Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.87 Кб
Скачать

28.Оптимизм себебтері

Табысты,зор денсаулықты,мол бақытты болу үшін адамдар жағымды жақсы ойлар ойлап үнемі оптимист ( оптимист,оптимизм деген сөздердің қазақша бірыңғай аудармасы жоқ тек Дүниеге сеніммен қараушы, өміршең адам деген мағананы білдіретінін білсеңіз болды Б.Т.) болып өмірге сеніммен қарауы қажет екені ешкімге құпия емес,оны бәріде біледі.Бірақта біздің көретін,еститін жаңалықтарымыздың көбісі жағымсыз жаман ақпараттар, қызметтес әріптесің көңіл күйіңді бұзады,тіптен үйдегілер мен туыстарыңда сізге уытты әсер етеді. Осындай жағдайларда қалайша жағымды жақсы көңіл күйде болып оптимист болу себебін қайдан табамыз? Егер сіз бақытты өмір сүргіңіз келсе міндетті түрде жағымсыз жаман сезім толғанысынан құтылып жағымды жақсы позитивті қайнар көзін табу туралы өзіңізден тапсырма алып оны орындауыңыз шарт! Табыстылық ғылымында «семіз толғанысының тазалығы» деген бір ұғым бар,бұл ұғым үрейден,қорқыныштан,амалсыздық пен жалғыздықтан,қызғаныш пен басқаларды айыптау сияқты жағымсыз уытты сезім толғанысынан тазарып олардың орнын сүйіспеншілік,мейірімділік,қуаныш пен ризашылық,өміршеңдік сияқты жарқын сезімдермен толықтыру дегенді білдіреді. Жағымсыз сезім толғанысының тұтқынан құтылудың бірінші қадамы жазушы Дэви Фордтың айтуынша «сіздің уытты сезім толғаныстарыңыздың қайсысы сізге өзіңізді толық бақытты сезініп өмір сүруіңізге бөгет жасап тұрғанын түсінуіңізде» екен.Сосын ары қарай,бұл сезім толғанысының қайдан шығып тұрғанынын,сіздің өміріңізге қандай ықпал көрсетіп тұрғанын жете түсініңіз. Көп кешікпей сізге күш қуат кіріп,сенімділік пен құлшыныс сезімі қайта тола бастағанын байқайсыз. Жағымсыз сезім толғанысын елемей қоюға болмайды,оларды жете түсіну қажет,сонда ғана сіз олардан толық құтыла аласыз.Сонымен қатар сіздің көңіл күйіңіздің бұзылуы сіздің сәл бұрынырақ жаман нәрселер ойлағаныздан,мысалы, болашақ оқиғаның жаман жақтары, жалғасып жатқан ұрыс керіс,жанжалдар туралы,жақында болған ұтылыстар сияқты ойлар. Сондықтанда осындай ойлар ойлай бастағаныңызды сезе салысымен мұндай қиратушы жағымсыз ойларды қандай жақсы жағымды ойлармен ауыстыруға болатын жолдарын қарастырыңыз!  Дағдарыс басталған бір кездері менде басқалармен бірге жаңалықтарды жібермей мұқият көре бастадым.Екі аптадан соң байқағаным,әрбір жағымсыз ақпаратты алған сайын көңіл күйім бұзылады екен.Сосын мен телевизормен қоштасып орнына өзімді ынталандыратын ақпараттар іздеп жаңа күш қуат алуды қайтадан бастадым. Сіз өз сезім толғанысыңызды бақылап отырсаңыз, жақсы жағымды позитивті көңіл күйде болғаныңызда сіз оптимизм нұрын шашып тұратыныңызды түсінесіз,ал сол нұр өз кезегінде сіз сияқты көңіл күйдегі жақсы адамды іздеп жүрген оптимист табысты,бақытты адамды сізге шақырып тұрады.  ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Табыс әр қашанда позитивті жақсы ой ойлап өзінен оптимизм нұрын шәшіп тұратын адамдарға келуге асығып тұрады!!!

27.ҚҰТЫЛУ Мен сіздердің тіршілік күш қуаттарыңызды нелер құртып азайтып жататыны туралы айтайын. Адамдар өздерінің арман мақсаттарына жетеміз деген жігер,күш қуаттары уақыт өте келе күннен күнге азая беретініне шағымданып жүреді.Бұл проблема өз санаңнан тыс, әдейі емес көп нәрселерді өзіңе жинауды қалайтыныңыздан туындайды,сіз қаншалықты көп қажетті қажетсіз нәрселерді жинасаңыз олар соншалықты көп күш қуатыңызды құртады. Мұны судағы қайықпен салыстырып түсінуге болады,қайықтың түбіне улу қабыршықтары жабысып, жыл сайын қалыңдап қайықтың жақсы жүзуіне бөгет болады,ал оған иелері оның түбін тазалаудың орнына «неге жүзгенді қойған» деп таңданып жатады. Алға сенімділікпен жылжу үшін бұрынғы ескі нәрселерден батылдықпен құтылу керек, қытайдың ұлы философшысы Лао Цзы «Білім алу үшін күнделікті бір нәрсені қос ал дана болу үшін күнде бір нәрсені лақтырып таста» депті. Менің бір клиентім 15 жыл бұрын жазып қорғап үлгермеген, қорғауға құлшынбаған бір диссертациясынан құтылған еді,сол диссертациясын көрінетін бір жерге қойыпты,соны көрген сайын көңілі бұзылып жайсыз күй кешеді екен,содан құтылуға шешім қабылдай алмай екі үш апта жүріп ақыры тәуекелге бел байлап оның «көзін» құртқан сәттен бастап жеңілдеп,өмірінде жаңа күш қуат көздері ашылып,армандаған мақсатына жетуге жігерленіп құлшыныпты. Құтылу деген табиғи құбылыс,мұның мысалы ретінде өз ағзамызды алып көрелік, біз ауаның оттегімен демалып көмірқышқыл газын шығарамыз,қатты сұйық заттармен қоретеніп қатты және сұйық заттар шығарамыз,ал егер сыртқа шығаратын қызметтері тоқтап қалса ағзамызға, сосын өмірімізге не боларын болжап көріңіз! Міне, сіздің өміріңіздегі нәрселерде сол сияқты,жағымсыз жаман ойлар,улы қарым қатынастар,орындамалған уәделер,қарыздар,сынған мүліктер,жиналмаған төсек,үрей,күйзеліс, кейінге қалдыру деген сияқтылыр сіздің тіршілік күш қуатыңызды сорып алады! Сіздің ойыңыз қалай бағытталса күш қуатыңыз қалай кететінін сіз білесіз,еске түсіріңіз!  Міне сондықтанда күш қуатыңызды сорып құртатын қажетсіз барлық нәрселерден құтылыңыз, сол сәттен ақ бастап сіз мол сенімділік,үлкен тыныштыққа кенелесіз,сонымен қатар өзіңіз үшін,өз қалауыңыз үшін бос уақыт табасыз! ОЙЛАНЫҢЫЗ! Сіз қандай «қоқыс» нәрселерден дәл қазір құтыла аласыз!!!

24.РИЗАШЫЛЫҚ ЗАҢЫ  Бұл заңдылықты бай және табысқа жеткендер жақсы біледі,ал өз өмір тірліктеріне риза емес адамдардың көбі бұл заңды мүлде қолдан-байды.Егер сіз кез келген біреуден оның қалін сұрасаңыз «менің жұмысым жаман,жалақысы өте аз,әйелім/күйеуім/ мені түсінгенді қойды,денсаулығымда мәз емес,балалар сөзімді тыңдағаннан қалған»деген сияқты жауап беруі бек мүмкін.Өкінше орай көптеген адамдар өздеріне бұл тірлікте не жетіспейтіні туралы ойлайды да өздерінде бұрыннан бар нәрселерге разы болуды білмейді.Ағылшын жазушысы Даниел Депо «Біз қолымызда барға қанағаттанып разы болмағанымыздың кесірінен жоқшылық пен кемшілікке ұшырап шағымданамыз» деген екен. Қолда барымызға қанағаттанбай ренішті болуымыздың кесірінен тапшылықта сияқты жағдайда боламызда сосын оны ұлғайтып уайымға түсеміз,ал қанағаттанып разы болған жағдайда баршылық пен молшылық біздің өміріміздің бөлінбес бір бөлшегіне айналады.Әр нәрсе өзіне ұқсас нәрсені тартып тұрады деген сөзді естіген боларсыз,ризашылық заңы да солай жұмыс істейді.Голибудтың «Құпия» атты фильмінде Джон Грейдің айтқан мына бір сөз есіңізде ме «Күйеуі әйеліне сыйлық бергенде әйелі оған қатты разы болса күйеуі қайтеді?,оған тағыда бұрынғысынан қымбат көп, түрлі түрлі сыйлықтар бергісі келеді».Ризашылық заңы үнемі жұмыс істеп тұратын қағида, менің пайымымша бұл табыстылықтың ең маңызды заңы,қаншама көп алғыс айтып ризашылық білдірсең тағдырдан соншама көп сыйлық аласың!Бір кездері менің кәсіпкерлігімде қиыншылықтар болды,сондағы менің бірінші жасаған амалым не екенін айтсам,ризашылық дәптерімді ашып ішер асымның барына, баспанама, әйелім екеуіміздің арамыздағы сүйіспеншілік,жылулыққа,киерге бар киіміме,алған біліміме,жинаған тәжірибеме риза екенімді тізбектеп жаздым.Екі үш күннен соң менің ісім оңала бастады,жалпы барыңа үнемі разы болуың керек,оны тек тізіп жазып қою емес жүрегіңмен сезінуің қажет.Егер сіз қаржылай,көңіл күйдің немесе моральдық қандайда бір кемшілікті бастан өткізіп жүрсеңіз өзіңіздің қолыңыздағы бүгін бар нәрселерге,істеп жүрген ісіңізге,кім екеніңізге дереу ризашылықыңызды шын ниетпен білдіріңіз! ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Ризашылық көңіл күймен,ризашылық сезіммен тірлік етсеңіз сіздің өміріңіз баршылық пен молшылықта болады!!!

25.ТАБЫС-Дұрыс әдеттердің жиынтығы Табыс туралы айтқанда ол дұрыс әдеттердің жиынтығы екенін

мен растаймын. Соңғы зерттеулер нәтижелеріне сай біздің іс әрекетіміздің 96-98 пайызы автоматты түрде жасалады екен,

мысалы таңертең тұрғаннан бастап, қалай жуыну,киіну,қалай

азық түлік сатып алып ас әзірлеу, қалай спортпен айналысу,

отыру,жүру қалай қоршаған ортамен қатынасу,әңгімелесу,

қоғамда өзіңді қалай ұстайсың,тіптен қалай ойлауыңа дейін,ал осылардың көбісі біздің ұстанған әдеттерге сай жасалып тірлік

етумізге көмектеседі.Әдеттер өте қажетті,олар миыңыздың басқа

күрделі нәрселерді ойлауына мүмкіндік береді,сізге көлікті қалай айдауды ойлаудың қажеті жоқ бар назарыңызды жолға аударасыз,

қалай жүремін деп емес қайда баратыныңызды ойлайсыз. Сізде қандай әдеттер қалыптасқанына сай олар сізді молшылық

пен бақытқа немесе бақытсыздық, ауыру сырқау мен кедейлікке

алып келеді,аяқасты тез қалаған нәрсеңізге жете алмайсыз әдет-

тер нәтижені анықтайды.Бір сәт әділдікпен жауап беріңізші! Сіз үнемі кешігіп,берген уәдеңізді орындамай,таңертең оянып бермей,спортпен шұғылданбай,ағзаға пайдалы тағамдарды пайдаланбаудың себебін әр түрлі сылтаулармен ақтап,күнделікті жоспарсыз жүрсеңіз өміріңіз қандай болар еді? Ал енді осы әдеттеріңіз керісінше болса қандай жақсы нәтиже-

лерге жетер едіңіз? Егер сіз дұрыс тамақтанып,спортпен шұғыл-данып,таңертең ерте оянып,ақшаңызды шәшпәй жинақтап,үрей қорқыныштан арылып, өз қызмет салаңыздағы табысты адамдар-

мен жақсы қарым қатынас орнатсаңыз өміріңіз өзгерер еді ғой. Марк Твен «Ессіздік деген бір нәрсені қайталай жалғастыра беріп басқадай нәтиже күтумен тең» десе,Джем Рун «Егер сіз кешегі істегеніңізді бүгінде істесеңіз ертең бүгінгі орныңызда боласыз» депті.Әдет қайтседе бір нәтижеге жеткізеді мейлі жақсы болсын

мейлі жаман болсын! Сіз өзіңіздегі жаман әдеттерден құтылып

орнына жаңа жақсы әдеттерді қалыптастырсаңыз сол жақсы әдет-

тер сіздің қиялдаға тамаша өміріңізге жеткізері анық! Жақсы

әдеттер арқылы шынымен де сіз табыстылық жолын өздігінен

жүретін дағдыға саласыз! ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Сіз алдымен әдеттерді қалыптастырасыз сосын әдеттер сізді қалыптастырады!!! Табыс- бұл дұрыс әдеттердің жиынтығы!!!

26.ӘДЕТТЕРДІ ӨЗГЕРТУ Жаңа әдеттерге көшу жолындағы құрылған бірінші тор деп мен табысқа бір күнде ақ бұзып жарып жетуге болады деген дақпырт түсінікті айтар едім.Көптеген адамдар әдеттерді өзгертуге үш апта уақыт жеткілікті деп есептейді. Расында солай ма? Сіз бір кездері «Қой,енді жетер,ертең таңертең 6 сағатта атып тұрып,жүгіріп,бассейнге немесе салқын душке түсіп,дұрыс тамақтануды бастаймын» деген сияқты бастамалар жасаған боларсыз, мүмкін есіңізге түскен болар,сосын бірнеше аптадан соң баяғы жартас сол жартасқа қайта оралдыңыз! Жаңа өмір үш апта жеткіліксіз болды. Жаңа әдеттерге көшуге басты бөгет жасаушы ол сіздің миыңыз,ол жайлылықты талап етеді,мидың басты міндеті сіздің қауіпсіздігіңізді қанымдау,сондықтанда сіздің өміріңіз кешегі,алдыңғы күнгідей,өткен апта,ай,жылдағыдай үйреншікті әдетпен жалғаса берсе еш қауіпсіз екенін біледі. Ал сіз аяқасты өзгеріс жасағыңыз келіп әрекет етуіңіз оған «жаңа қауіп төнді» деген дабыл қағылғанмен тең, сондықтан ол күрделі қарсылық көрсетіп бөгет жасайды. Жаңа әдеттер қалыптастыру үшін ең азы үш ай уақыт қажет екенін,сонымен қатар адамдар бұрынғы ескі әдеттеріне қайта келу үрдісі үш аптадан үш ай ай ішінде болатынын ғалымдар зерттеп дәлелдеген.Міне сондықтанда жаңа әдетке көшуге 21 күн еш жеткіліксіз,тек ақылға салып шыдамдылық танытып кем дегенде 3 ай уақыт әрекет етсеңіз жаңа әдеттерді қалыптастырып,өмірдің жаңа сапалы сатысына шыға алуға мүмкіндігіңіз бар.Арылғыңыз келетін ескі әдеттер мен алғыңыз келетін жаңа әдеттердің тізімін жасаңыз,мен сізге мынадай ақыл кеңес бере аламын; Жылына ең күрделі деген 4 жаңа әдетті меңгеріп қалыптастырыңыз,үш айда біреуін,жаңа әдеттеріңізді қағазға жазып көрінетін жерлерге іліп,күнделікті елестетіп қиялдап жүріңіз,сіз сияқты өзгергісі келетін қызметтес адам болса тіптен жақсы сонымен бірігіңіз,бір бірлеріңіздің ілгерлеулерін бақылайсыздар. Жылына меңгеретін 4 маңызды жаңа әдеттер өміріңізді күрделі жақсы бағытқа өзгерте алады, тек сіз осы бағытқа 100 пайыз назар салып әрекет етуіңіз қажет! Сондықтанда жаңа әдеттер меңгеру бағытында қандай қадам жасауыңызды анықтап айқындаңыз,түсініксіз бұлыңғыр қадам жасамаңыз! Анық шешім қабылдаңыз,өзіңізге уәде беріңіз,сосын өміріңіз жаңа бағытта қандай сапада қалай өзгеріп жатқанын бақылаңыз! ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Сіз алдымен әдеттерді қалыптастырасыз сосын әдеттер сізді қалыптастырады!!!

Тартылыс заңына қосар ойым

Біздің қазақта кімді айтсаң сол келеді деп жатады,ал расында айтып жатқан адамың келе қалса таң қалмаймыз,оған етіміз үйреніп кеткен.Табиғат заңында әрбір нәрсе өзіне ұқсас нәрсені тартып тұратыны белгілі,сол сияқты қоғамда жаман ойлы қылмескер адамдардар қылмыскер адамды,маскүнем адамдар маскүнем адамды өзіне тартып тұрады,оны жақсы білеміз ,осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады.Шығыс дүние танымында мынадай бір түсінік бар; Жаман арам ойлы адамдардан жағымсыз энергия ,ал жақсы ойлы ақ көңіл адамдардан жағымды энергия шығып тұрады,жағымсыз энергиямен «қоректенетін» тылсым әлемнің қара періштелері біздің қазақша айтқанда жын перілері сол «жаман» адамдардың қасында ал жағымды энергиямен «қоректенетін» ақ періштелер «жақсы» адамдардың қасында болады. Адамның ашулану,кектену,өш алу,ызаланып боқтық сөздер айту кезінде олардан жағымсыз «ауыр» энергия тарайды сондықтанда көп «тамақ» табу үшін жын перілер «жаман» адамдарды бір бірімен жиі жолықтырып оларды төбестіріп,ұрсыстырып тұрады, әрине екі қарға таласса үшіншісіне жем түсетінін олар жақсы біледі!Адамның жақсы көңіл күйі,қуанышы,мейірімі,сүйіспеншілігінен жағымды «жеңіл»энергия тарайды, олардан айырылып «аш» қалмас үшін ақ періштелер жақсы адамды жақсы адаммен жолықтырады.Мысалы,  Маскүнем адамда ақша жоқ бола тұра іздеп жүріп өзіне ұқсас бір маскүнемді міндетті түрде тауып алады,сонымен бірге арақ ішеді,ақшаны табуға ұрлау,тонау сияқты әртүрлі амалдарға барады,сонда әлгі жын перілер бұларды қолдап ақша «тауып» беріп олардың өз ара және басқалармен болатын төбелес боқтығынан және оларды жек көрген,боқтап ұрысқан басқа адамдардың жағымсыз энергиясымен «қоректенеді». Жаны жайсаң ақ көңіл,әңгімесі жақсы адамдарға басқалар келгіш келеді,ол адаммен әңгімелесіп оны тыңдап отыра береді,сұрақтарына алған жауабына риза болады,сол жерден тамаша көңіл күймен шығады,қайта келгісі келіп тұрады ал сол жерде ақ періштелер олардың ризашылығы мен қуанышың энергиясымен «қоректеніп» тағыда бір жақсы адамды тауып келуге тырысады. Мына Латанский айтып тұрғандай егер біз жаман нәрсені көп ойласақ,жамандық жасауды жоспарласақ бізге міндетті түрде сондай ойлы,жоспарлы адамдар жолығады,ал керісінше жақсы нәрселерді ойлап,жақсыны білгіміз келсе әрине жақсы адамдар жолығады,демек біз «нені ексек соны орамыз». Сондықтанда жақындарымызға кешірімді болып,өтіп кеткен жаман нәрселерді ұмытып,оларды жақсы көріп , жиі қуантуға тырыссақ бізде айналмызға жағымды энергия-мейірімділік шуағын шашарымыз қах!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]