін одан кешірім сұраймын,осы істегендерім үшін өзімді кешірдім,ол да мені кешірді». Кітап талабы бойынша сол ренжіскен кезіңізді еске алып сол адамның бейнесін елестетіп кем дегенде жарты сағат аффирмацияны қайталау қажет, осы уақыт ішінде сол адам саған қарап күлсе, немесе аяқ асты телефон шалса,әрине дәл мол сәтте емес,онда кешіргені деп есептеледі. Солай жасағаным нәтижесін берді,екі марқұм расында күліп «татуласты», кейбірі күлді,кейбірі телофон шалды қалғаны хабарсыз болды,бірақта енді сол адамдарды еске алғанымда ызаланбайтын болдым.Ал біреуісі кәсікерліктегі серіктесім еді ол маған жиі өкпесін айтып жүрді ал мен оның айтқанына бұрынғыдай ашуланбай керісінше оны аяп, оған жаным ашыйтын болды,берер жылдан соң ол о дүниелік болды мүмкін мені кешірген шығар,мен оны баяғыдан кешіргенмін. Аффирмация арқылы көптеген табыстарға жеткен адамдар өз тарихтарын айтып жазып жатады,мен оларға сенемін,аффирмацияның ғажайыбын басымнан көп өткіздім,сондықтанда достарыма осыны қолдануға кеңес беремін,әрине алғашында қиын сияқты да кейде күлкілі де болады,бірақ нәтижелі болады.Қазіргі ақпараттық техника дамыған заманда мүмкіндік көп,айтуға не оқуға ерінсеңіздер соткаға басқа біреудің әсем дауысымен жазып алып наушникпен тыңдасаңыз да әсері жақсы.

Жаманға бір сөз айтсаң тыржияды  Балқыған қорғасындай қайран жақсы, деп халық әнінде айтылатындай жақсы адам болыңыздар!

2.МЕДИТАЦИЯ Аса табысты адамдардың тағыда бір жақсы әдеті туралы айтайын,бұл әдеттің атауы медитация. (Медитация сөзінің қазақша атауы жоқ ол туралы қазақтар біле бермейді тек «ойға шому» деген мағанамен түсінген жөн,мысалы бір нәрсеге аса маңыз беріп бар назарын соған аударып ойлап отырған адам айналасындағы нәрселерді естімейді,көрмейді.Б.Т,) Ең бай,бақуатты,атақты,бақытты және зор денсаулықты адамдар неге осы бір аса күшті құрал-әдісті қолданатынының себебім түсіндіріп көрейін.Мен өз басым алғашында медитация деген не деген сұрақтың жауабын көп іздедім,бірақ түсіне алмай жүрдім.Егер интернеттен медитация деген сөздің мағанасын іздесеңіз алуан түрлі медитациялық әдістерді табасыз бірақта барлығының нәтижесі бірдей.Медитация жасайтын адамдардың басқалардан ерекшелігі,олардың бір нәрсеге жете қадалып назар сала алатындығымен анықталады. Ондай адамдар сабырлы,өздерін бақытты сезінетін түсініктері өте мол жандар,олар өздерінің не қалайтындығын біледі,өздерін және өз іс әрекеттерін,ойлары мен сезімін жақсы түсінеді. Медитация жасайтын адамдар үйлесімділікте өмір сүру және жекетұлғалық даму биіктігімен көзге түседі. Сонда бұл медитацияның құпиясы неде? Қайсыбір медитацияның нәтижесі мидың тепетеңдікте қызмет етуімен,анығырақ айтқанда мидың сол жақ және оң жақ екі жартысының тең дәрежеде жұмыстауымен оның құпиясы сақталады. Қарапайым адамның миының тепетеңдігі сақтала бермейді,оны тепетеңдігі жоғалған автокөліктің дөңгелегімен салыстырып түсінуге болады,сондай дөңгелегі бар көлік жан жаққа теңселіп кейде екі жағына алып қашыпта жүреді.Мидың бұлай ету себебі оның оң жақ және сол жақ жартылары өз ара қатынаспай жеке дара «өмір сүруінде» болып табылады.Мидың оң және сол жақ жартысы өз ара байланыссыз жұмыстаған кезде адам өзін сыртқы әлемнен шектетілгендей,күйзелісте, үрей қорқынышта жападан жалғыз қалғандай күйде сезінеді. Қандай тәсілмен болмасын сіз медитация жасағанда миыңыздың оң және сол жақ жартысы өз ара үйлесіп жұмыстай бастайды,медитацияны көп жасаған сайын адам күллі әлемнің құрылымы туралы біліп адамдар арасындағы,өмірде болып жатқан оқиғалар арасындағы байланысты көреді, оның түсінігі тереңдей береді.  Күніне бір сағаттан медитация жасай бастаған кезден мен өмірімдегі өзгерістерді тез байқадым,қандайда бір ауыр күйзелісті жағдайларда мен сабырлы болып,алдыма қойған мақсатым басымда үнемі айқын көрініп,бір нәрсеге қадала назар салу қабылетім күшейді. Бұрындары мен кітап оқыған кезде бір сөйлемге шатасып ойым сан жаққа кетіп сол сөйлемді қайта қайта оқыйтын болсам енді ондай жағдайлар ешқашан болмайды. Сонымен,медитация жасау сіздің өміріңіз үйлесімділікте болып қанағатты бақытты өмір сүріп,күйзелістен құтылып,назарыңыз жинақталып,түсігіңіз молайатын тегін,қол жетімді оңай ең жақсы әдіс екенін түсініңіз!!!

Шындықты айту қиын Жекетұлғалық даму ғылымы адамның өмірінің Денсаулық,Қарым қатынас,Кәсіби және Рухани өсу деген 4 саласын қамтып дамып келеді осының ішінде басқаларына тікелей әсер ететін бір саласы адамдар арасындағы қарым қатынас екенін көп адамдар түсіне бермейді. Адамдармен ренжісіп өшесіп, содан кек сақтап сол кегіңді алу үшін оларды жамандап, қарсы әрекет істеп жүруің денсаулығыңа зиян, сол мінезің мен істеген әрекетің өз жақындарыңада жақпай олармен ренжісуің қарым қатынасыңның бұзылуына әкеледі, ұрсысқақ мінезің мен кек сақтағыш әрекетің қызметтес адамдарға, басшыларға жақпай нәпақа тауып жүрген кәсібіңнен айырады.Ал ондай жаман әдет мінезі бар адам рухани дамуға емес құлдырауға түсетіні айтпасада түсінікті. Шындықты айту адамның өмірінің қарым қатынас саласына ең алдымен кесірін тигізеді,себебі біздің заманауи қоғамда адамдар өздерін аса білімді,ақылдымыз деп ойлап өздерінде кемшіліктер бар екенін мойындағысы келмейді.Сондықтанда шындықты айту,шындықты есту өте қиын,егер сіз кез келген адамға,әйеліңізге немесе күйеуіңізге, балаңызға,жақын алыс туысыңызға, әріптесіңізге тіптен досыңызға да оның бір кемшілігі туралы айтсаңыз үлкен қарсылыққа тап боласыз.Кейбіреуі сізбен ұрсысып «Менің басымдағы шоқты көргенше өз к....дегі боқты көрсеңші, мені сынайтын сен кім едің»деп айқайлап сен туралы не ойлайтынын,тіптен қосыпта айтып салады.Сосын сізде қарап қалмайсыз оның істегендерін,кемшіліктерін тізбектеп айтумен арты үлкен жанжалға ұласады,кейбіреуі жағаңызды жыртып жұдырықта жұмсайды. Егер жасы үлкен,лауазымы жоғары біреулер өздерінен жасы кіші лауазымы төмендерге кемшіліктерін айтса олар сол жерде мойындағансып үндемей құтылып,соңынан басқаларға олардың кемістіктерін тізбекпен өсектеп кегін алып жатады.Осындай көріністер біздің арамызда кең тарағаны өкінішті.Біздің ислам дініміз сабырлы болуды үгіттейді, пайғамбарлар, дана данышпан адамдар өзің туралы шындықты сабырлылықпен қабылдап алып ,ойланып,зерделеп айтылғандарға дұрыс қортынды жасап жақсысын алып жаманын тастауды үйретеді. Адамның қарым қатынасы оңай бұзылатын нәзік нәрсе,қазақта «Ер жігіттің көңілі бір атым насыбайдан қалады» деген нақыл сөз бар.Сізде бізде қасымыздағы адамдарды алдаумен келеміз,олардың кемістігін білсеңде айтпайсың өтірік көлгірсіп мақтап жүре бересің, оларда саған шындықты айтпайды. «Досың жылатып айтады дұшпаның күлдіріп айтады»деген халқымыздың нақыл сөзі ескірген тәрізді. Өзің туралы білгің келіп басқалардан сұрасаң шындығын айтпайды,ренжитініңді біледі, қайтседе білейін деп олармен ерегессең олар саған ренжиді,сондықтанда бір амалын тауып басқалардың өсегінен болсын өз қателік кемістігіңді білу өте қажетті.Мысалы мынандай бір жақсы әдіс бар, белгілі топтың ішінде өзіңізді асыра мақтаңыз сосын жақсы «тыңшыңыз» арқылы олардың өсегінен өзіңіз туралы біліп аласыз. Сосын өз қателік кемістіктеріңізді түзету жолына көшуге болады.

1 ай уақыт туралы бір ой Латанский өзінің бір сағаттық видео сабағын жаман әдеттерді өзгерту мәселесіне арнағанын бірде көрген едім.Жалпы әлемдік жекетұлғалық даму саласындағы оқулық,әдістемелік кітаптарда адам өзін «3 апта-21 күннің ішінде» өзгерте алады деген түсінік жазылып осы түсінік адамдар арасында кең тараған екен.Мұның себебі мынада; ХХ ғасырдың 50-60ншы жылдары ғарышқа ұшатын адамдарды дайындау жаттығулар кезінде болашақ ғарышкер өзінің әр бір әдетін ең азы 21 күнде өзгерткен,бұл әрине сол кездегі рекордтық көрсеткіш болды,сосын адамдарды ынталандырып сендіру мақсатында осы көрсеткішті ұстаздар,нұсқаушылар жиі айта бастаған.Әрине,ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан адам арнайы жасақталған жерде тек соған бейімделеді,оның басқа «уайымы» жоқ, ал қарапайым адамдар күнделікті күйбің тіршілікте олардай көп уақытын бөле алмайды,ықпал ететін қоршаған ортасы бар дегендей,21 күнде күрт өзгере алмайды. Латанскийдің «Өміріңді 90 күнде жақсылыққа өзгерт» деген сабағы бар,оған қатысқандар З ай ішінде жақсы нәтижеге жеткендерін айтады. Темекі шегу,арақ ішу сияқты жаман әдеттерді бір күнде қойып кетуге болады,мұны көп адамдар біледі,менде 11 жыл бұрын солай істегенмін.Салауатты өмір салтын ұстау,дұрыс тамақтану сияқты әдеттерді бір күнде жойып меңгеру бір күндік мәселе емес,әрине! Мен псариоз деген тері ауырумен 4 жыл бойы күресіп көп қаражат жұмсап ауырханаға жатып,медицина «жетістіктерін» қолданып,қытайлық шөп дәрілерді үздіксіз ішсемде оны жеңе алмай қиналдым.Осыдан бір жыл бұрын Жанерке Ташкен деген фейсбүүк досымның парақшасынан « 4 стақан сумен емделу» деген жапондық қарапайым тәсіл барын біліп,сол тәсілді 6 ай бойы қолданып,қой етін жеу,майды майға қосып асау,ащы қышқыл қоспаларды жақсы көру деген сияқты көптеген әдеттеріммен қоштасу арқылы күнде таңертең оразамды қайнатылған 4 стақан /0,8-1,0 литр/сумен ашу- жаңа әдетпен сол ауырудың кетуіне жол ашып одан құлан таза айықтым.Осыған байланысты аптасына бір рет 24 сағат ашығу деген ағзаға өте пайдалы жаңа әдетті де меңгердім,нәтижесінде ішкі органдарым қызметтері артты,қысқасы бір жыл ішінде салауатты өмір салтын ұстау,дұрыс тамақтану бағытында 4 жаңа әдет қалыптастырдым! Бұл «қалай мінсіз денсаулықты боламын» деген менің дұрыс қойған сұрағым әлемде шарықтап жүре біреулерге пайдасы тиер деген басқа адамдардың ақпаратты ойымен резонансқа түсіп фейсбүүк арқылы маған жеткен сұрағымның жауабы болар деп түсінемін. Латанскийдің жағымды жақсы кеңестерін қолданып өздеріңізге пайдалы ақпараттар жинап жаман әдеттеріңізді жойып жақсы әдеттерге ие болып табысқа жете беріңіздер,достар!!!

2.ӘДЕТТЕРДІ ӨЗГЕРТУ Жаңа әдеттерге көшу жолындағы құрылған бірінші тор деп мен табысқа бір күнде ақ бұзып жарып жетуге болады деген дақпырт түсінікті айтар едім.Көптеген адамдар әдеттерді өзгертуге үш апта уақыт жеткілікті деп есептейді. Расында солай ма? Сіз бір кездері «Қой,енді жетер,ертең таңертең 6 сағатта атып тұрып,жүгіріп,бассейнге немесе салқын душке түсіп,дұрыс тамақтануды бастаймын» деген сияқты бастамалар жасаған боларсыз, мүмкін есіңізге түскен болар,сосын бірнеше аптадан соң баяғы жартас сол жартасқа қайта оралдыңыз! Жаңа өмір бастауға үш апта жеткіліксіз болды. Жаңа әдеттерге көшуге басты бөгет жасаушы ол сіздің миыңыз,ол жайлылықты талап етеді,мидың басты міндеті сіздің қауіпсіздігіңізді қанымдау,сондықтанда сіздің өміріңіз кешегі,алдыңғы күнгідей,өткен апта,ай,жылдағыдай үйреншікті әдетпен жалғаса берсе еш қауіпсіз екенін біледі.Ал сіз аяқасты өзгеріс жасағыңыз келіп әрекет етуіңіз

оған «жаңа қауіп төнді» деген дабыл қағылғанмен тең, сондықтан ол күрделі қарсылық көрсетіп бөгет жасайды. Жаңа әдеттер қалыптастыру үшін ең азы үш ай уақыт қажет екенін,сонымен қатар адамдар бұрынғы ескі әдеттеріне қайта келу үрдісі үш аптадан үш ай ай ішінде болатынын ғалымдар зерттеп дәлелдеген.Міне сондықтанда жаңа әдетке көшуге 21 күн еш жеткіліксіз,тек ақылға салып шыдамдылық танытып кем дегенде 3 ай уақыт әрекет етсеңіз жаңа әдеттерді қалыптастырып,өмірдің жаңа сапалы сатысына шыға алуға мүмкіндігіңіз бар.Арылғыңыз келетін ескі әдеттер мен алғыңыз келетін жаңа әдеттердің тізімін жасаңыз,мен сізге мынадай ақыл кеңес бере аламын; Жылына ең күрделі деген 4 жаңа әдетті меңгеріп қалыптастырыңыз,үш айда біреуін,жаңа әдеттеріңізді қағазға жазып көрінетін жерлерге іліп,күнделікті елестетіп қиялдап жүріңіз,сіз сияқты өзгергісі келетін қызметтес адам болса тіптен жақсы сонымен бірігіңіз,бір бірлеріңіздің ілгерлеулерін бақылайсыздар. Жылына меңгеретін 4 маңызды жаңа әдеттер өміріңізді күрделі жақсы бағытқа өзгерте алады, тек сіз осы бағытқа 100 пайыз назар салып әрекет етуіңіз қажет!Сондықтанда жаңа әдеттер меңгеру бағытында қандай қадам жасауыңызды анықтап айқындаңыз,түсініксіз бұлыңғыр қадам жасамаңыз! Анық шешім қабылдаңыз,өзіңізге уәде беріңіз,сосын өміріңіз жаңа бағытта қандай сапада қалай өзгеріп жатқанын бақылаңыз! ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Сіз алдымен әдеттерді қалыптастырасыз сосын әдеттер сізді қалыптастырады!!!

Табыстың формуласына қосар ойларым 2.Кәсіпкерлік

Ақша қаражат табу үшін дүние жүзінде барлық адамдар біреулерге жалданып қызмет ету,жеке өз бетімен кәсіп ету,компания ашып адамдар жалдап қызмет көрсету немесе тауар өндіру,ақша қаражатына құнды қағаз сатып алу немесе инвестицилық пайларға салып өсімін алу сияқты негізгі төрт жолмен еңбек етеді. Сіз жоғары біліміңіз бар бір мекемеде жұмыс істейсіз бірақ айлық табысыңыз аз болғандықтан кәсіпкерлікпен шұғылданбаққа бел будыңызделік,мысалы сұлулық салонын ашу. Мемлекеттік бағдарламаға қатысып қайта дайарлау курсін оқыдыңыз, шаштараз мамандығын алып,бір салонға жұмысқа кірдіңіз, тәжірибе жинай жүре біліміңізді жоғарлаттыңыз,бұған әрине институтта алған біліміңіз әсер етіп интернеттен еліңіздегі,шет елдердегі жетістіктерді білдіңіз. Сосын ауылда шағын салон ашып мектептің балаларынан бастап мұғалімдер,ауыл тұрғындарының шашын қиып ,сәндеп табыс таба бастадыңыз.Осы кезде ауыл тұрғындарының сандары аз,талғамы қарапайым екенін түсініп аудан орталығына көштіңіз де жиынға,тойға баратын адамдарды талғамдарына сай,соңғы модымен,немесе өз ойлап тапқан «супер» модымен сәндеп мол табысқа кенеле бастадыңыз.Басқа бәсекелес салондарға сай адамдар жалдап ерлер мен әйелдер деп екі бөліп үлкейтіңіз.Біраздан соң бұл қалашықтың адамдарының талғамы төмендеу екенін сезіп облыс орталығына көштіңіз ол жерде үлкен табысқа жеттіңіз,халық аралық конкурстерге қатысып жүлделі орын иеленіп облыстың мақтанышы болдыңыз. Бұлай табысқа жетуіңізге не әсер етті? Әрине,біріншіден алған біліміңіз,жинаған тәжірибеңіз екішіден ауыл,аудан адамдарының саны мен талғамы туралы ойларыңыз немесе ойлау дәрежеңіздің өсуі,үшіншіден ауылдан аудан орталығының үлкендігі ал облыс орталығының олардан да үлкендігі,көп адамның талғамы әртүрлі және көп болуына сай сіздің біліктілігіңдің өсіу немесе қоршаған ортаның әсері!

Тартылыс заңына қосар ойым Біздің қазақта кімді айтсаң сол келеді деп жатады,ал расында айтып жатқан адамың келе қалса таң қалмаймыз,оған етіміз үйреніп кеткен.Табиғат заңында әрбір нәрсе өзіне ұқсас нәрсені тартып тұратыны белгілі,сол сияқты қоғамда жаман ойлы қылмескер адамдардар қылмыскер адамды,маскүнем адамдар маскүнем адамды өзіне тартып тұрады,оны жақсы білеміз ,осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады.Шығыс дүние танымында мынадай бір түсінік бар; Жаман арам ойлы адамдардан жағымсыз энергия ,ал жақсы ойлы ақ көңіл адамдардан жағымды энергия шығып тұрады,жағымсыз энергиямен «қоректенетін» тылсым әлемнің қара періштелері біздің қазақша айтқанда жын перілері сол «жаман» адамдардың қасында ал жағымды энергиямен «қоректенетін» ақ періштелер «жақсы» адамдардың қасында болады. Адамның ашулану,кектену,өш алу,ызаланып боқтық сөздер айту кезінде олардан жағымсыз «ауыр» энергия тарайды сондықтанда көп «тамақ» табу үшін жын перілер «жаман» адамдарды бір бірімен жиі жолықтырып оларды төбестіріп,ұрсыстырып тұрады, әрине екі қарға таласса үшіншісіне жем түсетінін олар жақсы біледі! Адамның жақсы көңіл күйі,қуанышы,мейірімі,сүйіспеншілігінен жағымды «жеңіл»энергия тарайды, олардан айырылып «аш» қалмас үшін ақ періштелер жақсы адамды жақсы адаммен жолықтырады.Мысалы,  Маскүнем адамда ақша жоқ бола тұра іздеп жүріп өзіне ұқсас бір маскүнемді міндетті түрде тауып алады,сонымен бірге арақ ішеді,ақшаны табуға ұрлау,тонау сияқты әртүрлі амалдарға барады,сонда әлгі жын перілер бұларды қолдап ақша «тауып» беріп олардың өз ара және басқалармен болатын төбелес боқтығынан және оларды жек көрген,боқтап ұрысқан басқа адамдардың жағымсыз энергиясымен «қоректенеді». Жаны жайсаң ақ көңіл,әңгімесі жақсы адамдарға басқалар келгіш келеді,ол адаммен әңгімелесіп оны тыңдап отыра береді,сұрақтарына алған жауабына риза болады,сол жерден тамаша көңіл күймен шығады,қайта келгісі келіп тұрады ал сол жерде ақ періштелер олардың ризашылығы мен қуанышың энергиясымен «қоректеніп» тағыда бір жақсы адамды тауып келуге тырысады. Мына Латанский айтып тұрғандай егер біз жаман нәрсені көп ойласақ,жамандық жасауды жоспарласақ бізге міндетті түрде сондай ойлы,жоспарлы адамдар жолығады,ал керісінше жақсы нәрселерді ойлап,жақсыны білгіміз келсе әрине жақсы адамдар жолығады,демек біз «нені ексек соны орамыз». Сондықтанда жақындарымызға кешірімді болып,өтіп кеткен жаман нәрселерді ұмытып,оларды жақсы көріп , жиі қуантуға тырыссақ бізде айналмызға жағымды энергия-мейірімділік шуағын шашарымыз қах!

Бір қадам жасау туралы Біраз жыл бұрын шағын кәсіпкерлікпен айналасуға келісіп бірнеше бауырларыммен бірге серіктестік ашқан едік,негізгі мақсатымыз ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу; мал бордақылау, жаңа технологиямен бақша өнімдерін өсіру болды.Әр түрлі себебтермен серіктестірім жарғылық үлестерін қоспай мен жалғыз қалып жобамыз іске аспады. Сосын бұрыннан сақталып жүрген «Ұлттық нышандағы сувинерлер жасау» деген бір идея бар еді соны жүзеге асырмаққа бел будым. Жаңадан университет бітірген ұлымды ертіп қытайға,Үрімжі қаласына барып кесіп тесетін, жонатын шағын аспаптар,бізбен тігетін кесте машинасы оның түрлі түсті жібтері сияқты заттарды алып келдік.Сосын «Қазақ киіз үйі» деген жоба жасап жоспар құрдықта өз ауылымызда істі бастап, шеңберінің диаметрі 30 см биіктігі 18 см жиналмалы киіз үй суверирін жасадық, тауарларымызды Алматы қаласына ұлттық сувенир сататын дүкендерге «сатылған соң ақшасын алатын» шартпен таратып қойдық.Бұл біздің алғашқы қадамымыз болды! Сосын нарықты зерттей бастадық,дүкендегі заттарды көріп, сатушылардан сұрастырып киіз үй сувенирінің әр түрін жасадық,бұл біздің екінші қадамыз еді! Джек Кемфилд айтқандай «...қараңғыда жарық жағып келесі бірнеше жүз метр жерді көрдік..». Көре көре көсем боласың демекші көзіміз ашылып көрмелерге қатыстық,Астана қаласына барып ондағы көрмелерді көрдік сосын кестелі сөңкелер,ұялы телефон қабы,қабырға «түс киізі» сияқты жаңа тауарлар шығардық,әрине бұл басын бастасаң қалғанын жол өзі көрсетеді дегенге сай еді. Алматыда өтетін азиада қысқы ойындарына шет елден аз дегенде 10000 турист келеді деген биліктің жарнамасына сеніп азиаданың белгілері салынған көп түрлі тауар дайындадық,өкінішке орай азиада кезінде Алматыға 100 дей ғана шет ел туристері келді сосын бұл тауардан күйіп банкрот болдық. Ұлттық нышанда сувенир жасайтын көптеген шағын кәсіпкерлердің де оңбай күйгендерін көрдік, амал жоқ тәуекелге бармаса болмайды,бұл нарық заңы! Бұдан шыққан қорытынды; Ұлттық нышандағы сувенир нарығы толық зерттемелмеді Азиада қысқы ойыны сияқты оқиғалардың логотив белгілерін сувенирге салмау керек Қытай,Қырғызстан сияқты елдерден келетін құны арзан сувенирлермен бәсекелесу қиын Осылайша бір теректі ары шауып бері шауып құлата алмасақта сағымыз сынған жоқ келесі теректі шабуға аттандық.Өмірде бәріде болады,егер сіз біздікіндей жағдайда болған болсаңыз қамықпаңыз, қайта бастауға дайын болыңыз,сізге де бірнеше мүмкіндік туады!

Деніңіз сау болсын! 4 кесе сумен емделу әдісі Жапон елінде түбегейлі қолданысқа айналған таңертең тұра салысымен «Төрт кесе су ішу» ғажайып емделу әдісі арқылы ескілікті ауырулар тұрмақ соңғы кезде жаңадан пайда болған ауырулардан да 100% сауығуға болатынын ғылими негізінде көптеген тәжірибелермен дәлелдепті.Осы әдіспен бас ауыруы,жүрек тамырлар сырқаты, жүректің тез соғуы,семіру,бронхит,демікпе,құрт ауыруы,менингит,несеп жодары мен бүйрек қабынуы,жатыр қабынуы,етек кір өзгерістері,әртүрлі ісік ауырулары нәтижелі емделінген екен.Сондықтан да сіздер; 1.Таңертең төсектен тұра сала сүзіліп тазартылған /немесе қайнатылған/ 4 кесе су ішіңіз 2.Сосын ауыз қуысы мен тістеріңізді тазалап 45 минуттің ішінде ештеңе ішіп жемеңіз 3.45 минуттен соң таңғы асыңызды қабылдаңыз 4.Таңғы астан кейін екі сағат ішінде ештеңе ішіп жемеңіз 5.Қарт адамдармен басқадай себепті адамдар бір екі кеседен бастап ішіп төртке жеткізсе болады 6.Күнде таңертең белгілі уақытта осы тәртіппен тұрақты Төрт кесе су ішіп тұрсаңыз ауыруыңыздан сауығып «Бірінші» байлыққа ие боласыз.Мен осы әдіс арқылы тері ауыруынан төрт ай ішінде толық сауықтым,нәтижесі өте керемет жәнеде су ішер алдында Жаратушыға сиынып сосын қолдандым. Уақыт тәртібі 1.Егер қан қысымңыз көп болса 30 күн 2.Асқазан ауыруына бір ай ішінде 10 күн 3.Су самыр /диабет/ ауыруына 3 күн 4.Қи қататын болса 10 күн 5.Ісікке 180 күн 6.Құрт ауыруына 90 күн 7.Тері ауырына /псориаз сияқты/ 120 күн 8.Буын ауыруына бастапқы аптада 3 күн келесі аптадан тұрақты қолданып сауыққанша Таза су адам ағзасындағы тамақты бөлшектеп артық қалдықтарды айдап шығып,ішек қарынды тазалайды жәнеде ешбір кері әсері жоқ,тек әжетханаға көп «жүгіресіз».Тамақ ішкен соң салқын су ішуге болмайды,себебі таза су тамақтың ағзаға сіңуін баяулатып ағзаға қажетті заттарды ғана жіберіп майлар асқазанның қабырғасына жинақталып асқазанды қабындырады.Сондықтан да тамақтан соң ыстық сорпа немесе шәй ішкен жөн. Несі бар,бұл әдісті қолданып көріңіз,денсаулық тілеймін!

Деніңіз сау болсын! 4 кесе сумен емделу әдісі Жапон елінде түбегейлі қолданысқа айналған таңертең тұра салысымен «Төрт кесе су ішу» ғажайып емделу әдісі арқылы ескілікті ауырулар тұрмақ соңғы кезде жаңадан пайда болған ауырулардан да 100% сауығуға болатынын ғылими негізінде көптеген тәжірибелермен дәлелдепті.Осы әдіспен бас ауыруы,жүрек тамырлар сырқаты, жүректің тез соғуы,семіру,бронхит,демікпе,құрт ауыруы,менингит,несеп жодары мен бүйрек қабынуы,жатыр қабынуы,етек кір өзгерістері,әртүрлі ісік ауырулары нәтижелі емделінген екен.Сондықтан да сіздер; 1.Таңертең төсектен тұра сала сүзіліп тазартылған /немесе қайнатылған/ 4 кесе су ішіңіз 2.Сосын ауыз қуысы мен тістеріңізді тазалап 45 минуттің ішінде ештеңе ішіп жемеңіз 3.45 минуттен соң таңғы асыңызды қабылдаңыз 4.Таңғы астан кейін екі сағат ішінде ештеңе ішіп жемеңіз 5.Қарт адамдармен басқадай себепті адамдар бір екі кеседен бастап ішіп төртке жеткізсе болады 6.Күнде таңертең белгілі уақытта осы тәртіппен тұрақты Төрт кесе су ішіп тұрсаңыз ауыруыңыздан сауығып «Бірінші» байлыққа ие боласыз.Мен осы әдіс арқылы тері ауыруынан төрт ай ішінде толық сауықтым,нәтижесі өте керемет жәнеде су ішер алдында Жаратушыға сиынып сосын қолдандым. Уақыт тәртібі 1.Егер қан қысымңыз көп болса 30 күн 2.Асқазан ауыруына бір ай ішінде 10 күн 3.Су самыр /диабет/ ауыруына 3 күн 4.Қи қататын болса 10 күн 5.Ісікке 180 күн 6.Құрт ауыруына 90 күн 7.Тері ауырына /псориаз сияқты/ 120 күн 8.Буын ауыруына бастапқы аптада 3 күн келесі аптадан тұрақты қолданып сауыққанша Таза су адам ағзасындағы тамақты бөлшектеп артық қалдықтарды айдап шығып,ішек қарынды тазалайды жәнеде ешбір кері әсері жоқ,тек әжетханаға көп «жүгіресіз».Тамақ ішкен соң салқын су ішуге болмайды,себебі таза су тамақтың ағзаға сіңуін баяулатып ағзаға қажетті заттарды ғана жіберіп майлар асқазанның қабырғасына жинақталып асқазанды қабындырады.Сондықтан да тамақтан соң ыстық сорпа немесе шәй ішкен жөн. Несі бар,бұл әдісті қолданып көріңіз,денсаулық тілеймін!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]