- •2.Әрекет етсең-ұтыласың:
- •3.Болжам
- •7.Сәтсіздік қорқынышы
- •43.Айқындық заңы
- •9.Ойлау деңгейі
- •42.Кері байланыс
- •10.Қоршаған орта
- •11.Табыс командасы
- •39.Сәтсіздікке апаратын з сөз
- •38.Күн тәртібін жоспарлау
- •15.Байлық жасау формуласы
- •36.Әрекет ету
- •18.Мен дұрыс жолдамын ба?
- •19.Тартылыс заңы
- •31.Елестен өткізу
- •21.Сұрақтар торы
- •29.Қалыптасқан пікір
- •22.Өз бейнең
- •28.Оптимизм себебтері
- •Өмірден алынған бір мысал
- •Команда туралы бір тарих
- •Өмірден алынған бір мысал
- •Николай Латанский «Табысқа жетудің 50 құпиясы» сіз кім боласыз
Өмірден алынған бір мысал
Николай Латанскийдің «Табысқа жету 50 құпиясының» үшінші тәсілінде «Болашақ мақсатыңыз туралы басқаларға айтып жүрсеңіз сізге көмектесетін адам міндетті түрде кездеседі» деген сөзінен есіме түскен өз басымда болған оқиғаны баяндап берейін; Тоқсаныншы жылдары Қобда аймағының «Мұнай өнімдерімен қамту» мекемесінде тұрмыстық газбен қамту менеджері болып қызметте жүрген кезімде баллондағы газды Қытайдың Қарамай қаласындағы Мұнай өңдеу зауытынан алып келетінбіз. Экспортқа шығару құжаттарын Тайкешкен сауда портында Курәш деген уйғыр жігіті рәсімдейтін,сол жігіт бір жолы «Бізден негеқұрылыстың битумын алып еліңе сатып жеке кәсіпкерлікпен айналыспайсың» деген еді,бірақ битумнің нарығы өте кішкентай құрылыс тоқырап тұрған кез болатын,ал менің ойымда жеңіл мұнай өнімдерін яғни бензин,дизель отынын сатумен шұғылдану бар болатын.Бірақта мұнай өнімдерінің бағасын мемлекеттен бекітіп қатаң бақылайтын болғандықтан жекеге шығу пайдасыз болды. Бағымызға орай сол жылдың күзінде жаңа құрылған Өкімет мұнай өнімдерінің бағасын босатты,менің арманым жүзеге асуға жол ашылды,сосын әлгі Курәштен маған бензин шығарып беруін өтіндім,ол да Үрімжідегі біреулермен сөйлесіп келеісім берді.Мен өте аз уақыт ішінде партиялас екі жолдасыммен бірігіп «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік» ашып, аздап ақша тауып шекераға жақын Бұлғын ауылында 100 тонналық шағын қойма/резервуар ыдыстардан/ аштым,ал қалған ақшамыз 30 тн бензинге жетпек.Келесі айда /шекара айына бір рет онбес күнге ашылатын/ ақшамды алып барсам Курәштің жеке кәсіпкерге бензин шығармақшы болғанын бастығы біліп жолын жапқан екен ісіміз жүзеге аспады. Мен ай сайын Тайкешкенге барып қытайдың көптеген кәсіпкерілернен бензин сатуларын өтініп визиткамды тастап жүрдім,сол кезде мұнай өнімдерін тек лицензиясы бар заңды тұлғалар экспорттауға құқылы болатын.Тайкешкен порты қыстың үш айында жабылып қалатын,ақпан айының бір күні қытайдан бір бір адам телефон соғып/үй телефонына,ол кезде сотка болмады/ мені мен орыс тілінде сөйлесті,бензин эспорттай алатынын айтты,ең төменгі көлемі 100 тн деген шарт қойды.Менің бензин сатумен айналыспақшы болған хиқаяма аудандық кәсіпкерлер де қанық болатын/кейбіреулері жолы болмады деп келеке етіп жүрді/,менің ақша қаражаты бар серіктес іздеп жүргенімді де білетін еді,кешікпей ақшалы адамдармен бірлесіп сәуір айынан алғашқы жекеменшік бензинді кіргізіп келіп сата бастадық. Енді осы оқиғаны ойласам Латанскийдің бір құпиясына сай келіп тұр,иә достар бұл өміршең құпия,қолданып көріңдер,нәтижесін береді!!!
Команда туралы бір тарих
Социалист дәуір құлай бастап, жекеменшік ұжымдар көптеп ашылып,жеке сауда дамый бастаған 1989 жылдың соңында менің басымнан жеке кәсіпкерлікпен айналысу туралы ой шықпай жүрді. Малдың терісін терең өңдеу мен шыны өндіру деген екі бағытты таңдау үшін көптеген ақпарат жинап таныстарымнан ақыл кеңес сұрай жүріп ақыры өзімнің әріптесім А.Қуантқан деген жігіттің мені сендірумен тері өңдеу саласын таңдадым.Сонымен мекеменің бас инженері деген лауызымды қызметтен өз еркіммен кетіп,облыстық «Жеке секторды дамытуға көмек» атты комиссия мүшелеріне өз жоспарымды таныстырып банкіден қомақты сомада кредит алуға рұқсат алдым. Жедел түрде серіктестік ашып банкден/мемлекеттік орталық бір ғана банк болды/ сол кездің өлшемімен өте үлкен кредит алдым,қолымда мөрім,шотымда ақшам бар «капиталист» болып шыға келдім.Бірақ жалғызбын,неден бастарымды білмедім.Сосын қызметтес әріптесім инженер-механикші А.Қуантқан,бала кезден досым бухгалтер М.Тоқтамурат екеуіне жоспарымды таныстырып,оларды сендіріп, бай боламыз деп «азғырып» жүріп өзіме қосып алдым. Осылайша алғашқы команда құрылды,шыбаданға ақшаны толтырып алып /қолма қол ақшаны банкіден алу қиынға соғатын/ Ұланбатыр қаласына тарттық. «Монғолия тері өнімдерінің бірлестігі» атты мекеменің аға технологы мемлекет сыйлығының иегері жерлесіміз Қ.Солтан ағадан көптеген кеңестер алып сол кісінің әріптесі инженер механикші Б.Мәсәттән ағамен таныстық,жоспарымызды түсіндірдік. Осы бес адамнан құралған команда әрбіріміздің класстас,курстес,қызметтес таныстарымызбен тығыз байланыста болып ақылдасып,кеңесіп «ақшамен» ұрып жүріп айналасы 6 айдың ішінде Қобда қаласында алғашқы жекеменшік шағын өндірісін аштық.Арада екі ай өткенде облыстық көрмеге «Қойдың терісін Чехиялық «Наппа» технологиясымен өңдеп өндірген қырымнан тігілген бұйымдар» деген бір павилонға әйел және еркетің күртешелері,плащтарын дізіп қойғанымызға сол кездің басшылары,кәсіпкерлер, қарапайым халық таң қалған еді. Міне,жалғыз адам үлкен табысқа жете алмайды,ал команда күшті болса табысқа дереу жетуге болады дегеннің шынайы бір мысалының тарихы осылай жалғаса берді...!!!
